Салық ˗ бюджеттік (фискалдық) саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 15:30, реферат

Краткое описание

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 45.50 Кб (Скачать документ)

Салық ˗ бюджеттік (фискалдық) саясат

Қаржы жүйесінің түйіні және құрылымы. Қаржы саясатының негізгі  бағыттары. Салық бюджеттік (фискалдық) саясат. Мемлекеттік бюджет, түсінік  және құрылым. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.

Оқушыда мыналар бойынша  ұғым болу керек: қаржы жүйесінің түйіні және құрылымы туралы түсінік.

   Білімділікке қойылатын талаптар: қаржы жүйесінің түйіні және құрылымын білу.

Іскерлікке қойылатын  талаптар: қаржы жүйесінің негізгі звеноларын білу.

Дағдылыққа қойылатын  талаптар: Лаффер заңдылықтар әрекетін талдай білу.

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. 
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: 
1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы; 
3) басқарудың қаржылық аппараты. 
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. 
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. 
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. 
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. 
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. 
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

Қаржы жүйесінің  құрылымы  
Қаржы жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылардан 
Орталықтандырылған (жалпымемлекеттік) қаржылар:  
• бюджет (республикалық және жергілікті);  
• арнайы бюджеттен тыс қорлар (зейнетақы 
Орталықтандырылмаған қаржылар:  
• материялық өндіріс сферасының және материалдық 
• халық қаржысы (табыс салығын төлеу, 
Жоғарыда айтылғандай, қаржы жүйесі бес буыннан 
Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара 
Қаржы жүйесінің әр түрлі буындары қаржылық 
Қаржы жүйесінің әрбір буыны өз кезегінде, 
Сақтандыру қатынастар сферасында әрбір буын сақтандыру,

Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

  1. Фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекеттің бюджеттік шығындарын қаржыландыру үшін салық жинайды.
  2. Бөлу қызметі. Мемлекеттік қаржыны қайта бөлуді әр түрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді.
  3. Реттеуші қызметі. Мемелекеттік салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.
  4. Ынталандыру қызметі. Өндіріс пен техникалық процесті дамыту үшін әр түрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
  5. Шектеу қызметі. Мемлекеттік салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді.
  6. Бақылау ˗ есептеу қызметі. Мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының қаржы қор көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарына алынады.  

Жанама салық мемлекеттік тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден бір тәсілі ретінде қолданылады.

 


Информация о работе Салық ˗ бюджеттік (фискалдық) саясат