Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 10:56, контрольная работа
Жалпы бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп атайтыны экономистер қауымына белгілі , сондықтан да, біз бұл тілде неғұрлым білімдірек сөйлесек, онда қоғам үшін бұл соғұрлым жақсы болар еді. Бүгінгі күні бухгалтер өзінің қарапайым есепші ретіндегі имиджін, бизнес – процестерін ұйымдастыратын шеңберге өзгерткен.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, бухгалтер кәсібінің дамуы КСРО кезінде қалыптасқан жоспарлық – административтік экономика тәріптемесіне (режимінде) іске асты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі алынып, ерікті мемлекет құрылғаннан кейін бухгалтерлік мамандыққа нарықтық экономиканың сұранысын және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа талаптар қойыла бастады.
1 Бухгалтерлік есеп туралы түсінік
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық
ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері
бойынша есептейтін, өлшейтін және оны
өндеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның
жұмысын толығымен бақылап, оны баскару
ұшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақытта
істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен
қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын
жұмысына экономикалық талдау жасауға
өте қажетті ғылым болып табылады.
Бухгалтелік есептін негізгі мақсаты-
барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың
уақытылы есепке аланып, олардың қазіргі
күнгі уакыт талаптарына сай орындалуына,
ягни жузеге асырылуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептін негізгі бағыты-
кәсіп орындағы есеп жұмысының сапасын
арттыруға, есептеу жұмысының барысында
қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың
қарапайым әрі түсінікті болуына және
ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға
ынғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.Сондықтан
да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-
халық шаруашылығының барлық салаларында
нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа
сай есептеу жумысын жургізу.
Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуында сауданың рөлі зор. Көпестер өздерінің алған өнімдерін сатып, нәтижелерін есептеу үшін папириус қағаздарын (орамаларын) саз тақтайшаларын пайдаланған. Уақыт өзгере келе, қоғамның дамуына байланысты есеп жүргізудің түрлі тәсілдері пайда болды. Ол туралы ең алғаш 1494 жылы италияндық атақты математик, монах Лука Пачоли жазған. Бұл кітапты Италияда, Францияда, Германияда, Англияда бухгалтерлік есеп жөніндегі негізгі басшылық құжат ретінде бірнеше ғасырлар бойы пайдаланған. Ал, сонда көрсетілген екі жақты жазу әдісі осы күнге дейін мағынасын жоғалтқан жоқ.
Есептеу принципі - өндірілген
өнімді сатудан түскен табыстар, бұл
өнімдерді өндіріп, дайындаған кезде
емес, осы өнімдерді сатып алушыларға
жеткізген кезде, есептеу принципіне
сай табыс төлемі соммасына жазылады.
Бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне «Есептеу»
немесе «Сату» принципін енгізудің мақсаты
– нарықтық экономиканың қатаң талабына
сай өнім өндіріп сатушы жақтар, ең әуелі
сатып алушы жақтардың төлем өтеушілік
қабілетін анықтай отырып, өз өнімдерін
сату керек, егер, сатып алушылардың құжаты
болмай, бұлар пайдамен жұмыс істемеген
жағдайда, мұндай субъектілер жойылуға
тиісті. Сондықтан шаруашылық қызметін
жүргізуші кез - келген кәсіпорындар өздерінің
есеп саясатын жасаған кезде есеп саясаты
құрамына сатып алушы жақтардың шаруашылық
субъектілердің тізімін, бұларға қысқаша
сипаттама беру керек.
Үздіксіз принципі – бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен айырылып қалмауы керек. Мұндай қалыпты жағдайда үздіксіздік принципі деп аталады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын өз жұмысын жылдан – жылға тиімді атқаратындығы жөнінде түсініктеме жазуы керек.
Түсінікітілік принципі – қаржы есебінде көрсетілетін ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек. Бухгалтерлік есеп ақпараттары тек пайдаланушылар үшін емес, жоғары деңгейде тұратын кәсіби пайдаланушылар үшін, басқарушылар, қаржыгерилер, банкирлер, кәсіби аудиторлар үшін де қажет.
Маңыздылық принпципі –
Мәнділік принципі – есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Егер мәнділік тұрғыдан қарағанда қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер қаржылық есепке түспей қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды.
Айқындылық принципі – ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерден ауытқымауы керек.
Бейтараптық принципі – қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.
Сақтық принципі – белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады. Активтер мен табыстар алды – ала артық бағаланбауы, ал міндеттер мен шығындар кем және жеткіліксіз бағаланбауы керек.
Аяқтау принципі – айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.
Салыстырмалы принципі – қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы және маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқада өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстыруы керек.
Сабақтастық принципі – кәсіпорындарда қарастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.
Шындық және әділдік принципі – пайдаланушылар үшін қаржы қорытындының есебі шындық және әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.
Бухгалтелік есептін негізгі мақсаты- барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке аланып, олардың қазіргі күнгі уакыт талаптарына сай орындалуына, ягни жузеге асырылуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің мақсаты мүдделі тұлғаларды (бұдан әрі-пайдаланушылар) кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні
жедел басқару үшін қажет ақпараттармен,
субъктінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық
процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен
қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға,
жабдықтаушыларға,
Бухгалтерлік есептін мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысу.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік қызметтер қазіргі таңда көрсетіліп отырған қызметтер түрі тұрғысынан қарайтын болсақ ең тиімді ұсыныс болып табылады. Біз Шымкент қаласы аймағында сіздің ұйымыңыздың бухгалтерлік есебін жүргізу және бухгалтерлік сүйемелдеу бойынша қызметтерді ұсынамыз. Бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымдардың көрсетуінің артықшылығы мынады - әркім өз ісімен кәсіби тұрғыда айналысады.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Бухгалтерлік есепті
қайта қалпына келтіру
1.2 Бухгалтерлік есепте
ақпараттық технологиялардың
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы айқындауға болады.
Біріншісі-Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің пайда болуымен байланысты.
Екіншісі-барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне байланысты.
Үшіншісі – бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан әкелінуі.
Төртіншісі-бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл бітіру жұмысы іс-сапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесіне негізделген.Бітіру жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, бухгалтерияда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған іссапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесін құру.
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық-қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін келешекте пайдалану үшін тіркеп, атқарады. Ол қаржылық-шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. .
1.3 1c-тегі жұмыстың принциптері мен қағидалары
1с бағдарламасы бухгалтерлік есептерді шешуге арналған автоматтандырылған әмбебап бағдарлама. 1С бухгалтерияны қолдану: