Қаржы нарығы және делдалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 14:50, реферат

Краткое описание

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 725.00 Кб (Скачать документ)

Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.

 Ақыры біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрын алтыннан Қытай, Индия, Мысыр (Египет) елдері, ал көне Грецияда біз дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырда, Арменияда бірінші ғасырда алтын  теңгеліктер шығарылған.

Айталық, XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, алтын дүние жүзінде ақша үшін пайдалануға беріктігі, тұтастығы, тозбайтын қасиеті жағынан зор маңызға ие болып, ақша сахнасына еш теңделік жоқ металл ретінде көтерілді. Міне сол кезеңнен бастап, ақша рөлін атқарып келеді. Осыған сәйкес алтынды белгілі мөлшерде жұмсау мақсатында алтын стандарты деген ұғым пайда болды. Алғаш алтын стандарты (оны пайдалану үлгісі ретінде) түрде әрекет етті. Бірінші, теңгелік алтын стандарты деп аталды. онтоғызыншы ғасырдың аяғына дейін айналыс өрісінде болды. Екінші алтын стандарты алтын валюта делінді. Ал үшінші, ал құйма стандарты еді.

Алтын стандарты тұңғыш peт ақша жүйесі тұрғысында 1 жылы Ұлыбританияда   елінде   қалыптасты.   Ал   көптеген елдерде    алтын рты    XIX ғасырдың    соңғы    кезеңінде қолданылды. Алтын стандартына тән ерекшеліктер:

     тауарлар  бағасын алтын түрінде белгілеуге лайықты өлшем

     мемлекет  алтын ақшаны өз қажетіне қарай шығаруға мүдделігі бар

     алтын   ақшаның  несие ретіндегі ақшаға  емін-еркін  айырбасталатындығы

алтынды шетке шығаруға және шет жерден алып келуге қойылмайтындығы болып табылады.

Осындай қасиеттерімен алтын-теңгелік стандарты ақша -жүйесінде тұрақты рөл атқаратын болды. Әр елдің шаруашылық жағдайына қарай алтын стандарты түрліше рөл атқарды. Мысалы, бір елдің алтын стандарты екінші бір елдің алтын стандартына құны жағынан салыстырмалы тұрғыда қолданылатын болды. Мұның өзі көбіне ақшаның құнсыздануы процесімен байланысты болатын ерекшелік.

Алтын стандартының ақша айналымында қолданыс табуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде күрт өзгерді. Атап айтқанда, 1929-33 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде алтын стандарты барлық елдерде түлкілікті жойылды. Бұл процесс дағдарыс салдарынан ақшаның құнсыздануынан пайда болған құбылыс болатын.

Осы жағдайдың ықпалына қарай дүниежүзінде әр ел өзінің алтынға байланысты ақша жүйесін, оның сауда-саттық қатынастарда әрекет ету қызметін елдің ішкі экономикалық жағдайына қарай ұйымдастыратын болды. Әр ел өз қорындағы ақшаны өзіне тиімділікке қарай пайдаланды. Мысалы, 1971 жылы тамыз айында АҚШ үкіметі алтынды долларға сатуды ресми түрде тоқтатты. Сөйтіп, бұл елде алтын стандарты жүзеге асырылмайтын болды. АҚШ-тағы алтынға байланысты жағдай басқа елдерде де өзгеріске ұшырады.

АҚШ-тың алтынға қатысты саясатына қарай, 1978 жылы Халықаралық Валюта Корының жарғысында алтын халықаралық валюта эталоны (нақты мөлшері) беделінен айырылғаны ресми атап көрсетілді. Соған сәйкес Халықаралық Валюта Қорына мүше елдерде алтынның ақша түрін бейнелейтін мазмұны жойылды.

     Мемлекеттік  мүдде тұрғысынан алғанда, аса құнды метал алтын нарқы мәселесімен арнайы құрылған орталық шұғылданады. орталық негізінен қолдағы басы артық алтынды халықаралық нарық жүйесінде сату немесе сатьш-алу жұмысымен айналысады. Алтынмен байланысты сауда-саттық, яғни, алтынды сату немесе сатып-алу жұмыстары алтын жөніндегі нарыктық баға бойынша жүргізіледі. Алтынды сату өнеркәсіптік тұтыну мақсатында немесе жеке адамдардың алтынды сатып алып, өзіндік жеке алтын қорын жинау мақсатында, инвестициялық қор құру жөнінде тәуекелдік қор жинау немесе алыпсатарлық тұрғыда атқарылады. Бұл аталған мысалдар алтын нарқына байланысты жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерін көрсетеді.

Алтын нарқының негізгі көздері мынадай:  сатуға негізін жаңадан өндірілген алтын қоры жұмсалады. Әр ел алтын сату өзінің ішкі мүмкіншілігіне қарай жүргізеді. Мысалы,  1970 жылы  БАР өзінің ішкі қорына карай 1 мың тонна алтын өндіріп, алтын көбірек сатуға мүмкіндік алды.

Алтын   нарқына   байланысты   қордың   екінші   бір   кез мемлекет   және жеке    алтын   қорын   жинаушылар   тарапынан сатылатын алтын. Нарық жүйесінен сатып алынған алтын қор өнеркәсіптік,  тұрмыстық мақсатта  мысалы, радио-электрника  атом, ракета техникасы үшін пайдалану мақсатында жургізіледі жеке адамдар өзі сатып алған алтынды сол сияқты өз қолында алтынды зергерлік    бұйымдар  соғу үшін пайдаланады.  лы  сақина, сырға сияқты бұйымдар жасайды.  Сатылатын алтынның бағасы дүниежүзілік алтын нарқында қолданылып отырған нақты| кезендегі алтын бағасына сәйкес анықталады.

Алтын нарығының ерекшелігі қандай ?

Алтын    нарқының    әрекет    ету    ерекшеліктері    мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық     тұрпаттағы  алтын құймасы  400  троя  өлшемінде болады.    Сатылатын   алтынның   салмақтық өлшемі   унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық  унция   қолданылуда.   Оның   өлшемді   салмағы   31,101 грамм.  Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын.  Ал   1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.

Алтын нарқында     алтыннан соғылған байырғы теңгелікті  (яғни   алтын стандарты кезеңіндегі) жоғары бағаланады. Осы бағалы   алтын     теңгеліктерді мемлекеттік      тұрғыдан ұйымдастырылады. Осындай алтын теңгеліктерді жеке фирмалар  сата алады. Сол сияқты жаңадан соғылған алтын теңгеліктер сатылады. Ерте заманда соғылған алтын теңгеліктер мен соңғы кезеңде   соғылған теңгеліктердің   бағасы    олардың   салмағы  құрамының  тазалығына байланысты болып отыр. Нарықта, алтын  тек теңгелік тұрпатында  ғана емес, әсемдік бұйымдар, арнайы сым  жұқа парақша,    тағы басқа     түрінде сатылады. Алтын caтумен  шұғылданатын мемлекеттік арнайы орталық немесе жеке фирма көбірек қолданылатын  алтын  бұйымдар жасап,   оны     молынан  сатуды басшылыққа алып отырады.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде алтын сатумен шұғылданатын елуден аса ірі орталықтар бар. Олардың басым бөлігі Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африка елдерінде шоғырланған. Мысалы, Лондон, Париж,    Токио    қалаларындағы алтынмен    сауда  жасайтын орталықтар өз қызыметімен мол тәжірибе жинақтаған.

Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін алтын сату жүйесі төрт түрге бөлінген, олар:

дүние жүзілік (Лондон, Нью-Йорк, т.б.);

 елдің өз ішінде еркін түрде жургізілетін алтын нарқы (Париж, Ыстамбұл, т.б.);

жергілікті жерде бақылауға алынған нарық (Африка, Мысыр) жасыры(көлеңкелі) түрдегі  нарық .

Қорыта келгенде, осы аталған алтын нарқының төрт түрі алтын сату әдісін ліше жүргізеді. Мысалы  біреулері алтынды көбірек сатып алумен шұғылданады. Кейбіреулері, алтын сату үшін өз қорының шамалы болуына сәйкес сауданы кеңінен жүргізе алмайды. Дегенмен, алтын өзінің тауар ретіңдегі рөлін дамыта беруге әрекет етеді.                                                                                   

        

 

 

Әдебиеттер:

1.Алмазова О. Д. Золото  и валюта :прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998.

2. Смагулова Р.О. Қаржы  нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001.

 

Тақырып 4 Валюталық  нарықтар

1 Валюталық нарықтың  дамуы  

2 Валюталарды айырбастау

3 Биржалық және биржадан  тыс валюта нарықтары

Валюта қашан  пайда болды?

“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”,  “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз  ақша ең алғаш  рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда  болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік  Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ  ғасырдың басында Англияда шығарылды.

  Әр ел өз ақшасын  металл немесе қағаз түрінде  шығарса да оған өздерінің  елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы,  яғни валютасы екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің  типтері қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық валюталық  жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік  валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және  мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру  формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық валютадық  жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің  арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.

Ұлттық валюталық  жүйе

Дүниежүзілік  валюталық жүйе

  1. Ұлттық валюта;
  2. Ұлттық валюта айналым дәрежесі
  3. Ұлттық валютаның паритеті;
  4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі;
  5. Халықаралық валюталық өтімділік;
  6. Валюталық шектеудің болуы неме<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_0020_0441_0020_043e_0442_0441_0442_0443_043f_043e_043c__Char" style=" font-size: 14pt; text


Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар