Мемлекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:34, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Бұрын атап көрсетілгендей, қаржы ақша қатынастарын білдіреді. Алайды қаржының әр сферасында бұл қатынастар түрліше көрінеді, олардың өзіндік өзгешелігі болады.
Біртұтас қаржы жүйесі -өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын аталымда бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Демек, жалпы қаржы жүйесі бұл-мемлекет пен кәсіпорындарыдың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен aaбуындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………………….………3
I. Қаржы жүйесінің ұғымы………………………………………………….…………………...4
1.1 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары…………………………………..……….6
1.2 Мемлекеттік бюджет құрылымы….……………………………………………….………..7
II. Мемлекеттік бюджет
2.1Несие-Банк жүйесі…………………………………………………………………………..7
2.2 Қарыз нарығы……………….…………………………………………………………...…...8
2.3 Факторинг……………………..………………………………………………………..…….9
Қорытынды...................................................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

1233.docx

— 40.57 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Мәне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады. 

 Несие-Банк жүйесі. Ақша қорының ауыспалы айналымы кезінде кәсіпорын, бірлестік, акционерлік қоғам, холдинг, трест, концерн мен шығын және орта бизнес серіктестерінің өндіріс уақыты мен өнім айналысы арасындағы айымашылыққы байланысты шарушылықтың кейбір бөлімшелерінде уақытша ақша қорының пайда болғандығын байқаймыз. Ал,қалған бөлімшелерде ақша қорына қажеттілік туып отырады. Осы мүмкіндіктер несие-банк жүйесінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тұрғындар мен әртүрлі ұйымдарда уақытша еркін қалған ақша қорлары пайда болады.

Әлеуметтік-бағытталған  аралас нарықтық экономикада қарыз нарығы қалыптасады. Ол қаржы нарағының құрамына енген.

Қарыз нарығы-қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу объектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған ақша қорын қайта бөліп, жаңадан ақша рсурстарын құрайды. Банк ұсынатын несиелер-қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді несие бір жылға беріліп, айналым қорларын қалыптастыруға жұмсалады. Ұзақ мерзімді несие он жылға және одан да көп уақытқа беріліп, кәсіпорынның негізгі қорларын улғайтуға жұмсалады.

Несиенің бірнеше түрлері бар: а) банктік, ә) чектік, б)коммерциялық, в) тұтыну, г)халықаралық.  Банктік несиеде клиент векселі дисконттанып, оған есеп-шот ашылады. Есеп-шотқа диконталған вексельдің құны санылады. Чектік несиеде банк қарыз сомасын ұсынады. Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін ұсынылады. Тұтыну несиесі-тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау орындау үшін қажет. Халықаралық несие сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайды.

Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер-несие-қаржы мекемесі.Банктың негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру.

Банк жүйесіне әлемдік тәжірибе көрсеткендей ұлттық банк, басқада банк ұйымдарының түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады. Коммерциялық банктер кәсіпорын мен компаниялар тұрғындардың бір бөлігін ақшалай қорларын шоғырландырып, банктің коммерциялық қысқа, орташа несие беруін жүзеге асырады. Біздің елімізде банк жүйесіне:

а) ұлттық банк те енеді. Оның мекемелері-бөлім, конторлары барлық облыста, аймақ пен қалалар да бар.

ә) Комменциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім негізінде несие-есепті де жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар-акционерлік, коорперативтік, шетел банк капиталының қосылуымен жеке банк де болуы мүмкін. Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымғм негізделген. ТМД елдерінде бұл қызмет 30-шы жылдары жойылып, Қазақстан Республикасында 1997-ші жылы 28-ші сәуірден бастап «Вексельдік айналым туралы» заңын қабылдаумен енгізілді. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқада жүргізген рперациялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.

Банкке табыс әкелетін операцияны-активті(қарқынды); ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны-пассивті деп айтамыз.

 

Аталуы

Активті операция

Пассивті операция

Эмиссиялық  банктер  

Мемлекет пен коммерциялық банктерге берілген қарыздар. Мемлекеттік бағалы қарыздарды сатып алу.

Банкноттарды шығару, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату.

Коммерциялық  банктер

Қысқа жіне орта мерзімге қарыздарды беру. Мемлекет облигациясын сатып алу. Басқаның мүлкін басқару.

Тұрғындар мен кәсіпорынның ақшалай салымдары.

Инвестициялық банктер

Облигация мен акцияны орналастыру. Қаржы операциясындағы делдалдық.

Банк несиелері.

Сақтандыру  қоғамдары

Ұзақ мерзімге қарыздарды беру. Жеке облигацияларды сатып алу. Акцияларды сатып алу.

Жеке адамдар мен кәсіпорыннан сақтандыру сыйлығы.

Жинақ банкі

Ұзақ мерзімге қарыздарды беру.

Тұрғындардың ақшалай салымы.

Инвестициялық компаниялар

Басқаның облигациясы мен акциясын сатып алу.

Тұрғындарға өз акциясын сату.

Зейнеткерлік қорлар

Қарыздар. Облигация  мен кацияларды сатып алу

Жұмысшылар мен қызметкерлердің жарнамасы.


 

Активті операциялар: вексельді, тауар ішіндегі қорлық және баланстық операция болып бөлінеді. Осы операциялардың ьастысы-вексель есебі мен вексель бойынша қарыздар беру болып табылады. Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар-акция, облигация арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағал қағаздар кепілдігі мен қарыз беру, банк инвестициясы жатады. Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операцияның жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар.

Факторинг-қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Сондай-ақ банк өз клиентінен құқықты сатып алып, оған ақшалай қарыз болғандарды өндіреді.Мысалы: жеткізілген тауарға ақы төлеу жіне атқарылған жұмыс пен қызмет міндеттілігі. Факторинг тауардың жеткізілуіне қарай банктың ақы төлеуін қамтамасыз етеді және жіберілген тауардың документтерін талап етеді.

Коммерциялық банктің  жеке және заңды тұлғалар мүліктерін басқару жұмысын-трастық операция дейміз.Клиенттердің тапсыруы бойынша сенімге ие болып, әртүрлі істерді солардың мүдделері үшін атқаруды да жатқызамыз. Осы операцияны жүзеге асыруда банк формалді агент болып, коммисиондық түрде табыс алады. Келісім бойынша банк өз клиенттерінің қаржысын басқарады. Бұл қаржылар акция, облигация, басқа да бағалы қағаздарға салынады.Қазыргі кезде Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер қаржы-трастық операцияны жасауға енді-енді кірісуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қаржы нарығы — өте күрделі  жүйе, онда ақша және басқа қаржы  активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл  нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар  қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды  қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді. Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы  құралдары айналады. Капиталдар нарығында  ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының  және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

Көптеген қаржылық операциялар, атап айтқанда қаржыландырудың қор көзін  мобилизациялаумен және қаржылық нарықтағы  инвестицияларды басқарумен байланысты операциялар кезінде құнды қағаздар пайдаланылады; бұдан бөлек көптеген қаржылық активтер өздерін осы құнды  қағаздар арқылы ұсынады. Халықаралық  тәжірбиеде бұл терминге (бағалы қағаздар) түрлі анықтамалар белгілі. Ресей  заңы бойынша бағалы қағаздар –  бекітілген норма мен реквизиттер  арқылы мүліктік құқықты куәландыратын  құжат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі

1. Құлпыбаев С. Алматы «Экономика» 2007 ж

2. Ынтыкбаева С.Ж., Нарықтық экономика негіздері.  Алматы 1994 ж

3. Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық - Алматы. Экономика

 


Информация о работе Мемлекеттік бюджет