Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 10:32, лекция

Краткое описание

МАҚСАТЫ: Бюджеттік бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызмет. Бюджет бақылаудың қандай құқықтық негіздері және қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы қандай болады соны анықтау болып табылады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджет бақылау және бюджет саласындағы басқару.docx

— 23.32 Кб (Скачать документ)

 

 Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару. 
 
МАҚСАТЫ: Бюджеттік бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызмет. Бюджет бақылаудың қандай құқықтық негіздері және қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы қандай болады соны анықтау болып табылады 
 
1. Бюджеттік компетенция. Материалдык және процессуадык бюджет құқығы. 
2. ҚР бюджет құқығы. Әкімшілік-аумақтык бөлінісітің бюджет құқығы. 
3. Қаржылық бақылаудың түрлері. 
4. Бюджет бақылаудың түрлері, қағидалары, стандарты, актілері.       5.Бюджеттердің орындалуына ішкі және сыртқы бақылаудың негіздері. 
 
   Бюджеттік бақылау тексерістік және тандамалық қызметтің мынавдай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының — мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады. 
   Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:

1.  қорытынды — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;

2.    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы — Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніңдегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;

3.    мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы — белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;

 
4. ұсыным — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жауаптылыққа тарту 
мәселелері бойынша жіберетін құжаты; 
 
5. нұсқама — ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегіңде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген 
белгіленген нысандағы құжат; 
6.    бақылау актісі — мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;

7.    бақылау жүргізу туралы есеп — белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.

   Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар. 
   Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орыңдайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды. 
   Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды. 
   Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау – тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау. 
 
   Ведомостволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған. 
   Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырыпкелген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық бақылау қаржы стратегиясын талдап-жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді. 
   Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін - өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды. 
   Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады. 
 
Қаржылық бақылаудың функциялары: 

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған 
    сомаларға сәйкестігі және:мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекттік 
    ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар  болып табылады:

- бақылаудың реттілілігі,  жаппайлылығы, әмбебаптылығы; бақылаудың  превентивтілігі, яғни оның алдын  алу сипаты;  
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық ~ бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғаңда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады; 
 
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);  
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі 
   Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стаңдарттарымен айқындалады. 
   Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік каржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті. 
   Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніңдегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 
   Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады. 
   Жалмемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді. 
   Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджетгік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.


Информация о работе Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару