Көлік инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:13, лекция

Краткое описание

ҚР бойынша 2010 жылы шикі газ өндірудің жалпы көлемі 37 млрд.текше м. деңгейінде болады деп, ал тауар газды өндіру 16,8 млрд. текше м. деңгейіне дейін жетеді деп жоспарланып отыр, оның 8,8 млрд.текше м. ішкі нарыққа жіберу жоспарлануда.
Қазақстандық магистралдық газ тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан астамды, ең жоғары өнімділігі жылына 190 млрд.текше м. құрайды. Жалпы сыйымдылығы 4,12 млрд.текше м.белсенді газ сақтайтын үш жер асты қоймасы бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көлік инфрақұрылымы.doc

— 92.50 Кб (Скачать документ)

Көлік инфрақұрылымы 

  • шрифт:
  • Аа
  • Аа
  • Аа

ҚР бойынша 2010 жылы шикі газ  өндірудің жалпы көлемі 37 млрд.текше  м. деңгейінде болады деп, ал тауар газды  өндіру 16,8 млрд. текше м. деңгейіне  дейін жетеді деп жоспарланып отыр, оның 8,8 млрд.текше м. ішкі нарыққа жіберу жоспарлануда.

Қазақстандық  магистралдық газ тасымалдау жүйесінің  жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан астамды, ең жоғары өнімділігі жылына 190 млрд.текше м. құрайды. Жалпы сыйымдылығы 4,12 млрд.текше м.белсенді газ сақтайтын үш жер асты қоймасы бар.

Бұрынғы Кеңестер жүйесінің бір бөлігі ретінде  қызмет ететін Қазақстанның газ құбырының  қолданыстағы сұлбасы негізінен  Орта Азиядан Ресейдің Еуропалық бөлігіне, Украинаға, Закавказье мемлекеттеріне табиғи газдың транзиттік арнасымен қызмет көрсетеді. Негізгі газ желілерінің арасында қосылудың болмауынан республика өңірлері арасында, атап айтқанда, батыс өңірінен оңтүстік және солтүстік облыстарға газды қайта бөлумен қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша газ транзиттеу төмендегідей негізгі магистралдық газ құбырлары  арқылы жүзеге асырылады:

  • «Орта Азия - Орталық» - Өзбекстан – Қазақстан – Ресей бағытында (түркімен мен өзбек газы);
  • «Бұқар газды қабат ауданы – Ташкент – Бішкек - Алматы» - Өзбекстан – Қазақстан бағытында (өзбек газы);
  • «Орынбор – Новопсков және «Союэ» МГҚ» - Ресей бағытында (ресей газы);
  • «Бұқар-Орал» - Ресей бағытында (түркімен газы).

2009 жылы Қазақстан  аумағы бойынша халықаралық газ  транзиттеудің көлемі 73,2 млрд.текше  м., оның ішіде ресей газы –  48,0 млрд.текше м., түркімен газы  – 11,8 млрд.текше м., өзбек газы  – 13,1 млрд.текше м.құрады.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз»  АҚ («ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз-Алматы»  АҚ еншілес компаниялары арқылы) Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс  Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстары  мен Алматы қ. тұрғындарына газ жеткізумен айналысады. 2009 жылы ҚТГ компаниясы тобының ішкі нарыққа газ жеткізуінің жиынтық көлемі 7,9 млрд.текше м. құрады.

2010 жылы «ҚазТрансГаз»  АҚ Қазақстанның магистралдық  газ құбырлары бойынша 94 млрд.текше  м., оның ішінде халықаралық транзит  – 74 млрд.текше м. газ, экспорт – 15 млрд.текше м. газ, ішкі нарыққа 8,0 млрд.текше м. газ тасымалдауды жоспарлап отыр.



Информация о работе Көлік инфрақұрылымы