Салық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 18:22, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Салық туралы түсінік
II. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
III. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

IV. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық туралы түсінік.docx

— 28.66 Кб (Скачать документ)

Салық туралы түсінік

Жоспар: 

Кіріспе 

Негізгі бөлім 

I. Салық туралы түсінік 

II. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі 

III. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

 

IV. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі 

Қорытынды  

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Кіріспе 
       Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. 
       Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. 
       Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. 
       Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. 
       Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. 
       Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді: 
• Корпоративтік табыс салығы; 
• Жеке табыс салығы; 
• Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық; 
• Әлеуметтік салық; 
• Жер салығы; 
• Көлік құралдарына салынатын салық; 
• Мүліктерге салынатын салық; 
• ҚҚС; 
• Акциздер.

 

 

 

 

                                               I. Салық туралы түсінік 
       Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді. 
       Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. 
       Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған. 
       Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан : 
       1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты 
       2. ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты 
Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді. 
       Салық төлуеші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. 
       Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. 
       Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. 
       Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады. 
       Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     II. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі. 
       Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады. 
       Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. 
                                                    Әлеуметтік салық 
       Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. 
       Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер. 
       Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады; 
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот. 
К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот. 
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде: 
Д-т: «Әлеуметтік салық деп аталатын шоты; 
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. 
       Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлемшелер кіреді. 
       Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді. 
       Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберилген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады. 
       Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады. 
       Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс. 
       Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: 
Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты; 
К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» – шоты. 
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда: 
Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот; 
К-т: «Ақщалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. 
Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі 
       Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді. 
       Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады: 
• Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық; 
• Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы) 
• Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар; 
• Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар. 
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

                    

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі 
       Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады. 
       Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын отта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады. 
       Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

                                      Фактураланбаған жабдықтар есебі 
       Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады). 
       Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады: 
• Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан; 
• Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан; 
• Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан. 
       Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі. 
       Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардын сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан: 
Д-т: «материалдар» немесе «тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі. 
К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот. 
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты. 
К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады. 
       Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай: 
Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты. 
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндн бухгалтерлік жазу жазылады. 
Шот фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде: 
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот: 
К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      IV. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі 
       Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

Төленуге тиісті сыйақы есебі 
       Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде: 
Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар» шоты. 
К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. 
Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар сомасы төленген кезде: 
Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»; 
К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

                     Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі 
       Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін. 
       Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді. 
       Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: 
Д-т: «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты. 
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот. 
Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта: 
Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен есеп айырысу деп аталатын шот; 
К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс. 
Кәсіпорынның «Зейетақы қорымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақтылы төлемегі үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады: 
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты; 
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот. 
К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады. 
       Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек. 
       Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Қорытынды 
       Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп    Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. 

       Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары  шикізат пен материалдарды ұқыпты  жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. 

       Айтып  өткендей салық міндеттемесі  мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. 

       Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  есебін және олардың құрылымдық  бөлімшелердің қызметін жедел  басқару үшін, экономикалық болжамдар  мен ағымдық жоспарлар жасау  үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. ҚР-ң 2011 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы; 
2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309; 
3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2012; 
4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2011, Экономикс; 
5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2011, Экономикс;

Информация о работе Салық туралы түсінік