Ақша несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 22:35, реферат

Краткое описание

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Содержание

КІРІСПЕ
Ақша несие саясаты

Ашық нарықтағы оперяциялар


Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.


Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф Ақша несие саясаты.2013.docx

— 54.71 Кб (Скачать документ)

 

           Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министлігі

         Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ  Экономикалық Университеті.

 

 

 

Реферат


 


 

 

 

 

                      Тақырыбы:    Ақша несие саясаты

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  Кондубаева А.А.

ҚР (Д) - 231-топ 

                                                                           Қабылдаған: Дускалиева В.К.

 

 

Алматы 2013 жыл

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

 

          КІРІСПЕ

  1. Ақша несие саясаты

 

  1. Ашық нарықтағы оперяциялар 

 

 

  1. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

 

  1. Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе

 
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің  қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған. 
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда. 
Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді. 
 
Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады. 
Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар. 
Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды. 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетелвалюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің  ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстаржасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

  • несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
  • коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

  • ашық нарықтағы операциялар;
  • міндетті резервтік талаптар;
  • несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
  • ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
  • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  • овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
  • банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляцияжәне күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржынарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ныңмақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша  сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт заемдар бойынша  сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытшаболмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап  тікелей репо операцияларын жүргізу  практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Ең төменгі резервтік  талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.

Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтікталаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал еңтөменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

  • міндетті резервтер;
  • резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге  Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің  «Ең төменгі резервтік талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді  мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.

Банктердің ең төменгі резервтік  талаптарды орындаудың екі әдісі  қолданылды:

  1. Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеубазасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

  • банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.
  • банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.

Информация о работе Ақша несие саясаты