Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:08, реферат
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қарай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес.
Қорытынды
Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша,
оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша,
заңның құдіреті шамалы болады. Конституция
мәртебелі болуы үшін, оның принциптері,
қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай
орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,
үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды
айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық
көп. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге
шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге,
едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ
бөгет бола бастады.
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз
орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай
мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне
айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа
емес.
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға,
байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді.
Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең
жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде
ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру
Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде,
пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Казақстан республикасының
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім
және демократиялық даму”.
Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26
наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте.
“Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан
газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.
Информация о работе ҚР Конституциясының дамуының негiзгi кезеңдерi