Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 22:24, курсовая работа
Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толыктырып отырады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері......................................5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...........................7
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау..............................................................................................................9
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру.......................11
ІІ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2.1 Аудит жүргізу шарты, аудиттің стандарттары..........................................12
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...................................................................................................14
2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.................................................................15
2.4 Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
2.5 Аудит жүргізу сатылары............................................................................16
ІІІ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...............................................................................................................21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...............................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31
Германиядағы аудиторлық істің дамуына 1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Яғни акционерлік қоғамдар (АҚ) мен басқа формадағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы қатаң тексеру тәртібін және тәуелсіз аудиторлар тарапынан есеп берулер мен баланстарды бекітуін талап етті. 1931 жылы АҚ пен басқа кәсіпорындардың есеп берулері мен баланстарын міндетті аудиторлық тексеруді және оның өткізілуі өздігінен реттелуді шарт етіп қойған үкіметтік қаулы қабылданды. 1932 жылы құрылган Аудиторлар институтының аудиторлық қызмет саласындағы мәселелерді талқылайтын мамандандырылған комитеті бар. Қазіргі кезде Германиядағы аудиторлық қызмет 1961 жылдың 24-ші шілдесіндегі Аудиторлардың кәсіби жарғысы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл елде кәсіби аудиттің екі ұйымы жұмыс істейді: Аудиторлар палатасы ж2не Аудиторлар институты. Мұның біріншісіне мүшелікке кіру әрбір аудиторга немесе аудиторлық фирмаларға міндетті болса, ал екінші ұйымда - 2ркімнің өз еркі өзінде болады, сөйтсе де онда 90%-тен де жоғары неміс аудиторлары бар. Аудиторлар палатасына мүшелікке кіру өздері аудиторлар болмаса да, барлық аудиторлық ұйым басқармасы мүшелеріне міндетті. Палатаның қызметін федералды Экономика министрлігі бақылайды. Бұл бақылау оның ісін басқаруды қарастырмайды, тек ГФР (ФРГ) зандары мен Палатаның өз жарғысының сакталуын қадағалаумен шектеледі.
1867 жылдың 24-ші шілдесінде
Францияда «есепшот бойынша
1942 жылы Францияда
аттестациядан өткен
- міндеттерді ерікті біліктілікпен орындау арқылы қоғамдық мүддені қорғау;
- мамандық мүддесін таныту және алдыңғы қатарға шығару;
Қоғам мамандардың мүдделеріне қатысты маңызды проблемаларды талқылауға арналган съезді ұдайы өткізіп түрады. Съезд қорытындылары бойынша аудиторлық тексеруді жүргізу әдісі мен құқықтық мәселелерді, есебі бойынша ұсынысты да қамтитын есеп берулер жарияланып отырады. Бұл материалдарды бухгалтер-аудиторлар өз тәжірибесінде пайдаланады. Француздык аттестациядан өткен және бухгалтер-аудиторлар қоғамы екі деңгейдегі - ұлттық және аймақтық органдар арқылы басқарылады. 1968 жылы бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы халықаралық ұйымдар мен қоғамдық және мемлекеттік органдардың алдында өз мүшелерінің мүдделерін танытатын есепшот бойынша Комиссарлар ұйымы пайда болды. Аудиторлардың қоғамдық ұйымдары үкімет және сот органдарымен тығыз жұмыс істейді. [13, 321 б.]
Франциядағы аудиторлық қызмет 1969 жылдың 12-ші тамызындағы Декретке және 1994 жылдың 24-ші каңтарындағы Үкімет қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит саласындағы негізгі жұмысты жалпы мемлекеттік деңгейде кәсіби ұйым -Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы жүргізеді. Аудиторлық қызметті аймақтық деңгейде шамамен 30 аймактық компаниялар реттейді. Тұтастай алғанда, Францияда аудиторлық қызметті басқарудың жеткілікті дәрежеде қатаң түрде орталықтандырылған жүйесі қалыптасқан.
Аудиторлық істі жетілдіру бойынша жұмыстың көп бөлігін бухгалтер-аудиторлардың басқа ұлттық коғамдары жүргізеді. Мысалы, әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлар институтының құрылуын тездетті, ал Жапонияда Өнеркәсіп және басқару министрлігі айналысады. Бұл елдегі бухгалтерлік есеп пен есеп берулердің осы замангы жағдайы 1945-ші жылгы Жапон аралдарын жаулап алған американдықтар мен генерал Дуглас Макарутра әкімшілігі жүргізген экономикалық қайта құру шарасының әсерімен болды. Бұл кезеңде аудиторлық іс ұйымдарында сөзсіз көрініс тапқан америкалық тәжірибемен қалыптасқан формалар мен әдістерге негізделген бухгалтерлік есеп пен есеп берушілердің тәртібі әзірленді. Оның ішінде, бухгалтерлік стандарт бойынша кеңес кәсіпорындарды тексеру туралы бірқатар ережелерді жасады.
Маманданған бухгалтер-аудиторлар институты Австралияда құрылды, оған тек австралиялықтар ғана емес, сондай-ақ азиялық мемлекеттерде, атап айтқанда, Малайзия, Сингапур, Гонконг азаматтары мүше бола алады.
Австралиядағы осы елдердің өкілдері аудиторлық кәсіпті оқыту, біліктілік емтиханын қабылдау, тиісті атақ беру ісіне араласа алады.
Жаңа Зеландиядағы Бухгалтерлер қоғамы мамандалған (алқалы) бухгалтер-аудиторлар құрамын (өз қоғамының 96%-ін) қамтиды. Алайда бухгалтер-аудитор атағын алу үшін тиісті білім мен аса қажетті жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Маман осы атакты алғанға дейін, «Бухгалтерлер қоғамының», дауыс беретін құқығы жоқ, «уақытша мүшесі» ғана бола алады.
«Еуропаға оралу» және нарықтық экономикаға көшуге байланысты посткеңестік мемлекеттер мен шығыс еуропалық елдердегі шаруашылық механизмдерін қайта құру тексеру-бақылау жұмысының сипатын түбегейлі өзгертуді және тэуелсіз бухгалтер-аудитор сияқты мамандық категориясын қалыптастыруды талап етті.
Шын мәнінде аудиторлық кәсіп алдыңғы орынга шығарылған Шығыс еуропалық елдерде (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния) тексерушілік қызмет айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Польша мен Венгрияда сарапшы-бухгалтер категориясы бұрыннан бар болатын. Бухгалтерлік сараптау техникасы, сарапшы бухгалтерге кәсіби және этикалық талап аудиторлық тексеру тәсілдерімен, бухгалтер-аудиторға қойылатын талаптарға жауап беретін іскерлік жэне өнегелік нормалар көп жагынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мәселен, 1988 жылы Чехия мен Словакияда шетелдік қатысушы кәсіпорындары туралы заң қабылданып, осыған орай бухгалтер-аудитор лауазымы бекітілді. Барлық шетелдік қатысудагы кәсіпорындар ең аз дегенде екі тәуелсіз бухгалтер-аудиторларға жылдық есеп берулерін тексертуі әрі бекіттіруі керек. Ал, олардың жылдық тағайындалуы және қызметтен босатылуы, яғни орнынан түсуі мүмкін. Сондыктан да бұл жағдай Бас аудитордың жұмысына үкіметтің әкімшілік органдарының араласуына тиімді тоскауыл бола алады. Ол өзінің міндетін заңга сәйкес орындап, еркін эрекет етеді. 1985 жылы хабарланган, «Аудиторлық жұмыстың уақытша ережесі» аудиторлық әкімшіліктің негізгі міндеттерін белгіледі. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылык бақылауы өте осал болғандықтан барлық үкіметтік мекемелер мен ірі жэне орташа кэсіпорындарды өз іштеріндегі бақылау жүйесін дамытуға міндеттейтін арнайы бап ережеге енгізілді. Қытайдағы нарықтың тұрақтануы мен экономиканың сауығуына аудиторлық қызмет үлкен көмегін тигізді. Тек бір гана 1989 жылдың өзінде тексеру нәтижесінде қажетсіз объектілер құрылысын қаржыландыруға, істелмеген жұмысқа төленетін сыйакыға арналған «проблемалық ақшалар» мен жалпы ұлттық өнімнің 2% қүрайтын 24 млрд. юан аса ірі «өкілдік» шығындар аныкталды (47,21-23-6).
Қытай үкіметі бухгалтерлердің арасында СРА-маманданған қоғамдық бухгалтердің көбейгенін мақұлдайды. ҚХР-да СРА-ның шамамен 80 фирмасы әрекет етеді. Осы фирмалардың көбісі шетелдік инвестиция базасына негізделген біріккен кәсіпорын-дарға кызмет көрсетеді. СРА фирмалары кәсіпорынның бухгалтерлік кітабын жүргізуді, қызметкерлерді дайындауды және ішкі бакылау жүйесін жобалай алады. Олардың қызметі аудиторлық әкімшілік аудиторламаған көптеген кәсіпорындардың бақылауын күшейтуге көмектеседі. [14, 78 б.]
Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғаламдасуындағы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындагы жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.
Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай есеп берулерін тексеріп, бекітетін тәуелсіз бухгалтер-аудиторлардың осы атақты алуда жоғары экономикалық және заңгерлік білімдері, ең аз дегенде шаруашылық ұйымдарында 10 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар, олардың жасы 35-тен кем болмауы керек. Соңғы хабарларға қарағанда бұл жас 30-ға дейін төмен түсірілген. Сөз жоқ, бухгалтер-аудитор тиісті адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс. Бухгалтер-аудитор атагына талап қылатын ізденушілер федералдық Қаржы министрлігі бекіткен комиссияның алдында өздерінің білімдері мен шеберлігін іс-тәжірибеде қолданып, сынақтан өтуі керек. [15, 177 б.]
Қорытынды
Сонымен, қорыта келе, аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жоніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейіні бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.
Аудиттің мақсаты: аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субъекті шаруашылығына қандай экономикалық кемегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтауы кажет. Сол үшін, аудитор бухгалтерлік есептің нақты құжаттарына, есептеріне зерттеу, талдау жасау арқылы субъектінің бухгалтерлік есебіндегі кемшіліктерді, экономикалық жұмысындағы кемшіліктерін атап көрсетіп, сол кемшіліктерді түзету жолын айтып, тапсырушы алдында сенімділікке ие болуы қажет.
Аудит мақсатында, бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сараптау жасау, оның ішінде қаржы салымы (инвестиция) тиімділігін, құнды қағаз операцияларын тексеру, айналым қаржысы операцияларының заңдылығын, қаржылық-жағдайының тұрақтылығын тексеріп тапсырушыға өзінің осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатын баяндауға міндетті.
Аудит мақсатында - аудиторлық күдіктілік ерекше орын алады. Онда аудитор, аудитор күдігіне баға беруге міндетті. Негізінде, аудитор күдігі дегеніміз - аудит жұмысы біткеннен кейін анықталатын қаржы есебінде жіберілген қателер. Оның озін аудит теориясында үшке бөледі:
1. Есеп құрамындағы күдік ішкі аудит кемшілігіне сәйкес жіберілетін қателерге байланысты аудит күдігі.
2. Ішкі аудит күдігі - бұл күдік бухгалтерлік есептерде жіберілген қателерге байланысты кемшіліктер.
3. Анықталмаған күдік шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есенке дұрыс алынбау себебінен болатын күдік.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары
2. Салық кодексі, 2012ж
3. Бюджеттік
құқық/Жалпы және Ерекше
4. ҚР Қаржылық құқығы, Алматы-2006
5. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть. -Алматы: ТОО «Издательство «НОРМА-К», 2002. -С.64.
6. Ілиясов Қ.Қ. «Қаржы»//Алматы – 2005
7. Финансовый контроль в РК// Финансы Казахстана – 2012
8. Қаржылық бақылаудың сипаттамасы- Қаржы – қаражат-2011
9. Қаржылық құқық негіздері//Алматы-2005
10. Финансовое право РК//Алматы-2010
11. Сартаев С.С., Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық/Оқу құралы-Алматы-2006
12. Найманбаев С.М. Салықтық құқық// Алматы-2006
13. Мельников В. Финансы//Алматы-2003
14. Сәтмырзаев А.А. Аудит теориясы//Алматы-2000
15. Аудит негіздері//алматы-2008
16. Теория аудита//Алматы-2005
17. Аудит теориясы//Алматы-2003
18 Кеулімжаев Д. Қаржылық бақылау//Алматы-2005
19. Аудиторлық тексеру//Заң және заман-2010
Информация о работе Аудиторлық қызметтің пайда болуының тарихы және дамуы: халықаралық тәжірибе