Қаржылық және коммерциялық тәуекел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 20:18, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды.

Содержание

Кіріспе 2
1. Инфляция ұғымы және мәні 4
1.1 Инфляция көп факторлы құбылыс
1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу 5
1.3 Инфляция себептері 9
2. Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
2.1 Инфляция мәні мен салдары
3.Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері 23
3.1Өтпелі экономикалы кезеңде Қазақстан Республикасының жағадайы
Қорытынды 27
Қолданған әдебиеттер 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инфляция 30-бет.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Қазақстанда инфляцияның  ерекшеліктері және  2009-2010 жылдарға арналған  инфляцияға қарсы саясаты

 

2008 жылы 10 қарашада Премьер- Министр  Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен  Үкіметте болып өткен селекторлық  кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық  ахуалының үш маңызды факторына  нақты да толымды сипаттама  берілген болатын.

10 қарашадағы жағдай бойынша  еліміздегі инфляция деңгейі  8,8%  пайызды құрап отыр. Бұл  өткен жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда  4,6% пайызға төмен.  Инфляцияның болжамды мөлшері  үстіміздегі жылдың аяғына дейін  10 пайыздық межеден аспайды. Бұл  ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте  9,4%, Украинада      16,1%  пайыз болған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар.

Үкімет еліміздегі жанар-жағармайдың  бағасын едәуір төмендетуге қол  жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80  маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ - 92\93 – 87 теңгеге; АИ - 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік  бағасы  9,5  пайызға  көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне   3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар   6,5 пайызға артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз  әсер еткен. Солай бола тұрса да  4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы  атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға ( 64 теңге ),  сиыр еті -  8,5  ( 573 теңге ), қой еті -  5,6  (594 теңге), күнбағыс майы  - 3,9 ( 318теңге),  қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты - 1,2 пайызға ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат  - 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың  шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының   80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында  310 мың тонна күріш жиналды. оның  130 мың тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс,  1,9 миллион тонна картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі 4 - 5 пайызды құрады.

Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы  34,9 тонна  болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға  беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын  210 АҚШ долларынан  139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын  130 доллардан  95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы  және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі  мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету  үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау  агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат  қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен  бақылауды қамтамасыз етеді.

           Жоспарды  іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

2007-2008 жылы қабылданған шараларға  келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі  жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды  ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын  жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша  мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды.

        Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.

Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

Экономикалық өсімнің  антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең –  кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі  факторларын ұстап тұру үшін «мақсат  ағашын» салу қажет. Инвестициялық  үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның  әлсіруіне әлемдік теория мен  практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақвпова Ф. Н., Табеев Т. П. – Экономикалық теория негіздері/ оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.
    2. Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж.
    3. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/ Алматы: экономика 2002ж
    4. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/ Алматы 2002ж
    5. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж
    6. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)
    7. Галерея экономистов(www.economica.ru)
    8. Акежан Қажыгельдин-«Казахстан в условиях реформ»-Брюссель 1996ж
    9. Чепурин М.Н.,Кисилёв Е.А.-«Курс экономияеской теории»-Киров «АСА»-2001ж
    10. Назарбаев Н.Ә.-«Сындарлы он жыл»-Алматы 2001ж



Информация о работе Қаржылық және коммерциялық тәуекел