Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:41, реферат
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені жлйды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті.
І.КІРІСПЕ
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1. Бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі
1.2. Құжаттардың атқаратын рөлі мен принциптері
1.3. Құжаттарды өңдеу және олардың классификациясы
2. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ
2.1. Басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі ақпараттарға қойылатын талаптар
2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жылдық қорытынды есеп баланс және бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетілетін барлық баптардағы сомалар тек қана ақшалай өлшеммен жазылады. Жалпы есеп жүйесіндегі баптардағы арифметикалық және басқа да жолдармен өзара салыстырып, қосу, влу, көбейту және бөлу амалдарын пайдалана отырып, аналиткалық жіктеу және кофициенттік көрсеткіштер алуға болады. Коэффициенттік көрсеткіштер талданады, бұлардың негізінде шешім қабылданады.
Еңбек өлшемі - өнім өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету, жұмыс уақытын белгілеу, еңбек өнімділігін есептеу үрдісінде қолданылады. Бұл өлшем жұмыс күннің саны, сағаты, минуты сияқты уақыт өлшемдерімен өлшенеді. Жұмыс уақытының көрсеткіштері жұмысқа қатнасып, өнім өндірушілерге еңбекақы есептеу, кейбір категориялар бойынша еңбек етуші адамдарға норма белгілеп, еңбек өнімділігін есептеу үшін қажет. Еңбек өлшемі ең әуелі натуралды өлшеммен байланысты жүреді. Сонымен қатар еңбек уақыты мен өндіоілген өнімнің саны мен сапасына қарай ақша есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін өлшеу принципінің түпкі мақсаты – есепке түсетін барлық фактілер тек қана ақшалай өлшеммен өлшеніп, бухгалтерлік қорытынды есебін жасау. Ақшалай өлшемсіз баланс жасалынбайды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі жіне шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйе қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат. Бухгалтерлік есеп жүргізудің көптеген әдістерін бірегей жүйеге келтіріп, кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметін ақпараттау мен салыстыру мақсатын орындау үшін қабылданған БЕС атқаратын рөлі өте зор.
Бухгалтерлік баланс жекелеген счеттар қалдығынан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі үлгісі болып табылады.
«Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды береді.
Екі жақты кестеден тұратын кәсіпорынның қаржы жағдайына белгілі бір мерзімге көрсететін мәліметтер жинағын баланс деп атаймыз.
Баланстың оң жағы кәсіпорындар қаражатының құралуы мен қалыптасқан көздерін көрсетеді.
Екі жақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болыпты. Екі жақтылық принципті қолдану арқылы жазылетын жазуды ойлап тапқан францискан монахы Леонардо да Винчидің жақын жолдасы Лука Пачоли болған. Мұндай жазу 1494 жылдан басталған.
Екі жақты жазу принципі экономикалық заңдылықпен үйлеседі. Мысалға, экономикалық құбылыс не көбейеді, не азайады, не бересің, не аласың, не пайда болады, не жоғалады. Мұның барлығы да бірімен бірі тығыз байланысты болатын, бірінің орнын бірі толтыратын құбылыстарға жатады.
Бухгалтерлік есеп счеттары деп кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мазмұның күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, өлшем айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгіленген счеттарға екі жақтылық принциппен жазуды айтамыз.
Счеттардың атқаратын міндеті мен рөліне қарай және активті қаражаттар мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде күнделікті болып отыратын шаруашылық фактілерін тіркеу қасиетін білу арқылы бухгалтерлік есеп пәнінің маңызын терең түсінуге болады.
Шаруашылықтағы нақтылы
Тіркеу принципі үш кезеңнен: 1) бастапқы
құжаттарды бақылау мен талдаудан;
2) жорналдарға екі жақты жазудан;
3) бас кітапқа түсіріп екі жазуды
Қаптап-тіркеу фактісінің негізгі- натуралдық өлшем бірлігіндегі құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап, экономикалық қабатқа түсіп, кәсіпорынның тауарлы – материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді.
Қаптап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәоіметтеріндегі құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомостарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаптап-түгендеу оъектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымкен, қаптап-түгендеу дегеніміз натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Барлық елдерде экономикалық жүйенің бизнестік ұясын шаруашылық субъектілері құрайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық клдексінде заңды тұлғаларға түсінік беріліп, мұның типтері мен түрлері, классификациялануы және әр типтің өз ерекшеліктері берілген.
Шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс артып келеді.
Сондықтан кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісмін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.
Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы екінші жоғары мамадыққа айналды. Яғни, бухгалтерлік есеп мамандығы өміршең мамандық екендігін және де кәсіпорындарды бухгалтерлік қызмет атқарушылар шешуші тұлғаға айналдырған түсінік. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономиканы талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.
Қолданбалы тұлғадан қарағанда бухгалтерлік есеп мамандығы жалпы экономикалық мамандықтар ішіндегі көп тараған мамандықтар қатарында. Сапалы даярланған кәсіби бухгалтерлер экономикалық өмірде іске асырылатын қатынастар мен есеп принциптерін, қаржы, банк істер, талдау мен басқару салаларындағы синтездік байланысты білу керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі