Күрделі қаржы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 05:17, реферат

Краткое описание

Құрылыс-монтаж жұмыстарын шаруашлыықтық әдіспен жүргізу кезінде өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляцилау салушылармен (тапсырыс берушілермен) мердігерлік ұйымдардағы сияқты мынадай шығын баптары бойынша ұйымдастырылады: «Материалдар»; «Жұмысшылардың негізгі еңбекақылары»; «Құрылыс машиналарын мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығыстар».
Шаруашылық әдіспен құрылысты жүргізуші барлық нақты шығындарын жоғарыда аталған шығын баптары бойынша объектіні пайдалануға беруге дейін 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында есепке алады.

Содержание

І бөлім
1.1Күрделі қаржы және оның есебінің міндеттері
1.2 Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту
ІІ БӨЛІМ
2. 1 Басқа күрделі жұмыстар мен шыығндардың есебі
2.2 Пайдалануға берілген объектілер бойынша аяқталған күрделі қаржыны есептен шығару тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

СОЖ 3 РЕФЕРАТ УЙКАСБАЕВА Т 332 ЕЖА ДО.docx

— 36.32 Кб (Скачать документ)

ҚР Білім  және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов  атындағы қазақ экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Күрделі қаржы есебі

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Үйқасбаева Т 332 ЕжА

Тексерген: Байталасова Кулсара Абдиманаповна

 

 

 

Алматы 2014

Жоспары

Кіріспе

І бөлім

1.1Күрделі қаржы  және оның есебінің міндеттері

1.2 Қызмет істеп  тұрған кәсіпорынды кеңейту

ІІ БӨЛІМ

2. 1 Басқа күрделі жұмыстар мен шыығндардың есебі

2.2  Пайдалануға берілген объектілер бойынша аяқталған күрделі қаржыны есептен шығару тәртібі  

            Қорытынды

            Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Кіріспе

            Күрделі қаржы есебі құрылыс жобасы мен сметасы жасалған, құрылысты жүргізуге қажетті ақша қаражаттары бар салушылармен (тапсырыс берушілермен) жүргізіледі. Сондықтан, әрбір құрылыс оны жүрігзудің тәртібіне байланыссыз (мердігерлік немесе шаруашылықтық әдіс бойынша) барлық орындалған күрделі жұмыстарды есепке алуы қажет.

            Ұйымның күрделі құрылысы оның негізгі қызметінен бөлек, жеке күрделі қаржы балансында немесе ұйымның негізгі қызметінің балансында (2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында) есептелінеді.

           Мұндай жағдайда, талдамалық есепте құрылыс жұмыстарына шығындар; құрылығыларды монтаждау жұмыстары; қазу жұмыстары; монтаждауға берілген құрылғылар; монтаждауды қажет етпейтін құрылғылар және шаруашылықтық құрал-саймандар; жұмыс және өнім малын сатып алу; жобалу-ізденіс жұмыстары; басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар есебі бөлек жүргізіледі.

            Құрылыс-монтаж жұмыстарын шаруашлыықтық әдіспен жүргізу кезінде өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляцилау салушылармен (тапсырыс берушілермен) мердігерлік ұйымдардағы сияқты мынадай шығын баптары бойынша ұйымдастырылады: «Материалдар»; «Жұмысшылардың негізгі еңбекақылары»; «Құрылыс машиналарын мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығыстар».

           Шаруашылық әдіспен құрылысты жүргізуші барлық нақты шығындарын жоғарыда аталған шығын баптары бойынша объектіні пайдалануға беруге дейін 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында есепке алады.

             Күрделі құрылысты мердігерлік әдіспен жүргізу кезінде мердігерлердегі өндірістік шығындар есебі объектіні тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін оның негізгі қызмет балансындағы аяқталмаған құрылыс құрамында есепке алынады.

            Егер орындалған жұмыстар үшін мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы есеп айырысулар ай сайын жүргізілетін болса, онда тапсырыс беруші мердігер берген «Орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құндары жөніндегі анықтамаға» (№3 үлгідегі) сәйкес мердігермен орындалған жұмыстардың сметалық құнын 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті және 3310 «Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті бойынша көрсетеді.

1.1Күрделі қаржы және  оның есебінің міндеттері

          Күрделі қаржы қаржы дегеніміз негізгі қорларды толықтыруға және жаңартуға кеткен шығындар болып табылады. Күрделі қаржы есебінің міндеттері болып мыналар саналады: 
 
- түрлері және есептелетін объектілер бойынша барлық жұмсалған күрделі қаржыны уақытында, толық және дұрыс есепте көрсету; 
 
- күрделі қаржының орындалуына, өндірістік қуаттар мен негізгі құралдар объектісінің іске қосылуына бақылауды қамтамасыз ету; 
 
- іске қосылатын негізгі құралдар объектісінің мүліктік құндарын дұрыс анықтау және есепте көрсету. 
 
Есепте күрделі қаржы мыналарға жіктеледі: 
 
- өндірістік құрылымның бағыты бойынша; 
 
- технологиялық құрылымы бойынша ; 
 
- бағыты бойынша; 
 
- халық шаруашылығының салалары бойынша; 
 
- өндірістік жұмыстардың тәсілі бойынша. 
       Өндірістік құрылымның бағыты бойынша күрделі қаржылар жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға, қызметтегі ұйымдардың қуаттарын күтіп-ұстауға бөлінеді. 
       Жаңа құрылысқа жаңадан құрылған кәсіпорынның негізгі, көмекші немесе қосалқы өндіріс бағытындағы ғимараттар мен құрылыс жайлардың, сонымен қатар пайдалануға берілгеннен кейін жаңа өндірістік қуаттарды шығару мақсатында жаңа орындарда жеке баланспен қызмет ететін филиалдар мен бөлек өндірістер объектілерінің құрылыс кешендері жатқызылады.  
   1.2   Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту деп қызмет істеп тұрған ұйымдарда қосымша өндірістер, сонымен қатар осы кәспорынның аумағында немесе оған жақын жерде қосымша не болмаса жаңа өндірістік қуаттарды шығару үшін негізгі, көмекші немесе қызмет көрсетуші өндіріс объектілері мен цехтарды салу және ұлғайтуды айтамыз.  
      Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды қалпына келтіру деп ғылыми-техникалық прогресстің негізінде қол жеткізген өндірістің жетістіктері мен оның техникалық-экономикалық жоғарылауына байланысты қызмет істеп тұрған цехтар мен негізгі және көмекші өндірістің объектілерін қайта құруды айтамыз. Бұл негізгі өндіріс мақсатындағы ғимараттар мен құрылыс-жайларды кеңетпей жүзеге асырылады. 
Қалпына келтіру кезінде: 
- ең алдыменен технологиялық сатылар арасындағы үйлесімсіздіктің ескіруіне байланысты кәсіпорынның өндірістік қуаттары ұлғайтылады; 
- аз қалдықты немесе қылдықсыз технологияларды ендіру және икемді өндірісті қадыптастыру; 
- жұмыс орындарының санын қысқарту; 
- еңбек өнімділігін жоғарылату; 
- өндірістің материал сыйымдылығын және өнімнің өзіндік құнын төмендету; 
- қор қайтарымын және ұйымның басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату жұмыстары қамтамасыз етілуі қажет. 
         Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды техникалық жарақтандыру деп – ескірген және физикалық тозған құрылғыларды жаңаларымен, өнімділігі жоғарыларымен ауыстыру, сонымен қатар жаңа технологиялар мен механизацяиларды ендіру, өндірісті автоматтандыруды айтамыз. 
         Қызмет істеп тұрған кәсіпорынның қуаттарын күтіп-ұстау - өндірістік қызмет процесі кезінде істен шығып қалған негізгі құралдарды жаңаларымен үздіксіз ауыстырып отыруды білдіреді. 
       Технолгиялық құрылымы бойынша күрделі қаржы төмендегі жұмыстар мен шығындардың құндарынан қалыптасады: 
- барлық құрылыс жұмыстарының түрлерінен; 
- құрылығларды монтаждау бойынша жұмыстардан; 
- құрылыс сметасында қаралған (монтаждауды қажет ететін және қажет етпейтін) құрылғыларға шығындардан; 
- құрылыс сметасына қосылатын шаруашылық құрылығалары мен мүліктеріне шығындардан; 
- басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан. 
          Құрылыс жұмыстарына тұрақты және уақытша (титулдық) ғимараттар мен құрылыс-жайларды салу, кеңейту (ұлғайту), қалпына келтіру бойынша жұмыстар, құрылғылар астындағы негіздерді, ірге тастарды, тіреуіш тетіктерін салу, орнату бойынша жұмыстар, құрылыс алаңдарын көгалдандыру, жақсарту, сонымен қатар қалалар мен ауылдарға көпжылғы көшеттер отырғызу, ирригацияландыру, кептіру, терең қазу жұмыстары, құбырлар мен құдықтарды салу, сондай-ақ тау жұмыстары (ұйымның пайдалануға беру шығыстарының есебінен жүргізілетін күрделі емес сипаттағы жұмыстардан басқалары), құрылыс жұмыстарын қысқы мезгілде орындауға байланысты жұмысшылардың қосымша еңбек ақылары және таулы жерлерде жүргізілетін жұмыстарға байланысты қосымша жұмсалған шығындар жатады. 
           Құрылығыларды монтаждау бойынша жұмыстарға өндірістік, энергетикалық және көтергіш-транспорттық құрылығларды жинақтауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сонымен қатар қысқы мезгілде құрылығыларды монтаждауға байланысты қосымша шығындар жатады. 
 
          Құрал-саймандар мен жабдықтар бойынша шығындарға құрылыс сметасына қосылған бақылау-өлшеу, автоматтандыру және байланыс құралдарының құны, құрылыс сметасына қосылған құрылысы жүргізіліп жатырған кәсіпорынның немесе объектінің алғашқы кешені болып саналатын өндірістік құрал-саймандар мен жабдықтардың құны жатады. 
          Құрал-жабдықтар шығындарына құрылыс сметасымен қарастырылған тозы жеткен және ескірілгендерді ауыстыру үшін технологиялық, энергетикалық, көтергіш-транспорттық және басқа да құрылғылардың құндары, құрылысты жүргізушінің күрделі қаржысы есебінен қаржыландырылатын стандарттық емес құрылғыларды дайындау үшін жұмыс сызбаларын жасау бойынша жұмыстардың құны (дайындалған жұмыстың құны үшін төлемнен бөлек), стандарттық емес құрылғылардың (оны жобалау құнын қоса) және қазандық-көмекші құрылығлардың құны жатады. 
          Стандарттық емес құрылғыларға құрылыс жобасындағы ерекше техникалық және қайталанбайтын міндеттерді шешу үшін бірлестіктердің немесе құрылыс ұйымның арнайы тапсырмасы бойынша жобалау-конструкторлық (кескіндеу) ұйымдарының сызбаларының негізінде дайындалған және құрылыс сметасында бекітілген қүрылғылар жатады. 
2.1Басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардың құрамына: 
- күрделі қаржы есебінен жүргізілетін жоблау-ізденіс жұиыстары, сондай-ақ жобалу ұйымдарының авторлық қадағалауға шығындары; 
- құрылысы жүріп жатырған кәсіпорынның дирекциясын ұстау және техникалық қадағалау шығындары (бір тапсырыс берушінің күрделі құрылыс басқармасы аппараттарын ұстау шығындарын қоса); 
 
- жұмысшыларды жинақтауды ұйымдастыру бойынша шығындар, құрылыс сметасында қарастырылған құрылысы жүретін кәсіпорнның жұмысшыларын пайдалануға дайындау шығындары, арнайы шоттар арқылы төленетін және құрылс жұмыстарының бірліктік бағаларына қосылмайтын әртүрлі үстеме ақылар мен жеңілдіктерге шығындар; 
 
- жер учаскілерін дайындау шығындары; 
 
- тұрғындардың жеке меншік пайдалану құқығындағы үйлер мен құрылыстарды алу (жою) бойынша төленетін ақшалай өтемақылар; 
 
- жойылатын ғимараттар мен құрылыс-жайлардан тұрғындарды және ұйымдарды көшіру шығындары; 
 
- тапсырыс беруші иеленушіге оның жойылатын ғимараттары мен құрылыс – жайлары үшін төленетін ақшалай өтемақылар; 
 
- ауылшаруашылығы өндірісінің жойылуына байланысты жер иеленушілердің шеккен зияндарын орын толтыру мақсатындағы төленетін ақшалай өтемақылар; 
 
- құрылыс үшін алынған несиелер бойынша пайыздар; 
 
- 3 шақырым қашықтықтан асатын құрылыс орындарына құрылыс-монтаж ұйымының жұмысшыларын жеткізу және қайтадан әкелу шыығндары; 
 
- объектілер мен қуаттарды іске қосқаны үшін сыйақылар. 
 
Мақсаты бойынша күрделі қаржы есепте өндірістік мақсаттағы (құрылысы аяқталған соң объекті материалдық өндіріс сферасында, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс саласында қызмет ететін) жүргізуге арналған күрделі қаржы және өндірістік емес мақсаттағы (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау мекемелері, әлеуметтік қамсыздандыру және білім-ағарту және т.б. мақсаттағы) объектілердің құрылысын жүргізуге арналған болып екіге бөлінеді. 
 
Халық шаруашылығы саласы бойынша күрделі қаржы өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы мақсатындағы, құрылыс, транспорт, денсаулық сақтау, білім-ағарту салаларындағы болып бөлінеді. 
 
          Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірістік тәсілі бойынша күрделі қаржы, атап өткеніміздей мердігерлік және шаруашылықтық әдіспен жүргізілетін болып бөленді. 
Ұйымның күрделі қаржысы объектілер, құрылстар және іске қосылу кешендері бойынша жоспарланады. 
        Құрылыс деп құны жиынтық сметада анықталған және құрылысы бір немесе бірнеше құрылыс алаңдарында, бір жобамен орындалатын құрылыс объектілерінің (ғимараттар мен құрылыс-жайлардың) жиынтығын атайды. 
         Құрылыс объектілері болып салынып жатырған әрбір ғиматтар мен құрылыс-жайлар және оларға жататын құрылымдар мен коммуникациялар (су құбырлары, электрмен жабдықтау, канализация) және бөлек жобасы мен сметасы жасалатын қосалқы және аула құрылғылары саналады. 
Арнайы бөлек объектілердің (тұратын бөлмелер мен ғылыми қалашықтардың) құрылыс жүргізу кезінде сыртқы және көмекші құрылыс-жайлар құрылыстың құрамына енетін бөлек құрылыс объектісі болып есептеледі. 
         Іске қосу кешені құрылысы жүріп жатырған кәсіпорынның құрамдас бөлігі болып табылатын және жобады қарастырлылған объектінің салынуын қамтамасыз ететін объектілердің (немесе негізгі пайдалану бағытының бөлігі) жиынтығын түсіндіреді. 
Барлық күрделі құрылыс объектіні салып жатырған ұйымның келісімі бойынша бекітілген жобалар мен сметаларға сәйкес жүзеге асырылады. 
         Жобалар сызбалар мен техникалық-экономикалық негіздемелерден, түсініктеме хаттамалардан және басқа да құжаттардан тұратын құжаттамалардың тізімі болып саналады. Сметада құрылысы жүретін объектінің, құрылыстың, іске қосу кешенінің құны есептелінеді. 
         Құрылыс сметасы объектінің құрылысын жүргізетін негізгі құжат болып саналады. Онымен күрделі қаржының көлемі анықталады. Сметада шығындардың құрылымы, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылғыларды, құрал-саймандары сатып алу шыығндары, сонымен қатар жобалу-ізденіс және тағы басқа да жұмыстар көрсетіледі.Құрылыстағы смета объектінің келісім құнын анықтауда бағыттаушы негіз болып табылады. Құрылыс-монтаж ұйымының келісімі бойынша барлық объектілердің тізімі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, келесі жылға көшкен аяқталмаған құрылыстың көлемі көрсетілген титулдық тізім бекітіледі. Титулдық тізімде өндірістік (зауыт, цехтар) және өнідірістік емес (тұрғын үй, балалар мекемесі т.с.с) құрылыс бөлек көрсетіледі.

Күрделі қаржы есебі 
 
Күрделі қаржы есебі құрылыс жобасы мен сметасы жасалған, құрылысты жүргізуге қажетті ақша қаражаттары бар салушылармен (тапсырыс берушілермен) жүргізіледі. Сондықтан, әрбір құрылыс оны жүрігзудің тәртібіне байланыссыз (мердігерлік немесе шаруашылықтық әдіс бойынша) барлық орындалған күрделі жұмыстарды есепке алуы қажет. Ұйымның күрделі құрылысы оның негізгі қызметінен бөлек, жеке күрделі қаржы балансында немесе ұйымның негізгі қызметінің балансында (2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты) есептелінеді.Мұндай жағдайда, талдамалық есепте құрылыс жұмыстарына шығындар; құрылығыларды монтаждау жұмыстары; қазу жұмыстары; монтаждауға берілген құрылғылар; монтаждауды қажет етпейтін құрылғылар және шаруашылықтық құрал-саймандар; жұмыс және өнім малын сатып алу; жобалу-ізденіс жұмыстары; басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар есебі бөлек жүргізіледі.Құрылыс-монтаж жұмыстарын шаруашлыықтық әдіспен жүргізу кезінде өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляцилау салушылармен (тапсырыс берушілермен) мердігерлік ұйымдардағы сияқты мынадай шығын баптары бойынша ұйымдастырылады: «Материалдар»; «Жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары»; «Құрылыс машиналарын мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығыстар».Шаруашылық әдіспен құрылысты жүргізуші барлық нақты шығындарын жоғарыда аталған шығын баптары бойынша объектіні пайдалануға беруге дейін 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында есепке алады.Күрделі құрылысты мердігерлік әдіспен жүргізу кезінде мердігерлердегі өндірістік шығындар есебі объектіні тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін оның негізгі қызмет балансындағы аяқталмаған құрылыс құрамында есепке алынады.Егер орындалған жұмыстар үшін мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы есеп айырысулар ай сайын жүргізілетін болса, онда тапсырыс беруші мердігер берген «Орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құндары жөніндегі анықтамаға» (№3 үлгідегі) сәйкес мердігермен орындалған жұмыстардың сметалық құнын 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті және 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті бойынша көрсетеді. 
Материалдық шығындар есебі 
Тапсырыс беруші материалдары есебін мердігерлік құрылыс ұйымы сияқты 1350 «Құрылыс материалдары және басқалары» шотында жүргізеді. Шаруашылық әдіспен құрылыс жүргізу кезінде өндіріске материалдар тиісті үлгімен жасалған прорабтың немесе мастердің есебінің негізінде шығарылады. Мұндай жағдайда, 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты дебеттеліп, 1350 «Құрылыс материалдары және басқалары» кредиттеледі. 
 
Кейбір жағдайларда мердігерлік келісім шарт бойынша құрылысты материалдармен жабдықтау тапсырыс берушіге жүктеледі. Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші мердігерге материалдарды жауапты сақтауға және олардың пайдалану мүкіндігіне қарай актінің немесе басқа да құжаттардың негізінде береді және берілген материалдарды 1350 «Құрылыс материалдары және басқалары» шотының кредитінен 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты дебетіне есептен шығарады да, тиісті объектінің шығындарына «Материалдар» бабы бойынша қосады. 
Егер мердігіерлік келісім шартта тапсырыс берушілердің материалдық ресурстармен жабдықтауы қарастырылмаған болса, онда мердігер материалдық қорлардың арнайы түрлерін тапсырыс берушілерден сатып алады және тапсырыс беруші материалдардың құнын сату шоты бойынша көрсетеді. Мұндай жағдайда жіберілген материалдардың құнына 1230 шоты дебеттеліп, 6280 және 3130 (ҚҚС) шоты кредиттеледі, сонымен қатар материалдардың өзіндік құнына 7470 шоты дебеттеледі. 
Монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу шығындарының есебі 
Қоймаға қабылданған монтаждауды қажет ететін техногиялық, энергетикалық және өндірістік құрылғылар (шеберханалар мен тәжірибе құрылғылары мен зертханалар үшін құрылығларды қоса) №24 үлгідегі құрылғыларды қабылдау актісімен рәсімдейді және оларды нақты өзіндік құндары бойынша 1350 «Құрылыс материалдары мен басқалары» шотының дебетімен көрсетеді. Құрылғылардың нақты өзіндік құны жабдықтаушылардың бағалары бойынша құндарынан, тасымалдау бойынша көліктік шығндардан және дайындау-қойма шығындарынан тұрады. Көліктік және дайындау-қойма шығындары алдымнен материалдардың нақты өзіндік құндарынан ауытқудың жалпы сомаларымен материалдар есебі шотында есептелініп, ауытқуларды белгіленген бөлу тәртіптеріне сәйкес күрделі қаржы құрамына енетін монтаждауға берілген құрылғылардың құндарына пропорциналды бөлінеді.  
Тапсырыс беруші мердігерге монтаждау үшін құрылғыларды акті бойынша (№25 үлгідегі) береді. Мердігер құрылғыларды монтаждауға дейін баланстан тыс есепке алады. Мердігер құрылғыларды монтаждаудан өткізу мүмкіндіктеріне қарай баланстан тыс есептен шығара отырып, оның құнын «Орындалған жұмыстар мен шығындар жөніндегі анықтамаға» (№КС-3 үлгідегі) кіргізеді.  
№КС-3 үлгідегі анықтамада әрбір құрығының түрі бойынша немесе тетіктің түрі бойынша аяқталған монтаж жұмысы туралы мәліметтер көрсетіледі, ал есепті айда монтаждау басталып, бірақ аяқталмаған монтаждау жұмыстарына түгендеу жүргізіліп, ол түгендеу актісімен (№КС-7 үлгідегі) рәсімделеді. Бұл актіде есепті айда монтаждау жұмыстар басталған құрылғылар мен тетіктердің әрбір түрлері бойынша атаулары көрсетіледі. Анықтаманың немесе актінің бір данасы тапсырыс берушіге беріледі және ол құрылғылардың құндарын 1350 «Құрылыс материалдары мен басқалары» шотының кредитінен 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебетінен жазу үшін негіз болып саналады. 
Монтаждауды қажет етпейтін құрылғыларды сатып алу шығындарының есебі 
         Монтаждауды қажет етпейтін құрылғылар «Негізгі құралдарды қабылдау –тапсыру актісімен» (№НҚ-1 үлгідегі) рәсімделіп, тапсырыс берушінің есебінде күрделі қаржы ретінде 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті бойынша мына шоттардың кредитімен көрсетіледі: 3310 «Жабықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу»; 3390 «Басқа да кредиторлық борыштар және есептеулер» және т.с.с. Оларды жауапты тұлғаға берген кезде тиісті шоттар дебеттеліп, 2930 шоты кредиттеледі. 
Басқа күрделі жұмыстар мен шыығндардың есебі 
           Құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары бойынша басқа да күрделі шығындар есебі олардың түрлері бойынша 2930 шотына ашылған аралық шоттарды жүргізіледі. Құрылыстың немесе қалпына келтіру жұмыстарының бөлек объектілері арасындағы басқа да шығындар салынған немесе қалпына келтірілген объектінің сметалық (келісім) құндарына пропорционалды бөлінеді. Бұл кезде мұндай шығындар тек құрылысы немесе қалпына келтіру жұмысы аяқталған объектілер арасында ғана бөлінеді. 
Негізгі құралдардың құнын өсірмейтін шығындардың есебі 
 
       2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына ашылған арнайы аралық шотта негізгі құралдардың құнын өсірмейтін шығындардың есебі жүргізіледі. Есепте бұл шығындарды былай бөлу қарастырылған: 
а) құрылыстың жиынтық сметаларында және салынып жатырған кәсіпорнның жиынтық сметалық-қаржылық сметаларында қарастырылған шығындар: 
- жаңадан салынатын кәсіпорынға жұмыстарды орындау үшін жұмысшыларды дайындауға; 
- күрделі құрылысқа бөлінген қаржының есебінен құрылысты уақытша тоқтата тұруға; 
- нақты бір құрылысқа жатқызылмайтын (геолгиялық қазба, іздестіру жұмыстары) болашақ сипаттағы шығындарға; 
 
- күрделі қаржыға үлестік қатысу тәртібі бойынша басқа ұйымдарды қаржыландыруға; 
ә) құрылыс объектісінің жиынтық сметаларында қарастырылмаған шығындар: 
- құрылысы аяқталмаған, бірақ басқа ұйымдарға әншейін (төлемсіз) берілген құрылыс объектілері бойынша; 
- негізгі қызметтің қаржылық жоспары есебінен құрылыс жұмысшылары кадрларын дайындау шығындары; 
- төтенше жағдайлардың салдарынан (соның ішінде оларды жою кезінде) құрылыстың негізгі құралдары бойынша шеккен зияндар; 
- күрделі қаржы есебінен қаралған құрылысы тоқтатылған және есептен шығаруға рұқсат етілген объектілерді жою, демонтаждау және күзетуге байланысты шығындар. 
       Негізгі құралдардың құнын өсірмейтін шығындардың есебі 2930 шотының кредитінен 5510 «Есепті мерзімнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» немесе басқа тиісті шоттардың дебетіне шығарылады. 
Негізгі табынды қалыптастыру шығындарының есебі 
Негізгі табынды қалыптастыру (жас малды негізгі табынға ауыстыру, үлкен малды сатып алу) бойынша шығындардың есебі 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына ашылған аралық шотта жүргізіледі.  
         Негізгі табынға ауыстырылатын жас малдар нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Өнім және жұмыс бағытындағы барлық жас малдардың түрлері жыл бойы 8110 «Негізгі өндіріс» және 8310 «Көмекші өндіріс» шоттарының кредитінен (төлі алынған малдарды күтіп-ұстау шығындары қай шотта есепке алынатына байланысты) есептен шығарылады. 
         Жас малдардың артық салмағы ай сайын олардың бастапқы салмағына қосылып отырылады. Артық салмақтың құны есепті айдағы нақты артық салмақтан жоспарлы өзіндік құн бойынша анықталады. Ай сайын жас малдың нақты артық салмағы оның құнын жоғарылатуға 2930 (малдардың есептік топтары бойынша) шотының дебетіне малдарды өсіру бойынша шығындар есепке алынатын 900/8110 және 8310 шоттарының кредитінен шығарылып отырылады.  
        Жылдың соңында салмақтың немесе төлдің нақты өзіндік құнын анықтағаннан кейін (2930 шоттың дебеті және 8110 немесе 8310 шотының кредиті бойынша) бұрын есепке алынған салмақтың немесе төлдің жоспарлы өзіндік құны аталған шоттардың дебеті және кредиті бойынша былай түзетіледі: 
          Егер нақты өзіндік құн жоспарлы өзіндік құннан төмен болса – шегеру арқылы (қызыл жазу); нақты өзіндік құн жоспарлы өзіндік құннан жоғары болғанда – қосымша жазумен. 
 
         Жыл бойы негізгі табынға ауыстырылған жас малдар 2930 шоттың кредитінен 2520 «Малдар» шотының дебетіне жыл басындағы балансқа алынған құнына жыл басынан жас малдарды негізгі табынға ауыстырғанға дейінгі алынған артық салмағын қосқандағы құнымен есептен шығарылады.  
         Жылдың соңында негізгі табынға ауыстырылған жас малдың нақты өзіндік құнын анықтағаннан кейін есепте бұрын көрсетілген сомалар түзетіледі. Жас малдың жыл бойы анықталған құны мен жыл соңындағы анықталған нақты өзіндік құнының арасындағы айырмашылық қосымша немесе шегеріп жазу арқылы 2930 шотының кредиті және 2520 шотының дебеті бойынша жазумен көрсетіледі. Демек, негізгі табынға ауыстырылған жас малдар 2520 шотында нақты өзіндік құнмен есепке алынады. 
Күрделі қаржының талдамалық есебі  
           Күрделі қаржы есебі 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты бойынша № 18 «Субшоттар бойынша күрделі қаржы шығындарының есебі» ведомостісінде жүргізіледі. Құрылыспен немесе негізгі құралдарды сатып алумен байланысты күрделі қаржы бойынша шығындардың талдамалық есебі - әрбір құрылыс объектілері немесе сатып алынған негізгі құралдар бойынша бөлек жүргізілуі тиіс. Шығындардың талдамалық есебі, сонымен қатар мынадай шығындар туралы мәліметтерді алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет: құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары; қазу жұмыстары; құрылғыларды монтаждау; монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу; монтаждауды қажет етпейтін құрылғыларды сатып алу; сонымен қатар күрделі қаржы сметасымен қарастырылған құралдар мен құрал-саймандарды сатып алу; жобалу-ізденіс жұмыстары және тағы басқа да күрделі қаржы бойынша шығындар, сондай-ақ малдардың түрлері бойынша (ірі қара мал, шошқа, қой, жылқы) негізгі табынды қалыптастыру бойынша шығндар туралы. 
Құрылысы аяқталған объектілердің мүліктік (инвентарлық) құнын анықтау 
 
            Ғимараттар мен құрылыс-жайлардың мүліктік құны осы ғимараттар мен құрылыс-жайлардың құрылыс жұмыстарына келетін шығындардан және басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан қалыптасады.  
        Басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар объектінің мүліктік құнына тікелей бағыты бойынша қосылады.  
        Егер олар бірнеше объектілер бойынша жүргізілетін болса, онда олардың құны іске қосылатын объектінің сметалық құнына пропорционалды түрде бөлінеді. Егер объектілер іске біртіндеп берілетін болса, онда басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар осы объекітілердің мүліктік құнына құрылыс сметасы бойынша қаралған қаржыландыру сомасына және осы объектілердің жалпы сметалық құнына норматив бойынша қосылады. Мұндай жағдайда құрылыс аяқталған соң және басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардың нақты сомаларын анықтағаннан кейін іске қоусға берілген объектілердің мүліктік құны қайтадан есептелінеді. 
          Монтаждауды қажет ететін құрылғылардың мүліктік құны құрылғыларға деген жабдықтаушылардың бағасынан, көліктік-тасымалдау шығындарынан, құрылыс-монтаж жұмыстары шығындарынан, сонымен қатар тікелей пайдалану бағыты бойынша құрылғыларды іске қосуға байланысты басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан тұрады. Егер құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да жұмыстар бойынша шығындар құрылғылардың бірнеше түрлеріне қатысты болса, онда олардың құны құрылғылардың түрлері арасында құрылғыларға деген жабдықтаушылардың бағасына пропорционалды түрде бөлінеді. 
 
Монтаждауды қажет етпейтін құрылғылардың және іске берілетін объектілер мен құрылғылардың алғашқы кешені болып саналатын, тұрақты қор ретінде арналған аз құнды, тез тозатын құрылғылар мен құрал-саймандардың құны жабдықтаушлар шотары бойынша сатып алу құндарынан, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алуға байланысты көліктік және басқа да шығндардан қалыптасады. 
 
 
2.2 Пайдалануға берілген объектілер бойынша аяқталған күрделі қаржыны есептен шығару тәртібі  
 
           Негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіретін құрылысы аяқталған ғимараттар мен құрылыс-жайлардың, орнатылған құрылғылар мен аяқталған жұмыстардың қабылдау актілері белгіленген тәртіппен бекітілген болса, онда тапсырыс берушілер оларды мүліктік құндарының шегінде аяқталмаған құрылыстан шығарып, негізгі құралдар құрамына енгізеді. Мұндай жағдайда негізгі құралдар есебінің тиісті шоттарының дебеті 2930 шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі. 
          Мұндай жазудың негізі болып №НҚ-1 үлгідегі «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» саналады. Пайдалануға біртіндеп берілетін объектілер негізгі қорлар қатарына пайдалануға берілген объектілердің бөліктерінің құндары енгізіледі және оларды қабылдау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда іске берілген объектілер бөліктерінің құны осы объектінің бөлігіне жұмсалған шығындардың негізінде пайдалануға берілетін объектілер бөліктерінің сметалық құныың объектінің жалпы сметалық құнына қатынасы арқылы анықталады. 
 
            Монтаждауды қажет ететін және құрылыс сметасына енгізілмеген құрылығлардың мүліктік құны және монтаждауды қажет ететін және қажет етпейтін құрылығылар, бірақ тұрақты пайдалануға арналған қорлар 2930 шоттың дебетінен төмендегі тәртіп бойынша есептен шығарылады: 
 
             Монтаждауды қажет ететін және кәсіпорынның тозығы жеткен және ескірген құрылығларын ауыстыруға, бірақ сметада техникалық жарақтандыру жұмыстары үшін қарастырылмаған құрылғылар – пайдалануға берлігеннен кейін №НҚ-1 үлгідегі «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» негізінде есептен шығарылады. 
 
            Монтаждауды қажет етпейтін, жаңадан салынып жатырған объектіге арналған және орнатылған, сондай-ақ осы объектілерді техникалық жарақтандыру мен қалпына келтіруге арналған құрылығылар мемлекеттік қабылдау комиссиясымен №НҚ-1 үлгідегі «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» негізінде есептен шығарылады. 
 
            Монтаждауды қажет ететін және қажет етпейтін құрылғылар қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың тұрақты қорлары ретінде пайдалануға арналған болса және олар жаңа құрылыстың (ұлғайту, қалпына келтіру, техникалық жарақтандыру) сметасында қарастырылмаған болса, сонымен қатар құрылыс сметасында қарастырылған құрылғылар – кәсіпорынға түсі мүмкіндігіне қарай №НҚ-1 үлгідегі «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» негізінде есептен шығарылады. 
          Құрылысы тоқтатылған және жүзеге асырылмаған күрделі құрылыс белгіленген тәртіп бойынша рұқсат ету мүмкіндігіне қарай 2930 шоттан есептен шығарылады. Есепте және есеп беруде бұл шығындар негізгі құралдардың құндарын өсірмейтін шығындар ретінде көрсетіледі.

Қорытынды

        Күрделі қаржы есебі 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты бойынша №18 «Субшоттар бойынша күрделі қаржы шығындарының есебі» ведомостісінде жүргізіледі. Құрылыспен немесе негізгі құралдарды сатып алумен байланысты күрделі қаржы бойынша шығындардың талдамалық есебі - әрбір құрылыс объектілері немесе сатып алынған негізгі құралдар бойынша бөлек жүргізілуі тиіс. Шығындардың талдамалық есебі, сонымен қатар мынадай шығындар туралы мәліметтерді алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет: құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары; қазу жұмыстары; құрылғыларды монтаждау; монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу; монтаждауды қажет етпейтін құрылғыларды сатып алу; сонымен қатар күрделі қаржы сметасымен қарастырылған құралдар мен құрал-саймандарды сатып алу; жобалу-ізденіс жұмыстары және тағы басқа да күрделі қаржы бойынша шығындар, сондай-ақ малдардың түрлері бойынша (ірі қара мал, шошқа, қой, жылқы) негізгі табынды қалыптастыру бойынша шығндар туралы.

        Құрылысы аяқталған объектілердің мүліктік (инвентарлық) құнын анықтау

 Ғимараттар мен құрылыс-жайлардың мүліктік құны осы ғимараттар мен құрылыс-жайлардың құрылыс жұмыстарына келетін шығындардан және басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан қалыптасады.

          Басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар объектінің мүліктік құнына тікелей бағыты бойынша қосылады.

            Егер олар бірнеше объектілер  бойынша жүргізілетін болса, онда олардың құны іске қосылатын объектінің сметалық құнына пропорционалды түрде бөлінеді. Егер объектілер іске біртіндеп берілетін болса, онда басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар осы объекітілердің мүліктік құнына құрылыс сметасы бойынша қаралған қаржыландыру сомасына және осы объектілердің жалпы сметалық құнына норматив бойынша қосылады. Мұндай жағдайда құрылыс аяқталған соң және басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардың нақты сомаларын анықтағаннан кейін іске қоусға берілген объектілердің мүліктік құны қайтадан есептелінеді.

                Монтаждауды қажет ететін құрылғылардың мүліктік құны құрылғыларға деген жабдықтаушылардың бағасынан, көліктік-тасымалдау шығындарынан, құрылыс-монтаж жұмыстары шығындарынан, сонымен қатар тікелей пайдалану бағыты бойынша құрылғыларды іске қосуға байланысты басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан тұрады. Егер құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да жұмыстар бойынша шығындар құрылғылардың бірнеше түрлеріне қатысты болса, онда олардың құны құрылғылардың түрлері арасында құрылғыларға деген жабдықтаушылардың бағасына пропорционалды түрде бөлінеді.

              


Информация о работе Күрделі қаржы есебі