Аудиттің жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым сапасының пайда болуына алып келеді. Бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» дгене мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғвнвн қарастыру қажет.
Аудитор латын тілінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған.

Содержание

Кіріспе
1. Аудитті жүргізу жөніндегі келісім – шарт және оның мазмұны
2. Аудиттің негізгі кезеңдері
3. Аудитті жоспарлау
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 54.17 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

  1. Аудитті жүргізу жөніндегі келісім – шарт және оның мазмұны
  2. Аудиттің негізгі кезеңдері
  3. Аудитті жоспарлау

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми мен білім практикалық қызметтің  даму жолында жаңа ғылым сапасының пайда болуына алып келеді. Бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» дгене мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған  және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғвнвн қарастыру қажет.

Аудитор латын тілінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық  жұмыс барысына  тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаа алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – луазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығысол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артықсанаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр-түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақта бет көрсе – жүз ұялады деген ұлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін» деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді ақтаймын» деген адамгершілік қасиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .  
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.  
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек  
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.  
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.  
      Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит "осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.  
Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, "салық есебінің” дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексереу арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол – салықтың тиісі көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылықсубъектілері өз тарапынан "салық есебін” жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана "салық есебіне” аудиттік тексеру жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.  
       Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында тағы да осы түсінікті әйдейі қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Ол аудит анықтамасының көбісінде аудитті тексеру деп анықтаған. Мысалы, авторлар келтірген он үш анықтаманың он бірінде тексеру деп, ал екеуінде бақылау жасауға құқысы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудитті жүргізу жөніндегі келісім – шарт және оның мазмұны

 

  Аудиторлық тексеріс жүргізу келісім-шартты ресми құжат болып табылады. «Аудитор – клиент» арасындаңы қарым-қатынасты регламентейтін және жай келісім-шарттардан айырмашылығы жоқ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылады. Басқалар сияқты, бұл келісім-шартта заңды түрде қатысушы жақтар қызығушылық келісімін көрсетеді және осы жағдайда тапсырыс беруші –клиент, атқарушы – аудиторлар. Дегенмен, кәсіпкерлікте пайдаланылатын маңызды келісім-шарттардың басқа келісім-шарттардан ерекшеленеді. Біріншіден, келісім-шарт жасаған кезде үшінші жақ (қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ) қызығушылығы есептеледі. Себебі деректер бойынша аудитор сапасыз тексеріс жүргізу нәтижесінде болған залал үшін тек клиент алдында ғана емес ,сонымен қатар пайдаланушылар алдында жауапты болады. Келісім-шартқа қол қою алдында аудиторға қажетті түрде мүмкінділігінше клиенттің тілегін нақты анықтап алу керек және оның талабының дұрыс тұжырымдалуына көмек беру.

Аудиторлық тексеріс жүргізуінің сапасы, аудиторлар мен клиент арасындағы қарым-қатынасы көбіне аудит жүргізу келісім-шартының нақты құрылуына байланысты болады. Аудитоплық ұйымның көбіне келісім-шарт жасаудың стандарттық түрін пайдаланады. Бірақ нақты кәсіпорында аудит жүргізу ерекшелігін ескерген жөн, себебі клиент көбіне толық мөлшерде оның мәні мен мазмұнын түсіне бермейді. Аудиторлық тексеріс жүргізу келісім-шарттында клиент тексеріс жүргізуге қажетті құжаттарды ұсыну мерзімін анықтаған жөн, себебі клиент аудитроды шақырып алады, бірақ бухгалтерлік есебі жиі дайын емес, бұл жұмысты өте қиындатады.

 Келісім-шартта тапсырысшы  талабында аудиторлық ұйым алдын-ала  төлеу сомасын көрсеткен дұрыс, аудит шаралары кезінде аудиторлық  қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз  етеді. Клиент жағынан оған деген  «қысымның» болуы және аудит  үшін сыйақыны төлемей қою  мүмкіндігін жояды. Әдетте аудиторлық  ұйым талап ететін алдын-ала  төлеу сомасы 50-ден – 100 ٪ дейін  мөлшерді құрайды. Келісім –шартта  тексеріс кезінде аудиторға тапсырысшының  көмек көрсету міндеттеме пунктін  қарастырған жөн (яғни, түгендеу  кезінде жәрдем беретін қызметкерді  анықтап беру, мүмкін болған жағдайда  аудиторлық командировкаға шығу  үшін қамтамасыз ету және т.б.)

Келісім-шарттың негізгі бөлімдері – бұл:  
- келісім-шарт заты;  
- қызмет көрсету мерзімі;  
- құқықтар;  
- міндеттемелер;  
- жақтар жауапкершілігі;  
- төлеу талаптары мен мөлшері;  
- басқа да талаптар. 

Жоспарлау сатысы келесі аудиторлық қызмет жағдайларынан тұрады:  
- клиентті таңдау және аудит атқарғаны туралы шешім қабылдау;  
- аудит жүргізу үшін персонал таңдау;  
- жұмыс талаптарымен келісу;  
- аудит жүргізуге клиенпен келісім- шарт жасау.  
   Жұмыс талаптарымен келісу. Клиент пен аудитор арасындағы келісім – шарт ҚР – ның «аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес қарастырылады. Әрбір келісім – шарттың қорытындысы алдын – ала келіссөзде қаралады. Аудит жүргізу туралы келісім болғанда екі жақ жұмыс талаптары бойынша жазбаша құжат ұсынуға міндетті. Аудитор клиенттің қойған талаптарымен келіскен жағдайда оның қойғвн талаптары мен қанағатын анықтау қажет, сонымен қатар аудит жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық сұрақтарды қарастырылады. Ол үшін клиент аудиторлық ұйымның мекен - жайын ресми түрде аудит жүргізу туралы ұсынысын келісім - хат арқылы жібереді немесе сәйкесінше қызмет көрсету. Бұндай хат ерікті түрде құрылады. Онда аудит жүргізу мерзімі, оны жүргізу қажеттіліг, соынмен қатар шешімін талап ететін сұрақтар, мүмкін болатын гонорар көлемі және т.б. көрсетіледі. Келісім – хат алғаннан кейін аудиторлық ұйым алдын - ала жоспарлау аудитін жүргізеді. Қаржылық есептілікке тексеріс жасауға шақыру себебін бағалаған кезде аудиторларға ең көп мүмкіндік болатын пайдаланушыларды анықтау керек. Егер кәсіпаорын сатылуға дайындалған болса немесе оны қайта құру қаралса,онда олар есептіліктің нақты екенін дәлелдейтін кең көлемдңматериалдар дайындау керек.  
Клиент және аудиторлық ұйым аудит жүргізуге байланысты келісім-шарт талаптарын біркелкі түсінуі қажет.Түсінбестілікті минимумға апару үшін, бұл талаптпарды келісім-шартта анықтап белгілеу керек. Міндетті хаттың құрамында міндеттер аудитті жоспарлау үшін маңызды, себебі ло тестер жүргізу және жалпы аудитті орындау мен басқа да қызмет көрсету мерзімінің шарттарын қвмтиды. Аудиторлық қызмет көрсету туралы келісім-шарт Қ.Р-ң Азаматтық Кодексінің 384 статьясына сәйкес қызмет көрсетуі қайтарымды келісім-шарт категориясына жатады.Келәсәм-шарт қорытындыланғаннан бастап күшке енеді және екі жақ үшін де міндетті болып табылады және белгіленген мерзіміне дейін әрекет етеді. Егер соңғысы көрсетілмесе, онда келісім-шарт сонда берілген уақытқа дейін әрекет етеді деп танылады. Әрекет ету мерзімі тоқтатылады егер:  
- келісім- шартта негізделген иіндеттерді атқару мүмкін емес болған жағдайда  
- белгіленген тәртіпке байланысты екі жақтың банкрот деп мойындаған болса;  
- келісім-шарт жасаған мемлекеттік мүшесін алып тастаған немесе өзгерткен жағдайда

Аудиторлық тәуекел және маңыздылықты бағалау. Қаржылық есептілікті тексеруді жоспарлау кезінде аудитор алдағы аудиторлық жұмыстың сипатын және көлемін анықтайды. Клиент «тәуекелдірек» болған сайын жұмыс көлемі де сәйкесінше көбірек болатыны ескеру қажет. Сондықтан аудитор маңыздылық пен тәуекелділікті бағалауы қажет. Аудиторлық шаралар мен бұрмалауд салдарын бағалауды жоспарлау кезінде маңыздылық ескеріледі. Маңыздылық туралы алдын –ала пікірлескенде баланс бөлімшелері үшін маңызды болатын кіріс және шығыс туралы есептілік, ақша қозғалысы, меншікті капиталды пайдалануын толық бағалау жатажы. Қаржылық есептілік үшін маңыздысы туралы алдын-ала пікірлесу мақсатының бірі болып жалпы жалпы аудиторлық жоспарды анықтау кезінде аудитор көңілін қаржылық есептіліктің маңызды элеметтеріне аудару керек. Бірақ практикада бұндай пікірлер және негізгі көрсеткіштер бойынша біріккен қателер деңгейі болып, көлемі арнайы басқарушылармен қарастырылған ішкі ұйымдық стандарттарға сай жасалады. Тексеріс жоспарлай отырып, аудиторға маңыздылық деңгейін анықтау қажет, бұл есеп құжаттарындағы кез-келген қателер мен бұрмалауды табуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерістің барлық сатыларында маңыздылықты бағалайды: жоспарлау, аудитті жүргізу, және аудиттің қорытындысын жалпылау. Жоспарлау кезінде аудитор алдын ала баланс бөлімшелері, кіріс және шығыс туралы есепте жеке алғанда және толық қаржылық есептілік туралы пікір жасайды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиттің негізгі кезеңдері

 

Аудит термині осыдан 2000 жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыккан, аудармадағы мағынасы « ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.

Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тындаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушыларды сабақта өткен материалдарды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқуүлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған.

Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметтерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы – аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.

 Арнайы әдебиеттерде  аудиттің пайда болу кезеңі  өзгеше әрі қарама қайшылыққа  толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің  дұрыс көрініс табуын жасау  және бақылау біздің дәуірімізге  дейінгі IV мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге Ніл, Тигр және  Евфрат өзендерінің жазықтарындағы  Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте  жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған  мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет  жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық  жинау, орындалған жұмыс қазынаны  толтыру және кіріс пен щығыс  есептерімен айналысты. Бақылаудың  әр-түрі жүзеге асырылды, оның  ішінде аудит те бар. Мұңдағы  мақсат – қателіктерді азайту  және шенеуліктер тарапынан алдау  әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар  бақылау түрлері сол уақытта  Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлік екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді  бөлісу мәселелері баяндалады.

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық  тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге  және кредиторға олардың салған  ақшаларының сақталуына кепілдік  беруді қамтамасыз ететін жағдай  тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін. пайдаланушылар ол  туралы ақпаратты дербес алуға  мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың  қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік  жазбаларына әдетте қолдары жете  бермейді және олардың тиісті  тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік  құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет.

Информация о работе Аудиттің жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері