Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 20:40, реферат
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
1. Аудитке жалпы түсінік
1.1 Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
1.2 Аудит функциялары мен объектілері, пәні
1.3 Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
2. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.
2.1 Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.
2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
2.3 Аудит түрлері
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.
Аудиттің алтыншы компоненті – аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі тереңде қарастыру мақсатымен біз мына үш түсініктеме бердік.
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:
1.
Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты
объективті неғұрлым толық бейнелейтін
экономикалық теория мен диалектикалық
тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика
жағдайында әрекет жасаушы
талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық
қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының
элементтері де болады, өйткені ол ақиқат
болып саналатын кейбір ғылыми жайларды
шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай
іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік
береді. Сондықтан да аудитор есебінде
көбінесе белгілі бір білім және дағдыны
иемденетін ғылым әрекет етеді.
2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.
Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.
3. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.
Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.
4. Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау-информацияны пайдаланушылардың дұрыс шаруашылық щешімдерін қабылдау үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік-интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді, жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес, іске бүтіндей адал, әрі объектквті қарау. Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімте тәуелсіз емес.
5. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.
6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойыңдау - оның тәуелсіздігін мойындауға нетізделген. Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне ешнәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады.
7. Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық. Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионал аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін зерттеуін, кәсіпорынның бухталтерлік проблемалары жайлы кез-келген информацияны алуын күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін, зерттеуді бұзушылық бар екеніне (немесе жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практакасын білетіндігімен, дайындық тәжірибе мен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухталтерлік және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және үлттық стандарттар мен нормативтердің даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады.
Шеберлілік - қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті Аудитор болғысы келген талапкер шеберліліктің жоспарлау, аудиторлық тесттерді өңдеу және компыотермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды.
Ұқыптылық – абайлылық сақтық секілді түсініледі: аудитор жұмысында сақ болуы тиіс, яғни ол өзі сенімділігіне көзі жетпейінше түсініктемелерді дұрыс деп санауына болмайды, ұқыпылық деп сондай-ақ орындалатын жұмысқа мұқият, әділ ниетпен қарауы түсініледі. Аудитор өзінің жұмысын дұрыс жоспарлап, содан кейін оның орындалуының дұрыстығын қамтамасыз етеді, яғни тесттерді толық көлемде орындалып және олардың нәтижелері бойынша адекватты қорытынды шығуын қамтамасыз етеді.
8.
Құпиялылық немесе
9. Оперативтілік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. Аудиттің оперативтілігі аудиторлық процедуралардың өз уақытысында жүргізіліп және тапсырыс берушіге дер кезінде зерттеу нәтижелерін беруінде қорытындыланады. Осы нәтижелердің негізінде тиісті қаржылық, басқарушылық, өндірістік және өзге де шаруашылық шешімдер қабылданады.
10. Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс.
11. Дайындау, пікір. Аудитор оның профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.
12. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Көпшіліктің мүддесі үшін аудиторлар, егер оларға кәсіпорын сақтауға тиіс болған ережені, заңды бұзғаны немесе алдау фактісі белгілі болса тиісті деңгейдегі басшыларға мәлімдеме жасауы мүмкін.
2. Аудит мақсаты
көзқарасын қаржылық
Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.
Ақпарат – жинау,сақтау, өңдеу объектісі болыптабылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, нарықты талдау, пайдаланылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметін пайдалану, сонымен қатар нақты шығындар жатады.
Басқару – шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек ақпарат негізінде ғана мүмкін болады.
Экономикалық ақпарат – бұл экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер.
Аудитті ақпаратпен қамтамасыз етудің міндеті – аудиторлық процесске қатысушыларды бақылаудағы объектілер, олардың қызмет етуі және нормативтік-құқықтық актілер мен кәсіпорындағы шаруашылық механизмдегі заңдарға сәйкестігі туралы хабарлау болып табылады.
Экономикалық ақпарат басқару аппаратының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық ақпаратты түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Басқару қызметі бойынша жоспарлы, есепке алу, нормативтік-анықтамалық және талдамалық болып бөлінеді.
Нормативті ақпаратқа өндірістің конструкторлық- технологиялық дайындығы міндеттерін шешу кезінде есептелінетін нормативтер мен нормалар жатады. Сонымен қатар ақпаратқа тарифтік мөлшерлемелер, айлықтар, жалақыдан бюджеттен тыс қорларға бөлінетін жарналар мөлшерлемесі, салық салу мөлшерлемесі, және т.б. көптеген ұқсас мәліметтер жатады.
Талдамалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің көрсеткіштерін бағалау процесінде туындайды. Оның негізінде басқарушылық шешімдер дайындалады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесіне қатысты, ақпарат шығушы және енуші болып бөлінеді. Енуші ақпарат түсу көздеріне қарай экономикалықсубъектінің ішкі және сыртқы ақпараты болып бөлінеді. Ішкі ақпарат өндірістік-шаруашылыққызмет фактілерін тіркеу кезіндегі күнделікті оперативтік есеп барысында алынған бастапқы ақпаратты, сонымен бірге кәсіпорынның басқа функционалды жүйесінің ақпаратын, мысалы, жоспарлы нормативтік және сан алуан анықтамалық ақпаратты қамтиды. Сыртқы- сыртқы орта туралы ақпарат, мысалы, жоғары ұйымдардың сан алуан директивалары, жеткізушілер мен тасып алушылардан түсетін ақпарат, банк ақпараты, өткізу нарығындағы өнім бағалары туралы ақпарат және т.б.
Есепке алу ақпараты нақты және толық , өзекті және уақытылы, жеткілікті және пайдалы болуы керек. Бастапқы ақпарат құжатпен рәсімдеу және заң нормативіне сәйкес толтырылған болуы қажет. Есепке алу ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі – қаржылық есептеме.
Қаржылық есеп беру ақпаратына ерекше талаптар қойылады. Себебі, аса маңыздышешімдер қабылдау кезінде сыртқы және ішкі пайдаланушылар қолданады.
Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылықжағдайын, оның қызметінің нәтижелері және ол жердегі өзгерістер туралы ақпатартты көрсетеді. Олар:
-Бухгалтерлік баланс;
-Шығындар мен табыстар туралы есеп;
-Ақшалардың қозғалысы туралы есеп;
-Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп;
-Есепке алу саясаты
туралы ақпарат және
Аудит мақсаттары тұрғысына қаржылқ есепберуді құру мен ұсынудың негізгі ерекшеліктері және оған қойылатын талаптар келесідей:
1) қаржылық есеп беру
ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің
қаржылықнәтижелерін, ақша қозғалысын
және ұйымның меншік
2) ұйым сапалық сипаттамаларға
жауап беретін ақпаратты
а) пайдаланушылар үшінорынды шешім қабылдау;
б) келесілерді қамтамасыз ететін сенімділік:
- ұйымның нәтижелері
мен қаржылықжағдайыннақты
- оқиғалар мен
операциялардың тек заңды
- бейтараптық (түрлі
қатысушыларға қатысты
- байқап қарау;
- барлық елеулі қатынастарда толықтық.
3) ұйым пайдаланушылардың
қаржылықжағдайы, қызмет нәтижелері
және қаржылық өзгерістері
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мерзім ішінде ұйым қаржылық есеп беруді; мемлекеттік статистика органына, әр құрылтайшы мен басқа да мүдделі пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасызетуі керек.
Қаржылық есеп берудің мақсаты – ұйымның қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен қаржылық есеп берудегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну.
Экономикалық ақпарат категориясы ретінде есепке алу ақпараты түрлері иерархиялыққұрылымға ие және ол былай көрсетілген: реквизиттер, көрсеткіштер, құжаттар.
Реквизиттер – ары қарай логикалықбөлуге жатпайтын қарапайым ақпараттық бірліктер. Олар объект, процесс, құбылыстардың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді және белгілі бір мағыналық мәнге ие.
Реквизит келесілерге бөлінеді: объект, процесс, құбылыстардың сандықжағын сипаттайтын реквизит негіздері және суреттеліп отырған объект немесе процесстің сапалық жағын сипаттайтын реквизиттік белгілері.
Көрсеткіш – бұл бір реквизит негіздер және бір немесе реквизит-белгілерді қамтитын ақпараттың құрамдас бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, бұл ақпаратқа толы және құжат құруға қабілетті ақпараттың мимимальды құрамдас бөлігі
2.1 Қаржылық
есеп беру элементтері
Аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:
-маңыздылық;
-аудиторлық тәуекелдік;
-қаржылық
есеп беруді басшылықтың
Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылықесеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылықесепберу белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:
Информация о работе Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар