Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 14:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттерді орындау керек:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3-4
1-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................................................5-14
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.......................5-6
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы.............................................................................................................6-9
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары..........9-14
2-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕГІ «ТҰРАНӘЛЕМБАНК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ........................................................................................15-20
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау....15-17
2.2. «ТұранӘлем» банкінің банктік қызметтерін бағалау..................17-20
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................................21-26
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................21-23
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................23-26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................28
Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне беріледі:
Жеке тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі. [10; 41б.]
Алғашқы жарна сомасы:
Сатушының банктік шотына аударады;
Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:
Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).
Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып анықталады. Отбасыны асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында клиенттің көрсеткен мәліметтерден анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т.б. шығындар). Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.
2009 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін уәкілетті органның арнайы лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «ТұранӘлемБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.
2009 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2,16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.
2009 жылдың шілдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 49,2 млрд теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан. Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан: 95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.
Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес – банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады.
2009 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:
2009 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.
2009 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2008 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.
2009 жылы Интернет желісінде есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2008 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.
American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша банк жол чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады. [11; 211б.]
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:
Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың атынан Астана және Алматы қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады. [12; 324б.]
Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылыс аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша 265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады.
Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.
Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.
Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.
Екіншіден,”Самұрық-Қазына”
Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.
Жер қойнауын пайдаланумен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар:
Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.
Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. [13; 54б.]
Информация о работе Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде