Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:07, реферат
Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған.
1. Бухгалтерлік есептің даму тарихы
2. Ғалымдар мен ойшылдардың қосқан үлесі
3. Бухгалтерлік есептің даму кезеңдері
4. Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен дамуы
Тексерген:
Жоспар:
Бухгалтерлік
есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда
болып, бүгінгі күнге дейін дамып
келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық
операцияларына байланысты табылған жазулардан
бухгалтерлік есеп біздің заманымызға
дейінгі V ғасырда жүргізілді деген
деректер бар. Ал біздің заманымызға
дейінгі II ғасырда Грекияда салынған
құрылысқа кеткен шығындар есептеліп,
салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына
жазылатын болған. Рим империясының
квесторлары мемлекеттік
Ерте
заманда бухгалтерлердің өз таңбасы
болған. Бухгалтерлердің
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп деген философ болған. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды.
Екіжақты жазу жүйесі адамзат тарихының дамуындағы ашылған үлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу қарапайым жазу принципіне негізделген. Счеттарға жазу тек қана бірақ рет, бір счеттың дебетіне немесе бір счеттың кредитіне бірақ рет жазылатын болған. Бүл кезде бірегей ақшалай өлшеммен өлшеу, екі жақты жазу, баланс әдістері қолданылмаған.
Униграфиялық қарапайым бухгалтерия, құрылып, шаруашылық фактілері қандай өлшеммен санда болмасын, бастапқыдағы фактілердің пайда болуындағы өлшем, басқада өлшемдерге айналдырылмай арнайы символдармен белгіленген счеттарға тікелей жазылып отырған.
Есептеудің бастапқы кезеңінде мүліктік құндылықтар қалдығы ғана есепке алынып, мұндай қалдықтар есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдарға жазылған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдар ретінде көп жылдық тропикалық өсімдік жапырақтары (папирус), балшықтан істелген тақтайшалар т.б. қолданылған. Египетте есеп жүргізетін кітап ұзындығы – 10-12 мм болатын папирус лентасы болған. Осындай материалдарды есеп құралдары ретінде пайдалану нәтижесінде есеп регистрлары, тіркеуші құжаттар пайда болған. Папирус және пергаментке есеп мәліметтерін жазу арқылы «бос қағаздар», ал балшықтан істелген тақтайшаларға түсірілген мәліметтерді тіркеу негізінде «карточкалар» пайда болған.
Құндылықтардың жеке атауларына сай кіріс-шығыс құжаттары жасалынып, мұндағы мәліметтерді жекелеген топтарға топтастырылып жазыла бастаған. Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердің зерттеуіне қарағанда шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі қолданылған. Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер.) арнайы қүндылықтар болып саналған. Есеп күжаттары «осы жылғы», «келесі жылғы» қүжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бүлардың аузын белдіктер, жіптер т.б. байлап белгілер соғатын болған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен елшеу әдісі қолданылған. Бүдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және қүндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен счеттар үғымы пайда болған.
Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген қүқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби саудагер купецтердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін қүндылықтар мемлекеттік тұрғыда қадағаланып, бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың кол қойып растауыңсыз есепке алынбаған.
Мысырлықтар мен вавилондықтар есеп ақпараттарын ең бірінші болып қағазға түсірді. Бұлар жиналған астық пен мал сандарын тексеріп отыру үшін жазулар (белгілер) ойлап тапқан.
1937 жылы Жорж Ифраның келтірген мәліметіне қарағанда-Чехословакияның Вестонисе аймағында осыдан 20 мың жылдан астам өмір сүрген қасқырдың сүйегіне елу бес таңба белгі қойып, бұл белгілерді екі қатарға топтастырып санағанда ерте заманғы «есеп приборының» қарапайым түрлері болғандығы дәлелденген. Сүйек таяқшаларымен есеп жүргізуді ең әуелі аңшылар пайдаланса керек. Әрбір атылған аңдар санын сүйекті кесіп, арнайы таңба белгілер қою арқылы саналған. Бұдан, біздер бухгалтерлік есептің ең әуелгі элементінің пайда болғандығын болжай аламыз.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.
Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан-І алғашқы бухгалтер етіп Инссбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілігі бар адамдар сайланған.Кейбір елдерде бухгалтердің адамгершілік қасиетіне қарап, шіркеу қызметкерлерінен кейін екінші орынға қойған.
Бухгалтерлік есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж Бенедетто Катрульи өзінің кітабында жазған.
Римдіктер бухгалтерияның пайда болып, мүның ары қарай жетілдірілуін жақсы бағалапты. Ақша қозғалысы есебін банктерде жүргізу тәжірибесін Римдіктер гректерден үйренген. Алайда Римдіктер бухгалтерияны заңды түрдегі сенімді орынға айналдырған. Бұлар бастапқы құжаттардағы мәліметтерді ең бірінші болып бухгалтерлік есеп регистрларына (счеттарға) жазған. Бухгалтерлер негізінен үш регистрлерді пайдаланған. Бірінші регистрға (кітапқа) күнделікті шаруашылық фактілері жазылып отырған. Бүдан соң бүл кітап екінші регистр түрінде сақталатын кітап немесе мемориал деп аталынған. Жүйелеп жазу кітабы - үшінші ең соңғы регистр түрінде Кодекс деп аталған. Барлық кітаптардағы ақша есебінің қозғалысы және ақшалай елшеммен есеп айырысулар жазылған. Барлық материалдарды құндылық заттардың есебі (астық, май, шарап, малдар т.б.) натуралды өлшеммен беріліп, басқа кітаптарда жүргізілген. Кодекстік счеттар бойынша соңғы қалдықтар шығарылып отырған.
Есептің
жаңа кезеңіне көшудің ең басты дәлелі
дебеттік және кредиттік жазудың
пайда болуында болды. Шаруашылық операцияларының
мазмүнын екіжақты жазу және екі жақты
жазу үшін әртүрлі әдістерді кеңінен
пайдалану мен екіжақтылық
1494 жылы
екіжақтылық жазу жүйесін
Лука Пачоли өзінің «Счеттар және жазулар туралы» трактатында шаруашылық операцияларын, тіркеу және кітаптарды жүргізу жөніндегі орын алған әдістерді, мемориалдарды (естелік кітаптар), жорналдарды, Бас кітапты, көшірмелері түскен кітаптар, жазылған хаттар және меншік иесі мүліктерінің тізімі толық түскен мүліктік кітаптардағы жазуларды талдай келе екіжақтылық заңдылықты жазып, мүның негізінде сөзсіз тиімді счеттар мен кітаптар қүруға болатындығын дәлелдеген.
Лука Пачоли математика мен бухгалтерияның тарихына жер жүзінде екі жақтылық принциптің негізін қағазға түсіріп жазған ғалым ретінде танылды. Алайда кейбір тарихи деректерге сүйенсек кептеген ғалымдардың келісілген тұжырымдарына қарағанда бухгалтерлік есептегі екіжақтылық жазу Лука Пачолидің жазған трактатынан бұрын едәуір ертеректе пайда болса керек.
Мұның дәлелі ретінде белгиялық тарихшы Раймонда де Рувераның «Как возникла двойная бухгалтерия (1958 ж.)» атты еңбегінде жазылған бухгалтерлік есеп тарихына тән флорентикалық есеп варианты жөнінде келтірген мәліметтерін айтуға болады.
Осы заманға дейін бухгалтерлік есепті және екіжақты жазуын бірінші рет кітапқа түсірген ұлы ғалым Лука Пачоли.
Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары еді. Сонын ішінде Франческо Вилла есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп айтқан. Оның ең басты мақсаты – кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты – адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы. Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1) Ежелгі дүние.
2) Ортағасырлық.
3) Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
4) Ғылымның пайда болуы. XIX ғ. екінші жартысы.
5) XX ғ. – бухгалтерлік есептің үдемелі дамуы.
Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңіне адамдар өмірін сақтап қалу үшін тамақ табу керектігін толғандырды, оның мөлшерін ұмытпас үшін оны есте сақтау арқылы немесе белгі салу арқылы жүзеге асырды.
Ортағасырлық кезең екі жақты жазу әдістерінің кеңінен таралуы тән болып табылады.
Үшінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда «есептеу» басты бағыттары анықталған. Одан кейін оның даму сипатталған.
Төртінші кезеңде өз мәні бойынша бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Яғни бухгалтерлік есептің көптеген анықтамалары тұжырымдары мен мақсаттары қалыптасты.
Соңғы кезең сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты айқындалуын сипаттайды. Қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады. Бухгалткрлік есепті автоматтандыру жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап компьютерлік бағдарлама – «1С Бухгалтерия». Бұл бағдарлама «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша құрылған. Оны қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен дамуы