Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 20:06, курсовая работа
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында ХХ ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге обьективті жағдайлар тудырды
КІРІСПЕ ...................................................................................................................................3
I АУДИТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ, МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ....................................................5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы......................................................8
1.2. Аудит мазмұны мен құрамы .......................................................................11
1.3. Аудиттің компоненттері мен негізгі принциптері ....................................13
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ....................................................16
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы .......................................................................18
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері.19
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ......................................................................................................................................21
3.1. «Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС-ның даму жолы..............................................................................................................22
3.2. " Alliance Audit co " ЖШС құрылуы, көрсететін қызметі..........................24
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................................................29
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................................30
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Аудит, пайда болуы мен дамуы
Орындаған: Калиева М.С.
Тексерген: Муканова Л.К.
Семей 2013
Жоспар:
КІРІСПЕ ..............................
I АУДИТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ, МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ...................
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы....................
1.2. Аудит мазмұны мен құрамы ..............................
1.3. Аудиттің компоненттері мен негізгі
принциптері ..............................
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ........................
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы ..............................
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың
қалыптасуына әсері.19
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ.........................
3.1. «Центраудит-Қазақстан»
3.2. " Alliance Audit co " ЖШС құрылуы, көрсететін
қызметі.......................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
ҚОСЫМШАЛАР....................
Кіріспе
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында ХХ ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге обьективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тоқтап қалуына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды.
Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың ролі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтың экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді делінген
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Тақырыптың өзектілігі –нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың замын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі, қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Сондықтан кез келген ұйымда аудитордың қызметі қажет болады.
Курстық жұмыстың мәні: Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп — лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: «бет көрсе- жүз үялады», — деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден «тындаушы» мен саған «сенемін» — деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді» ақтаймын» — деген адамгершілік касиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда оның рөлі орасан зор.
I Аудиттің даму тарихы, мәні, принциптері
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдеріәр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.
Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру және қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықгық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады.
Барлық елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:
Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы (АКДІ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Көптеген еддерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірнеше кәсіби ұйымдар бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар.
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;
(ә) практикалық
және теориялық емтихаидарды
не кәсіби органдар не сәйкес
үкіметгік департамент
(б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі;
(в) "қажетті және сәйкес" мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты қылмыстарға қатысты болмауы керек
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Почелли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның "Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және кіммен көп жерледе көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы-
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті.
Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар "кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.