Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы: отандық және шетелдік тәжірибе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 09:36, реферат

Краткое описание

Тапсырма:
- ҚР Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы
- Шет мемлекеттегі зейнетақы қорларының пайда болу және даму тарихы
- Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы орны

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы.docx

— 24.25 Кб (Скачать документ)

Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының  пайда болу және даму тарихы: отандық  және шетелдік тәжірибе.

 

Тапсырма:

- ҚР Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы

- Шет мемлекеттегі  зейнетақы қорларының пайда болу және даму тарихы

- Зейнетақы  қорларының қаржы нарығындағы  орны

 

     Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. Зейнетақы реформасындағы басты оқиға халықтың ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақырындап өту болды.

     Қалыптасау кезеңінде жаңа зейнетақы жүйесінің дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қор ерекше «жанама қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың ішіне барлық азаматтарды қосып алуға мүмкіндік берді және қандай да бір себептер бойынша зейнетақы қорын таңдау жөнінде дербес шешім қабылдай алмады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Бірақ басқа да мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы нарығының дұрыс және бәсекелес қатысушылары бола отырып, 2003 жылға дейін ГНПФ бұл мәртебені бермеді. Сосын екі жыл өткесін 2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деген ресми атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті, бас әріптері үшін бұрынғы мазмұнын сақтамайды. ГНПФ халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны құру жөнінде өзіне жүктелген тарихи миссияны орындады.

      Бүгінде ГНПФ – көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша жетекшілік позициясы бар еліміздегі бірден-бір ірі зейнетақы қоры.

 Тарих күндерінде:

     1997 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы дайындалып қабылданды, онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру қарастырылған.

 

1997 жылғы 20 маусым - Қазақстан Репсубликасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.

 

1997 жылғы 24 қыркүйек  – ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы жарық көрді.

 

1998-2002 жылдар – ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдап анықтамаса және шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналар жұмыс берушілермен ГНПФ аударылады.

 

1998 жылы Қазақстанның өңірлерінде Қордың өкілдіктері белсені қалыптастырылып және желілері дамытылды.

 

1998 жылғы 19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.

 

1999 жылғы 11 тамыз – ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғаш лицензия алды.

 

2003 жылы ГНПФ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен тең құқық иеленді. Инвестициялық мүмкіндіктер бойынша шектеу алында, «Жанама қор» мәртебесі жойылды.

 

2004 жылғы 13 қыркүйекте  сапа жүйесін сертификаттау саласындағы жетекші халықаралық агенттіктердің бірі «Moody International» ГНПФ ISO 9001:2000 стандарт сапа менеджмент жүйесі сертификатын тапсырды.

 

2004 жылғы қазанда Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірге ГНПФ акционері болды.

 

2005 жылы ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет жанындағы Қазақстанның Қаржыгерлер Ассосиациясының Қазақстандық IT – компания ассосиациясы ГНПФ «Лицензияланбаған бағдарламалық қамсыздандырудан бос орын» №1 сертификатын берді

 

2005 жылғы 1 ақпаннан бастап «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзінің атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті.

 

2005 жылғы қарашада  Брюсселде (Бельгия) ГНПФ Қазақстан Республикасының зейнетақы секторын дамытуға (капиталды басқару) үлес қосқаны үшін «EuroMarket Award» сыйлығы тапсырылды.

 

2005 жылғы 25 қарашада  Еуропаның Қайта құру және  Даму Банкі ГНПФ акционерлік капиталына кіру ниеті туралы Меморандумға қол қойылды.

 

2006 жылғы қаңтардан  бастап салымшылардың мүдделерін жетекшілікке ала отырып, ГНПФ баплық зейнетақы қорларының арасында бірінші және дара болып зейнетақы активтері бойынша төленетін комиссиялық сыйақы сомасын 0,0475 %  төмендетті.

 

2007 жылғы 31 мамырда Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына енді.

 

2007 жылғы шілдеде Қор ISO 9001: 2000 стандарт талаптарына сәйкес менеджмент сапа жүйесін ре-сертификациялауға арналған аудитті табысты өткізді.

 

2007 жылғы тамызда Қазақстанның қор биржасы KASE ГНПФ 2006 жылғы қорытындысы бойынша банктік емес брокерлік және/немесе диллерлік ұйымдар арасында биржалық бағалы қағаздар лидері деп таныда.

 

2008 жылғы желтоқсан  "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы  қоры" акционерлік қоғамы сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық талаптарына сәйкес келуін бақылау аудиті табысты өтті.

 

2008 жылғы желтоқсан  - 2009 жылғы қаңтар - Қордың жарғылық  капиталы 5 есе өсіп, 5 012 770 862 теңгені құрады.

 

 

 

2010 жылдың 8 айы ішінде  ГНПФ "таза" инвестициялық кірісі 14 845 668 мың теңгені құрады, бұл  абсолюттік мәнде Қазақстан Республикасының  барлық ЖЗҚ арасында ең жоғары  көрсеткіш болып табылады

 

 

 

1997 – 1999 жж.: Сүлейменов  Серік Жүсіпұлы, Бас директор 

 

1999 - 2000 жж.: Сұлтанқұлов Ерік  Ахметханұлы, Бас директор

 

2000 – 2002 жж: Сүлейменов  Серік Жүсіпұлы, Бас директор 

 

2002 - 2006 жж.: Құрманов Жанат  Бостанұлы, Бас директор 

 

2006  - 2009 жж: Секенов Алғазы  Серғазыұлы, Басқарма Төрағасы 

 

2009 - қазіргі уақытта: Медеушеева  Долорес  Таировна, Басқарма Төрағасы

 

   Сақтандыру ұйымдары– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға. Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады. 1) Көлденең интеграция – аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру. 2) Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi. 3) Ұлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ. 4) Диверсификация – сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi. Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар. –       сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады. –       сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады. –       сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды. Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi. Сақтандыру компаниялары бөлiнедi: –       иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк. –       жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру. –       қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық. –       Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ Акционерлiк сақтандыру қоғамы — акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі. Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар. Акционерлiк сақтандыру қоғамы – өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру  комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады. Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi. Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады. Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды. Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген. Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi. Аффилиривтi сақтандыру компаниясы – бақылау акцияларынан пакет  акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы. Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде  шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады. Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы. Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады.  Pridental Insuranse kompany of Amerika – АІШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының   шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады.Іалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының  маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде  Өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған. Өкiметтiк сақтандыру ұйымы – қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания. Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы – мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры. Жеке сақтандыру компаниясы бiр семьяға немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта» төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер. Кэптив – тұтас корпоративтi құрылтайшылардың сақтандыру көзқарасына қызмет ететiн акционерлiк сақтандыру компаниясы. Кэптив еншiлес сақтандыру компаниясы болуы мүмкiн. Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады. Сақтандырудың түрлері. -         Міндетті дәрежелері бойынша: А) ерікті; Ә) міндетті; -  Сақтандыру объектісі бойынша: А) жеке; Ә) мүліктік. Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек). Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады. Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады. ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек. Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым. Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек. Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді. Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады. Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады. Сақтандыру компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады. Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді. Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады. Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған. Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады. Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады. Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резервтермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болу керек. ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен  реттеу бойынша агенттігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады. Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.

 

    Ресейде мемлекеттік  зейнетақы жүйесімен қамтамасыз ету 1992 жылғы президенттің «Мемлекеттік Зейнетақы Қоры» туралы жарлығынан кейін іске аса бастады. Ресейде алғашқы  Мемлекеттік Зейнетақы Қоры пайда болды. Ресейдегі Мемлекеттік Зейнетақы Қорының жұмыс істеуі зейнетақы жүйесін реформалаудың  басы болды, Ресейде мемлекетке тәуелсіз зейнетақы төленіп іске асыратын алғашқы Мемлекеттік Зейнетақы жүйесі пайда болды. 1998 жылы Мемлекеттік Зейнетақы Қорының жұмысын реттейтін заң қабылданған кезде, Мемлекеттік Зейнетақы жүйесі жағдайы қиындады және мәнді сандық өзгерістер болған жоқ.  Мемлекеттік Зейнетақы Қорының қалыптасуы заңды реттеудің қатысуынсыз өтті, ал кейінгі дамуы Ресейлік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде Мемлекеттік Зейнетақы Қоры орны мен рөліне байланысты мемлекеттік саясатқа қатыссыз болды. Әсіресе бұл мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысушылардың салық салымы мысалынан айқын көрінеді. Өткен жылдары салық салу жүйесінде 4 рет өзгеріс болды. Әрбір 2 жылдан ойынның жаңа ережелері  шығарылды. Бұл қорлардың, қатысушылардың, салымшылардың арсындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды ескере отырып, олардың болжамдалған нәтижелері мен өзара байланыстарының процестерін қиындатты. Мемлекеттік  зейнетақы жүйесін толық көлемде реформалау кезінде (яғни, 2002 жылы жаңа зейнетақы заңы күшіне енген кезде) елде өзіне 300-ге мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ететін активтерді басқару бойынша 100-деген компаниялар және уақытша жүйе қалыптасты. 2003 жылы мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету нарығында жаңа қатысушылар пайда болды. Зейнетақы қоры адамдардың мемлекеттік емес зейнетақы қорларына шоттарды жүргізу бойынша олардың басты функциясына кіреді, сонымен қатар қорды басқару функцияларын жүргізу зейнетақы қоры администраторы бір зейнетақы шотына қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өткен уақыттарда Мемлекеттік Зейнетақы Қоры өз тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетті. 1998 жылы болған қаржылық кризисті сәтті өткерді. Мемлекеттік Зейнетақы Қоры салымшылары 16 мыңнан жоғары кәсіпорындар мен 1,1 млн. аса азаматтар болып табылады. Қатысушыларының саны 5 млн. жоғары адамды құрайды — Ресей халқының 10 пайызына тең. 005 жылдың 1 қаңтарына қордың өзіндік құны 213,7 млрд. рубльден асты, оның ішінде қор резервтері – 175,4 млрд. рубль. Атап өтетін бір жайт, 30 ірі Мемлекеттік Зейнетақы Қорының барлық зейнетақы резервтер жүйесінің 93 пайызы бар. Бұлар салалық қорлар немесе корпоративтік зейнетақы қорлары. 1998 жылдың аяғында зейнетақы резервтері 4,25 млрд. рубльді құрады, яғни 6 жыл ішінде зейнетақы резервтерінің көлемі 40 рет өсті, ал қорға қатысушылар саны 3 есе өсті. Зейнетақы резервтерінінің орташа мөлшері бір қатысушыға шаққанда, 1998 жылмен салыстырғанда 13 есе өсті және мыңнан аса долларды құрады. Осы көрсеткіштің орташа мөлшері 30 ірі қорларда 2 есе өсті. 1998 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін мемлекеттік емес зейнетақы алушылар саны 3 есе өеті және 500 мыңға жуық адамды құрайды. Мемлекеттік емес зейнетақы қарт адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес зейнетақының орташа мөлшері қарт адамдарға берілетін зейнетақының 30 пайызына жуығын құрайды. Осыған қарап мемлекеттік зейнетақымен салыстырғанда мемлекеттік емес зейнетақының өсу қарқыны артып келеді. 2003 жылға қарағанда 2004 жылы Мемлекеттік Зейнетақы Қорына аударылатын зейнетақы аударымдары 40 пайызға жоғарылап, 30 млрд. рубльге жоғарылады. Бұл көрсеткіштер Ресейдегі мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарқынмен дамуын көрсетеді. Зейнетақы аударымдарының жалпы көлемінің 80 пайыздан жоғарысын заңды тұлғалардың зейнетақы жарналары құрады. 2004 жылдың аяғында жүргізілген әлеуметтік сауалнама жүргізу көрсеткендей жұмысшы азаматтардың 24 пайызы зейнетақыны тек мемлекет реттеу керек деп санайды, сұралғандардың 28 пайызы осы процеске тек мемлекет пен жұмыс берушілер араласуы керек деп санайды, 47 пайызы зейнетақыны қалыптастыруға мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыс істеуші азаматтардың өздері де қатысуы керек. Соңғы уақытқа дейін көптеген азаматтар зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мемлекет міндетті деп санаған. Дегенмен 2002 жылғы азаматтардың өз зейнетақыларының қалыптасуы туралы зейнетақылық реформа олардың көзқарасын өзгертуге негіз болды. Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзгерістерге ұшырады. Жаңа заңға сәйкес әр азаматтың зейнетақысы оның еңбек ету кезеңіндегі тапқан кірістеріне байланысты болады. Зейнетақының құрылымы да өзгереді. Зейнетақы 3 бөліктен тұрады: 1)      базалық зейнетақы – ол барлық азаматқа әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етеді. Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысушылардың барлығына бірдей бір ғана талап – еңбек өтілі мерзімі бес жылдан кем болмауы керек. 2)      Еңбектік сақтандыру зейнетақысы – бұл зейнетақы еңбек ету кезеңіндегі салынатын міндетті сақтандыру төлемдерінің есебінен қалыптастырылады. Сақтандыру еңбектік зейнетақы жұмыс беруші  жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінің көлеміне байланысты. 3)       Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі – ол әр азаматтың атаулы зейнетақы шотынан жүргізіледі. Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі толығымен жұмыс берушінің төлейтін сақтандыру төлемдері мен және жұмысшының жеке зейнетақы есебіне байланысты.


Информация о работе Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы: отандық және шетелдік тәжірибе