Дүние жүзілік сауда ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 08:41, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік сауда ұйымы — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы, міндеттері
2.3. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Срсп смс.docx

— 31.77 Кб (Скачать документ)

Әлемдік сауда ұйымының мақсаты мен шешетін мәселелері

 

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы

2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы, міндеттері

2.3. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі  

ІІІ.Қорытынды 

IV.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе

 

Дүниежүзілік сауда ұйымы  – бұл елдер арасындағы сауда  қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады. 
Дүниежүзілік сауда ұйымы 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен. 
Дүниежүзілік сауда ұйымы – бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім -шарты, құқықтық құжаттар кешені.

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісім «шатыр тәрізді» құжат болып табылады, оған мыналарды  реттейтін 27 заң құжаттары қоса берілген: (1) халықаралық тауарлар саудасының кең ауқымды мәселелері; (2) қызмет көрсетулер саудасы және (3) интеллектуалдық  меншік құқығының саудалық аспекттері. Жекелеген келісімдер сауда дауларын шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше елдердің сауда саясатына мониторингті жүзеге асыру тәртібін реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы

Дүниежүзілік сауда ұйымы — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Сауда мен тарифтер бойынша  жалпы келісім - халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.

Сауда мен тарифтер бойынша  жалпы келісім құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім - ң негізін калаған 23 «келісімге келуші мемлекеттердің» арасында тарифтер бойынша келісім сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.

ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен  ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада кабылданған  уставты конгресстің ратификациясына  ұсынбайтынын ресми түрде пайымдағаннан  кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін  халықаралық сауданы реттеуші жалғыз құрал болып қалды.

Сауда мен тарифтер бойынша  жалпы келісімнің қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен, шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар қолданылған. «Сауда келімсім сөздері раундтарының» жиынтықтары арқылы көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.  СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе «сауда келісім сөздерінің раундтары» нәтижесінде халықаралықсауданы либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы Уругвайлық раунд болды.

Сауда келісім сөздерінін раундтары үзакка созылганымен, сауда  келісімсөздеріне кешенді негіз  қалайды. Жеке мәселелер бойынша  жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, раундарға қатысушылар  көптеген мәселер топтарын қарастыру  мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын  экономикалық және саяси артықшылықтар  есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы мемлекеттердің келісімсөздер  раундары шеңберінде, басты екі сауда  мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге  қарағанда, көпжақты жүйеге әсер ету  мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси  түрғыдан «сезімтал» салалардың жалпы  реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған мысал ретінде  Уругвайлық раунд нәтижесінде қол  жеткізілген ауылшаруашылық өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.

 

 

2.2. Дүниежүзілік  сауда ұйымының құрылымы, міндеттері

 

Министерлік конференция –дүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің  мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады.  
Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады.

Бас Кеңестің басқаруында Сауда саясатын шолу жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі орган бар.

Бұдан басқа, Бас кеңеске  Министрлік конференция бекітетін: сауда және қоршаған орта жөнінде; сауда  және даму жөніндегі; төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер жөніндегі; бюджет, қаржы  және әкімшілік мәселелер жөніндегі; өңірлік сауда келісімдері жөніндегі комитеттер есеп береді.

Министрлік конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кезде Бас  директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999-2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002-2005 жылдары – Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі). 

Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске  функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған. 
Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді. 

Қызмет көрсету саудасы  жөніндегі кеңес қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамына Қаржылық қызмет саудасы жөніндегі комитет және кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді. 

Интеллектуалдық меншік құқықтары  саудалық аспектілері жөніндегі  кеңес Интеллектуалдық меншік құқықтары  саудалық аспектілері жөніндегі  келісімнің орындалуын жүзеге асырудан басқа, жалған тауарлардың халықаралық  саудасымен байланысқан дау-дамайдың туындауының алдын алу мәселелерімен  де айналысады.

Бас директор басқаратын ДСҰ-ның  хатшылығы ДСҰ-ның атқарушы органы болып табылады. ДСҰ хатшылығы, басқа халықаралық ұйымдарының осындай органдарынан айырмашылығы олар шешім қабылдамайды, өйткені осы функция мүше елдердің өзіне жүктеледі. Хатшылықтың негізгі міндеттері - әртүрлі кеңестер мен комитеттерге,  сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдауды қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік саудаға талдау жасау мен қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына ДСҰ-ның ережелерін түсіндіру болып табылады. Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процессінде құқықтық көмек көрсетудің кейбір формаларын қамтамасыз етеді және ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдердің үкіметіне ақыл-кеңес береді.

ДСҰ-ның кез-келген мүше елі  барлық кеңестерге, комитеттерге және т.б., Дауларды шешу жөніндегі органға  кіретін Апелляциялар жөніндегі  орган мен Дауларды шешу жөніндегі  жұмыс тобы, сондай-ақ қатысушылар  саны шектеулі келісімдер жөніндегі  комитеттерден басқасы қатыса алады

Дүниежүзілік сауда ұйымы басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

— Саудада еш кемсітушіліктің  болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

—Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

— Тұрақтылық пен сауда  шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл  шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық саудадағы  бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі  елдер фирмаларының тең құқықты  бәсекелестігі үшін «әділетсіз»  тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

— Жоғары дамымаған мемлекеттер  үшін халықаралық саудада жеңілдіктер  жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген  ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған  елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде  дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан  да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

 

 

2.3. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі

 

 

 Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.

Халықаралық ұйымдар сауда  тосқауылдарын жою бойынша маңызды  мәселелерді шешеді, мемлекеттер  арасындағы кең тауарайналымына  және валюталардың тұрақтандырылуына  жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда  мәселелерін қарастырады. Олар өзара  тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап  қайтару үшін және әр мемлекет пен  оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға  жәрдемдесу мақсатында құрылған.

«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық  ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті  сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық  еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау  және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.

Еуропалық еркін сауда  ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ  және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып  табылады, онда әр елдің бір даусы  болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын  және орындалуын бақылайды. Сонымен  қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек  пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда  және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.

Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.

«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді. 
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады.

АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс  азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.

Информация о работе Дүние жүзілік сауда ұйымы