Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 20:11, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың құрылымы қазіргі нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу есебі мен аудитін қарастырдық. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлініп, кең мағынада түсінік береді, сонымен қатар қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған. Дипломдық жұмыста 17 кесте құрастырылған, олар, негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілген операциялар, жалға берілген негізгі құралдар есебінің жүргізілуі, кәсіпорынның баланс активтерінің есептегі жылғы құрамымен орналасуы,кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау, көрсетілген көсткіштерінің факторларының әсерін бағалау, негізгі құралдар пайдалаунының тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Кіріспе
6
1Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық негіздері
9
1.1 Негізгі құралдар түсінігі және жіктелуі
9
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу
14
1.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу
23
1.4 Негізгі құралдардың аудитінің теориялық негіздері
30
2 «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру
33
2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық сипаттамасы
35
2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының амортизациясының және жөндеудің есебі
41
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының
есебі
46
3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы
51
3.1 Негізгі құралда аудиторлық тексерудің маңызы мен ақпарат
көздері
51
3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі құралдардың есебін
талдау
53
3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі құралдардың аудиті
59
Қорытынды
67
Пайдаланылған әдебиет тізімі
69
Компанияның негізгі құралына амортизация есептелген кезед, келесідей бухгалтерлік проводкалар беріледі:
Дт 2420 «Негізгі құралдың амортизациясы»
Кт 2410 «Негізгі құрал»
«West құрылыс» ЖШС на 2010 жылы көлік құралы «Промстрой-Энерго» компаниясынан сатып алынды.Соммасы 4 500 000 тг.
Дт 2410 « Негізгі құрал»
Кт 1030»Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»
Кәсіпорынның түзу сызықты әдісімен есептеитін болсақ:автокөлігінің бастапқы құны — 4 500 000 теңге, пайдалану мерзімі 10жыл, оның жойылу құны 450 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 10%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 405 000 тенге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.
(Бастапқы құн – жойылу құны) / пайдалану мерзімі = (4 500 000-450 000) / 10 = 405 000теңге.Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 33 750 теңгеге тең болады (405 000: 12).
«West құрылыс» ЖШС негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеп көрсеттім. Бұл кестеде компанияның көлігін бірқалыпты әдіспен 10 жылға есептелінді.
«West құрылыс» ЖШС ай сайын негізгі құралдардың амортизациясын есептейтін ведомость жасалып, сомасы қызмет түрлеріне байланысты жүкқұжат шығандарына жатқызылады. Ведоомосқа барлық негізгі құралдар кіргізіледі. Ведомость толтыруға қажетті деректер негізгі құралдар есебінің Түгендеу карточкасынан алынады.
Төменде
негізгі құралдардың
Кесте10
«West құрылыс» ЖШС көлік құралының амортизациясын бірқалыпты әдіспен есептеу
Мерзімі |
Бастапқы құны |
Амортизацияның жыддык сомасы |
Жинакталған тозу сомасы |
Қалдык құны | |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
405 000 |
4 095 000 | |
2-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
810 000 |
3 690 000 | |
3-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
1 215 000 |
3 285 000 | |
4-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
1 620 000 |
2 880 000 | |
5-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
2 025 000 |
2 475 000 | |
6-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
2 430 000 |
2 070 000 | |
7-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
2 835 000 |
1 665 000 | |
8-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
3 240 000 |
1 260 000 | |
9-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
3 645 000 |
855 000 | |
10-ші жылдың аяғында |
4 500 000 |
405 000 |
4 050 000 |
450 000 | |
Ескерту: бұл кестедегі көрсеткіштер
статистикалық мәліметтерден |
Шығыстары № 10 журнал-ордерде және оған қоса тіркелген жеке қызметтер бойынша жасалған ведомостарда көрсетіледі [28].
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі бөлшектері мен детальдары, құрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас белшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Үйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғандатозу мерзімі азырақ жекелеген беліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және келік құралдарының күрделі жендеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық белшектеп, барлықтозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына (двигателін, мостыларын, жылдамдық коропкасын) машина маркасына байланысты адцын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жендеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуатгылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына эсер етпейді.
«West құрылыс» ЖШС автомашинаның бастапқы құны 4 500 000 теңге кұраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 10 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000 теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000 теңге тұратын оң жақ қанаты (крылосы) ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын крылосы ағымдағы шығын ретінде танылады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған-жөндеу жүмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субъектілер) жөндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен келік құралдарын жөңдеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеуден әткен негізгі құралдарды қабылдап алу "Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі" бойынша құжатталады.
Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немесе соған өкілеттігі адамдар бекітеді.
Кесте11
Қабылдау-тапсыру актісі
Рет-тік №
|
Шаруашылык операцияларының
|
Сомасы, теңге
|
Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1. |
Мердігерлердің орындаған және акт бойынша қабылданған жөндеу жұмыстары бойынша жазылған шоттары келісідді (акцептелді): |
|||
|
негізгі өндіріс |
160000 |
8110 |
3310 |
|
кемекші өндіріс |
50000 |
8310 |
3310 |
|
ТМЗ сақтау және сату |
4000 |
7110 |
3310 |
|
жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар |
40000 |
7210 |
3310 |
|
жиынтығы |
274000 |
- |
- |
қосылған құн салығы, 12% |
29350 |
1420 |
3310 | |
барлығы |
303350 |
- |
- | |
Орындалған және кабылданған жұмыстар үшін мердігерлердің шоттары телеңді |
303350 |
3310» |
1030 | |
Ескерту: «West құрылыс» ЖШС мәліметтерінен алынған |
Негізгі құралдардың женделген объектісінің техникалықтөлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына кайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды, сондай-ақ басқа қозғалмайтын объектілерді жөндеу) шығындар тікелей ендіріс шығындарына жатқызылады.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жөндеу шығындары 920-шы "Көмекші өндірістер" шотында, "Жендеу цехы (өндіріс)" деп аталатын аралық шотында, шығын баптарының мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Кесте12
Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операцияның мазмұны |
Дебеттелетін шот |
Кредиттелетін щот | |
1 |
2 |
3 |
4 | |
1 |
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар |
7210 «Әкімшілік шығыстар»,8410» |
«1310,2110,3350,3130, 3200,1030»Ағымдағы банктік | |
2 |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв қор құрылғанда |
7210 «Әкімшілік шығыстар»,8410» |
3230 «Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер» | |
3 |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасаалған резервтік қор пайдаланғанда, яғни жұмсалғанда:
|
3230
3230 «Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер» |
8310 «Көмекші өндіріс»
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» | |
Ескерту: Проскурина В.П. «Бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2011ж. |
Материалдар — жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.Жумысшылардың ецбегіне ақы төлеу — жөндеу жұмысы үшін есептелген еңбекакы сомасы. Еңбекақыдан есептелінген аударымдар - жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және баска да қорларға аударылады (21%).
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны;
Қосымша шыгындар- жөндеу цехтарының жалпыө ндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех жабдықтарының амортизациясы, оны ұстау, жөндеу және басқалар).
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды [29 ].
Кәсіпорынға кажет болған жағдайда, және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады.
Қорды құру үшін, жылдық сметалық (бюджеттік) шығыннан ай сайын қаржы аударып отырады.
Қорыта келе «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарға амортизация есептеудің қолданылытын біркелкі әдісі есептелген. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары көрсетілген.
Енді келесі қарастырылатын бөлім «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының есебі.
2.3 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының есебі
Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар, беріліс құрылғыларын салу); жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлы-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталынған негізгі құралдар нысандарының өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындарының жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдың түсуі.
Тиісті құжаттардың негізінде негізгі құралдардың барлық нысандары дер кезінде және толық кіріске енгізілуі тиіс.
«West құрылыс» ЖШС ның мүлкінде ғимарат бар. Ғимарат 2008 жылы қаржылық жалға алынған.
Информация о работе Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы