Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 07:53, реферат
Сұлы түршелерін анықтау?
Сұлы-овес-avena. Сұлының гүлшоғыры сіпсебас, бұтақтары 5-7 жартылай култе-басқа жиналған, әрбір бұтақша масақшамен аяқталады, оның екі жарғақты масақ қабықшаларының арасында гүлдер орналасқан. Жемісі-дән, өң бойына түкті, гүл қабықшалары мен дән жабыспайды. Avena туыстығына 16 мәдени және жабайы да түрлерді біріктіреді. Ауыл шаруашылғында маңыздысы егістік сұлы-avena sativa, византия сұлысы-avena byzantana, құмдық сұлы-avena strigosa. Сұлы түрлерінің негізгі айырмашылық белгілері мыналар: дәннің негізінде /тағаның/ барлығы, сыртқы гүл қабықшасының ұшындағы ерекшеліктер, піскенде дәндерінің ажырау сипаты. Сұлы түршелерін анықтау:
№6-билет.
Сұлы-овес-avena. Сұлының гүлшоғыры сіпсебас, бұтақтары 5-7 жартылай култе-басқа жиналған, әрбір бұтақша масақшамен аяқталады, оның екі жарғақты масақ қабықшаларының арасында гүлдер орналасқан. Жемісі-дән, өң бойына түкті, гүл қабықшалары мен дән жабыспайды. Avena туыстығына 16 мәдени және жабайы да түрлерді біріктіреді. Ауыл шаруашылғында маңыздысы егістік сұлы-avena sativa, византия сұлысы-avena byzantana, құмдық сұлы-avena strigosa. Сұлы түрлерінің негізгі айырмашылық белгілері мыналар: дәннің негізінде /тағаның/ барлығы, сыртқы гүл қабықшасының ұшындағы ерекшеліктер, піскенде дәндерінің ажырау сипаты. Сұлы түршелерін анықтау:
Белгілері |
| ||
Егістік сұлы |
Византия сұлы |
Құмдақ сұлы | |
Бірінші дәннің сыну алаңы |
Тік, дәннің ұзын білігіне перпендекуляр |
Шалыс /қиғаш/ жиі түрде айтарлықтай ірі |
Әлсіз білінген |
Бастырғанда /піскенде дәннің масақшасының/ ажырауы сипаты |
Екінші гұлдің білікшесі /аяғы/ бірінші дәнде қалады |
Білікке екінші дәнде қалады, немесе сынып бір бөлігі бірінші дәнде қалған бөлігі екінші дәнде қалады |
Білікше бірінші дәнде қалады |
Бірінші гүлдің сіпсебас бұтағының масақшасында орналасуы |
Бірінші гүл білікшесіз орналасқан |
Бірінші гүл білікшесіз орналасқан |
Бірінші гүл білікшемен орналасқан,
бастырғанда масақша |
Сыртқы гүл қабықшасының ұшы |
Қылтық тәрізді үшкірі жоқ екі тісшесімен |
Қылтық тәрізді үшкірі жоқ екі тісшесімен |
Ұзындығы 66мм-ге дейін екі қылтық тәрізді айрыққа тарамданған. |
Сұлы сорттары: синельниковский 14, мирный, скакун, сельма.
2.жүгері танаптарындағы күтіп баптау шаралары және дәннің жинау ерекшеліктері?
Жүгері-кукуруза-zea. Жүгері бір жылдық, бір үйлік, мәдени қсімдік, қоңырбастар тұқымдасына, тары тәрізділер тұқымдас тармағына, маистар трибасына жатады. Тамыр жүйесі шашақты. Күтіп баптау шаралары-негізінен арамшүптермен күресуге және топырақтың физикалық жағддайын жақсартуға бағытталады. Тұқымды сепкеннен кейін 3-4 күн өткеннен соң, жеңіл немесе орташа тырмалармен топырақ бетіндегі қабыршықтарды және өсіпкеле жатқан арамшөптерді жою мақсатында себу қатарларына көлденең тырмалау жүргізіледі. Көктеп шыққаннан кейін 2-3 жапырақ кезінде қайталайды. Одан кейін күтіп-баптаудағы маңызды шара қатараралықтарды қопсыту мен үстеп қоректендіру. ол үшін қопсытқыш өсімдік қоректендіргіштің қолданады. Бірінші қопсытуды 7-8 см, ауыр топырақты жерлерде 8-10 см дейін тереңдікке 3-4 жапырақ пайда болғанда кезеңінде, 10-12 см қорғаныш алаңын қалдыра отырып, ал екіншіні, егер қажет болса үшіншіні де 6-7 см тереңдікке жүргізеді. Танаптар көпжылдық арамшөптермен ластанған жағдайда 50%-дық 2,4-Д амин тұзы /1,5-2,5кг/га/ және 40%-дық диалин /1,0-3,0кг/га/ гербицидтермен жүгерінің 3-4 жапырақ кезінде егісті бүркеді. Фрегат, Днепр және ДДА-100 МА сурау машиналарының бірімін жүргізіледі. Өнім жинау-астыққа өсірілген жүгері гүлдей бастағаннан 50-55 күн өткен соң, сабақтағы дәннің толық пісер алдында орылады. Жүгері собықтарының 16%, ал дәннің 13,%-дан аспайтын ылғалдыққа ддейін кептіріп қоймада сақтайды.
3.Бидайдың өсіп-даму сатылары?
4.Деморфизм құбылысы қандай өсімдіктерге тән?
№7-билет
1.Қара бидай өсімдігі құрылысы?
Қара бидай-рожь-secale. Secale-туыстығы 12 түрді біріктіреді, олардың ішінде көп тарағаны secale cerealе түрі. Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, 1,5-2,0м тереңдікке бойлайды. Сабағы-5-7 түйінраралықтарымен, қуыс, биіктігі 1,5-2,0м. Жапырақтары линиялы, бидайға қарағанда енді. Кейде жапырақ тақтасы түктермен көмкерілген, тілшесі мен құлақшасы ерте кеуіп түсіп қалады. Гүлшоғыры масақ, масақ білігі қысқа мүшелерден тұрады. Мүшелердің кертпешінде бір-бірден масақша орналасқан. Масақша екі масақша қабығынанжәне 2-3глден тұрады. Масақша қабықшалары ланцетті біз пішінді қысқа килі бар. Гүл екі қабықшалы. Сыртқы гүл қабықшасы қылтықты, ланцет тәрізді жалаңаш, бес жүйкелі және кірпікті килі бар. Ішкі қабықша қоскилді, жоғары жағында кірпікті, аталығы үшеу, түйінінде қауырсынды аналық аузы бар. Айқас тозаңданатын өсімдік, дәні ұзынша келген, бүйірлерінен қысыңқы, ұзын бойынан терең ойық өтеді.
2.Май бұршақтың себу мерзімі, тәсілі, мөлшері және тұқым сіңіру тереңдігі?
Майбұршақ-соя-glesine. Мәдени май бұршақ Gliene hispida 75 түрді біріктіреді. Май бұршақ бір жылдық шөптесін өсімдік, кіндік тамыр жүйесі бар, ол жақсы бұтақтанады. Сабағы тік өседі. Жапырылмайды, биіктігі-1,5м дейін жетеді. Шығу тарихы оңтүстік шығыс азия. Май бұршақ себуге арналған танаптарды күзде П-4 немесе П-3 құралдарымен тегістейді. Егін себуге бір апта қалғанда танапқаа трефлан гербицидінің 25% ерітіндісін ОН-400, ОВТ машиналарымен тазалайды. Тұқымды себуге дайындау, себу-май бұршақтың себуге арналған тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз, сұршірік, бактериоз және басқа ауруларға ақарсы тұқым себуден 3,5 ай бұрын 50 %-дық немесе 80%-дық фундазол және 80%-дық ТМТД /3-5кг/га/ препараттарымен зарарсыздандырады. Себу алдында қолданатын нитрагин препаратына кері әсерін тигізбеу мақсатында бұл препараттармен ерте өңдейді. Май бұршақтың егістік жер топырағы тқым орналасатын тереңдікке 10-12*С жылынғанда кең қатарлы, қатараралықтары 45см.болатын тәсілмен себеді. Осындай қатараралықтарымен жолақтап /екі қатарлы/ себуге де болады. Май бұршақтың себу мөлшері егістік материалдың ірілігі мен егілетін аудандарына байланысты, гектарына 0,4-0,6 млн.өнгіш тұқым немесе 40-80кг. Себу тереңдігі 5-6 см, жеңіл топырақ пен құрғақ ауа райында 8см.дейін. тұқым сепкеннен кейін танап беті тығыздалады. Негізінен жылу сүйгіш өсімдік, ең төменгі өну температура 6*С, оңтайлы өнуіне 14-18*С қажет.
3.Қонақ жүгері
өсімдігінің өсіру
Қонақ жүгері-сорго-sorghum. Қонақ немесе шай жүгері-азық түліктік және малазықтық дақыл. Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:молдавский 40, камышынское 75, ставропольское 63. т.б. Ең жақсы алғы егісі-күздік және жаздық масақты дақылдар, дәнді-бұршақтар, сүрлемдік жүгері, картоп, бір және көп жылдық шөптер. Тыңайтқыш жүйесі-қоректік заттарды аз мөлшерде жұмсайды, түтіктену сатысында және шашақтану алдында. Негізгі өңдеу алдында гектарға 50-80 т/га көң, NPK кг/га әсерлі затпен сіңіру қажет. Көңмен, фосфорды күзде, ал азотты топырақты жжырту алдында берген жөн. Тұқыммен бірге түйіршіктелген суперфосфатты мөлшері-30-40кг/га беру тиімді. Топырақ өңдеу жүйесі-топырақты 15-20см-ден 30-32см.дейінгі тереңдікте жырту арамшөптер санын азайтады және соның әсірінен көк балауса өнімділігі 16,5% артады, танапты тереңге жырту оң әсерін тигізеді. Тұқымды себуге әзірлеу және себу-тұқымды егіске дайындаудың маңызды және міндетті шараларына саңырауқұлақ ауруларына қарсы ТМТД80% және басқа рұқсат етілген препараттарымен дәрілеуу қажет. Себу мерзімі-тұқымды себуді топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі 12-15*С жылынған кезде бастайды. Себу тереңдігі 4-5см, егер топырақ беті өте кепкен жағдайда сіңіру тереңдігі 8-10см. себу тәсілі мен мөлшері-өндірісте көп тарағаны-пунктирлі. Бұл тәсіл СУПН-8 СПЧ-6 дәл сепкіштермен себеді. Тұқымдық қонақ жүгеріні кең қатарлы пунктирлі тәсілмен қатараралық ені 60-70 см себу керек. Кең қатармен сепкенде гектарына 6-8 кг/га, немесе 180-200 мың дана өнгіш тұқым, ал жай қатармен 15-20 кг/га тұқым себіледі. Егісті күтіп баптау-қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмала /көгі шыққанға дейін және дақылдың 4-5; 6-7 жапырақтары п.б/ осы шараның әсерінен танаптағы 65-70% арамшөп құртылады. Суару-оңтүстікте 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезінде, екінші-түтіктену кезінде минералдың тыңайтқышпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші-дән толысу кезінде. Бірінші суару мөлшері 300-400 м куб//га, келесі 600-700 м куб/га. Өнімді жинау- биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,6 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнмен малазықтық массасы жиналады.
4.Арпа түршелерін анықтау?
Арпа-ячмень-hordeum. Гүл шоғыры масақ, гүл кемерінде дара гулді 3 масақша орналасқан. Барлық мәдени арпалар бір түрге егістік арпаға жатады. Егістік арпа 3 түр тармаққа бөлінеді: көп қатарлы, қос қатарлы, аралық. Көп қатарлы және қос қатарлы арпа да өз ішінде түршелерге бөлінеді:
Дәннің қабы-ғы |
Масақ түсы |
Масак тығызды |
Қылтық аратісті |
Түрше атауы |
| ||||
қабықты |
сары |
борпылдақ |
Өң бойына аратісті |
Паллидум |
қабықты |
қара |
борпылдақ |
Өң бойына аратісті |
Нигрум |
қабықты |
сары |
борпылдақ |
Тегіс жоғ жағы аратісті |
Рикотензе |
қабықты |
қара |
борпылдақ |
Тегіс жоғ жағы аратісті |
Лейорнехум |
қабықты |
сары |
борпылдақ |
Қылтық орнына 3 қалақ өскін |
Хорсфордианум |
қабықты |
сары |
Тығыз |
Өң бойына аратісті |
параллелум |
қабықты |
сары |
Өте тығыз |
Өң бойына аратісті |
Пирамидатум |
жалаңаш |
сары |
Борпылдақ |
Өң бойына аратісті |
Целесте |
жалаңаш |
сары |
Борпылдақ |
Қылтық орнына екі қатарлы өск |
трифуркатум |
Қосқатарлы арпа | ||||
қабықты |
сары |
Борпылдақ |
Өң бойына аратісті |
Нутане |
қабықты |
қара |
Борпылдақ |
Тегіс жоғ жағы аратісті |
нигрикане |
қабықты |
сары |
Борпылдақ |
Әлсіз аратісті |
Медикум |
қабықты |
қара |
Борпылдақ |
Әлсіз аратісті |
Персикум |
қабықты |
сары |
тығыз |
Әлсіз аратісті |
Эректум |
жалаңаш |
сары |
борпылдақ |
Әлсіз аратісті |
Нудум |
№8 билет.
1.жүгері өсімдігі құрылыс ерекшелігі?
Жүгері-бір жылдық , бір үйлі, мәдени өсімдік, қоңырбастар тұқымдасына, тары тәріізділер тұқымдас тармағына,маистар трибасына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, тамырлары үшінші қабаты негізі және өсімдіктер тіршілігіндегі барынша маңызды түйін тамырлары, олар сабақтың алғашқы 3-5 жер асты түйіндерінен ддамиды және олардың біріншісі, топырақ бетінен 3-4 см тереңдікте орналасады. Жүгерінің сабағы цилиндр пішінді сортбудан және өсіру ерекшеліктеріне қарай 0,5 м-ден 7 м дейін биіктікке жетеді. Жүгерінің жапырағы, басқа астық тұқымдастардағы сиақты төменгі және орта түйін аралығын тығыз жауып тұратын жапырақ қынабынан және енді әрі ұзын жапырақ тақтасы мен кішірек келген тілшеден құралған. Төбе жапырақтары-бүршіктер қолтығынан шыққандар, осыған сәйкес бүйір өркендер түзілмейді. Гүл шоғыры мен гүлдің құрылысы-бір үйлі, дербес жынысты өсімдік, үш типтегі гүлдер қалыптастырады аталықтар және аналықтар, кейде қосжыныстылар. Собықта, масақшалар, сіпсебастағы сиақты жұптасып орналасады да тығыз еттң собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар қалыптастырады. Собық ұзындығы және масақшалар саны 20-50 дейін болуы мүмкін. Жемісі-дән, көпқабатты перекарпий қабығынынан тұрады. Түсі сары. Дәннің төменгі жақ бүйірінде қалқаны мен рық орналасқан. Ұрықта 5-7 ұрық жапырақшалары бар алғашқы бүршікті, ұрықтық тамыршаны және эпикатильді ажыратуға болады.
2.Май бұршақтың
биологиялық ерекшелігі мен
Майбұршақ-жылу сүйгіш өсімдік.
Ең төменгі өну температурасы 6*С,
оңтайлы өнуіне 14-18*С қажет. Температура
май бұршақ тұқымының өну жылдамдығын
өзгертеді, ол вегетативтік мүшелерінің
өсуі мен өсімдік массасының жинақталу
уақытына да әсер етеді. Өсімдіктің өсу
жылдамдығы температураның өсуіне тікелей
байланысты. Орташа тәуліктік температура
25-26*С төмен болуы гүлдену
3.Қара бидайдың
жақсы алғы егісі, топырақ
Қара бидай қолайсыз жағдайларға төзімділігінің арқасында, бидайға қарағанда, көптеген алғы дақылдардан кейін егіле береді. Жақсы алғы егісі ас бұршағы, сиыр жоңышқа, картоп, екпе сүрі. Топырақ өңдеу-картоп және басқа отамалы дақылдардан кейін себілетін болса жер жыртудың орнына, бірге тырмалаумен 8-10 см-ге сыдыра қопсытады. Себу алдында топырақты себу тереңдігі РВК-3,6, ВИП-5,6 немесе басқа агрегаттармен культивацияланады. Тыңайтқыш жүйесі-қара бидай 2м тереңдікке дейін кететін, топырақ құнарлығын аса қажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. 1 т астығы және соған сәйкес мөлшерддегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15кг ффосфор және 20-25кгкг калий пайдаланады. Қолданылатын тыңайтқыш мөлшері топырақ типіне, алғы дақыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне байланысты.
4.Тары түрлерінің және түршелерінің айырмашылық белгілері?
Тары –просо-panicum.400 түрді біріктіретін Panicum туыстығына жатады. Қазақстанда кең тарағаны негізінен кәдімгі тары. Италия тарысы немесе бастанған тары. Бұл түрлер бір-бірімен гүл шоғырының құрылысымен ажыратылады, кәдімгі тарыда-сіпсебас, бастанғанда-масақ тәрізді масақ тәрізді сіпсебас. Бастанған тары екі түр тармағына бөлінеді: қонақ тары немесе гоми-биік өсетін, жақсыбұтақтанған, өсіп-жетілу кезеңі ұзақ өсімдік және итқонақ өсіп жетілу кезеңі қысқа, аласа өсетін өсімдік. Кәдімгі тары 5 түр тармаққа бөлінеді:қомақты, тармақты, қысылған, тығыз, сопақ және тұтас бөлінген.
Түсі |
Түр тармақтары | |||||
дәннің |
сіпсебастың |
шашыраңқы |
тармақты |
Қысылған |
Сопақ |
Тұтас |
Ақ |
антоциансыз |
Кандидум |
альбум |
Астрахани | ||
Сарғыш |
Флявум |
Ауреум |
Ксантеум |
Денсум | ||
Қызыл |
кокцинеум |
Сангвинеум |
Рубрум |
Дацикум | ||
Сұр |
Цинереу |
Гризеум |
гризеолюм |
Метзгери | ||
Қола түсті |
эреут |
фатик |
альфельди |