Негізгі құралдар аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 18:34, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................3
1. Негізгі құралдар аудитінің экономикалық сипаттамасы
1.1 Негізгі құралдар аудитінің мәні және ақпарат көздері..............................10
1.2 Негізгі құралдардың аудитінің нормативтік құқықтық реттеуі................18
2. Негізгі құралдар есебінің аудиті
2.1 Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті...............5
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу және жөндеу есебіне аудиті.......................................................................................................................8
3. Аудиторлық қорытынды
3.1 Негізгі құралдардың қозғалысының талдауы...............................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиетттір тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая аудит.doc

— 159.00 Кб (Скачать документ)

Аудитор негізгі құралдар топталып сыныпталуын тексерген кезде кейбір мәселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті: 

- негізгі құралдарды  кіріске алу есеп актісіне  тіркелген техникалық құжаттарының  сақталғандығына, олардың сақталу  тәртібіне және кімдердің жауап  беретіндігіне;

- негізгі құралдар нысаналарның толық мінездемесі жазылған мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;

- негізгі құралдар  нысандары сәйкес белгілеріне  қарай кіріске  алынып, техникалық  құжаттары мен мүліктек карточкаларының  негізінде топтаудың жүзеге асырылғандығына ;

Аудитордың басты мақсаты  – негізгі құралдар нысаналарының  пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына , меншіктік қатынасына, болмыстық  құрамдарына  қарай дұрыс топталып сыныпталғандығынан анықтау болып  табылады.

     Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне сәйкестігімен танысқаннан  кейін, олардың бағалау тәртібіне назар аудару тиіс. Аудитор негізгі құралдардың бағалауын тексеруді жүзеге асырып, табсты аяқтау үшін мына мәселеге мұқият назар аударып алуға тиіс:

     - негізгі құралдар нысандарның кіріске алынған сәтінде келіп түсу көздеріне қарай дұрыс болғандығын;

    - жеке  тұлғалардан  сап алынған құралдардың құны  көрсетіліп, екі шарт жасалғандығын;

     - құралтайшыларының шаруашылықтың жарғылық капитадына қосқан үлестері, кіріске алынып келісім бағасына жасалған хаттамасын және сараптау жолмен бағалау жүргізу тәртібнің сақталғандығын;

    - негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға сатып алу құқығы берілген алған кезде, жалға беруге және алуға жасалған шартта құны көрсетілгендігін;

- негізгі құралдар  бастапқы құнына, жәй күйіне әсер  етіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара жою немесе қайта қүрастырудың салдарынан қызмет ету мерзімінінің ұзартылғандығын немесе қысқартылғанын;

-   негізгі құралдар  нарықтық қүны туралы арнайы мамандандырылған үйымдардың растаған сараптама қорытындысы жазылған қүжаттарын;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

- негізгі құралдар  дайындап шығаруды және сатушы  ұйымдардағы тауардың бағасы  туралы және баға туралы  арнайы  басылымдарда жарияланған  анықтама  материалдарының бар екендігін.

Аудитор негізгі құралдардың  бастапқы қүнының анықталу тәртібімен танысқанан кейін, олардың қалыптасу  көздеріне қарай бастапқы қүнының  құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде  анықталғандығына назар аударуға тиісті.

Аудитор бастапқы қүнға  өзгеріс енгізуге қандай жағдайларда  ғана рүқсат етілетіндігіне және оның сақталғандығын  анықтауы тиіс:

Аудитор шаруашылықтың  басшысының негізгі құралдар қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс  істейтін комиссия  құру туралы  бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Сондай-  ақ,

аудитор  шаруашылықтың  пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:

-  күрделі қаржы  салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар  жен беріліс өткізгіш құрылғыларды  салу, жаңа жабдықтарды сатып  алу және оны орнату);

-  заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі  құралдар  нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

- тауарлы - материалды  құндылықтарға айырбастау (бартерлік  жолымен алынған негізгі құралдарға;

-  заңды және жеке  тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;

- құрылтайшыларының жарғылық  капиталға қосқан үлесі ретінде  алынған негізгі қүралдарға;

-  түгендеу кезінде  анықталған есепте жоқ (артық)  негізгі құралдарға;

-  ұзақ мерзімге  жалға алу жолымен  алынған  негізгі құралдарға.

Аудитор негізгі құралдардың  келіп түсу кездеріне қарай дер  кезінде кіріске алу құжаттары  толтырылып тіркелгендігіне көз  жеткізу керек.

Негізгі құралдарды кіріске  алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың  басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.

Аудитор нақты қолда  бар негізгі құралдардың сақталуын  тексеруге кіріскенде, олардың аналитикалық есебіне назар аударады. Яғни, әрбір  негізгі құралдар нысандарының техника-экономикалық сипаттамасын, оның тұрған орнының, бастапқы құнын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижелерін көрсетіп ашылатын мүліктік карточкаларының дұрыс толтырылғандығын және дер кезінде ашылғандығын, нақты қолда барлығын тексереді.

 Кіріске   алынған   негізгі   құралдарды,   оларды   топтау принциптерін сақтай отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының тиістік жоспарының 1 «Айналымнан тыс активтер» тарауының 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарына таратып жазады. Бұл шоттар балансқа қатынасы бойынша активті болғандықтан, дебетінде кіріске алынған негізгі құралдар, пайдалануда болған және болмағандығына  қарай қүны анықталып көрсетіледі. Яғни, негізгі құралдарды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі оларды қандай күйде сатып алғандығына және қаржыландыру көздеріне де байланысты.

          Аудитор күрделі құрылысқа жұмсалған шығындардың негізділігін, күрделі қаржы көзінің салымдарының игерілуін жзне өзіндік құнын анықтау тәртіптерін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Күрделі қаржы салымын бақылау және анықтама жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарыньң типтікжинаспарында 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты қаралған. Бұл шетте барлық жұмсалған шығындары көрсетіледі: ғимараттарды және құрылғыларды салу, жабдықтарды және сметаларды құрастыру күрделі құрылыс смета- қаржылық есептер (құрылыс мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асыру қарамастан) бойынша, сондай-ақ құрылысқа бөлінген несиенің пайыздары, құрылысты салуға және негізгі құралдарды салуға бастапқы құнына енетін және енбейтін техникалық, энергетикалық және өндірістік жабдықтар бойынша (шеберханалар, тәжірибе жүргізетін қондырғы  меншік лабороториялық жабдықтарын қоса), құрастыруды, орнатуды; талап ететін, салынып жатқан күрделі қаржы салымдарға арналған қондырғылар үшін; шаруашылықта өсіріліп жатқан және негізгі табынға өткізілетін өнім беретін малдар мен күш көліктерінің төлемдері.

Аудитор күрделі шығындар есебіне аудиторлық тексеру жүргізген  кезде негізгі құралдардың мүліктік құнын қалыптастыратын жөне олардың  құнын ұлғайтпайтын шығындарының есебінің жеке-жеке жүргізілгендігіне назар аударуы керек. Негізгі құралдардың құнын ұлғайтпайтын шығындарының 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының кредитінен және 7210 «әкімшілік шығындарына» шығысқа шығарылғандығын олардың құрамын анықтауға тиісті.

Аудитор негізгі құралдарға тозу есептеуді тексерген кезінде жинақталған амортизация қозғалысын зерттеуге  міндетті. Негізгі құралдарды толықтырып отырудың және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін анықтау үшін, есептелген тозу сомасы маңызды базасы болып табылады.

Аудитор өлшемді пайдалану мерзімі бітіп, амортизация есептеу тоқтатылған негізгі құралдар тізімінің берілуін талап етуге тиіс. Егер амортизация есептеу практикасында жедел әдісті қолданса, онда ол есеп саясатында көрсетілуі керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер практикасында амортизация есептеудің тәртібін бұзу фактілері жиі кездесіп отырады, олар:

- кейбір  субъектілер   практикасында  негізгі  құралдарға  тоқсанына бір рет тозу есептеу;

- қаржылық нәтижені  әдейі төмендету мақсатында мөлшерлі пайдалану мерзімі біткен тозу есептеуді толғастыру;

- құқық берілмегендігіне  қарамастан,  шамадаы жоғары жеделдетіп  тозу есептеу (амортизациялық  құн);

- жеделдетіп амортизация  есептеуге жатпайтын нысандарға  жедел амортизация есептеу әдісін  қолдану.

Аудитор тозу есептеудің және оның бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілуін тексеру кезінде субъектіде бекітілген амолртизация нормаларының нақты қолда барлығына көз жеткізуге тиісті. Олардың нақты қолда болмауының салдырынан қате жіберудің себебі туындайды.

Негізгі құралдар пайдалану  барысында біртіндеп тозады, сондықтан  оларды пайдалы қызмет ету мерзімі  біткенше жұмысқа (өнім ендіруге) қабілеттілігін төмендетпей ұстап тұру үшін, техникалық құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп тұру керек.

Жөндеу, ұйымдастыру - техникалық белгілері бойынша күрделі және ағымдағы болып бөлінеді.

Аудитор негізгі құралдарды жөндеуге жұмсаған шығындарының дұрыстығын тексеріп, оны орындауға байланысты смета-техникалық құжаттарына мүқият бақылау жүргізуі керек. Сметаның дұрыс жасалғандығына және оның нақтылығына ерекше назар аударуы қажет. Кейде сметаны негізгі құралдар нысандарын жөндеу жұмыстары біткеннен кейін жас; демек нақты жұмсалған шығынды смета құнына тенесті Ғимараттар мен құрылғыларды күрделі жөндеуден өткізу субъектінің төрағасы бекіткен нысанды техникалық қарап актісінің немесе ақау-ведомостының негізінде смета жасалады.

Аудитор  жөндеу  қорына  бөлу  көлемінің  қаншалықты негізді  екеніне (экономикалық есептеулермен  расталған) көмек жеткізуі керек. Негізгі құралдар түрлері бойынша, бөлу көлем жеке-жеке болуы да немесе бірыңғай бөлу нормасы бекітілген болуы  да  мүмкін.  Егер  аудитордьң  көзқарасы  бойынша бірыңғай норманы қолдану, өкімнің өзіндік құнын негізсіз жоғарылатып, салық алынатын табысты төмендетуге әкеліп, соғуы мүмкін деген жағдайда, оны атап көрсетуі керек. Мысалы. жөндеу қорына бірыңғай нормамен бөлінген кезде, жалпы баланста ғимараттар мен құрылғылардың құны едәуір болса онда аудитор жыл бойында қандай бөлу нормалары қолданылғанын анықтауы қажет (олар ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек).

Аудитор жөндеу қорына бөлу нормаларының техника-                              экономикалық негізділігіне (есептеулерінің) және олардың ай                                           сайын бөлу кезінде сақталғандығына көз жеткізіп,  шаруашылықтың қабылдаған есеп саясатына қарай жөндеуге өндірілген                                        шығындарының дұрыстығын тексеріп, ол өзгерген жағдайда                                             себебін және қаржылық нәтижеге әсерін анықтауға міндетгі.                                                Жөндеу жұмыстарының әдістеріне байланысты шығындары бухгалтерлік есеп әдістемелерінде өзгеше жіктеледі. Аудитор                                            жөндеу жұмыстарьшың мердігерлік және шаруашылық әдіспен                                              жүргізген кезде, бухгалтерлік есеп шотгарында, қаржылық операцияларының   көрсетілуін   тексеруге   міндетті.   Жөндеу жұмыстарын шаруашылық әдіспен жүзеге асырған кезде негізгі құралдар нысандарының жөндеу шығындарының есебі екі нұсқада жүргізіледі. Бірінші нұсқа негізінде барлық шығындар артындау  мерзімдеріне қарай «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің

шоттарына жинақталады.

Негізгі құралдар нысандары  әр түрлі себептермен белгіленген тәртіп бойынша шаруашылықтың балансынан шығысқа шығарылып отырылады.   №6 «Бухгалтерлік есеп стандартында» БЕС негізгі құрал-жабдықтар шаруашылықтың балансынан - жойылу, өткізу, айырбастау - тегін беру нәтижесінде есептен  шығарылады деп көрсетілген.

Тексеру барысында аудитор  негізгі қүралдар нысандарыны шығысқа  шығарылу себептерінің операцияларының  зандылығын және тиімділігін тозығы жетіп жарамсызданған негізгі құралдарды жою тәртібін, нысандарды жоюдан алынған  қосалқы бөлшектерді, қиындыларды және баска да материалдарын кіріске алудың толықтығын анықтауға міндетті. Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының заңдылығын және тиімділігін бастапқы құжаттарын (шығысқа шығару актісі, қабылдау өткізу актісі, накладнойлар, шот-фактуралар ж.т.б.). аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерін (негізгі құралдар қозғалысының есебінің карточкалары, журнал-ордер Бас кітап) тексеру арқылы анықталады.

Аудитор   ғимараттарды,   құрылғыларды,   машиналарды, жабдықтарды  және шаруашылықтың басқа да мүліктерін шығарған бүкіл актілерімен танысуы қажет. Тексерген кезде бұл құжаттарға белгіленген үлгілердің олардың реквизиттерінің   толтыру   тәртібінің   сақталуына,   комиссияныңқорытындысының комиссия мүшелерінің және актіні бекіткен шаруашылықтың төрағасының қойған  қолының барлығына аудару қажёт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            ІІІ Аудиторлық қорытынды

3.1 Негізгі құралдардың қозғалысының талдауы

 

   Негізгі құралдар  – бұл кез-келген өндірістің  ең негізгі факторларының бірі. Оның жағдацы және тиімді қолдануы кәсіптік щаруашылық қызметіне соңғы қорытындылары тіке әсер етеді. Негізгі қорды рацианалды қолдану және өнеркәсіптің кәсіптік қуаты барлық техникалық – экономикалық еөрсеткіштердің жақсаруына алып келеді, сонымен қатар өнім шығару көлемінің өсуіне,еңбек көлемінің дайындығына.

    Негізгі қордың  талдауы бірнеше бағытта жүруы  мүмкін, оны кешенді өңдеу осы  құрылымға баға беруге, динамика  және тиімділік пен негізгі  қорларды және ұзақ мерзімді  инвестициялар қолдануға болады.

     Талдау  бағыты мен талдау тапсырмасының  таңдауы басқару қажеттіліктерімен  анықталады. Негізгі  құралдардың  динамика құрылымын талдау, инвестициялық  тплдау қаржылық талдаудың мазмұнын  құрайды. Негізгі құралдарды қолдану  тиімділігінің бағасы және пайдаланылу шығындары басқарушылық талдауға жатады, бірақ жоғарыда көрсетілгендей бұл талдаулардың арасында шектеу жоқ,

Информация о работе Негізгі құралдар аудиті