Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 21:37, реферат

Краткое описание

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе
I. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
II. Қолма қол есеп айырысу нысандары
III. ХҚЕС №7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары мен олардың баламалары.docx

— 42.67 Кб (Скачать документ)

                                                Жоспар

Кіріспе

 

  1. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
  2. Қолма қол есеп айырысу нысандары
  3. ХҚЕС №7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.    

 Корреспондеттік шоттар  – банк шоттары банктер мен  ұйымдардың кейбір операция түрлерін  жүзеге асырады.    

 Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл  да банктік шоттар, бірақ олар  жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған  бөлімшелері үшін де ашылады.    

 Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есептеу үшін субъектіге  арнап ағымдағы шоттар ашылуы  мүмкін. Ол сыртқы экономикалық  қызметін жүзеге асыратын және  өнімін валютаға сататын субъект  үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және  басқаларын субъектілер ақша  қаражаттарын оқшаулап сақтау  үшін және тиісті операцияларын  жүргізу үшін ашады.    

 Субъект шоттарындағы  қаражат олардың иелерінің әмірі  бойынша есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен  және қолданылып жүрген заңдарда  көзделген басқа жағдайларда  ғана жол берілуі мүмкін.   

  Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.     

 Ақшасыз есеп айырысудың  негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің  органдарының инкассалық жарлықтары  болып табылады. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

 

 

Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

 

       Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілер  өз ақша қаражаттарын банкі  мекемелерінің тиісті шоттарында  сақтап және міндеттемелері бойынша  төлемдерін, әдетте, осы мекемелер  арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет  жағдайда Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің нормативтік  құжаттарымен белгіленген шегінде  нақты ақшамен есептеуді жүзеге  асырады. Егер де заңды тұлғалардың  арасындағы төлем сомасы 4000 айлық  есептік көрсеткіштен (АЕК) асып  түссе, онда олар тек ақшасыз  тәртіпке айырысуларды жүзеге  асырады. Бұл келтірілген мәлімет  заңды тұлғалардың арасындағы  әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген  лимиттен асатын болса, онда төлем  ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса  да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен  аспауы керке.    

 Ақша қаражаттарын  сақтау үшін және заңды тұлғалар  арасында есеп айырысу үшін  Қазақстан Республикасының банк  мекемелерінде банк шоттарын  ашады. Банк шоттары – бұл банк  пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін  әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі  және ол ағымдық, жинақтық және  корреспонденттік болып бөлінеді.     

 Корреспондеттік шоттар  – банк шоттары банктер мен  ұйымдардың кейбір операция түрлерін  жүзеге асырады.    

 Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл  да банктік шоттар, бірақ олар  жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған  бөлімшелері үшін де ашылады.    

 Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есептеу үшін субъектіге  арнап ағымдағы шоттар ашылуы  мүмкін. Ол сыртқы экономикалық  қызметін жүзеге асыратын және  өнімін валютаға сататын субъект  үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және  басқаларын субъектілер ақша  қаражаттарын оқшаулап сақтау  үшін және тиісті операцияларын  жүргізу үшін ашады.    

 Субъект шоттарындағы  қаражат олардың иелерінің әмірі  бойынша есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен  және қолданылып жүрген заңдарда  көзделген басқа жағдайларда  ғана жол берілуі мүмкін.   

  Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.     

 Ақшасыз есеп айырысудың  негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің  органдарының инкассалық жарлықтары  болып табылады.    

 Төлеуші мен алушылар  өзара есеп айырысу нысандарын  келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын  талаптары мен міндеттемелерді  зачетқа да жатқыза алады.    

 Төлем тапсырмаларымен  есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.    

 Төлем жасаушы банкке  белгіленген нысандағы бланкілердегі  төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің  талап етуі бойынша салынатын  салықтың шот-фактуралары және  төлемдердің мақсатын растайтын  басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген  күннен бастап 10 күн бойы күшінде  болады (жазылған күні есепке  алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем  жасаушының шотында қаражат болғанда  ғана орындауға қабылданады. Төлем  құжаттарын электрондық түрінде  де, қағаз ретінде де ұсынуы  мүмкін. Бұл құжаттардың данасын  әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада  толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады  да, оның электрондық көшірмесі  бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі  иесіне , яғни ақшаны жіберушіге  қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.  
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларына кассадағы ақша қаражаттары мен банктердегі шоттардағы қалдықтары, сондай-ақ ақша рыноктарының құралдарына салынған инвестициялар жатады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке кіргізілген ақша қаражаттары мен олардың баламалары баланстың мына сомаларынан тұрады:

 
Кассадағы ақша қаражаттары мен банктердегі шоттардағы қалдықтар 40 25  
Қысқа мерзімді инвестициялар 370 135  
Бұрын хабарланған ақша қаражаттары мен олардың баламалары 410 160  
Валюталардың айырбас бағамы өзгерістерінің нәтижесі - 40  
Қайта есептелген ақша қаражаттары мен олардың баламалары 410 120  
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларына кезеңнің аяғында еншілес кәсіпорынға тиесілі 100 ақша бірлігі мөлшеріндегі банк депозиттері жатады, олар валюталар айырбасы бойынша шектеулерінің болуына қарай холдингтік компанияның пайдалануы үшін еркін қол жеткізілмейді.  
Топтың 2 000 ақша бірлігі мөлшерінде пайдаланылмаған қарыз қаражаттары бар, осыдан 700 ақша бірлігі тек болашақтағы кеңею үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.

  
Операциялық қызмет 1 700 (140) 1 560  
Инвестициялық қызмет (640) 160 (480)  
Қаржыландыру жөніндегі қызмет (570) (220) (790)  
490 (200) 290 Баламалы ұсыну (жанама әдіс)  
Балама ретінде жанама әдіс бойынша жасалған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне операциялық пайда капитал айналымындағы өзгерістерге дейін

 кейде мына төмендегіше  беріледі:

 
Инвестициялық табысты қоспағанда, табыстар 30 650  
Амортизацияны қоспағанда операциялық шығыстар (26 910)  
Айналым капиталындағы өзгерістерге дейінгі операциялық пайда 3 740  
В қосымшасы

 
Қаржы мекемесіне арналған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  
Бұл Қосымшаның тек қана бейнелеп көрсету сипаты ғана бар және осы стандарттың бір бөлімі болып табылмайды. Қосымшаның мақсаты - оның мағынасын түсіндіруге көмектесу үшін стандарттың қолданылуын көрсету.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолма қолсыз есеп айырысу нысандары

Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Осы ережеге сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • инкассалық үкім;
  • чек;
  • вексель.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу

Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу нысаны.

Төлем тапсырмасы—ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады:

  • алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін,
  • тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық жәнет.б. төлемдер) бойынша,
  • жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,
  • аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында телеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотка аударып қояды. Төлем тапсырмасы аркылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиентгің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу нысаны ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Информация о работе Ақша қаражаттары мен олардың баламалары