Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 11:52, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындары «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес 2007 жылдың 28 ақпаннан бастап қаржылық есеп берулердің халықаралық стандарттарына көшті. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстан Республикғасы қаржылық есеп берулерінің бухгалтерлік есеп жүйелерін халықаралық стандарттарға көшіру ең көкейтесті проблема болып табылады. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................... 3
1. Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12
2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54
3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76

Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау.doc

— 706.50 Кб (Скачать документ)

1. Актив  айнылымдылығы   =   негізгі  құралдардың   орташа  жылдық  құны  /   өнімді  өткізуден түскен табыс

2. Қор сиымдылығы =  негізгі құралдардың орташа жылдық құны /

                                  өнімді өткізуден түскен табыс

3. Қор   қайтарымдылығы   =   өнімді   өткізуден   түскен   табыс /

                                                негізгі құралдардың орташа жылдық  құны

4. Сату рентабельділігі =  Таза табыс  /  өнімді өткізуден түскен табыс

5. Активтердің рентабельділігі  = Таза табыс / активтердің жалпы   орташа қүны   * 100 %

                                                         

     

 

 

                           

          №1-кесте

"САК" — комбинат "Продоформление" АҚ-ның  қаржы  шаруашылық қызметінің негізгі  көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2006 жыл

2007 жыл

Ауытқулар

       

сомасы

%

1

Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг)

299862,2

382993311

+ 37999469

-

2

Өнімнің өзіндік құны (мың.тг)

291463,4

371550290

+ 36863566

-

3

Жалпы табыс (мың.тг)

8398,8

11443021

+ 11434623

-

4

Кезеңдік    шығындар

43795,8

58680207

+ 58636412

-

 

(мың.тг)

       

5

Салық      салынғанға

23667, 1

-47237186

-47260853

-

 

дейінгі табыс (мың.тг)

       

6

Таза табыс (мың.тг)

23667,1

-47237186

-47260851

-

7

Негізгі   құралдардың

134

1081

+ 947

8,067

 

орташа жылдық құны

       
 

(мың.тг)

       

8

Еңбек         өнімділігі

45

3125

+ 3080

69,44

 

(мың.тг)

       

9

Қор қайтарымдылығы

0,14

0,23

0,09

1,64

 

(мың.тг)

       

10

Қор       сиымдылығы

0,30

0,001

0,699

11,09

 

(мың.тг)

       

11

Активтердің

0,19

0,098

   
 

айналымдылығы (рет)

       

12

Сату     табыстылығы

0,0006

0,004

0,0034

6,4

 

(рентабелділігі), %

       

13

Активтердің

0,0004

0,005

0,0046

12,5

 

пайдалылыры

       
 

(рентабелділігі), %

       

Мұндағы көрсеткіштер қаржы  шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырганымыздай 2007 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2006 жылы 291463,4 тг. болса, 2007 жылы 371550290 тг. болған.

2007 жылы сатудан түскен табыс 382993311 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550290 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жогарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шырындар мөлшері де көп.

Сондықтан ұйым корпоративтік  табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2006 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993311 тг. болса 2004 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы ( + 37999469 тг.) болды. Мұнда көріп отырранымыздай өткен жылмен салыстырранда сату мөлшері ( + 37999469 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны ( + 36863566 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. ЯҒНИ, мұнда әсіресе кезең шырындарының үлесі артып отыр.

Ұйымның есепті жылғы, яғни 2006 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2005 жылы 3491636 тг. болса, 2006 жылы 12766806 тг. жоғарылаған.

 

Бөлінбеген пайда 2006 жылы (-48424407 тг.) ал, 2007 жылы

(-93598568 тг.) құраган. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің  артуы, едәуір дәрежеде активтердің  ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. ¥йым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз -  бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2006 жылы 79448 тг. , 2007 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық "мезгіл дефицитін" кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады.

 

1.3 Ұйымның экономикалық саясаты

Экономиканың қай саласында  болмасын, әсіресе нақты сектордағы ұйымдарда есеп саясаты әдетте міндетті түрде болады. Яғни ұйымның ең негізгі  ақпарат көзі болып табылады. Біз  одан ұйымның табыс көзін, қызметін, есебінің жүргізілу әдістерін тағы да басқа әрекеттерімен танысуымызға болады.

   “САК - комбинат Продоформление” ААҚ-ың есеп саясаты 14-тараудан тұрады. Онда 1-тарау, ұйымның жалпы сипаттамасы келтірілген. Оны біз дипломдық жұмыстың 1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы бөлімінде жазып өткенбіз. Яғни онда ұйымның аталуы, тіркелген жері, ашылған және бекітілген уақыты көрсетіледі  және де заңды аталуы, қызмет түрі, өндіретін өнім түрі, өнім атаулары жазылған. Сондай-ақ Акционерлік Қоғамның қатысушылары, олардың үлестері, құқықтары мен міндеттері келтірілген.

2-тарау ұйымның есеп  саясатының жалпы ережелері жазылады.

3-тарау Қаржылық инвестициялар.  Мұнда Акционерлік Қоғамның инвестициялары  туралы мәлімет алуға болады. АҚ тиісті заңдылықтарға сәйкес  жарғылық капиталға үлестерін акция ретінде салады. Сондай-ақ Акционерлік Қоғам акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды алады және табыс табу мақсатында оларды қор биржаларында  қайта сатады. Басқа ақша-қаржыларын қоғам депозиттік шоттарда сақтайды.

4-тарау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау (жұмыстың, қызметтің) және өндірістік шығындар есебі.

   АҚ өндірістің цехтық құрылымдарына ие. Әр цехта өндірістік шығындар қойылған номенклатура бойынша негізгі және қосымша өндіріс, жалпы өндірістік шығындар баптары бойынша есептеледі. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі №10 журнал-ордерде және машинограммада да жүргізіледі. Бұл құжатта өндірістік шығындар экономикалық элементтері бойынша жазылады. Ал шығығындар және өнім өндіру есебінің аналитикалық есебі өнімнің әр түріне ашылған карточкаларда жүргізіледі. Аяқталмаған өндіріс есебіне әр айдың соңында инвентаризация жүргізіліп отырады. Инвентаризациялау мәліметтері өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтауда да әсерін тигізеді. Жалпы өндірістік шығындар ай сайын өндірістік есеп шоттарында есептеліп, бөліп таратылады. Яғни, Типтік шоттар жоспарының 8-бөлімінде  есепке алынады. Яғни 8000 - “Негізгі өндіріс” бөлімше шоттары (8000-8040), 8020 - “Өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары” бөлімше шоттары (8020-8040), 8030 – “Көмекші өндіріс” бөлімше шоттары (8030-8040), 8040 – “Үстеме шығындар” бөлімше шоттары (8040-8040), өнімнің өзіндік құнына енбейтін жалпы өндіріс шығындары ай сайын 7200 – “Жалпы және әкімшілік шығындар” бөлімше шотында есептеледі. Өндірісте болған ақауы бар өнімдер және жөндеуге келмейтін ақаулардың құны 8010 – “Негізгі өндіріс” шотында бөліп есептелінеді. Шығындар есебі барлық өндірісте нормативтік әдіс бойынша есептеледі. Норманың өзгеруі яғни ауытқулар сомасы жедел анықталып отырады.

1 – бөлімде өнімді өндіру және оны сату қарастырылған.

   Өндірістегі дайын өнім есебі 1320 – “Дайын өнім” шотында есепке алынады. Онда өнім нақты өзіндік құны бойынша есептеледі. Дайын өнімнің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі жедел-бухгалтерлік (сальдолық) әдіспен жүргізіледі. Өнімді жөнелту және сату бойынша коммерциялық шығындар 7100 – “Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар” – шотында есепке алынады. Және де бұл кезең шығындары есепті кезеңнің соңында 5410 – “Жиынтық табыс” шотымен есептен шығарылады. Негізгі құралдарды сату және есептен шығару сондай-ақ материалдық емес активтерді сату және есептен шығару 7410 – “Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар”, 7420 – “Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар” шоттарында есепке алынады. Тауарлар есебі  1330 –“Тауарлар” шотында  кіріс етілген құны бойынша есептеледі. Дайын өнімді, тауарларды сату қолма-қол немесе қолма-қолсыз есеп айырысу жолымен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бартерлік жолмен жүргізіледі.

6-тарауда   негізгі  құралдар мен материалдыќ емес  активтердің есеп саясаты ашып көрсетілген. Онда негізгі құралдардың есебі олардың инвентарлық жазбаларында есептеліп, инвентарлық тізім жасалынады. Кәсіпорын негізгі құралдардың қозғалысы үшін алғашқы типтік құжат жүргізеді. Негізгі құралдардың инвентаризациялау жылына 1 рет (1 желтоқсан), ал қозғалмайтын мүлік үшін 3 жылда – 1 рет жүргізіледі. Бухгалтерияда негізгі құралдар бастапқы құнымен инвентарлық карточкаларда  жүргізіледі. Амортизацияны есептеу қойылған нормаларға байланысты есептелінеді. Амортизациялық есептеудің жедел әдісттері қолданылмайды. АҚ салық заңдылығына сәйкес негізгі құралдардың салық есебін жүргізеді және технологияның құрал-жабдықтармен негізгі құралдарды жөндеуді бөледі. МЕА сатып алу құнымен бағаланса, интеллектуалды меншік, егер кәсіпорынның өзінде тәжірибелі түрде пайда болса, онда тәуелсіз аудитордың қорытындысымен бағаланады. МЕА-дің амортизациясы олардың нормативті мерзіміне байланысты есептелінеді.

7- тарау.  Ақша-қаражат  салымдарының есеп саясаты.

ҒТП-ң жаңа құралдарын алу үшін, АҚ ұзақ мерзімде несиелер мен қаржылық инвестицияларды тартуды көздеп отыр. Инвестициялар есебі Типтік шоттар кестесінің 3000 – “Несиелер” деп аталатын бөлімше шотында есептелінеді.

8-тарау. тауарлы-материалдық  құндылықтардың есеп саясаты  жазылған. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі қоймаларда карточкалармен (№М-17) және машинограммаларда жүргізіледі. Бухгалтериядағы  есеп жедел есепті бухгалтерлік әдіс қолданады (сальдолық). (Сандық есепті бухгалтерия жүргізбейді.)

   Тауарлы-материалдық құныдылықтар келесідей ретпен бағаланады:

  • құрылуға құрылғылар - әр бірлігінің құнымен;
  • материалдар мен шикізаттар – орташа өзіндік құнымен;
  • сатып алынған жартылай фабрикаттар – алғашқы сатып алынған өзіндік құнымен (ФИФО әдісі);
  • мұнай өнімдері мен тығыз-отын – соңғы сатып алынған өзіндік құнымен (ЛИФО әдісі);
  • тауарлы-материалдық құндылықтардың барлық түрінің  есебінде де типтік құжаттар қолданылады.

Өндіріске жіберу қатаң  нормаланады: есептен шығару тікелей  өндіріс шығындарына бағытталады. Тауарлы-материалдық құндылықтарды инвентарлау мен қайта бағалау қойылған реттен жүргізіледі.

9- тарау.  Ақша қаражатының  есеп саясаты.

АҚ өзіне қызмет ететін банкте есеп айырысу, валюталық және басқадай шоттарға ие болады. 1010 –“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” -шотында кәсіпорынның ақша қаражатының қозғалысы есептеледі.

1020 –“Ұлттық валюта түріндегі ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақшалар”- шотында  есеп жүргізеді.

10- тарау. Есептеудің  есеп саясаты.

   АҚ өз қызметінде есепті жүргізуді жалпыға бірдей қатаң белгіленген нормативті актілерге жалпымемлекеттік  есеп саясатына сүйенеді. АҚ өзінің барлық бюджеттік және бюджеттік емес есептеулерін 63 – бюджетпен есеп айырысу шотында жүргізіледі.

11-тарау. Қаржылық нәтижелерді  талдау пайданы, қорларды, заимдардың  есеп саясаты.

Алынған табысты белгілі  бағыттарға байланысты ораналастыруға акционерлердің жалпы жиналысы шешеді. Арнайы қорлардың қаражаттарын шығындау, сол ұйымның т±жырымдалѓан жүйесімен  сәйкес жүзеге асырылады. Мұндағы ең маңызды, басыңқы бағыт – табысты  салымдарға салу және өндірісті дамыту. Банктен кредит алу мен заимдар алу тек қана АҚ-ң кеңесімен жүзеге асырылады. Мақсатты қаржыландыру көздері алынбайды.

12 –тарау. Салық салу  мен салық есебінің есеп саясатын  жүргізу.

АҚ өз қызметінің барысында  қаржылық және өндірістік есептің Қазаќстан Республкасыныњ Салық Кодексінде берілген талаптарға сай келуі керек. АҚ табыстар мен шығындардың барлық түрлеріне салық жүйесінің есеп регистрлеріне сүйене отырып ұйымдастырады. АҚ бухгалтерлік есеп пен салық есебінде есептеу әдісін қолданады.

13- тарау. Есепті жалпы  ұйымдастыру, есепші қызметкерлердің  мамандығын жоғарылату мен дайындаудың  есеп саясаты.

  Өз бухгалтерлік есебінде АҚ Қазаќстан Республикасыныњ мемлекеттік комитетінің жасаған типтік мамандырылған және типтік жекеленген құжаттарды қолданады. Кәсіпорындардағы есеп жүргізу – компьютерленген. Көптеген машинограммалар  журнал-ордер принципімен жасалған.  АҚ тауарлы-материалдық құндылықтарды есептейтін жедел-бухгалтерлік әдісті қолданады. Өндіріске кететін шығындар есебі нормативті әдіске сәйкес жүргізіледі.  Бухгалтер-ма-мандардың квалифи-кациясын көтеру 3 жылда – 1 рет өтеді, немесе өндірістік қажеттілік туса, не болмаса қысқа мерзімді семинарларды ұйымдастыру арқылы болады.

14- тарау. Ішкі және  сыртқы бақылауды қамтамасыз ету есеп саясаты.

Өтіп жатқан шаруашылық операцияларға алдын-ала жүргізілетін ішкі бақылау – бас бухгалтермен бухгалтерия аппаратына беріледі. Келесі ішкі бақылауды  ревизиялық комиссия жүргізеді, ал Бақылау Кеңесімен  тығыз байланыста болады.  Сыртқы аудит “К-AUDIT” ЖШС аудиторлық қызмет көрсетуші компаниямен келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлар 7 жылдай АҚ-ң ревизиялық комиссиясымен жұмыс істейді. Ішкі және сыртқы бақылауды жүргізу жоспары осы АҚ-ң тұжырымдамасымен болады. АҚ-ң есеп саясаты 4 данадан тұрады, олардың әрқайсысы бір-біріне тең. Бірінші дана – аудандық салық инспекциясы үшін;

Информация о работе Негізгі құралдар