Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:22, реферат
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.
2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.
3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Басқару есебі туралы жалпы түсінік.
Жоспар
1. Бухгалтерлік басқару
есебінің пәні және экономикалық мәні.
2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері
мен міндеттері.
3. Шешімдер қабылдаудағы басқару
есебінің ролі.
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық (сегменттері) бухгалтерлік басқару есебінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегменттері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ зертханасы және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс- әрекетті бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.
Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кісіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
Ұйымды шауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтандырылған ұйымдар функционалды принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтандырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттірі бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.
Таңдалған ұйымдастырушылық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта болады.
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Басқару есебінің өрісі – есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп – ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау – құрылымдық бөлімшелер үшін смета әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. басқаша айтқанда сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пен сегменттік есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету – жүйелі, уақытылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер-жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
1-суреттен байқалатыны,
сегменттік есептеу жүйесінде
жиналған және жинақтап
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілген әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады:
құжаттама;
түгендеу;
бақылаушы шоттар – сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар;
мөлшерлеу – ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі;
ынталандыру – кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы;
жоспарлау – кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс;
лимиттеу – қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі;
талдау – басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай іс жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады;
бақылау – пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.;
бағалау – шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі.
3 Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылқ механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яғни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіен мүлде әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді.
Негізінен мемлекеттік органдар үшін іске асырылып жүрген бухгадлетрлік есеп жүйесі, мақсатқа лайықты деген пікірмен келісуге болады. Сондықтан, бүгінгі таңдағы мемлекеттік органдарында қабылданып жатқан бухгалетрлік есеп беру нысандарының (формуласының) мәселесін қозғамай-ақ, шаруашылық субъектілерін басқару жөнінде дәйекті шешімдер қабылдау үшін, қажет болатын басқарушы есеп жүйесі бойынша шаруашылық субъектісінң басшылығының нұсқауымен жүргізу болады.
Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз қарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан олардың көзқарастары да өз деңгейіне танылған жоқ.
Бухгалетр, ақпарат беретін бірыңғай апараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етушіжүйе ретінде танылды.
Бәрімізге белгілі, бақарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік нәтижесін қамтиды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды ролт атқарады. Ол – нарықты қатынатардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда бақсарушы есептің табиғатын, тереңірек олардың функционалдық ерекшеліктерін түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді бақсару мүддесіне толық сай укелетін әдістерін көре білу қажет.
Осыдан келіп, біздің пайымдалыуымызша, өндірісті бақару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен «бақарушылық шешімдері жасау» мәселесін шешумен анықталады,, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:
Бірінші бабы мынадай бақсару элементтерінен тұрады:
а) мәселесінің қойылуы (ақпарат жинау, басқарудың синтездеу, жоспар құру шешім қабылдау, яғни бақаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);
б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтқанда бұл, біріншеден, бірінші бағыттың бастапқы екі элементін бір тұтас біүгінге үйлестіруді, екіншіден, қол астындағылардың оқыту және оларды даярлауды білдіреді);
в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).
Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) құру, запастарды бақару және т.б.
Таңдап алынған іс-әрекеттдің баламалы бюджетті жасаудың жол сілтейтін нүктесі болып табылады. Смета – бұл әкімшіліктің қабылданған әр түрлі шешішмдерін жүзеге асырудың қаржылық жоспары. Смета түсімдері және қолма-қол ақшалардың кері ағылуы, сатудан түскен табыстар мен шығындар ескеріледі. Сметаларда болашақ нәтижелер мен ұйымның ниеті шоғырланған нысанда, біртұтас құжатқа жинақталып көрсетіледі. Бұл құжат қорытынды қаржылық смета деп аталады және табыстар (кірістер) мен шығыстардың сметалық шоттарынан, қолма-қол ақша қозғалысының есеп айырысу мен баланстан тұрады. Сметаны жасау барысында ұйымның әрбір бөлімшесі, әкімшіліктің жормалданған шешімдерін жүзеге асыру туралы өздерінің ролін білгені жөн.