Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 12:56, лекция
1. Аудиттің негізгі қағидалары
2. Аудиттің пәні, объектілері
3. Аудиттің мақсаты мен міндеттері
4. Аудиттің функциялары
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны:
СОӨЖ №1
Аудиттің негізгі қағидалары мен функциялары, мақсаты мен міндеттері
Аудиттің
негізгі қағидалары
1. Объективтілік. Объективтілік — бұл берілген
іске ғана қатысты фактілерді назарға
алатын ойлау түрі. Аудитор өз жұмысында
шыншыл, адал әрі тура ойын ашық айтатын
болуы тиіс. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды
есеп беруінің дүрыстыгы жайлы өз пікірін
көрсететін қорытындысында аудитор оның
қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық
субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл,
объективті бағалау — мәліметті пайдаланушылардың
дурыс шаруашылық шешімдерін қабылдау
үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік
- интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді,
жай ғана жалпы мағынада шын-шындық емес,
іске бүтіндей адал, әрі объективті қарау.
Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімге тәуелсіз
емес табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті
емес.
2. Бақылаудың белгілі
бір участкеге жұмылдырылуы. Аудиторлық тексеруде көл жағдайда
кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған
әсер ететін факторлар мен байланыстарын
түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі
өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын
қызметінің белгілі бір учаскесіне жүмылдыру
қағидасының маңызды методологиялық мәні
бар.
3. Ғылыми. Аудиттің бұл методологиясы
ақиқат шындықты неғұрлым объективті
бейнелейтін ғылыми зерттеу жұмыстарының
жүргізілуін білдіреді.
4. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін
нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай
азғыруларға ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа
пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті
емес.
5. Құпиялылық. Бұл қағида клиент-кәсіпорынның мүддесін қорғау болып табылады, яғни аудитордың қорытынды есебі жайлы ақпараттар мемлекетке, оның бәсекелестеріне, т.б. берілмейді, жарияланбайды. Демек қорытынды есеп тек кәсіпорынға беріледі және оны жарияламау туралы келісімшартқа қол қойылады.
6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер
мен өзге мәліметті ешқандай алдын-ала
пайымдаусыз зерттеп, қаржылық мәліметтерді
ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ
болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық
мойындау — оның тәуелсіздігін мойыңдауға
негізделген, Әрбір аудитор өзінің пайымдауын
өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның
әділдігіне еш нәрсе ықпалын тигізуге
тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің
бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда
ғана тәуелсіз болады. Ол қандай да бір
басшы, әкімшілік құрылымға бағынуға тиіс
емес және оның ешқандай мүддесі болмауы
тиіс.
Аудиторлар бухгалтерлік регистрлер, жай қолжазбалар, іскер корреспонденциялар мен өзге мәліметтерді еркін пайдалана алуы тиіс. Кәсіпорын басшысымен бірлесіп қызмет істеу мәліметті бұрмалауға немесе жасыруға әкелуге тиіс емес.
Аудиторлардың клиентке
немесе тексерілетін объектіге бейтараптылығы
олардың тексерулерінің нәтижелеріне
әсер етпеуі тиіс. Соңдай-ақ тексерілуші
кәсіпорын басшыларына аудитор қорытындысының
жайын өзгертуге жол беруге болмайды.
Ал кәсіпорын басшысымен келісіп, оған
түзетулер енгізген аудиторларға тәртіпке
келтіру шаралары қолданылуы тиіс. Осылай,
тәуелсіздік аудиттің маңызды қағидасы
болып табылады. Аудитор тәуелсіздігі
мынадай жағдайлардан азаяды, егер аудитор:
1) кәсіпорын-клиенттің
акциясын (немесе облигациясын) иемденсе;
2) клиент-кәсіпорыннан
қарыз алса немесе онан қарыз алатын болса;
3) кәсіпорын басшысымен
туысқаңдық қатынаста болатын болса;
4) клиент-кәсіпорынның
штатында жұмыс істейтін болса;
5) клиент-кәсіпорыннан
сыйлық алатын болса;
6) бір кәсіпорынды
көп жыл қатарынан тексеретін болса.
Аудитордың тәуелсіздігі
артады, егер аудитор:
1) клиенттен қаржы
жөнінен тәуелсіз болса: ақы төлеу өзге
көздерден түсіп және бір клиенттің үлесі
аудиторлық қызмет көрсетуден түскен
жалпы табыстың ішінде елеусіз болса;
2) берілген клиентпен
тек белгілі бір жылдар көлемінде ғана
жүмыс жасайтын болса, бұл клиентпен тым
жақын таныстықтан қашуына мүмкіндік
береді;
3) көзқарастар қақтығысынан
қашқақтауына мүмкіндік беретін өзге
қызметтерді көрсетуді шектесе;
4) клиенттің кез-келгенін
жоғалтып алудан қорықпаса.
Аудиттің пәні болып мыналар табылады:
шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде қаржылық есепті талдау;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде обьективті баға беру;
сонымен қатар ішкі
аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған
есеп саясатына, нормативтік актілерге
сәйкестігіне көңіл белу.
Аудит объектілеріне
мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы жағдайлары.оллардың
өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының
экономикасын дамыту жөнінде және тиімділігі
жөнінде ұсыныс беру.
Қаржылық
есеп беру аудитінің мақсаты аудиторға
қаржылық есеп берудің бекітілген талаптарға
сай барлық маңызды аспектілер бойынша
толтырылғандығы туралы ой-пікірін білдіруге
мүмкіндік беру. Бұл негізгі мақсат аудит
жүргізілген ұйымдармен келісім-шарттарда
дамытылуы мүмкін, себебі аудиторлық қызметтен
басқа аудиторлық ұйымның профилі бойынша
қызметтің басқа да түрлері көрсетілуі
мүмкін. Аудиттің
міндеті қаржылық есеп беру бойынша
ой-пікірін білдіру болып табылады. Аудитор
бұл міндетті орындау үшін жүргізілген
процедуралардың нәтижесінде жиналған
дәлелерді бағалайды және шешім шығарады
және аудитте ақпараттың маңызды бұрмалаушылықтардан
аман екендігіне сенімділіктің жоғары
деңгейіне жету керек.
Аудиттің Қазақстандық
бірінші стандартында былай делінген:
"Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық
тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық
қорытындының заңдар мен нормативтік
актілерге сәйкес жасалынғандығын анықтау"алдында
төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер
қойылады:
Аудиттің
функциялары
Нарық экономикасына
көшу кезеңіндегі аудиттің рөлі оның негізгі
функцияларынан (қызметтері) көрінеді. Нарық экономикасы
кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік
қызметтердің бір түрі ретінде басты роль
атқарады. Ол төмендегідей функцияларды
орындауы тиіс:
Эксперттік қызмет қаржылық есеп элементтерін, бухгалтерлік есептің және ішкі бақылау жағдайын кешендік тексеруді болжайды.
Аналитикалық қызмет қаржылық есеп беруді сараптау мақсатында жүзеге асырылады. Ұйымның қаржы жағдайына қаржылық есеп беруде көрсетілген оқиғаларды талдаусыз және болашаққа болжаусыз толық, объективті баға беру мүмкін емес, сондықтан аудиторлық есептің толықтығы мен дұрыстығы кешендік кезеңдік шаруашылық қызметті талдаумен расталынады.
Консалтингтік қызмет – бұл бухгалтерлік есеп, салық салу, банк ісі, құқық, мүлікті бағалау, т.б. сұрақтар бойынша семинарлар, сабақтар, курстар жүргізу. Нарықтық экономика дамыған елдерде консалтингтік функцияның маңызы зор.
Аудиттің өндірістік қызметі мыналарды қамтиды:
Қаржылық есеп беруді
тексеруден басқа аудиторлық фирмалар
басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық
қызмет туралы" заңда аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдар қаржылық есеп беру
аудитінен басқа өз қызметінің профилі
бойынша төмендегі қызметтерді көрсете
алады:
Бухгалтерлік есепті
жүргізу және қалпына келтіру. "Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есеп беру туралы"
заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ
ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде
арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай
ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар
болып табылады.
Кеңес беру. Қызмет
көрсетудің бұл түрі салық салу мәселелері
бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді,
бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша
ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби
білім беру ретінде оқыту болып табылады,
аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар,
семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер"
жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін
аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен
басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын,
мемлекеттік органдардың бас мамандарын
тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде
болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға
көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер,
стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты
ұйымдастырады.
Бухгалтерлік есепті
автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті
автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік
есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында
қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық
фирма үшін аса өзекті болып табылады.
Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау,
енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде
персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік
есепті жолға қою, оның ішінде қолданбалы
бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды
таңдау сияқты қызметтермен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Аудиттың негізгі қағидалары мен функциялары