Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:24, курс лекций
1. Банк – бұл ақша айналысы сферасында қызмет ететін, сондай-ақ оның іс-әрекетінің өнімі болып, ақшалай құралдар саналатын құрылымдық бірлік. Банктегі ақша құралдарының қозғалысын бақылауды бухгалтерия жүзеге асырады. Банктік операцияларды жүргізу тәуекел, ұрлық, зиян шегу және т.б. болдырмайтын бөлімшелер қатары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да банктің ішкі құрылымы банктік операциялар бойынша қызметтерді бөлу қағидасына тәуелді болады . Осыған байланысты банктің ішкі құрылымы шартты екі бөлімге бөлінеді: фронт-офис және бэк-офис.
Бухгалтерлік қызметтің ұйымдастырылуы
Банктердегі бухгалтерлік есеп және оның ерекшеліктері
Банктердегі бухгалтерлік есептің қағидалары
Банктік құжаттама
Тақырып 1. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп берудің негіздері
Дәріс жоспары
1. Банк – бұл ақша айналысы сферасында қызмет ететін, сондай-ақ оның іс-әрекетінің өнімі болып, ақшалай құралдар саналатын құрылымдық бірлік. Банктегі ақша құралдарының қозғалысын бақылауды бухгалтерия жүзеге асырады. Банктік операцияларды жүргізу тәуекел, ұрлық, зиян шегу және т.б. болдырмайтын бөлімшелер қатары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да банктің ішкі құрылымы банктік операциялар бойынша қызметтерді бөлу қағидасына тәуелді болады . Осыған байланысты банктің ішкі құрылымы шартты екі бөлімге бөлінеді: фронт-офис және бэк-офис.
Фронт-офистің мақсаты банктік өнімдер мен қызметтерді сату жолымен максималды пайда алу.
Бэк-офистің мақсаты есепте жүргізілген операцияларды және басшылыққа ақпараттарды ұсыну.
Бұл бөлімшелер барлық банктік операцияларды жүргізуді жүзеге асырады. Фронт-офис талдау және өңдеу үшін бэк-офисқа ұсынылған операциялар туралы мағлұматтарды жинақтайды. Екі офистің қызметтері:
Бэк-офис құрамында бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаменті құрылады. Бұл Департаменттің міндеті болып, бухгалтерлік есеп және есеп беру аясында бірыңғай саяси әдістерді қамтамасыз ету, ішкі және қаржылық есеп берулерді құру, оларды қадағалау органдары, банк басшылығы және т.б. сияқты пайдаланушыларға жеткізу.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаментінің қызметтері:
Ұйымдық және бақылау қызметтерін
атқаратын бас бухгалтер
2. қазіргі заманғы банктерді басқару адам іс-әрекетіндегі аса күрделі интелектуалды сферасына жатады. Ол ресурстарды қалыптастыру және оларды орналастыру туралы толық ақпаратты қолдануда қалыптасады. Банкті осындай ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйе бухгалтерлік есеп деп аталады.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП - БҰЛ:
Бухгалтерлік есептің мақсаттары:
Банктердің бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін құру негізінде ҚР-ның нормативтік және заңдық актілерінің талаптары кіреді. ҚР-ның территориясында барлық банктердің міндетті орындауы үшін қажет бухгалтерлік есеп және есеп беру сауалдары бойынша нормативтік акт шығаратын ҚР-ның Ұлттық Банкі, бухгалтерлік есеп және есеп беруде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Банктегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес банк екі рет жазу әдісімен бухгалтерлік есеп жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп ақшалай бірлікте көрсетілген сандық ақпаратпен қаматамасыз ету үшін менеджерлерге көмектесу мақсатында дайындаған есептік, басқару ақпараттық есебіне жатады. Бұл есептік банк іс-әрекетін бақылау, орындау, жоспарлау процесінде пайдаланылады. Қаржылық есептің мағмұматтары банк менеджерлері үшін ғана емес, сол сияқты ішкі қолданушылар үшін де дайындалады. Олар: акционерлер, банк эмитенттері, банк корреспонденттері, қоғамдастықтар, салық органдары.
Бухгалтерлік есеп қамтамасыз етуі керек:
Банктегі есеп беру экономиканың басқа да салаларындағы есеп берулермен тығыз байланысты. Бұл байланыс экономикадағы субъектілерді қаматмасыз ететін несиелік, сондай-ақ банк іс-әрекетіндегі кассалық есеп айырысу шоттары бойынша анықталады. Банкпен берілетін несиелер банк балансының активінде көрсетіледі, ал пассивінде кәсіпорын балансы көрсетіледі.
Банктегі бухгалтерлік есептің сапалық жүйесі келесілермен сипатталады:
Банктік бухгалтерлік есеп құрылудың бірегей және жедел түрлерімен сипатталады.
Банктік есептің нақтылығы мен желделдігі несиелік қарым-қатынастар мен есеп айырысу жағдайы және ақша айналымы, сондай-ақ ақша қаражаттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Банкте бухгалтерлік есепті және құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру міндетті түрде басқа экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есеп жағдайына әсер етеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізу нәтижесінде
алынған ақпарат маңызды
Бухгалтерлік есеп өзіне тек қана бухгалтерлік кітапты енгізуді ғана емес, сондай-ақ қаржылық есеп беруге дайындық, банктер, кәсіпорындар іс-әрекетіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды түсіндіру және талдауды, сонымен қатар бухгалтерлік аудит есеп жүйесін құру, салық салу, жоспарлар мен болжамдар дайындауды да енгізеді.
Бухгалтерлік есептің мақсаты болып, мүдделі тұлғаларды қажетті қаржылық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оның төрт негізгі қолданушыларына шешім қабылдау мақсатынада банктің жұмысы және жағдайы туралы қажетті қаржылық ақпараттармен қамтамасыз ету саналады:
Әрбір банктік операцияның есебі айналымдағы сомалар жазбаларына теңестіріледі. Бір рет дебиттің бір шотына, екінші рет кредиттің басқа шотына жазылады және ол екі рет жазу жүйесі деп аталады.
3.Банкте бухгалтерлік есепті енгізу келесі қағидалар қатарын ескеруге негізделеді:
Активтер = Міндеттемелер + Акционерлік капитал.
4.
Бухгалтерлік есепте барлық банктік операцияларды (ссудалық, кассалық, валюталық) көрсетудің негізі болып, әр түрлі шаруашылық субъектілерінен банк мекемелеріне түсетін, сондай-ақ басқа банктерден түсетін ақшалай есеп айырысу құжаттары саналады.
Бухгалтерлік есеп және бақлауды жүргізу үшін банкте қолданылатын бақылау жиынтығы, банктік құжаттаманы құрайды.
Стандартты құжаттар келесі негізгі реквизиттерден тұрады:
Құжаттардағы реквизиттер
Массалық міндеттемесі бар операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалар санын қысқарту үшін біртектес операцияларды біріктіруші: еркін төлем тапсырысы және т.б. еркін құжаттар қолданылады.
Барлық құжаттар өзінің құрылуы бойынша банктік және клиенттік болып бөлінеді.
Банктік құжаттарға банк мекемелерімен құрылған құжаттар (мемориалды ордерлер, кассалық ордерлер, және т.б. қатысады), ал басқалары шаруашылық субъектілерден түсетіндіктен (төлем тапсырыс, талап тапсырыс, чектер, мерзімді міндеттемелер, қолма-қол салымдарға хабарлама) клиенттік құжатқа қатысты.
Экономикалық мазмұны бойынша немесе ақшалай есеп айырысу құжатындағы көрсетудің сипаты бойынша : кассалық, мемориалды және баланстан тыс болып бөлінеді.
Кассалық құжаттар бойынша кіріс және шығысқа бөлінетін қолма-қол ақшаны беру және қабылдау бойынша операциялар ресімделеді.
Кіріс кассалық құжаттарға клиенттердің
қолма-қол салымдарына
Шығыс кассалық құжаттарға ақша алуға мүмкіндік беретін чектер және шығыс кассалық ордерлері жатады.
Ммемориалды құжаттар шоттар бойынша қолма-қол ақшаны аудару үшін қолданылады. Оның қатарына клиенттер мен банктерге ұсынылатын есеп айырысу құжаттары (төлем тапсырыс, талап тапсырыс, есеп айырысу чектері) және банк қызметкерлерімен толтырылған өкім, мемориалды ордерлер қатысады.
Баланстан тыс құжаттар қатарына баланстан тыс кіріс және шығыс ордерлері жатады. Бұл құжаттармен банкте және бухгалтерияда сақталатын құндылықтарды беру және қабылдау құжаттары жатады.
Банктік есепте қолданылатын ақшалай-есептік құжаттар барлық қозғалған, яғни қолданылатын шоттар бойынша операцияларды көрсету үшін жеткілікті данада құрылады. Мысалы, жабдықтаушы төлем талап-тапсырманы төрт данада береді: 1-сі есеп айырысуды есепке алу үшін өзінде қалса, 2-сі оған қызмет көрсеткен банкке беріледі, ал 3-сі сатушыға берілсе, 4-сі сатып алушыға қызмет көрсететін банкке беріледі.
Банк операцияларын орындаудың негізі ретінде қатысатын барлық кассалық және мемориалды құжаттарда оны толтырушы және ресімдеуші тұлғалардың қолы болуы тиіс.
Банкке бір күнде келіп түскен ақшалай есеп айырысу құжаттары, талдаулық және синтетикалық есеп бойынша көрсетілгеннен кейін және жазбалармен салыстырғаннан соң, сақтауға жіберіледі.бухгалтерияның кассалық құжаттары жеке бумада тігіледі.
Мемориалды құжаттар бумада баланс шоттарының нөмірінің өсу тәртібінде тігіледі. Мұнда, сондай-ақ баланстан тыс шоттар нөмірінің өсу тәртібінде баланстан тыс құжаттар да енгізіледі.
Бір күндік бумадағы құжаттар бір күндік мәліметтер қорытындысымен салыстырылатын жалпы сомаларымен олардың көлемінің нұсқауымен жабдықталады.
Информация о работе Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп берудің негіздері