Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:56, реферат

Краткое описание

Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................3
1-тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
§ 1.1 Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны
(объектілері және субъектілері) ........................................................4-5
§ 1.2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері... ...6-7
§ 1.3.Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері.......................... 8-12
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

§ 2.1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен
мақсаттары .................................................................................. .....13-17
§ 2.2.Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің
лауазым иелерінің құқықтық мәртебелері .....................................18-19
Қортынды .............................................................................................20
Қолданылған қайнар көздер............................................................21 .

Прикрепленные файлы: 1 файл

кеден .doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

14

бөлімшелерін құру, қайта  ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.

Кеден органдарының қызметі:

1)           заңдылық;

2)           заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3)           жариялылық принциптерінде құрылады.

Кеден органдарының мақсаттары:     

  1. Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге

және іске асыруға  қатысу;

 

15

2)      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3)      орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4)      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5)      сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке  қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6)      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу  мен кедендік бақылауды жүзеге  асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде  валюталық бақылауды жүзеге  асыру

   9)халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

 

16

10) бірыңғай бюджет  саясатын іске асыруға, кеден  органдарының материалдық-техникалық  және әлеуметтік базасын дамытуға  қатысу;

11)                   өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12)                   Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының  заң актілерінде көзделген өзге  де  міндеттерді орындау болып табылады.

Кеден органдары:

1)           өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;

2)           мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;

3)           осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

17

§ 2.2.Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің

лауазым иелерінің  құқықтық мәртебелері

Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің лауазым  иелерінің құқықтық мәртебелері, 2003 жылғы 5 сәірде қабылданған Қазақстан Республикасының кеден кодексі 69 тарауы 505-бабы кеден органдарындағы қызмет туралы ережемен реттеледі, яғни Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі кеден кодексімен және осы кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.

    Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:

1) қызметке жарамдылығы  туралы медициналық қорытындының болуы;

2) міндетті арнаулы  тексерудің болуы;

3) кеден ісі мәселелері  жөніндегі уәкілетті орган белгілеген  біліктілік талаптарына сәйкес  болу қажет.

18

Кеден органдарына қызметке орналасқаннан  кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен  босатылған адамдарды кеден органдарына  қызметке қабылдауға болмайды.

Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, заңдылың, дара басшылық, қорғауға құқықтың қамтамасыз етiлуi, заң алдындағы теңдiк қағидаттарына құрылады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден органдарында қызмет ететін, белгiленген тәртіппен арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының  азаматтары жатады. Кiшi, орта және аға  басшы құрамдарға арнаулы атақтарндалады.

Қазақстан Республикасында  кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан  Республикасының Үкiметі мен кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік  орган жүзеге асырады.

19

 

 

Қорытындылар

 

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс

бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.

 

 

20

 

Қолданылған қайнар көздер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;
  2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003 жылғы 1 мамыр;
  3. Қазақстан Республикасының құқық қорғауін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;
  4. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21


Информация о работе Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері