Кұжаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:19, задача

Краткое описание

Нақты тапсырмалар және орындалу мерзімдері бар барлық құжаттар бақылауға жатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Парламентімен, Қазақстан Республикасы Премьер Министрлігі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан, облыстық және оған теңестірілген соттардан, Департаменттен және оның аумақтық органдарынан алынған тапсырмалары бар құжаттар, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері міндетті бақылауға жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мәслихаттық комиссия.docx

— 23.16 Кб (Скачать документ)

Саран қалалық мәслихатының

РЕГЛАМЕНТІ

 

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілетін регламентінде мынадай тәртіп айқындалады:

 

1) сессияларды, мәслихат органдарының  отырыстарын дайындау және өткізу;

 

2) сессияларға, отырыстарға мәселелерді енгізу және қарау;

 

3) мәслихат органдарын құру және  сайлау, олардың қызметі туралы  есептер тыңдау;

 

4) депутат сауалдарын, шешімдердің  жобаларын қарау; 

 

5) дауыс беру, аппарат жұмысын  ұйымдастыру, басқа да процедуралық және ұйымдастыру мәселелері.

 

Регламент мәслихат жұмысын ұйымдастырудың кез-келген басқа да мәселелерін айқындай алады. Регламент пен заңдардың нормалары сәйкес келмеген жағдайда кейінгісі қолданылады.

 

Регламенттің сақталуын түсіндіру, пайымдау және бақылау құқығы облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтар құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясына беріледі.

 

2. Қалалық мәслихат – қала халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес оны орындауға және жүзеге асырылуын бақылауға қажет шараларды белгілейтін сайланбалы орган. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілерімен реттеледі. Бұл қызмет ұжымдық, еркін бақылау мен шешімдер қабылдауға, оларды орындауға жеке жауапкершілікке, заңдылыққа, жариялылыққа, құрылатын органдар мен сайланатын лауазымды адамдардың оның алдында есеп беруіне негізделеді. Мәслихаттың шешімі бойынша сессияға қарауға мәселелерді дайындау жөніндегі дайындық жұмысының бір бөлігі тұрақты комиссияларға жүктелуі мүмкін.

 

3. Мәслихаттың депутаттары жалпы  мемлекеттік мүдделерді ескере  отырып, қала халқының еркін білдіреді.  Оларға депутаттық құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық және ұйымдастыру жағдайы қамтамасыз етіледі.

 

Сессияларды, тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың басқа органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында  депутатқа негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы  қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар қала әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.

 

Депутатты негізгі жұмысынан босату жөніндегі қажет құжаттарды мәслихаттың  аппараты уақытылы рәсімдейді.

 

Депутат мәслихаттың сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға, қала аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге, қалалық әкімдіктің отырыстарының жұмысына қатысуға, мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға құқылы.

 

Қалалық мәслихаттың әрбір депутатына, оның өкілеттігін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадыр-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.

2. Қалалық мәслихаттың сессияларын дайындау және өткізу

 

4. Мәслихат қызметінің негізгі  формасы сессия болып табылады, онда заң бойынша оның құзыретіне  жатқызылған мәселелер шешіледі.

 

Мәслихаттың сессиясы қалалық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі үштен  екісі қатысқанда заңды. Сессия пленарлық отырыс түрінде өткізіледі.

 

Сессияның жұмысына мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген мерзімде үзіліс жасалуы мүмкін, бірақ ол 15 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді.

Мәслихаттың әрбір отырысы алдында қатысып отырған депутаттарға тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін сессияның төрағасы отырыстың алдында жария етеді.

Мәслихаттың сессиясы ашық сипатта  болады. Жабық сессияларды өткізуге Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған  депутаттардың 1/3 бөлігінің ұсынысы  бойынша, егер осы ұсынысқа қатысып отырған жалпы депутаттар санының көпшілігі дауыс берсе, жол беріледі.

6. Мәслихаттың бірінші сессиясының алдында дайындық жұмысын жүргізу үшін ол шақырылардан 10 күн бұрын депутаттардың жалпы санының екіден бір құрамында қалалар мен аудандар депутаттары өкілдерінің жиналысы өткізіледі.

Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі және оны өткізу тәртібі, сессияның төрағасы, мәслихаттың хатшысы және тексеру комиссиясының төрағасы лауазымдарына кандидатуралар, сессияның жұмыс органдары: секретариаттың, редакциялық және есеп комиссиясының құрамы жөнінде ұсыныстар іріктеледі. Қалалық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларын құру, аппаратының құрылымы мен штаты, екінші сессияның күн тәртібі мен төрағасының кандидатурасы мәселелері талқыланады. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге – сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.

 

Мәслихат депутаты мәслихаттың кезекті сессиясының  төрағасы болып күнтізбелік жыл  ішінде екі реттен артық сайлана  алмайды.

 

Мәслихат сессиясының  төрағасы:

 

1) сессияны шақыру туралы шешім  қабылдайды, сессияның күн тәртібін  қалыптастырады, сессияны және онда  қарауға ұсынылатын мәселелерді дайындауға басшылық жасайды;

2) сессия отырысын жүргізеді,  регламенттің сақталуын қамтамасыз  етеді, хатшымен бірге мәслихаттың  шешімдеріне, хаттамаларға, мәслихаттың  сес¬сиясында қабылданған немесе  бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды.

Сессия төрағасы отырыстарды ашады  және жабады, баяндамашылар мен сөз  сөйлеушілерді хабарлайды, шешімдер мен басқа да құжаттардың жобаларын  дауысқа салады, отырыста қаралған мәселелер бойынша депутаттардың  ұсыныстарын оқиды. Өз атына түскен сұрақтарға, өтініштер мен ұсыныстарға жауап қайтарады, анықтама береді, мәжіліс залындағы тәртіпті қамтамасыз етеді, депутаттар дауыс беруге ұсынған мәселелерді дауысқа қояды. Отырыс кезінде сессия төрағасының қарап отырған мәселенің мәні бойынша депутаттардың сөздеріне түсінік беруге құқы жоқ.

 

13. Қалалық мәслихаттың таңертеңгі отырыстары бір үзіліс жасалып, сағат 10-нан 14-ке дейін, күндізгі отырыстары сағат 15-тен 17-ге дейін өткізіледі. Мәслихат отырыстарды өзге уақытта өткізу туралы шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша қосымша үзілістер жариялай алады. Сессия отырысының соңында депутаттарға екі минутқа дейінгі қысқа жолданым немесе хабарлама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

 

14. Мәслихат отырыстарында баяндамалар үшін уақыт 25 минут шегінде, қосымша баяндамалар үшін – 15 минутқа дейін, жарыссөзде сөйлеушілер үшін – 10 минутқа дейін, кандидатураларды талқылауда үш минутқа дейін, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері үшін сөз сөйлеуге, анықтамалар мен сұрақтар үшін – 2 минутқа дейін уақыт беріледі.

 

Қажет болған жағдайда сессия төрағасы отырысқа қатысушы депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеушіге уақытты ұзарта алады. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашылар сұрақтарға жауап береді. Егер сөз сөйлеуші берген уақыттан асып кетсе, онда төраға оның сөзін тоқтатады немесе ерекше жағдайда депутаттардың келісімімен оған қосымша 2-3 минут береді.

Сөз беру туралы өтініш сессия төрағасының  атына жазбаша түрде секретариатқа беріледі, секретариат оны түскен ретімен тіркеп, сессия төрағасына береді. Сессия төрағасы депутат ауызша өтінгенде де сөз бере алады.

Қалалық мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, анықтама ретінде сөйлеу және сұрақтарға жауап жарыссөзге қатысу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.

 

Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлануы мүмкін. Сессия секретариатты, есеп және редакция комиссиясын сайлау туралы шешімдер қабылдайды.

 

20. Шешімдер, басқа да құжаттар мәслихаттың отырыстарында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Қалалық мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен қала әкіміне сенімсіздік білдіруге құқылы.

 

 

21. Ашық дауыс беру өткізгенде  есеп комиссиясы дауыстарды санайды.  Жасырын дауыс берілгенде комиссия  дауыс берудің барлық процесін  ұйымдастырып, оның нәтижесін қорытындылайды. Есеп комиссиясы өз құрамынан  өз төрағасын және комиссия  хатшысын сайлайды, оның шешімі  ашық дауыс беру арқылы көпшілік  дауыспен қабылданады. 

 

Ашық дауыс берер алдында  сессия төрағасы дауыс берілуге түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың  мазмұнын оқиды.

 

Ашық дауыс берудің қорытындысы  айқын басымдылық болғанда, егер бір де-бір депутаттың қарсылығы болмаса, дауыс беру саналмай-ақ қабылданады.

 

Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін есеп комиссиясы регламент негізінде белгілейді де, есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.

 

Бюллетендер тікелей дауыс беру алдында беріледі, олар есеп комиссиясы белгілеген үлгіде комиссияның бақылауымен  отырысқа қатысушы депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады да есеп комиссиясының төрағасы қол қояды. Белгіленбеген үлгідегі бюллетендер жарамсыз деп саналады. Депутаттар жеке өздері және тек дауыс беретін уақытта ғана дауыс беруге міндетті.

 

Ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде сайланған депутаттардың  жалпы санынан астам дауыс  алған кандидаттар, лауазымды адамдар  сайланды, бекітілді, қызметінен босатылды  деп есептеледі.

 

Осыған ұқсас кез келген комиссия, олардың төрағалары мен мүшелері сайланады, бекітіледі, қызметтен босатылады.

 

22. Жасырын дауыс берудің нәтижесі  бойынша есеп комиссиясы хаттама  жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды да, мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Дауыс беруде немесе дауыс санауда қателер анықталса мәслихаттың шешімімен қайтадан дауыс беру өткізіледі.

3. Қалалық мәслихаттың актілерін  қарау және қабылдау

 

23. Қалалық мәслихат шешімдер  қабылдайды. Шешімдер сайланған  депутаттардың жалпы санынан  көпшілік дауыспен қабылданады,  егер заңда немесе регламентте  басқаша белгіленбесе.

 

Мәслихаттың отырысына қатысушы депутаттардың  көпшілік дауысымен процедуралық мәселелер  бойынша шешімдер қабылданады. Оларға мыналар жатады: дауыс беру түрін таңдау, мәселені талқылауға берілетін уақытты белгілеу, жарыссөзді жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, уақытша депутаттық топтардың жеке құрамын және олардың өкілетігін бекіту, шешімдердің жобаларын негізге алу, мәслихаттың үндеулері мен өтініштерін қабылдау.

 

32. Шешім жобасына түзетулер  болғанда дауыс беру мынадай  ретпен жүзеге асыралады: 

 

1) ұсынылған (өңделген) жоба негізге  алынады, ол қабылданбаған жағдайда  одан әрі дауыс беру тоқтатылады;

 

2) дауыс беруге міндетті түрде  кезекпен негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер қойылады. Дауыс беру арқылы қатысып отырған депутаттардың көпшілігі дауыс берген түзетулер шешімге енгізіледі;

 

3) сессия шешімі тұтасымен қабылданған  түзетулер ескеріле отырып дауысқа салынады. Қабылданбаған жобалар, шешімдер және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайтадан дауыс беруге жол берілмейді.

 

33. Түзетулер бөлек дауыс беруге қойылады, оларға дауыс берудің ретін төрағалық етуші белгілейді. Алдымен өзгелерді қабылдау - қабылдамауды анықтайтын түзетулер дауысқа салынады. Бірін-бірі жоятын түзетулер бойынша дауыс берілер алдында оларды төрағалық етуші оқып береді. Түзетудің авторлары оның мәні бойынша түсінік беруге немесе оны талқылаудан алып тастауға құқылы. Дауыс беру қабылданатын шешімнің әрбір тармағы бойынша жеке өткізіледі. Дауыс берілгеннен кейін сессия шешімі мен тұрақты комиссиялар қаулыларына қайсыбір түзетулер мен қосымшалар енгізуге жол берілмейді. Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, мәслихаттың депутаттар бөлмесінде сақталуы тиіс.

Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат тағайындайды.

Мәслихаттың тексеру комиссиясының  жұмысшы органы - мәслихаттың тексеру  комиссиясының аппараты, ондағы мемлекеттік  қызметкерлердің санын заңға сәйкес мәслихат тағайындайды.

Тексеру комиссиясының қызметі  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін -өзі басқару  туралы» Заңының 16 бабы ережелерімен, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 142 бабымен реттелген.

Уақытша комиссия құрамы қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінен және депутаттардан құралады.

Сайлау комиссиясының өкілеттігі мерзімінің аяқталуына дейін екі  айлық мерзім ішінде қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссиясын құру бойынша  басталған жұмыс туралы мәлімет  береді. Мәліметте қалыптастыруға тиісті сайлау комиссиясының тізбесі, сайлау комиссиясы құрамына сайланатын үміткерлер бойынша ұсыныстарды енгізу тәртібі және мерзімі, мекен – жайы, кімнің атына екендігі көрсетіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау органдарының тізбесі жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде саяси партиялар және басқа қоғамдық бірлестіктер үміткерлерді, сайлау комиссиясы көрсеткен тізім бойынша жібереді және оларға қосымша:

Информация о работе Кұжаттау