Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:01, реферат
Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты әлеуметтік қана емес, саяси-стратегиялық мәнге ие. Саясаттанушылар халықтың кем дегенде 75 пайыздайын тойындырмайынша, саяси реформа жасауға болмайды дегенді айтады Қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 пайыз ең бай елдер мен 20 пайыз ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік дүмпулерді туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды парасы ретінде қарастырылады.
Кіріспе
1.1Дүние жүзіндегі азық-түлік проблемасы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдасы
2.2 Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі
бағыттары.
2.3 Аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейту.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
1.1Дүние жүзіндегі азық-түлік
проблемасы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдасы
2.2 Қазақстан агроөнеркәсіп
өндірісін дамытудың негізгі
бағыттары.
2.3 Аграрлық реформаны тереңдету
мен кеңейту.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты әлеуметтік қана емес, саяси-стратегиялық мәнге ие. Саясаттанушылар халықтың кем дегенде 75 пайыздайын тойындырмайынша, саяси реформа жасауға болмайды дегенді айтады Қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 пайыз ең бай елдер мен 20 пайыз ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік дүмпулерді туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды парасы ретінде қарастырылады.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз көкөністі сырттан әкеледі. Азық-түлік қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 пайыздайын шетелдерден тасиды. Ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Мәлімет бойынша, біздің елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарында 200 876 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 7441, шаруа қожалықтары 193 435. Бұдан басқа 2 247,8 мың үй шаруашылығы бар. Осыларды бүгінгі жағдайды ескере отырып әрі қарай дамытып, нарық талабына сай құрылымдарға жеткізу үшін осы саладағы заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Әлемдік тәжірибеде Германия, Франция, Швеция, АҚШ 70-80-жылдары-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша, әсіресе, фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған. Қазіргі кезде АҚШ-та азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында ондаған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд. доллар бөлінеді.
Қазақстан іс жүзінде дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосып отырған ірі аграрлық елдердің қатарына жатады. Жалпы республика бойынша 2009 жылы бүкіл егістік алқабы 21 424,9 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 17 208,9 мың га, картоп 170,3 мың га, майлы тұқымдар өнімдері 1 749,5, қант қызылшасы 10,6 мың га, көкөніс 110 мың га болды. Ауыл шаруашылығынан 2009 жылы алынған өнімнің жалпы құны 1 640,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 936,8 млрд. теңге, мал шаруашылығы 703,4 млрд. теңге болды. Еліміз әлемнің басты аграрлық шикізат өндіруші 25 елінің қатарына кіреді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық мақсатындағы дәнді дақылдар және картоп егетін жер көлемі бойынша басты аграрлық шикізат өндіруші 10 елдің қатарында тұр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, республиканың ресурстары халықтың қазіргі азық-түлікті тұтынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді. Соңғы жарты ғасырда ғана планетадағы халық санының өсуіне қарай азық-түлікке деген сұраным 4 есе өскені мәлім.
Қазақстан сыртқы рынокқа 1,5 млрд. доллар көлемінде астық шығара отырып, көшбасшылардың бірі ретінде оның экспортынан дүние жүзінде 7-ші орын алады. Астық экспортындағы ұнның үлесі 2000 жылғы 9 пайыздан 2008 жылы 58 пайызға жетіп, 849,2 млн. доллар көлемінде болды. Астыққа шаққанда макарон өнімдерінің экспорты 2008 жылы 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін көтерілді.
Еліміз ұн экспорты бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шығып, соңғы үш жыл қатарынан осы биікке тұрақтап қалды. Дүниежүзілік 10,8 млн. тонна ұн экспортының 23,9 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Соңғы уақытта нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің экспорты шапшаң өсуде. Осы өнімді сыртқа шығарудың астық экспортына шаққандағы үлес салмағы 2008 жылы 0,3 пайыздан 0,7 пайызға жетті.
Республиканың макарон өнеркәсібінің мүмкіндігі айтарлықтай. Бұған бидайдың қатты сорттарының жоғары сапасы, жаңа макарон фабрикаларының құрылысы қолайлы жағдай туғызуда. Қазір еліміз өнімнің осы түрі бойынша дүние жүзінде 29-шы орында тұрғанымен, оның өндірушілер мен экспортерлер арасында алғашқы бестікке кіруге мүмкіндігі жоғары. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Тассай ауылында жылдық өндірістік қуаты 25 мың тонна болатын жаңа макарон фабрикасы іске қосылды. «Сұлтан-элеватор диірменді макарон кешені» акционерлік қоғамы – бүкіл макарон өнімдерін бидайдың тек қана қатты сорттарынан шығаратын республикадағы бірден-бір кәсіпорын. «Қазақстан ұны» ЖШС-інде қазіргі итальяндық техникамен жабдықталған макарон фабрикасы пайдалануға берілді. Астанада заман талабына сай «Цесна-мак» диірменді-макарон кешені жұмыс істей бастады. Қостанай облысында «Карона» макарон фабрикасы өндіріс көлемін арттырып, сыртқы рынокты игеруге талаптануда.
Жетістіктерімізді айта отырып, астық өндіру саласында әлі де атқарылатын жұмыстар көп екенін айта кеткен жөн. Елімізде астықты тазалайтын, сақтайтын заманауи құрал-жабдықтар жетіспейді. Соңғы 20 жыл ішінде бұл салада жаңа кешендер салынған жоқ. Сонымен қатар, темір жол вагондары жетіспейді. Дүниежүзілік астық рыногында жаңа елдерге шығу, Иран бағытында темір жол салуды тездету, араб елдеріне астық жеткізу жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді шешу қажет. Себебі, астықтың бағасы, оны қолдану көлемі әлемнің әр түпкірінде жыл сайын өзгеріп отырады.
Мал шаруашылығында оны ірілендіру және өнеркәсіптік негізге көшіру бағытында біршама жұмыстар атқару қажет. Қазіргі уақытта жекелеген селекциялық жұмыстар арқылы, сонымен қатар шет елдерден жоғары өнімді асыл тұқымды малдар әкелу арқылы малдың генетикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылуда. Мысалы, 2008 жылы «Қазагроқаржы» лизингтік компаниясының тікелей қатысуымен екі ірі сүт өндіру кешені пайдалануға беріліп, оларға Канададан сүтті мол беретін асыл тұқымды сиырлар әкелінді. Алдағы 4-5 жылда мұндай кешендердің саны 30-ға жетеді деп күтілуде.
Елімізде ет өндіру мәселесі де қолға алынуда. Мысалы, баршаға мәлім, Қазақстан жылқы етін өндіруден әлемде жетекші орынға ие. Жылқы еті дүние жүзінің іс жүзінде барлық аймақтарында өсіріледі, осы өнімнің мөлшері жылына 720 мың тонна көлемінде салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Дүние жүзінде бие сүті мен қымызын өндіруге қызығушылық арта түсуде. Деректер бойынша, қымызды тұтыну 120 мың тоннадан асты, оның ішінде Қытайда – 50 мың тонна, Монғолияда – 43 мың тонна. Егер, 2001 жылы Қазақстанда 28 711,2 тонна қымыз өндірілсе, содан кейінгі жылдары оның көлемі азая отырып, 2008 жылы 21 663,8 тонна ғана болды. Табиғи жағдайларды ескерсек, елімізде жылқы малының өнімдерін өндіру ең қолайлы жағдайға ие. Сондықтан бұл мәселені қолға алып, әрі қарай дамытуға жағдай жасау қажет.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде өсімдік майларының маңызды орын алатыны мәлім. Елімізде өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру, өндіріске ылғалқорсақтағыш, тамшылатып суару технологияларын енгізу шаралары жүргізілуде. Жылдан жылға мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қазіргі кездегі технологияларды енгізудің міндетті элементтері болып табылатын минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары қолданылған егістіктер көлемі ұлғаюда. Елімізде май дақылдарының өндірісі өсуде.
Республикада халықты жеміс-жидекпен тұтыну нормаларына сәйкес қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі жеміс бақтары мен жүзімдіктердің негізін қалау болып табылады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде жеміс-жидек пен көкөністі көп өндірумен қатар, оны тасымалдау, әсіресе сақтау жағы толық ойластырылмаған. Сол себепті өнімнің біраз бөлігі жарамсыз болып қалады. Қазіргі уақытта 643,0 мың тонна көкөністі сақтайтын орын жоқ.
Осындай жағдай басқа салаларда да қалыптасқан. Мәселен, бұдан 20 жыл бұрын ет өнімдерінің ұлттық норма бойынша қажеттілігі 87 кг/адам болса, қазіргі уақытта 49 кг деп есептеледі. Осыған сәйкес өндірілетін ет көлемі сұранысты толық қамтамасыз етеді деп саналады. Ал шындығына келсек, оның сапасы, өңдеу саласының талаптарына сәйкестігі ескерілмейді. Сол себепті, ет өнімдерінің 29 пайызын шет елден сатып алуға мәжбүр болып отырмыз.
Соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің тек 4 пайызы ғана ауыл шаруашылығы саласында істейтіндерге бұйырған. Басты себебі, кепілдікке қоятын мүліктері жоқ. Ал, арнайы агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру бағытын дамытуға және қаржыландыруға құрылған «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және оның қаржы институттары ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие беру үшін екінші деңгейдегі банктердің кепілдігін сұрайды. Сол себепті, аграрлық кешенді индустриялық-инновациялық дамыту кезеңінде ауылды жерлердегі кешендерді қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкінің ашылуы аталған саладағы көптеген мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізер еді.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі құрамы – ауыл шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі. Дегенмен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей бұл сала рецессияға ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңге деңгейінде болса, 2008 жылы 1,3 трлн. тең¬ге болып 18,2% өскен, ал 2000 жылмен са¬лыс¬тырғанда 3,3 есеге өскен.
Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қол¬дау мақсатында 2008 жылғы бөлінген қа¬ражат 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұл¬ғайды, оның ішінде тікелей қолдауға (субсидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, кредит ретінде берілгені 2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және техникалық жағынан жарақтандыруға мүмкін¬діктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түрлері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, же¬міс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі – 35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар өндірушілерден нарықтық баға¬мен сатып алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашылығы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалып¬тас¬қаны байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал 2,8% көбейген және сәйкесінше қой мен ешкі – 5,0%, шошқа – 1,0%, жылқы – 6,0%, түйе-3,4% және құс 10,5% өскен. Дегенмен мал ша¬руа¬шылығында асыл тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі – 7,4%, жылқы – 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізге немесе озық тәжірибеге сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30% кем болмауы қажет. Сонымен қатар, мал шаруашылығын ұтымды дамытуды тежеп отырған басқа да факторлар бар.
Айта кететін
жағдай, соңғы жылдары ауылша¬руа¬шылық
өнімдерін тереңдетіп өңдеу үдерісін
мемлекет та¬рапынан қолдау нәтижесінде
ілгерілеу бар. Мысалы, 2007 жылы 2002 жылмен
салыс¬тырғанда ауылшаруашылық өнімдерін
өндірістік өңдеу¬дің үлес салмағы бойынша
оларды елімізде шикізат ретінде өндірілген
жалпы көлеміне шаққанда өсу тенденциясы
байқалады. Мы¬салы, сүтті өңдеу 10,8%-дан
33,0%-дейін өскен, ал сәйкесінше ет – 13,6
және 24,0%, майлы дақылдар – 50,4 және 98,0%.
Қорытынды
Америкалық
ғалымдар Ластер Браун мен Хал
Кэйн «Лық толған үй» деген кітабында
халықаралық қатынастардың
Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін қалай бағалауға болады? Ғалымдар бірауыздан «егер мемлекет 25 пайыз азық-түлікті сырттан алатын болса, бұл ел азық-түлік қауіпсіздігінен айырылады» деген байламға келіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз көкөністерді сырттан әкеледі. Азық-түлік қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 пайыздайын шетелден тасиды. Осыдан кейін азық-түлік қауіпсіздігі туралы айту қиын. Ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Елбасы атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды әлі де жетілдіре түскен абзал. Әлемдік тәжірибеде Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері 70-80 жылдары-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша, әсіресе, фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған. Қазіргі кезде АҚШ-та азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында ондаған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд доллар бөлінеді.