Меншікті капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 17:10, курсовая работа

Краткое описание

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі.....................................
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі......................................
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік.................................................................
2.2.Депозиттің сыныпталуы...............................................................
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары...............
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктің меншікті капиталы.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

Қаржылық қадағалау Агенттігіннің қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін оларды тәуекелділігі бойнша топтастырады. Топтастырылған активтер банктің меншікті қаржыларымен салыстырылады. Банктік тәуекелділік деңгейі жоғары, орташа, төмен болып бөлінеді. Активтерді топқа бөлу тәуекелділік деңгейінің банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауыптылығымен мінезделеді.

Активтерді тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:

    1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
    2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
    3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
    4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
    5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%

Бұл топтасуда бір актив бірнеше топтарда кездеседі, мысалы: несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, салымдар,т.б. Ол жағдай активтердің түріне, сапасына, субъектілерге, эмитенттерге, олардың рейтингттеріне, сенімділігіне байланысты. Активтерді топтастыру арқылы балансқа өзгертулер жүргізіледі, активтер тәуекелділігі бойынша өлшенеді.

Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:

 
мұнда:

- жеке операциялар бойынша активтер;

- туекелділік коэффициенті(деңгейі);

 

Тәекелділігі бойынша өлшенетін активтер банктің меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді.Капитал банкке оның акционерлер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін, банк салымшыларын мүддесін қорғау үшін қажет.

Банк қызметінң тәуекелділігі көптеген банк операцияларына әсер етеді, мысалы:көп мөлшерде несие беруде, көп мөлшерде негізгі құралдарцы сатып алуда, көп шет ел валютасы сатып алу немесе сатуда, күрделі операцияларды енгізуде т.б. жағдайларда.

Банктің меншікті капиталына баға беру үшін оның жеткіліктілігін банктік қадағалау органдардың бекіткен нормативтік талаптардың орындалуын анықтау керек.

    • Біріншіден, капитал жеткіліктілігін көрсететін оның минималдық мөлшерін орындалуын анықталаты;
    • Екіншіден, капитал жеткіліктілігін мінездейтін коэффициенттер мен көрсеткіштер анықталады.

Меншікті капиталдың минималдық мөлшері келесідей (2001 жылдың 1 тамызынан бастап):

Лицензиясы бар бантер үшін 1000.000.000 тенге;

Аймақтық банктер үшін (Алматы және Астана қалаларынан тыс орналасқан)-500.000.000 тенге.

Барлық банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшер келесідей:Бір филиал және /немесе бір есеп–кассалық бөлімінен кп болуында- 1000.000.000 тенге оған қосу:

30.000.000 тенге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір филиалдар үшін;

15.000.000 тенге-басқа қалалада орналасқан әр бір филиалдар үшін;

10.000.000 тенге-басқа елді мекендерде орналасқан әр бір филиалдар үшін;

15.000.000 тенге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін;

5.000.000 тенге – басқа елді мекендерде орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін.

Келесіде, капитал жеткіліктілігін мінездейтін пруденциялдық нормативтер орындалуы анықталады- олар КI және КII коэффициенттері.

Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:

МК = КI + КII – ИК ;

Мұнда:

КI – бірінші деңгейлі капитал;

КII – екінші деңгейлі капитал;

ИК – басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестиция және сүбординарлық қарыздары (сатып алынған акциялар мен сүбординарлық қарыздар);

Ескерту: меншікті капиталдың анықталуында екінші деңгейлі капитал бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде ғана қосылады.

Мысалы:

КI – 1.500.000 теңге

КII – 1.700.000 теңге

ИК – 500.000 теңге

Формула бойынша:

МК = 1.500.000 + 1.500.000 - 500.000 = 2.500.000 (КII –дың 200.000 теңгесі есепке кірмейді, өйткені КI-дан көп)

Капиталды екі деңгейге бөліп, оның компоненттерінің сенімділігін анықтауға болады:

КI – сенімділігі жоғары, негізгі көздер;

КII – сенімділігі төмен көздер;

Талдау барысында олардың өзгеру динамикасын бағалап, өсу қарқынына мінездеме беру керек.

КI келесідей есептеледі:

    1. Төленген жарғылық капитал (банк сатып алған өз акцияларының алып тастауымен):
    2. Қосымша капитал;
    3. Резервтік капитал;
    4. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісінен пайда болған қорлар;
    5. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

Алу (-):

  1. Материалдық емес активтер (банктің негізгі қызметіне қолданылатын лицензияланған бағдарламалық қамтулардың алып тастауымен);
  2. Өткен жылдың зияндары;
  3. Ағымды жылдың зияндары (немесе ағымды жылдағы шығындардың кірістерден артуы);

КII келесідей есептеледі:

    1. Ағымды жылдың таза кірісі ( немесе ағымды жылдағы кірістердің шығындардан артуы);
    2. негізгі құралдар мен бағалы қағаздардың қайта бағалауы бойынша резервтер;
    3. Жалпы резервтер (Пж) (тәуекелділігі бойынша есептелген (өлшенетін) активтердің 1,25%-нан аспауы керек);

Яғни, Пж = Ат*1,25%/100% - есепке осы мөлшерде қосылады.

    1. Банктің субординарлық борышы (СБ) (КI-дың 50%-нан аспауы керек)

Яғни, СБ = КI * 50%/100% - есепке осы мөлшерде қосылады.

Капитал жеткіліктілігін мінездейтін және коэффициенттері келесідей анықталады:

 бірінші деңгейлі капитал  мен меншікті капиталдың есебіне  кірген екінші деңгейлі капиталдың  жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдвң мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады;

 

 

 коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек.

 

 банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады:

 

 

 коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек.

 

Капитал жеткіліктілігін мінездейтін нормативтік талаптардың орындалуына бағалап капитал құрамының үлесіне, олардың динамикасына көңіл аудару керек. Келесіде капитал жеткіліктілігіне талдау CAMEL және BOSS дистанциялық банктік қадағалау жүйесі (BOSS ДБҚЖ) арқылы жүргізіледі. CAMEL және BOSS ДБҚЖ –інде капитал жеткіліктілігін мінездейді келесі көрсеткіштер бар:

1.

 

2.

Мұндағы,

МК – меншікті капитал

 

3.

 

Сыныпталатын активтер дегеніміз – үмітсіз және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әклетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар.

 

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау

2.1.Депозит туралы  түсінік

 

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозтттік қаражаттар;

- депозиттік емес қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде , яғни жалпы активтердің өте аз бәлігін алады .

 Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциалар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .

 

 

 

2.2. Депозиттің сыныпталуы

 

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

    • талап етуіне дейінгі депозиттер;
    • мерзімді депозиттер;
    • жинақ салымдары;
    • бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

    • мерзімдеріне қарай;
    • салым иелерінің категориясына қарай;
    • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
    • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
    • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
    • басқа.

Салым иелерінің катигорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

    • жеке тұлғалардың шоттарына;
    • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
    • жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
    • қаржылық мекемелердің шоттарына;
    • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

    • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
    • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
    • есеп айрысудағы қаражаттар;
    • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар , шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідіей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • Бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша мен чекпен аударымдар жүргізуге болады;
  • Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды үшін өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
  • Бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі, банктің өтімділігіне деген талаптарды күшейте түсіреді және банктің өтімділігін басқару кезіндегі де күшейе түседі;
  • Бұл депозиттердің тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы төмен болып келеді.

Информация о работе Меншікті капитал