Бюджеттік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 21:33, реферат

Краткое описание

Жалпы бөлімге келесі институттар кіргізіледі:
1) бюджеттік құрылым;
2) қаржы саласындағы басқару;
3) бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;
4) бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері.
Ерекше бөлімге кіргізілетін институттар:
1) бюджет табыстарының құқықтық реттелуі;
2) бюджет шығындарының құқықтық реттелуі;
3) мемлекеттік несиенің құқықтық реттелуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЮДЖЕТТІК ҚҰҚЫҚ.doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)

                                     БЮДЖЕТТІК  ҚҰҚЫҚ

 

        Бюджеттік құқық – бұл бюджеттік құрылымды ұйымдастыру кезеңінде пайда болған, сонымен қатар орталандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды қалыптасуда, бөлу және ұйымдастыруда пайда болған қатынастарды реттейтін қаржылық құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.

        Бюджеттік құқықтық пәні болып мемлекеттің бюджеттік қызметі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынас шығады, яғни ұйымдастырушылдың және материалдық бюджеттік қатынастар.

Бюджеттік құқықтың әдістері:

         Императивтік әдіс. Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.

       Диспозитивтік әдіс. Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).

           Бюджеттік құқықтың мөлшерлері материалдық және ұйымдастырушылық болып   бөлінеді. Бюджеттік құқықтың жүйесі екі бөліктен құралады: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімге  келесі институттар кіргізіледі:

 

1)    бюджеттік  құрылым;

 

2)    қаржы  саласындағы басқару;

 

3)    бюджеттік  жоспарлаудың құқықтық негіздері;

 

4)    бюджеттік  бақылаудың құқықтық негіздері.

 

Ерекше бөлімге кіргізілетін институттар:

 

1)    бюджет  табыстарының құқықтық реттелуі;

 

2)    бюджет  шығындарының құқықтық реттелуі;

 

3)    мемлекеттік  несиенің құқықтық реттелуі.

 

              Бюджеттік құқықтың жалпы бөлігінің мөлшері негізінен ұйымдастырушылық бюджетті қатынастарды, ал ерекше бөлігінің мөлшері материалдық бюджетті қатынастарды реттейді.

Сонымен, бюджеттік  құқықтық қатынастар – бұл бюджетті құқық мөлшерімен реттелген және мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

 

Бюджеттік құқық қатынастарының субъектілері:

1.     Тұтасымен  алғанда мемлекет;

2.     ұлттық-аймақтық  және әкімшілік-аймақтық ұйымдастырулар (егер мемлекет, мемлекет федеративтік  болса, онда федерация субъектілерін  кіргізе отырып);

3.     Мемлекет  үкіметінің өкілдік және орындаушы (атқару) органдары;

4.     Құқықтық  тұлғалар;

5.     Жеке тұлғалар.

         Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында мемлекет үкіметінің орталық органдары: ҚР Президенті және оның аппараты, Парламент, үкімет, Министерствалар және басқа орталық ведомстволар, сот жүйесі, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы қаржыланады, республика деңгейіндегі өндіріс және объектілер құрылысы саласындағы арнайы құрылыс бағдарламалары және тағы басқалар іске асырылады, яғни үсталады.

       Жергілікті бюджеттер әкімшілік - аймақтың  ұйымдастырушылықтардың керектерін қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында жергілікті өкілді және мемлекет үкіметінің атқару органдары, жергілікті деңгейде қаржыландыру қызметін жүргізушілер, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы, үй бағдарламасы, жергілікті деңгейдегі өндіріс, объектілер құрылысының бағдарламасы және тағы басқалар іске асырылады.

        2004 жылғы Бюджет кодексімен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдармаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры» (1-бап).

      Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттер – жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президенттің және Қазақстан Республикасы үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешілмін бекітілетің әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары (1-тарау 10-бап). Жергілікті бюджеттер (әкімшілік – аумақтық бірліктердің бюджеттер) – облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа, қалалардағы аудандарды қоспағандағы), аудандардың бюджеттері.

         ҚР Конституциясына сәйкес маслихат жергілікті бюджетті бекітеді, ал жергілікті өкілді органдар оның орындалуын қамтамасыз етеді.

 

Бюджет жүйесінің принциптері:

·        Барлық бюджеттердің бірлігі;

·        Бюджеттердің толықтығы;

·        Бюджеттердің нақтылығы;

·        Бюджеттердің жариялылығы;

·        Бюджеттердің дербестігі.

 

           Бюджеттің тағы екі түрі бар: мемлекеттік бюджет және облыс бюджеті.

             Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергіліктібюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;

        Облыс бюджетті – облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің олардың арасындағы өзара өттеу операциялары есептелмеген жиынтығы.

          Қазақстан бюджеттік жүйесі барлық бюджеттердің бірлік және дербестік принциптеріне негізделген, республикалық және жергілікті бюджеттер өздері дербес қызмет атқарады.

        Бюджеттік реттеу – мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттердің тапшылықсыздығын қамтамасыз ету.

        Бюджеттік реттеудің мақсаты – берілген механизм бір қалыпты қызмет атқару үшін, бюджеттік жүйенің барлық компонентерінің бір тұтас қарым-қатынасына болуын қамтамасыз ету.

         Бюджеттік реттеудің әдістері:

1.Бюджет жүйесіне кіретін жеке бюджет түрлерінің арасында шығындарды үлестіру;

 2. Бюджет жүйесінің әрбір бөлшегіне табыстарды орнату;

3.  Төлем бюджетті теңестіру мақсатымен жоғарғы бюджеттерді төменгі бюджеттерге берудегі табыстарды орнату;

4. Бюджет аралық демеу қаржы (субвенция);

5. Бюджет аралық несие беру;

6. Бюджеттік қайтарып алу;

7.Сенвестрлеуді кіргізе, бюджеттік шығындарды қысқарту.

Егерде жиналған үнемі  бекітілген және реттелген табыстармен  ақша құралдары жергілікті бюджеттің  немесе басқа шығындарды жабу жеткіліксіз болса, онда субвенциялар беру сияқты бюджеттік реттеудің тәсілі іске қосылады.

        Субвенциялар  - жоғары турған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң актілерімен немесе маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері. Субвенциялар қайтарылмайтын және ақысыз негізінде беріледі. Кейбір елдерде демеу қаржы және субсидиялар қолданылады.

 

       Демек қаржынын субвенциядан негізгі айырмашылығы, субвенция міндетті сипатта, ол демеу қаржы кімге берілсе, сол бюджеттің көрсетілуі бойынша пайдалынады.

       Субсидиялар – заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен бөлінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер.

       Бюджеттік алу – заң актісімен белгіленген сомалар шегінде облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер немесе маслихаттардың шешімдерімен белгіленген сомалар шегінде аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер.

        Бюджеттік қарыз – қайтару, қайтарымсыз немесе тегін негізінде бір бюджеттің басқа біреуге берілетін бюджеттік құралдар. Қарыз беру бюджеттік жылмен шектеледі.

        Секвестр  - бюджеттің атқарылуы кезінде бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен артып кететін не кіріс көздерінен түсетін түсімдер қысқартылатын, соның салдарынан бюджетте көзделген бюджеттік бағдармаларды толық көлемінде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда еңгізілетін қаражаттың белгіленген шекте жұмсалуына тиым салуын көздейтің арнаулы механизм.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ.

Бюджеттің басқа  мемлекеттік ақша қорларынан айырмашылық белгілері болып табылатындар:

1.     Оның өлшемі – ол қаржы жүйесінің  түзу де, көлденен кесіндісінде  негізгі және ірі ақша қоры  болып саналады;

2.     Оның тағайындалуы – ол мемлекеттің  функциялары мен жалпы мәселерін қаржылауға міндеттелінген.

Яғни бюджет орталық не жергілікті екеніне қарамастан ол ылғи мемлекеттің әмбебапты ақшалай  қоры міндетін атқарады.

«Бюджет» термині  әртүрлі мағынада және әртүрлі маңызда  қолданылады.

Бюджеттің маңыздары:

А) материалдық  мағынада;

Б) экономикалық категория ретінде;

В) қаржы-ұйымдастыру  мағынасында;

Г) құқықтық категория  ретінде.

            Бюджет материалдық мағынада – бұл мемлекеттік ақшалай фонды. Ол мемлекеттің жалпы мағынадағы орталық деңгейдегі қаржы жүйесінің (орталық бюджет) және жергілікті деңгейдегі (жергілікті бюджеттер) функциялары мен міндеттерін қаржылауға арналған.

          Экономикалық категория ретінде – мемлекеттің жалпы мағынадағы орталықтандырылған немесе жергілікті деңгейдегі функциялары мен міндеттерін қаржыландыруға арналған негізгі мемлекеттік ақша қорын бөлуде және қалыптасуда пайда болған экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы.

 

          Қаржы – ұйымдастыру мағынасында – бұл мемлекеттің жалпы мағынадағы орталықтандырылған немесе жергілікті деңгейдегі функциялары мен міндеттерің қаржыландыруға арналған негізгі мемлекеттік ақша қорын бөлу және қалыптасудың қаржылау жоспары болып табылады.

         Құқықтық категория ретінде – мемлекеттің жалпы мағынадағы орталықталындырылған және жергілікті деңгейдегі функциялары мен міндеттерін қаржыландыруға арналған негізгі мемлекеттік ақша қорын бөлу және қалыптасудың қаржылау жоспарын бекітуге қатысты қаржылай – құқықты акті болып табылады.

        Бюджеттің құқықтың түрі қандай бюджетті сөз қылатыны жөнінде айқындалады. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламент заңымен бекітіледі, жергілікті бюджет – маслихаттың шешімімен бекітіледі. Төтенше бюджет Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

1. Республикалық  және жергілікті бюджеттердің  шығыстары

 

2. Бюджет шығыстарын өзгертудің құқықтық негіздері

 

3. Бюджеттік  бағдарламаларды қысқарту

 

4. Бюджеттік  қатынастардағы несиелеу және  заимдау.

Бюджет құрылымы мыналардан тұрады:

1.Кірістерден атап айтқанда: а) табыстардан; б) ресми түрде алынған трансферттерден (гранттардан); в) алдыңғы берілген бюджеттік кредиттерден негізгі қарыздарды өтеу;

2.Шығындардан және несиелеуден;

3.Бюджет тапшылығынан (профицитінен);

4.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (бюджет профицитің пайдалану).

          Бюджет профициті – түсімдердің бюджет шығындарының көлемінен асып түсуі.

        Бюджет тапшылығы – шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі.

        Бюджеттік қызмет – бұл орталықтандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды ұйымдастыруда, бөлуде және қалыптастыруда бюджет құрылысын ұйымдастыру жөнінде өкілетті органдар арқылы мемлекеттік қызмет.

        Мемлекет бюджеттік қызмет атқарғанда қоғам қарым-қатынасының ерекше түрі – бюджеттік қарым-қатынас пайда болады.

          Бюджеттік қарым-қатынас материалдық және ұйымдастырушылық  болып бөлінеді. Материалдық бюджеттін қарым-қатынастар бюджеттің қалыптасуын және бөліну процесстерін білдіріп, ақша құралдарын бюджетке түсуін немесе шығуын орталандырады. Оған мысал ретінде бюджеттік қаржыландыру қарым-қатынасын алуға болады.

 

Материалдық бюджеттік қарым-қатынастардың белгілері:

1.     Олар экономикалық қарым-қатынастардың  бір түрі болып табылады;

 

2.     Бұл қатынастар ақшалай болып  саналады;

 

3.     Тауар түрінде қарама – қарсы  баға қозғалысымен түйіспей, біржақта ақшалай түрде баға қозғалысын орталандырады.

 

4.     Бөлу сипатымен көрінеді.

 

5.     Тек құқықтық түрде болады.

 

ұйымдастырушылық  бюджеттік қарым-қатынастар бюджеттік  құралдарды пайдалануды ұйымдастыру  кезенінде еліміздің бюджеттік  құрылысын ұйымдастыру кезінде бюджет саласын басқаруда мемлекеттің қаржы органдар жүйелерінде пайда болады.

Бюджет қалыптастыру кезеңінде қолданылады:

 

·        Мәжбүрлі – қайтарусыз ақша құралдарын алу (мысалы, салықтар);

 

·        Мәжбүрлі – қайтарулы ақша алу (мысалы, мәжбүрлі мемлекеттік қарыздар);

 

·        Еркін – қайтарусыз ақша құралдарын жұмылдыру (мысалы, құқықты және тұлғаларды жерлеу):

 

·        Еркін – қайтарулы ақша құралдарын жұмылдыру (мысалы, мемлекеттік және жергілікті займдар);

 

·        Эмиссия (жаңа ақша белгілерін айналымға шығару).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Қ.И Оспанов «Құқық негіздері» 2010ж 
  2. ҚР Конституциясы. 30.08.1995
  3. Худяков А. И. Основы теории финансового права. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.
  4.   «Инвестициялар туралы» ҚР-ның Заңы. 08.01.2003
  5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның Кодексі. 30.01.2001
  6. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» ҚР-ның Заңы. 29.06.1998

Информация о работе Бюджеттік құқық