Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:43, курсовая работа

Краткое описание

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі етіп кеткен карыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен кауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жакты зерттеледі.

Содержание

Негізгі бөлім
1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
3. Корпоративтік табыс салығы.
4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

жабдыктау.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380 "Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

 

 

 

       Жылдық                        қарыз                      Несиенің

     пайыздың          х         қалдығы        х         берілген        :  360 күн

     мөлшерлемесі                                               күнінің саны

Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік

Шаруашылық  операцияларының мазмұны

Сомасы теңге

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

03.01.2002 ж есеп  айырысу шотына несие аударылды

1105600

1040

3010

2

Келісімшарттың  жағдайына сәйкес несие қаражатын  пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:

  • І тоқсан

8000х141,8х20%х90/360=56720 теңге

  • ІІ тоқсан

8000х142,6х20%х90/360=57040 теңге

  • ІІІ тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57100 теңге

  • IV тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57800 теңге

Несиенің нақты  сомасы 28.02.2001 ж. өтелді, 2001 жылдың екі  айына есептелген пайыз сомасы – 38100 теңге (8000х145,3х20%х59/360). Алынған несие  бойынша барлық есептелген пайызы 266760теңге.  (56720+57040+57100+57800+38100)

266760

7310

7320

4160

3

Есептелген  пайыз сомасы төленді

266760

4160

1040

4

Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, яғни 8000 АҚШ  долларының эквивалентінде

  • алғашқы алынған несие сомасы
  • бағамдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, айырма сомасы-56800 теңге (8000х145,3-8000х138,2)

1103600

3010

7450

7460

1040

1040


 

 

Шетелдік валютада алынган несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құкылы. Несие занды тұлға-резиденттерге қолма-қолсыз, яғни акшасыз тәртіпте ғана беріледі. Валюталық құңдылыктарды өкілетті банк-кепілдік ретінде занды тұлға-резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және ұлттык валютада беріледі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардын сомасы 100 мың  доллардан және 120 күннен аспаса. Бұлардын, қатарына каржылық  лизингі де жатады.

Несиені алған  кезде 1010 немесе 1050 шоттары дебеттеліп, 4010 шоты кредиттеледі. Ал егерде алынған несие кайтарылса, онда 4010 шоты дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі, 4010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.

Кепілдік міндеттеменің  қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге үстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

Ипотека жагдайында кепілге салынғаң мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші түлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.

Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды камтамасыз етеді.

Егер де келісім-шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да кұқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, кондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да кол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұракты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім-шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының кұкығы ипотекалық куәлік берілуімен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады.

Ипотекалық  куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бүл ипотекалық құқықтын баска тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқыкта берілген түлғанын толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық түрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәләктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса. онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол кояды, ал егерде ол бірінші болмаса, онда осынын алдындағы жазып берген тұлға кол қояды.

Басқа да несие  операцияларын есепке алу. Жоғарыда айтылғандай, несие берудің баскд  түрлері 4030 "Басқа да несиелер" шотында есебі жүргізіледі. 4030-шы шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары, кызметтері) және берілген вексельдері есепке алынады.

Тауарларды (жумыстарды, қызметтерді) алу ушін берілетін вексельдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқылы жабдыктаушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен, кызметпен) есеп айырысу кезІнде жай немесе аудармалы вексельді пайдалануы мүмкін.

Вексель ұстаушы  жабдыктаушылармен, мердігерлермен және баска да кредиторлармен есеп айырысуда  берілген вексельмен қамтамасыз етілген  карызын 4030 шотта есепке алады.

Пайыздық вексель  бойынша 4030 шотка "Берілген вексель" деп аталатын субшотың ашуды ұсынады.

Пайыздык вексельдің пайызсыз вексельден айырмашылығы, олар өзінің номиналдык (аталуы) құнына пайызды  қоспайды, ал пайыздыкта ол қосылып келеді.

Пайызсыз вексельде  пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді, бірак, марапаттау сомасын анықтайды. Пайызсыз берілген вексельге 4030 "Берілген вексельдің сомасынан марапаттау сомасы шегерілген" және 4030 "Берілген вексель бойынша марапаттау сомасы" деген косымша екі субшоттар ашылуы мүмкін.

Пайыздық вексель бойынша

Пайыссыз вексель бойынша

Алғашқыда, марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді

2160 шоты дебеттеліп, 3380 шоты кредиттеледі

1620 шоты дебеттеліп, 4030 «берілген вексель бойынша марапаттау сомасы» субшоты кредиттеледі

Содан соң,  есептік  кезеңнің  барысында тең үлесте есептелген пайыздық сомасы шығысқа  жатқызылады

7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі

7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі


 

Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі. Кез-келген жай немесе аудармалы вексель индоссамент арқылы берілетін жазуы айналысқа түсуі мүмкін, яғни осы вексель бойынша бір түлға екінші бір тұлғаға өз құқығын, яғни қойылатын шарттардан басқаларын береді, демек вексель ұстаушы аударма вексельде, "бұйрығын емес", бірақ соған ұқсас мағынадағы сөзді көрсетеді.

Барлык субъектілер  өзінің берген вексельдерін акцептесе де, индоссанттаса немесе оған аваль қойса яғни макұлдаса да вексель ұстаушының алдында бәрібір ортақ жауап береді, яғни міндетті болып табылады. Сондықтан вексельді беру индоссанттау жолымен жүргізілсе, онда индоссанттардың міндеттемесі вексель ұстаушылардың алдында сақталады, бірақ ол шартты түрде баланстан тыс шоттарда көрініс табады. Егер де белгіленген мерзімде вексельді алушылар немесе үшінші тұлғалар (трассаттар)төлемесе, онда олар өз қүқығын индоссанттарға карсы түрған регресстерге сатуына болады. Бұл кезде индоссант есепте көрсетілген өз міндеттемесін қалпына келтіреді.

Облигацияларды  сату жолымен тартылган заемдық қаражаттар бойынша операциялар. Облигация — оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландыратын және көзделген мерзім ішінде осы облигацияның номиналдық. кұнын белгіленген процентімен (шығару шартында өзгеше көзделмесе) өз ұстаушысына (тұлғасына) өтеп беру міндеттемесін растайтын құнды кағаз. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның шығарылған шартымен сәйкес ол бойынша марапаттауды (мүддені) алуға құқығын береді. Облигация өзінің шығарылған мақсатына, пайызды төлеу процедурасына, қамтамасыз ету мен өтеу шартына байланысты, ол (облигация): — есеп айырысатын, қайта қаржыландыратын, жай, табысты, иесі жазулы, ұсынуға арналған, және арнайы арналымы қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Облигацияны шығару, әдетте, бірнеше кезеңнен тұрады:

-   облигацияны шығару туралы шешім қабылдау;

-     шығарудын жобасын әзірлеу және тіркеу;

-     облигацияны инвесторлар ортасына орналастыру;

-   шығару туралы есеп беруді тіркеу, екінші рет олардың нарығын ұйымдастыру. Нарық капиталында ол (облигация) бірнеше тәсілдердің көмегімен

орналастырылады. Батыс елдерінде облигацияны  таратудың ең көп жайылған жолы айдеррайтинг болып табылады, Оның мәні: бүкіл шығарылған облигацияның көлемі банк пен компанияның келіскен бағасы бойынша инвестициялық банктерге сатылады. Бұл кезде банк өзіне коммерциялық тәуекелділікті алады және қор нарығында оны ең жоғары бағаға сатуды көздейді. Алынған және сатылған бағаның айырмасы банкінін айдеррайтинг операциясын жүзеге асырғаны үшіи алатын төлемін кұрайды. Облигацияны сатудың екінші тәсілі – инвестициямен шұғылданатын фирмалардың,жеке тұлғалардың тікелей сатумен жүзеге асырылады.

Көп жағдайда облигацияның баланстық құны нарықтық құнымен сәйкес келе бермейді, өйткені оның деигейіне біршама факторлар әсер етеді, атап айтқанда:

  • номиналдық (аталы) құны - төлеу мерзімі жеткен кезде, карызданушының телейтін сомасы;
  • өтеу мерзімі кредиторға номиналдық кұнын төлейтін күні;
  • пайызды төлейтін күні;
  • жарияланған пайыздық мөлшерлемесі — белгілі бір мерзім уақыты өткеннен кейін қарызданушы кредиторға төлейтін марапаттау сомасы.

Облигация шығарушы кәсіпорын жарияланған пайыз  мөлшерлемесінің нарықтық пайыздық мөлшерлемеге жақын болып белгіленгенін калайды және ол өзінің белгіленуінде облигацияның номиналдық құнын негізге алады. Нарықтық пайыздың мелшерлемесі - облигация бойынша инвестициялык нарықта төленетін сомасын негізге алады, демек ол карыз бен тәуекелділік жағдайына ұқсас келеді. Нарықтық пайыздың мөлшерлемесі күннен күнге, әр күн сайын тербеліске үшырайтын болғандықтан, номиналдық пайыздық мөлшерлемесі, әдетте, нарықтық пайыздық мөлшерлемесімен сәйкес келе бермейді.

Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номиналдықтан жоғары болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдық құнынан төмен болады және шығарылатын облигациясы жеңілдіктермен шығарылады. Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номинальдықтан төмен болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдықтан жоғары болады және шығарылатын облигацияның пайдасы қоса есептелініп шығарылады.

Облигацины шығару туралы айтқанда, оны (яғни, облигацияны) кез келген

кәсіпорын шығара алмайтындығын есте ұстаған жөн. Егер оған деген инвесторлардың кызығушылығы болмаса, нақты бір инвестициондық бағдарламамен жасалмаса, онда оны  шығарудың мәні де жоқ болады. Сондықтан ол негізінен үлкен кәсіпорындар үшін тиімді болуы мүмкін. Сол үшін облигацияны шығармастан бүрын,оның барлық болашақ параметрлерін мұқият зерттеу керек.

Кәсіпорын қызметкерлері үшін берілетін банк несиелерін есепке алу. Кәсіпорын өз кызметкерлеріне банктен жеке түрғын-үй құрылысына, саябақ үйлерінің қүрылысына және т.б. мақсаттарға алған қарыздары бойынша делдал ролін атқара алады. Несиелеу, несиені рәсімдеу және оларды өтеу тәртібі банкі ережелерімен және несиелік келісім-шартымен реттеледі, онда олардың мерзімі, пайыздың мөлшерлемесі, өтеу тәртібі, берілетін несиенің қамтамасыз етілуі (козғалмайтын мүлік, автомобиль, занды тұлғаның төлем қабілеттілігі) көрсетіледі.

Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті