Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 18:26, реферат

Краткое описание

Бұл брошюра Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
3

1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................

4

1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау....
4

1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..

8

1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары...............................
13

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері.....
20

2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы...............................................
20

2.2 Республикалық бюджет.........................................................................
23

2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................

25

2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................

27

3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы.........................................
29

3.1 Бюджеттің кірістері.............................................................................
29

3.2 Бюджеттің шығыстары.......................................................................
36

3.2.1 Әлеуметтік бюджет...........................................................................
42

Білім беру........................................................................................................
42

Денсаулық сақтау...........................................................................................
48

Зейнетақымен қамтамасыз ету.....................................................................
54

3.2.2 Экономикаға арналған бюджет.........................................................
58

Көлік және коммуникациялар......................................................................
58

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі.......................
61

Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану...................
64

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы....................................................
76

3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет.........................................................
78

Ұлттық қорғаныс............................................................................................
78

3.2.4 Бюджетаралық қатынастар..............................................................
80

4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері.......................................
91

4.1 Мемлекеттік борыш...............................................................................
91

4.2 ҚР Ұлттық қоры......................................................................................
95

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

бюджет.docx

— 292.25 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 

104

Кіріспе

 Бұл брошюра Қазақстан  Республикасы бюджетінің мазмұнын  көрнекті нысанда көрсететін  бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

 Соңғы жылдардың ішінде  Қазақстан Республикасының экономикалық  стратегиясы макроэкономикалық  жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу  болып табылды, бұл мемлекеттік  бюджет тапшылығының азаюын және  қатаң монетарлық және кредиттік  саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика  елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

 Әкімшілік реформаны  бір мезгілде жүргізу Қазақстан Республикасы министрліктерінің жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Бұл брошюраның мақсаты – Қазақстан Республикасының бюджетін оның азаматтары үшін барынша түсінікті ету. Ол үшін онда бюджеттің тұтастай алғанда елге және Қазақстан Республикасының әрбір жеке азаматына не беретіндігі ғана емес, және сонымен бірге осы күрделі әрі көп жақты түсініктің нені білдіретіні де сипатталады.

 Атап айтқанда, бюджеттің  не үшін қажеттігі және ол  мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың  нәтижелерге бағдарланған

1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

 Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.

 Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.

 Салықтар – бұл заңның  негізінде қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.

 Салықтар – мемлекеттік  бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

 Қазақстанда салықтар  республикалық және жергілікті  болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан  түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша  құнға салынатын салық және  т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.

 Салық саясатын мемлекет  салықтық реттеу саласындағы  шаралар кешені арқылы жүзеге  асырады. Мемлекет салықтарды, олардың  ставкалары мен жеңілдіктерді  белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

 Диаграммадан көрініп тұрғанындай (3-сурет), Қазақстан Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.

3-сурет. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетіне түсетін салық түсімдерінің құрылымы

Экономиканың циклдық  өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:

- тұрақты экономикалық  өсуді;

- ресурстардың толық бос болмауын;

- бағаның тұрақты деңгейін  ұстау болып табылады.

 Фискальдық саясатты  Үкімет жүргізеді. Фискальдық  саясаттың құралдары жиынтық  сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.

 Бюджеттік саясаттың  құралдары болып мемлекеттік  бюджеттің шығыстары мен кірістері, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу, салықтар, трансферттер әрекет етеді.

 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  дамуының басым міндеттерін шешу  мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:

1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2. Экономикаға салық жүктемесін  оңтайландыруға, салық рәсімдерін оңайлату мен олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру.

3. Бюджет қаражатын мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық саясаттың  негізгі міндеттерін шешуге жұмсауды  қамтамасыз ету.

 Қойылған міндеттерді  шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.

 Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуді, үш жылдық бюджетке көшуді көздейді. Стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлесімдендіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттейді.

 Мемлекеттік органдардың  қызметін мемлекеттік саясаттың  басымдықтарына сәйкес бюджет  қаражатын формальды түрде игеруден  нақты нәтижелер алуға қайта бағдарлау жаңа Бюджет кодексінің орталық идеясы болып табылады. Ол бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджетті орындау кезінде үлкен дербестікті, атап айтқанда, шығыстардың экономикалық жіктелуі бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау мен өзгерту құқығын береді. Бюджеттің орындалуы бөлігінде сондай-ақ жекелеген рәсімдерді оңайлату көзделеді.

 Ел Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпандағы  Жолдауында жаңа Салық кодексі  «салық қызметтерінің оның нормаларын  өз қалауларынша түсіндірулерінен  қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы  мен салық төлеушілер мүдделері  үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын басты тиімділік – бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.

 Ел экономикасындағы  бәсекелік ортаны дамыту мақсатында  жаңа Салық кодексі Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың ауқымды бөлігінің күшін жоюды көздейді.

 Жаңа Салық кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) – 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.

 Бұдан басқа, шағын  және орта бизнес үшін аванстық  төлемдер төлеудің күшін жою,  шығындарды ауыстыру мерзімдерін  3-тен 10 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы прогрессивтік шаралар бизнес жүргізудің жағдайларын жақсартуға және өндіріске инвестициялардың ұлғаюына өз үлесін енгізуге тиіс.

 Сонымен бірге салық  ауыртпалығын осылай елеулі түрде  төмендету мемлекеттің әлеуметтік  міндеттемелерін орындауға теріс  әсер етпеуге тиіс. Сондықтан Үкімет бюджетінің шығындарын өтеу өндіруші секторға салық жүктемесін ұлғайту есебінен болады.

 Жаңа Салық кодексіне  сәйкес барлық салықтық құқық  қатынастары тек заңмен реттелуге  тиіс, бұл атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттары салықтық бөлігінің тұрақтылығына қатысты. Жер қойынауын пайдаланушылардың арнайы салықтарының жүйесін өзгерту де көзделеді. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстырылатын болады. ПҚӨС-ті есептеу, өте маңыздысы, әлемдік бағалар бойынша есептелген өндірілетін пайдалы қазбалар көлемінің құнынан жүргізіледі. Бұдан басқа, мұнай компаниялары шамадан тыс пайда салығы деп аталатын салықты төлейтін болады.

Информация о работе Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері