Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік бөлшектерінің кұнделікті өмірімен, іс – әрекеттерімен ажырамас байланыстығы Қазақстан Республикасының құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтық пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жаппайтындықтан, әр басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық құқық.docx

— 18.37 Кб (Скачать документ)

Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік бөлшектерінің кұнделікті өмірімен, іс – әрекеттерімен ажырамас байланыстығы Қазақстан Республикасының құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтық пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жаппайтындықтан, әр басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.

Азаматтық құқық реттейтін  қоғамдық қаныстардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қаныстар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс – әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық  заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір  заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.

Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.

1.2 Азаматтық құқықтық  қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң  жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан  айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық  құқықтық қатынастар заңда көрсетілген  не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың  жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың  келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың  тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.

Азаматтық құқықтық қатынастардың  пайда болуының негіздеріне заңды  фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген  негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар мен міндеттер:

  1. Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
  2. Заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
  3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
  4. Заң құжаттарында тиым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижеінде;
  5. Өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
  6. Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
  7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
  8. Заңдар азаматтық құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

 

Азаматтық құқықтық қатынастардың  субъектілері. Азаматтық құқықтар мен  міндеттер құқықтың субъектілері деп  аталатын құқықтық қатынасушыларға  тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың  субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық  құқықтық қабілетке және азаматтық  әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілет  дегеніміз – азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі-бір  міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі  барлық азаматтарға бірдей ортақ  деп табылады.  Азаматтық құқық  қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық  құқықтық қабілет дегеніміз –  азамат Қазақстан Республикасы шегінде  де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның  ішінде шетел валютасын меншіктеуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан  тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тиым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тиым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ әкесінің атын қоса өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтарға иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп табылады. 14 жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрақты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.

Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың  өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.

6 жасқа дейінгі балалардың  әрекет қабілеттілігі жоқ деп  танылады. Сонымен бірге, жүйке  ауруы немесе ақыл есінің кемдігі  салдарынан өз әрекеттерінің  мәнін түсіне алмайтын немесе  не істегенін білмейтін азаматты  сот әрекет қабілеттілігі жоқ  деп тануы мүмкін, соған байланысты  оған қорғаншылық белгіленеді,

Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша, олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. 14 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар өздерінің  жасына лайықты, жасай салып орындалатын  тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше  жасауға құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандардың толық  емес әрекет қабілеттілігі бар  деп мойындалады. Бұл жастағы  азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұнда келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуі тиіс. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Жергілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық  органы кәмелетке толмаған адамның  өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне  және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше  билік ету құқығын шектеуі  немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар  осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелері бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен  келтірілген зияны үшін осы кодекстің  ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке  толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі  мойындалады. Егер заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезінен бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне  ие болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан  ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың  әрекет қабілеттілін Сот Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексінде белгіленген тәртіп бойынша  шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық  белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді  өз бетінше жасауға құқылы. Басқа  мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді, ол тек қамқоршысының келісімімен  ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт  ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан  жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне  қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың  объектілері. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер құқықтарға: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпайшылық құқығы және материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың  түрлері. Қатынастардың негізгі  материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасқандықтан, азаматтық құқықтық қатынастардың  түрлері мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында  болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, адамзаттың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, аты-жөні т.с.с. жеке басының  мүліктік емес мүдделері жатады.

Мүліктік, материалдық игіліктер  бір жеке және заңды тұлғалардан  екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен  мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді. 


Информация о работе Азаматтық құқық