Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 16:53, реферат
Краткое описание
Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Әкімшілік құқығы ұғымы
және оның зерттейтін мәселесі
Әкімшілік құқығы ұғымы және оның
зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық
нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай
алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз —
бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің
қалыптасуы және қызмет етуі барысында
туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын)
мәселесі мемлекеттік басқару органдарын
(атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың
жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақкәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың
басқару органдарымен өзара қарым-қатынас
тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының
нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын:
олардың мемлекеттік қызметке кіру және
мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың
жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік
құқықтың негізгі мақсаттары:
атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;
атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз
ету;
азаматтардың, олардың бірлестіктерінің
өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару
саласында жағдайлар туғызу;
азаматтар мен қоғамды мемлекет
аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік
өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан
қорғауды қамтамасыз ету.
Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері
Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі
— Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі.
Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің
құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері
мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді,
заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді
реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік
құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік
басқарудың нақты салаларындағы (ауыл
шаруашылығын, экономиканы, білім мен
ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды
және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік
құқық нормалары мемлекет органдары басып
шығаратын нормативтік актілерде болады.
Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді
басып шығара отырып, құқықтық нормаларға
енген мінез-құлық ережелеріне зандық
күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері
мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық
нормалар атқарушы билік органдарының
қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін,
олардың мемлекеттік басқа органдармен
және өзара қарым-қатынастары негіздерін
айқындайды;
2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдары;
Президент актілері (жарлықтар, заңдық
күші бар жарлықтар, өкімдер);
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың
ұғымы мен түрлері
Әкімшілік-құқықтық қатынастар —
бұл мемлекеттік басқару аясында
калыптасатын және әкімшілік-құқық
нормалары арқылы реттеліп отыратын
қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға
қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық
қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық
бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық
қатынастардың субъектілері болып табылады.
Құқық субъектілерінің арасында нақты
құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы
іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер
мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен
оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында
құқықтық қатынастардың туындауына негіз
болып табылады. Оларға қатысушылардың
құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына
карай өкімшілік-құқықтық қатынастар
тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді.
Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің
біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты
болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей)
қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық
қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан
бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы,
атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық
қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері
бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың
бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік
органы немесе оның лауазым иесі болып
табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық
қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші
бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық
ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық
қатынастар осы азаматтар арасында емес,
құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық
бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында
туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар
әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің
бастамасы бойынша туындауы мүмкін және
бұл жағдайда екінші тараптың келісімі
міндетті шарт болып табылмайды. Олар
екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне
қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық
қатынастарға қатысушы тараптарға олардың
өздерінің құқықтары мен міндеттерін
бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция
ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік
жауапкершілік шаралары қолданылады;
әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар
арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен,
яғни соған өкілеттік берілген атқарушы
билік органдары және олардың лауазым
иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық
нормалар мемлекеттік басқару қызметінің
барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын
заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік
режімін орнату және оларды қамтамасыз
ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген
азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық
қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардың бір жағы міндетті түрде
мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық
қатынастардың туындауына негіз болады.
Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар
көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын
қатынастарды реттеп отырады
Әкімшілік мәжбүрлеу
түсінігі мен түрлері
Әкімшілік мәжбүрлеу
басқару әдісі ретінде адамдардың
санасына және мінез – құлықтарына психикалық,
материалдық немесе физикалық ықпал етуді
білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және
қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде
пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Әкімшілік – мәжбүрлеудің
белгілері:
1) Заңның негізінде
қолданылады. Құқық нормасымен мыналар
реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда,
қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін.
Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы
жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың
жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын
сақтау үшін қажет;
2) Юрисдикциялық (іс
жүргізушілік), құқық қолданушылық актілері
арқылы жүзеге асырылады;
3) Жеке тұлғаларға
арналған, яғни әкімшілік – құқықтық
нормаларды бұзған нақты құқық
субъектілерге ғана қолданылады;
4) Әкімшілік мәжбүрлеуге
соттан тыс қолдану тәртібі тән. Әкімшілік
мәжбүрлеу шараларын қолдану оларды сотқа
бармай –ақ тікелей жүзеге асыратын тиісті
атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың)
құзырылығына берілген. ҚР заңнамасына
сәйкес әкімшілік мәжбүрлеу шараларының
жекеленген шараларын соттар пайдаланады
(аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);
5) Ведомстволық
шектеулері болмайтын (жол жүру қауіпсіздігі
ережелері, санитралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету) мемлекеттік басқару сферасында
жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін
қалыптастыратын әкімшілік – құқықтық
нормаларды қамтамасыз ету мақсатында
қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу
түрлері
1) мақсатты міндеті
бойынша:
а) әкімшілік –
мәжбүрлеу шаралары ( бақылау және
қадағалау үшін тексеру, құжаттарды
тексеру, және заттарды қарау, транспорт
құралдарын техникалық қараудан өткізу
және т.б.);
б) Әкімшілік –
бұлтартпау шаралары (құқыққа қайшы
іс — әрекетті тоқтату талаптары,
тұлғаны әкімшілік ұстау, қаруды
және өзге де арнайы құралдарды қолдану
және т.б.);
в) Әкімшілік жауапкершілік
шаралары (әкімшілік жазалар).
Әкімшілік мәжбүрлеу,
бұлтартпау және іс жүргізушілік қамтамасыз
ету шаралары
Әкімшілік мәжбүрлеу
басқару әдісі ретінде адамдардың
санасына және мінез – құлықтарына психикалық,
материалдық немесе физикалық ықпал етуді
білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және
қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде
пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген
түрлеріне белгілі дифференциация жасамайды.
Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың
алуан түрлілігі оларды қорғау мақсатында
мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін
қолдану қажеттілігімен байланыстырады.
Мәжбүрлеудің осы түрлері бір-бірінен
өз мазмұны бойынша, негіздері бойынша,
жүзеге асырылы тәртібі бойынша ажыратылады.
Қалыптасқан практика бойынша мемлекеттік
мәжбүрлеудің 4 негізгі түрі бар: қылмыстық
— құқықтық; азаматтық-құқытық; тәртіптік;
әкімшілік-құқықтық. Әкімшілік мәжбүрлеу
– бұл құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату,
әкімшілік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке
тарту немесе қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың,
лауазымды тұлғалардың заңды міндеттерін
орындауға итермелейтін, мәжбүрлеуден
тұратын заңмен белгіленген шараларды
мемлекеттік басқару органдарының (соттардың,
судьялардың), сонымен қатар осындай мемлекеттік
биліктік өкілеттіліктерді делегирлеген
жағдайда – қоғамдық ұйымдардың қолдануы.
Негізгі белгілері:
1) Мемлекеттік басқару
сфераларында қалыптасқан қоғамдық қатынастарды
қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжүрлеудің
ерекше түрі. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
мемлекеттік – биліктік сипатта болады.
2) Әкімшілік мәжбүрлеуді
қолдану негіздері болып, ереже
бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық
мазмұны немесе әкімшілік мәжбүрлеу
шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың
туындауының алдын алу, ескерту үшін пайдаланатын,
құқық нормасында көзделген ерекше жағдайлардың
(мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи
апаттар немесе басқа да табиғи апаттар)
басталуы болып табылады.
3) Оны қолдану
қызметтік бағынушылық қатынастарымен
байланысты емес. Әкімшілік билік
субъектісі мен құқық бұзушы бір
еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды,
құқық бұзушы қызмет бабы бойынша оған
әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданатын
тұлғаға бағынышты болмайды. Егер тұлға
ұжымда қызметтік — әскери, еңбектік немесе
өзге де мемлекеттік тәртіпті бұзған жағдайда,
оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылар
еді.
4) Әкімшілік мәжбүрлеу
шараларын қолдануды реттейтін актілерді
көптеген мемлекеттік басқару органдары
шығаруға құқылы: Парламент, Президент,
Үкімет, маслихаттар, әкімшіліктер. Бірақ
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін
санкциялар тек заңдармен немесе заңды
күші бар Президенттің жарлықтарымен
белгіленеді.
5) Әкімшілік мәжбүрлеуді
нормативті – құқықтық актілермен белгіленген
топтағы осыған өкілеттілігі бар органдар
мен олардың лауазымды тұлғалары ғана
қолданады. Осындай органдардың толық
тізімі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 17
тарауында берілген.
6) Мемлекеттік мәжбүрлеудің
өзге шараларын (қылмыстық, азаматтық
іс жүргізу) қолданудың іс жүргізушілік
тәртіптерімен салыстырғанда әкімшілік
мәжбүрлеу шараларының қолданудың іс
жүргізушілік тәртібі өте қарапайым, күрделі
процедура тән емес. Әкімшілік мәжбүрлеу
шараларын қолдану мәселелері іс жүзінде
болған мән – жайлардың әдеттегі дәлелді
жағдайында шешіледі, күрделі дәлелдеу
материаклдарын талап етпейді, сондықтан
да күрделі іс жүргізушілік регламенттіде
қажет етпейді. Әкімшілік – іс жүргізушілік
әрекеттер жеделдігімен, салыстырмалы
қарапайымдылығымен және үнемділігімен
ерекшеленеді.
Әкімшілік мәжбүрлеу
– біртекті ұғым емес, керісінше құқықтық
тәртіпті қорғау мақсатында өкілетті
құқық қолданушы субъектілермен қолданылатын
мәжбүрлеу ықпал етудің әкімшілік – құқықтық
амал – тәсілдердің, құралдардың жиынтығынан
құралатын күрделі ұғым. Әкімшілік мәжбүрлеуді
қолдану негізі болып, ереже бойынша, әкімшілік
құқық бұзушылықты жасау немесе әкімшілік
мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын
қауіпті салдарлардың туындауының алдын
алу үшін, ескерту үшін пайдаланатын, құқық
нормасында көзделген ерекше жағдайлардың
(мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи
апаттар немесе басқа да табиғи апаттар)
басталуы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу
шараларының кешені алуан түрлі. Олардың
барлығын мақсаттары бойынша, негіздері
бойынша және қолданылу тәртібі бойынша
бөлуге болады, осы аталғандардың барлығы
әкімшлік мәжбүрлеу шараларын топтау
үшін объективті алғы шарттар болып табылады.Қандайда
болмасын шаралардың мәжбүрлеу жүйесіндегі
орны ең алдымен, оның сәйкес қоғамдық
қатынастарға ықпал ету тәсіліне байланыстырлыған
оның мақсатымен анықталады. Құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету мақсаты мен тәсіліне
байланысты барлық әкімшілік мәжбүрлеу
шараларын үш топқабөлуге болады:
1) Әкімшілік –
ескерту шаралары - мемлекеттік басқару
сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың
алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи
апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз
жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік
қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын
мәжбүрлеу шаралары. Бұлар көбінесе құқық
бұзушылықтармен байланысты емес, яғни
құқық бұзушылық болмаған кездерде, азаматтардың
денсаулықтары мен өмірлері үшін төнген
қауіпті жою үшін пайдаланылады. Бұл шаралар
айқын көрсетілетін ескерту, алдын – алу
сипатта болады. Олардың мәжбүрлеушілік
сипаты оларды өкілетті органдар (лауазымды
тұлғалармен) әкімшілік – құқықтық нормалардың
шегінде бұйырылған әрекеттерді орындауға
немесе қандайда болмасын әрекеттерден
бас тартуға міндетті екінші тараптың
келісімінсіз қолдануында көрінеді. Басқару
органдарының (лауазымды тұлғалардың)
әкімшілік – ескерту (алдын алу) шараларын
қолдану бойынша өкілеттіліктері заңдарда
немесе заң күшіндегі әкімшілік –құқықтық
нормаларда анық белгіленген, тіпті қай
субъекті қандай шараны қолданатындығына
дейін нақты анықталған. Ереже бойынша
бұл бақылаушы – қадағалаушы органдар
және олардың өкілдері (полиция қызметкерлері,
санитарлық қадағалау органдары, кедендік
және өзге де органдар). Осы облыста халық
бақылаушылары да осындай тиісті өкілеттіліктер
көлемі берілген.
Әкімшілік – ескерту
(алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың
ішінде анағұрлым кең тарағандары:
- тұрғын үйлерге
және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің
кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді)
сақтауларын тексеру үшін;
- құқық бұзушылықтың
алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру,
мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші
куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар;
азаматтардан – жеке басын куәландыратын
құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан
- тиісті лицензияларын тексеру;
- мемлекеттік шекара
арқылы өткенде контрабанданың алдын
алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық
авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым
салынған жүктерді және құралдарды (мысалы,
қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын,
улы заттар, сонымен қатар есірткілерді)
табу мақсатында заттарды, қол жүктерін
қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;
- көліктер мен жаяу
адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне
төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату
немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар
кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ,
электр және басқада желілерді жөндегенде);
- желіге техникалық
бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;
- тұлғалардың (мысалы,
тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің)
денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың
(мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының)
санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;