Тауар-ақша қатынастары және қаржы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ – маркстік саяси экономияның нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады; қ. Нарықтық қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тауар-ақша қатынастары және қаржы.doc

— 115.50 Кб (Скачать документ)

ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ  – маркстік саяси экономияның  нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар  өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып  алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады; қ. Нарықтық қатынастар.

Тауар дегеніміз  айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын  еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті  болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт  адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

- ол адамның  қандай да болса   бір   тұтыну   қажетін   қанағаттандыратын   зат,  ТҰТЫНУ ҚҰНЫ;

- ол басқа  бір затқа айырбасталатын зат,  ҚҰН.

Заттың пайдалылығы  оны ТҰТЫНУ ҚҰНЫ  етеді. Тұтыну құны — тауардың   пайдалылығы,   адамның  белгілі бір қажетін  қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

           1) тұтыну   құны   негізінен   сол   заттардың   табиғи  қасиетімен байланысты. Мысалы, нан,  май, ет, сүт, жеміс-жидектердің  құрамында адам организміне қажетті  витаминдер, қышқылдар, белоктар болады;

          2) тұтыну құны сол затты шығаруға  жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз;

          3) тұтыну құны әр қоғамда   да болып келеді. Бірақ өндіргіш  күштердің дамуымен, өндірістік  қатынастардың жетілуіне сай  олардың атқаратын рөлі де  өзгеріп отырады. Мысалы, адамның

көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып  отыр. Заттардың  пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш  ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгіңде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты  әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті АЙЫРБАС ҚҰНЫ немесе  ҚҰН болуы керек. АЙЫРБАС  ҚҰНЫ — ең алдымен сан арақатынасы  түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну кұндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өңдіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың кұнын жасайды. Құн — тауарға сіңіріліп, оңда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.

Тауардың екі  жақтылық қасиетінің болуы еңбекке  байланысты. Тауар өндірушінің тауарға  сіңірген еңбегінің екі жақты  сипаты бар. Бірінші жағынан,  ол нақты (тұтыну құнын жасаушы)  түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек  (кұн жасаушы)  түрінде көрінеді. Нақты  еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды  пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнынын мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.

Өндіргіш күштердің  дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек  бөлінісінің тереңдеуі кездейсок айырбастан оның жүйелі нысанына, кұнның да толық нысанына көшуге негіз қалады.

Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция

Ақша дегеніміз  тауарлардың тауары, оның өз бойында  жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса  да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

           Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент  ретінде мынадай ерекшеліктері  бар:

- ол нақты  бір заттың қоғамдық тұтыну  құнының болатындығын;

- онда абстракты  еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

- тауар өндірушінін  жеке еңбегі қоғамдық еңбектің  бір бөлшегі болып табылатындығын  көрсетеді.

 Тауар   мен  ақша  арасындағы  бірлік   те,   қарама-қарсылық қайшылық  та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке кажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен  ақша арасындағы   әрі   бірлік,   әрі   қарама-қарсылық   осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардьің, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның атқаратын  қызметтері:

- құн өлшемі;

- айналыс құралы;

- төлем құралы;

-  қазына  жинау;

- дүниежүзілік  ақшалар.

Ақшаның ең бірінші  және басты қызметі — ҚҰН ӨЛШЕМІ. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады.. Мұндай қызметті өзіндік құны  бар  тауар ғана атқара  алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда кұн өлшеуіші қызметін алтын ғана атқарады..Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т — Т)біржола тауар айналымына (Т — А — Т),яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасындағы аралық, яғни АЙЫРБАС ҚҰРАЛЫ қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Экономикалық қатынастар шенберінің үлғаюымен ақша ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ ретінде маңызды рөл атқарады. Атап айтсақ, қажеттіліктерді сатып алуда, салық төлеуде және т.б. Қазына жинау тауар өндірісінің объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз тауарларының ету өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ рынок стихиясынан сақтарлықтай кепілдік жасауы керек.

Сатпай тұрып, сатып аларлықтай, кез келген затқа  әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі  бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт. Тауар-ақша қатынасы, осымен байланысты ақшаның үстемдік етуі белгілі бір  дәрежеге жеткенде кейбір адамдар үшін ақша қорын молайту олардың өмір сүруінің мақсат-мүддесіне айналады.Бұл жағдайда ақша ҚОР ЖИНАУ қызметін атқарады. Қазіргі кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бұл зор маңызға ие болып отыр. Тауар-ақша қатынасының ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзілік рынокты қамтамасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін көрсетеді. Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінің "ұлттық мундирін" алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпасы түрінде қызмет атқарады. Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады. Ал оның түрлерін ілгеріде атап еттік. Сонымен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚШАЛАР үш түрлі қызмет атқарады:                  1) халықаралық төлем құралы; 2) халықаралық сатып алу, сату құралы; 3) қоғамның байлығын сипаттаушы құрал;

Қағаз ақшалар  өте ертеде, ең алғаш Қытайда даму алған. Олардың металл ақшалар айналысынан, айналыс құралы ретінде атқаратын қызметінен шыққан. Өйткені металл ақшалар айналыс қызметін атқара отырып, тұтынуда тозады, салмағы кемиді, құны азаяды. Монеталардың номиналдық және нақты мазмұны арасында айырмашылық пайда болады. Сөйтіп келе-келе олардың орнын қағаз ақшалар басқан. Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу қабілеттілігі олардың номиналдық алтын мазмұнына сәйкес келетін болады. Ал егер ақша массасы тауар массасынан кеп шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға ұласады. Инфляция белгілі бір елдін айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы. Инфляция қағаз акшалардың алтынымен салыстырғанда құнының темендеп    кетуінен   туады   да,    тауарлар   бағасының көтерілуіне әкеп соғады. Осымен байланысты қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналыстан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығару (ашық девальвация), яғни айналыстағы қағаз ақшаның ресми құнын темендету (бүркемелі девальвация) мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және оның  шетел валюталарымен қатынас курсын төмендету.

Ревальвация - ақша курсын көтеру. Алтын немесе шетел  валютасымен салыстырғанда мемлекеттік  қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация  ақшаны тұрақтандыру мен бағаның  инфляциялық өсуіне қарсы ықпал  етудің белгілі бір әдісі. Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауарлардың құн өлшеуіші.

                       Макроэкономикалық тұрақсыздықтың  қоғамда кездесетін бiр көрiнiсі  – ИНФЛЯЦИЯ. Мұның астарында жалпы  бағаның тұрақты көтерiлу деңгейi деген  түсiнiк бар. Бұл барлық баға мiндеттi түрде өсуi керек деген мағына бермейдi. Бұлардың кейбiреуi тез көтерiлуi мүмкін, кейбіреулері тұрақты түрде қалулары да, үшiншiсi – тiптi төмендеуi де мүмкiн. Бiрақ бағаның  орташа деңгейi көтерiледi.        Инфляция -  екi жақты құбылыс, баға өседі,  ал ақша құнсызданады.

          Инфляция деңгейі баға индексінің  көмегімен өлшенеді. Инфляцияның  түрлері 3.5 суретте көрсетілген.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның  өсуі 10 пайыздан аспайды. Кейнсшілер мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді.

Жоғары қарқынды инфляция кезінде бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға  дейін жетеді.Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ.Бірақ көптеген келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы  ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс  өсуін білдіреді.Бұл инфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде  бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.  

сурет - Ифляцияның негізі түрлері

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата  білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды", мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен  сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қыска мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтыну-шылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сүраныс ретінде ғана ақша жүмсайды, кебірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

Батыс экономистері жасаған  теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.Бұл түрлерінен басқа инфляцияның типтеріде бар.

 Сұраныс инфляциясы.

Сұраныс пен  ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының кебеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы.

Бағалардын  өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен  түсіндіреді. Шығындардын, көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық  саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін. XIX ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап ету керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі XIX— XX ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.

 

                                        Инфляция түрлері

3.6 сурет - Инфляцияның  екі типі

Құн заңы — тауар  өндіріс заңы

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өңдіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық кажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын керсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

Информация о работе Тауар-ақша қатынастары және қаржы