Негізг құралдае есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 17:15, реферат

Краткое описание

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бердалы Айжан негізгі құралдар есебі.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс; 
ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

  1. Активтерді қай уақытта тану қажет?
  2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?
  3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?
  4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?

16 «Негізгі құралдар»  бухгалтерлік есептің Халықаралық  стан-дартына сәйкес (БЕХС) актив  ретінде негізгі құралдар объектісін тануга болады егер төмендегі шарттар орындалса:

-  берілген   активтен   банк   келешекте   экономикалық   пайда алады деген ықтималдық бар болса;

активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде оліпенуі мүмкін.

Банктердегі негізгі құралдар мен...

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

  • бастапқы;
  • ағымдағы;
  • баланстық;
  • өтімділік.

Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Ағымдьщ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны.

Бяланстьщ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.

Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын қүны.

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын  негізгі  құралдардың  сәйкес  түрлері мен  көрсетілген

құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:


  • негізгі   қүралдардың   қуаттылығын   жоғарылата   отырьш, 
    пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация);
  • өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында 
    машина бөлшектері мен буындарын игеру;
  • бұрын   есептелген   өндірістік   шығындардың   қысқаруын 
    қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.

Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц

Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.

Франт-офистен негізгі күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.

Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.

Негізгі құралдарды алу

Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі қүралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рүқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады.

Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтанды-рылып төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді./

Бэк-офис келісімшарттьщ дұрыс рәсімделуііГ және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшартта-рымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың қүнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.

'] Банктің бас бухгалтері  әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар аіиады^

\ Банк бөлімшелерінің  франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады. ] Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашкы құжаттардың көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік тізімдемемен соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-қол  негізгі  құралдардың әрбір  заттарының  құнын  типтік Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу:

• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) 
алдын ала төлеу кезінде:

Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

• соңғы есеп айырысу сомасына:

Дт    1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

• негізгі құралдарды кірістеу:

Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»

1653 «Компьютер жабдықтары»

1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;

• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша:

Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал- 
жабдықтар» ;:.

Кт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;

• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: 
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар» 
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны 
бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге 
асырылады:

Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»

  1. «Компьютер жабдықтары»
  2. «Өзге негізгі қүрал-жабдықтар»

Кт   1856 «Күрделі  қаржы салымьк бойынша дебиторлар»; Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу

• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала 
төлеу сомасына:

Дт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт   1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;

• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомала- 
рына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде:

Дт  1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да

міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт   1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»;

• Салык заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының 
үлес  салмағы  бойынша  есептелген  ҚҚС  бойынша  жүргізілетін 
есептеу сомасына:

Дт  2851  «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша

есеп айырысу» Кт   1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да

міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». Қүрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі

Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 3 және 2-нысаны бойынша орындалған жүмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төленген аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сома-сы көрсетілген шоттарды төлеуге ұсынылған жүмыстардың қүны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама негізінде жүзеге асырылады. Қатар-қатар реттік үйымдар ай сайын 27 күннен кешіктірілмей 3 және 2-нысайдағы орындалған жұмыстар актісін үсынады.

Сонымен қатар банк бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қыз-меткері төлем жүргізгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды.

Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал қүрылысы бойынша жүргізілетін шығындар есебі негізгі қүралдар-дың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшала-рымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифхерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немеее оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек.

Банк (бөлімшелер) франт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нүсқауларымен қатар, негізгі қүралдарды кірістеудің нүсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:

  • негізгі қүралдардың жалпы сомасын;
  • амортизациялық аударым әдісін;
  • пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;
  • өтімділік қүнын;
  • негізгі қүралдарды өндірістік және өндірістік емес салада 
    пайдалануын.

Информация о работе Негізг құралдае есебі