Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:38, доклад
Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды
Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:
а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;
ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;
б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;
в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;
г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;
ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.
Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады