Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
5 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері
Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат туралы, оның заңдық базасы туралы пікір қалыптастыру
5.1 Қазақстан
Республикасының валюталық
5.2 ҚР операцияларды реттеу, экспорттық және инпорттық бақылау
5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
5.1 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының заңдық базасы
Резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тəртiбiн ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңы айқындайды.
Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу жəне экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жəрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында
валюталық құндылықтардың
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан əрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.. Қазақстан Республикасының Үкiметi жəне өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жəне Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сəйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары əзiрлеген валюталық реттеу мəселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:
Заңның бабына сəйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;
резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тəртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiнтiркеудi; хабардар етудi;
Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
Уəкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сəйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу жəне есептілік нысандарын белгілейдi. Жүзеге асырылу тəртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.
5.2 ҚР валюталық операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады. Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:
1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы
төлем балансының, сыртқы борышының
жəне халықаралық
Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сəйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен жəне резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау əдiсiмен жүзеге асырылады. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.
5.3 Еркін қалқымалы валюталық курс режимін енгізу үдерісі, оның салдары
2004 жылға дейін, оның негізгі
міндеті ретінде ұлттық
Біріншіден өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін ҚР Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылды. Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістеріне жол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осынадай теріс салдарларды болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі “стирилизациялау” құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.
1999 жылдың сәуір айынан
бастап, еркін өзгермелі бағам
режиміне көшкендігіміз
Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің қажеттігі ҚР Ұлттық банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфляцияны таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланытын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы (“базалық инфляция” индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
2003 жылы аталған заңға
енгізілген соңғы өзгерістер
мен толықтырулардың
Алтын валюта резерві – халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыру, төлем балансының тапшылығын қаржыландыру, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз мақсатында пайдаланылатын Орталық банктің алтын және шетел валютасында құратын ресми қоры.
Алтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.
Алтын-валюта резервтері (АВР) құрамы мыналардан тұрады:
Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер:
6 Төлем балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының бейнесі ретінде
Лекцияның мақсаты: Елдің төлем балансымен және оның негізгі құрылымымен танысу, басқа баланстардан айырмашылығын түсіндіру
6.1 Төлем балансы, ұғымы, мазмұны және түрлері
6.2 Төлем балансының құрылымы
6.3 Төлем балансы
тұжырымдамасы және төлем
6.4 Қазақстанның Төлем балансының ерекшеліктері