«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша орыс тобында оқитын оқушылардың сауаттылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 21:16, реферат

Краткое описание

Бүгінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің маңызы күннен күнге артып келеді.
Тәуелсіздік алған жылдан бергі кезеңде мемлекеттік тілде іс жүргізу ісінде біраз тәжірибе де жинақталған.
Іс жүргізу және мұрағат ісіне арнаған академиялық қазақша-орысша, орысша –қазақша сөздік те бар.
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге арналған бірнеше оқулық та шығарылды.
Десек те, аударма мәселесі әлі де болса бір жолға қойылмай отыр. Әр автордың аударма мәселесіне, іс жүргізуге қатысты терминдерді, іскерлік сөз оралымдарын аудару ісіне көзқарастары әр түрлі. Мұның өзі оқыту біржүйелілік ұстанымды жүзеге асыруға қиыншылық тудырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

доклад эльмиры.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

«Мемлекеттік  тілде іс жүргізу» пәні бойынша орыс тобында оқитын оқушылардың  сауаттылығын дамыту

 

Бүгінде іс қағаздарын мемлекеттік  тілге көшірудің маңызы күннен күнге  артып келеді.

Тәуелсіздік алған жылдан бергі кезеңде мемлекеттік тілде  іс жүргізу ісінде біраз тәжірибе де жинақталған.

Іс жүргізу және мұрағат  ісіне арнаған академиялық қазақша-орысша, орысша –қазақша сөздік те бар.

Іс қағаздарын қазақ  тілінде жүргізуге арналған бірнеше  оқулық та шығарылды.

Десек те, аударма мәселесі әлі де болса бір жолға қойылмай отыр. Әр автордың аударма мәселесіне, іс жүргізуге қатысты терминдерді, іскерлік сөз оралымдарын аудару ісіне көзқарастары әр түрлі. Мұның өзі оқыту біржүйелілік ұстанымды жүзеге асыруға қиыншылық тудырады.

Мысалы, «процесс» сөзі бір авторда үрдіс, екіншісінде үдіріс, «виза» сөзі бұрыштама немесе рұқсатнама, «схема» сұлба немесе сүлбе деп аударылып жүр.

Сондықтан, бір жүйеге келтірілген, бірыңғай  талаптарды іске асыруға мүмкіндік беретін, басшылыққа алатын сындарлы сөздікті жасаудың мезгілі де туды.

Оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, аударма мәселесінде сөздер мен сөз тіркестерінің тақырыптық жүйелер арқылы меңгерілуіне көңіл бөлінеді. Мұның өзі оқу материалдарын меңгеруде сабақтастықты, байланыстылықты жүзеге асыруға көмектеседі. Егер бұл ұстаным сақталса, орыс топтағы оқитын оқушыларға іс қағаздарын жедел оқытып, іс қағаздарын жүргізуге қатысты сөздер мен сөз орамдарын тез меңгеруге ықпал етер еді.

Тақырыптық жүйе арқылы аударма мәселесін меңгеру ісі  мынандай бөлімдерге бөлінеді.

Бірінші жүйе, «Құжат атауларын меңгеру», екінші жүйе «Лауазымға байланысты атауларды меңгеру», ең маңызды және күрделі үшінші жүйе – «Іс қағаздарға қатысты сөздер мен сөз тіркестері», төртінші жүйе «Мекемелерге, аймақтарға  қатысты атаулар» т.б. Енді,  әрқайсысына жеке-жеке тоқталып көрейік.

Әр жүйені немесе оған қатысты сөздер сөз тіркестердің қолдана білуін меңгеру басты  мақсат екенін естен шығармау керек.

Және де әрбір сөз, сөз орамдары жаттығулар, машықтану  арқылы меңгерілетінін, әр қайсынының өзінің қолдану аясы бар екенін оқушыларға түсіндіру, оларды игеру үлкен іс.

Бірінші тақырыптық жүйені, яғни құжат атауларын орыс тілінде  алайық:

    • Автобиография - өмірбаян
    • Аннотация-аңдатпа
    • Вопросник-сұраунама
    • Гарантийное письмо-кепілдік хат
    • Доверенность-сенімхат
    • Докладная записка-баяндау хат, баянхат
    • Дубликат- тел құжат
    • Жалоба-арыз, шағым
    • Записка-жазба, жазбахат
    • Заявка-өтінім
    • Заявление-өтініш
    • Инициативное письмо-бастамашыл хат
    • Инструкция – нұсқаулық
    • Информация-ақпарат
    • Информационное письмо-ақпарат хат
    • Концепция-тұжырымдама
    • Лекция-дәріс
    • Листовка-үндеухат
    • Объявление-хабарландыру, құлақтандыру
    • Объяснительная записка-түсінік хат, түсініктеме
    • Оригинал-түпнұсқа
    • Отзыв-пікір
    • Паспорт-төлқұжат
    • Переписка-хат алмасу
    • Письмо-ответ – жауап хат
    • Письмо-претензия-талап хат
    • План-жоспар
    • Платформа –тұғырнама
    • Платформа-бағдарлама
    • Положение – ереже
    • Постановление – қаулы
    • Правила- ереже, қағида
    • Приговор - өкім
    • Приказ – бұйрық
    • Протокол – хаттама
    • Рапорт-баянат
    • Расписание-кесте
    • Расписка-қолхат
    • Распоряжение - өкім
    • Резолюция-қарар, бұрыштама
    • Резюме – түйін, түйіндеме
    • Рецензия-пікірсарап
    • Решение – шешім
    • Свидетельство-куәлік
    • Сообщение-хабарлама
    • Сопроводительное письмо-ілеспе хат
    • Справка-анықтама
    • Телеграмма-жеделхат
    • Телефонограмма-телефонхат
    • Трудовое соглашение – еңбек келісімі
    • Трудовой договор –еңбек шарты
    • Удостоверение-куәлік
    • Указ – жарлық
    • Указание – нұсқау
    • Устав – жарғы
    • Характеристика – мінездеме
    • Ходатайственное письмо-қолдау хат
    • Т.б

Осы жүйедегі «өтініш», «кесте», «мінездеме», «куәлік» сөздерінің мағынасы кең.

Мысал келтірейік,

 

    • Сабақ

  • Демалыс                    кестесі
  • Көбейту
  •  

    Аудармасы:

      • Расписание уроков (занятий);
      • График отпусков;
      • Таблица умножения.

    Яғни, «кесте» сөзі расписание, график, таблица деп мағынасына қарай аударылуы мүмкін.

    «Куәлік» сөзін алайық

      • Туу туралы 
      • Білімі туралы            куәлік
      • Жеке

    Аудармасы:


      • Свидетельство о рождении
      • Удостоверение об образовании
      • Удостоверение личности

    «Характеристика» сөзін  алайық,

      • Характеристика           сотрудника

                                                    состояния техники


    Аудармасы:

      • қызметкердің мінездемесі;
      • техника жай-күйінің сипаттамасы.

    Енді, «заявление» сөзін  алайық:

      • заявление                  государства

                                            гражданина

    Аудармасы:

      • Мемлекет мәлімдемесі;
      • Азамат өтініші.

    Екінші жүйе бойынша, яғни лауазымға, қызметке, оқуға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қарастырайық:

      • аудармашы-переводчик
      • әдіскер-методист
      • әкім-аким
      • әкімші-администратор
      • бақылаушы-контролер
      • бағдарламалаушы-программист
      • баспагер-издатель
      • Бастық-начальник
      • Басшы-руководитель
      • бітімгер-миротворец
      • ғалым-ученый
      • дәріскер-лектор
      • жетекші-руководитель, ведущий, куратор
      • жұмыс беруші - работадатель
      • жұмыскер-работник
      • жұмысшы-рабочий
      • жобалаушы-проектировщик
      • заңгер-юрист
      • зерттеуші-исследователь
      • кеденші-таможенник
      • Көмекші-помощник
      • қайраткер-деятель
      • құжаттанушы-документовед
      • құқықтанушы-правовед
      • құрылтайшы-учредитель
      • қызмет-функция, деятельность, должность
      • қызметкер-сотрудник
      • қызметші-служащий
      • лауазым-должность
      • Маман-специалист
      • Меңгеруші-заведующий
      • Міндетін атқарушы-исполняющий обязанности
      • мүше-член, часть
      • нұсқаушы-инструктор
      • оқушы-ученик
      • оқытушы-преподаватель
      • Орынбасар-заместитель
      • орындаушы-исполнитель
      • пікірсарапшы-рецензент
      • сарапшы-эксперт
      • саясаткер-политик
      • саясаттанушы-политолог
      • тарихшы-историк
      • тәлімгер-наставник
      • төрайым, төраға-председатель
      • тұтынушы-потребитель
      • ұстаз-педагог
      • үміткер-претендент, кандидат
      • хатшы-секретарь
      • т.б.

     

    Осы жүйедегі көп мағыналы мына сөздерді қарастырайық:

      • әкімнің міндетін атқарушы;
      • атқарушы директор.

    Аудармасы:

      • исполняющий обязанности акима;
      • исполняющий директор.

    «Қызмет» сөзіне байланысты мына тіркестерді алайық:

      • директорлық
      • лауазымдық                   қызмет
      • өндірістік

    Аудармасы:

      • директорская должность;
      • должностная функция;
      • производственная деятельность.

    «Үміткер» сөзін алсақ:

      • президенттікке                 үміткер
      • сыйлыққа

    Аудармасы:

      • претендент в Президента
      • кандидат на премию

    Үшінші жүйе іс қимылдарды немесе құжат қозғалысына қатысты  сөздер мен сөз тіркестерінің аударылуына және қолданылуына тоқталайық:

      • аудару-перевод
      • бағалау-оценка
      • бақылау (бақылауға алу)- контроль
      • бекіту-утверждение
      • беру-выдача, передача
      • бөлу-распределение
      • дайындау, әзірлеу-подготовка
      • жасау-создание
      • жою-уничтожение, ликвидация
      • жіберу-отправка
      • жіктеу-классификация
      • жүктеу-возложить
      • келісу-согласование
      • көбейту-размножение
      • көрсету-указать
      • көшіру-переписывать
      • көшірмесін алу-снятие копии
      • қабылдау (қабылдап алу) –прием
      • қарастыру-рассмотрение
      • қол қою-подписание
      • құрастыру-составление
      • орындау-исполнение
      • өткізу-проведение
      • растау-подтвержение
      • ресімдеу-оформление
      • тіркеу-регистрация
      • сақтау-хранение
      • сараптау-экспертиза
      • сұрыптау-сортировка
      • талдау-анализ
      • тапсыру-поручение
      • тарату-распростронение
      • толтыру-заполнение, оформление
      • топтастыру-группировать
      • тігу-подшивка
      • іріктеу-отбор, подбор
      • т.б

    Көптеген сөздердің  мағынасы әр қилы болып келеді, мысалы «Растау» сөзін алайық:

      • құжаттың көшірмесін             растау
      • басшының қолын

    Аудармасы:

      • заверение копии документа;
      • подтвержение подписи руководителя.

    «Обобщение» сөзін алайық:

      • Обобщение опыта урока

    Аудармасы:

      • Тәжірибені тарату;
      • Сабақты қорыту.

    Соңғы төртінші жүйе бойынша, яғни, мекеме, жер, мекен-жай, ұйым және т.б. атауларына тоқталайық. Негізгі қолданымдағы сөздер:

    • Арттыру-повышение
    • Жазалау-наказание
    • Жалғастыру-продолжение
    • Жекешелендіру-приватизация
    • Жетілдіру-совершенствование
    • Жүргізу-ведение, проведение
    • Куәландыру-заверение
    • Қамтамасыз ету-обеспечивание
    • Қолдану-применение
    • Қолдау-поддержка
    • Мадақтау, көтермелеу-поощрение
    • Сақтандыру-страхование
    • Салыстыру-сопоставление
    • Сипаттау-описание, охарактеризовать
    • Тағайындау –назначение
    • Талқылау-обсуждение
    • Іздестіру-поиск
    • Т.б.

    Осындағы «Сала» сөзін  қарастырайық:

    • Ауылшаруашылық                   саласы
    • Қызмет

    Аудармасы:

      • Отрасль сельского хозяйства;
      • Сфера деятельности.

    Бұл баяндамада орыс топтарында жұмыс істеудегі аударма ісінің негізгі мәселелері қаралды.

     Аударманың негізгі үлгілерін көрсетуде басты себеп - әріптестерімнің, жалпы аудармаға қызығушылығы бар қауымға бағдар беруге септігімді тигізу. 

    Басты міндет – осы 4 блоктың  сөздерін қолданып, іс қағаздарын аударуда, құрастыруда оң пайдалана білсе, дұрыс түрлендіруді игерсе – үлкен жұмысты атқарудың игілікті бастамасы болар еді.

     

    Қарағанды политехникалық колледжінің 

    мемлекеттік тілде іс жүргізу және орыс тілі кафедрасы

    оқытушысы

    Э.С.Нұрмағанбетова

     

                                         

     

     


    Информация о работе «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша орыс тобында оқитын оқушылардың сауаттылығын дамыту