Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 18:23, реферат

Краткое описание

Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кыналар төменгі сатылы өсіімдіктер.docx

— 61.79 Кб (Скачать документ)

Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы.

Шаш бояуға арналған қына.

Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген. Қынаны құрайтын саңырауқұлақтар, негізінен, қалталы саңырауқұлақтар класына, ал Қынаның екінші бөлігін құрайтын балдырлар көк-жасыл балдырлар және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады. Бұлардың бір ерекшелігі — жеке (саңырауқұлақсыз) де тіршілік етуге қабілетті. Қынаның сыртқы пішіні әр түрлі: кішкене жұқа қабықша сияқты, жиегі бір шама тілімделген, сырты тегіс, немесе бұдырлы қалақша тәрізді; кішірек бұталарда, таста өседі, немесе ағаштарда өсіп төмен салбырап тұрады. Түсі қоңыр, қара, сұр, сары, қызғылт, ақшыл, т.б. болып келеді де қайнатпа (қабыршақты), жапырақша және бұта тәрізді Қыналар болып үш топқа бөлінеді.[1]

Қына.

Қына талломдарының бөліктерімен (үзіктерімен) немесе арнайы органдарымен (соредияларымен, изидияларымен) көбейеді. Соредия — балдырлардың клеткалары мен саңырауқұлақ жіпшелерінің топтасқан жиынтығы. Қабыршақ дененің жарықшағынан соредия тозаң сияқты төгіліп, ауамен таралады. Қолайлы жағдайда саңырауқұлақ жіпшелері өсіп, балдыр клеткаларымен біріге Қына денесін құрайды. Изидия Қынаның денесінде бүртік тәрізді пайда болып, сосын бөлініп, өз алдына жаңа Қына организмін түзеді. Қына суды бүкіл денесімен сіңіреді. Қоректік заттарды — минералдық элементтерді тастан, тіпті ауадағы шаңнан да ала алады. Бойынан қымыздық қышқылын бөліп шығарып, тау жыныстарының еріп, мүжілуіне ықпал етеді. Өте аз қоректенетіндіктен Қынаның өсуі де өте баяу, мысалы, бұталы Қына жылына 3 — 5 мм-дей ғана өседі. Қынаның қай түрі де ауаның ластануына, ондағы шаңға, түтінге, күкіртті газдарға төзімді. Қына тундрада ерекше маңызға ие. Жазда бұғы азығының 75%-ын құраса, қыста бұғылар тек Қынамен ғана қоректенеді.

Бірқатар түрлерінен дәрілік глюкоза, спирт, лакмус, бояу, С витамині алынады. Кейбір түрлері орман шаруашылығына зиян келтіреді. Ағаш қабығына жабыса қаптай өсіп, ағаштың газ алмасу процесіне кедергі келтіреді, онда зиянды жәндіктердің, паразитті саңырауқұлақтардың өсіп дамуына жағдай жасайды. Кей түрлерін жергілікті жердің ауасының тазалығын анықтайтын индикатор ретінде пайдалануға болады.

Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады. Олар - ерекше және ғажап ағзалар. Бұлар  сырттай қарағанда бір ғана өсімдік  болып байқалғанымен, екі ағзаның  селбесуінен құралған. Қынаның денесі саңырауқұлақтай және балдырдан  түзілген. Саңырау - құлақтың жіпшумағы  көк-жасыл балдырды (цианобактерия) орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырдың түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. Оның құрамындағы балдырларды ауалан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда.

Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар (гр. лихен - қына, - гр. логос - ілім) деп аталады.

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ор май д арда тіршілік етеді. Антарктидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортала өсетіндері жоғары температурада тез кеуіл кететіндіктен, тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіл қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішіндеріне қарай  үш топқа бөлінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.
  2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне зкабысып өсетін жапырақ пішініне үқсастары - жапырақ тәрізді қыналар.
  3. Қарағайлы орман да төсемікте өсетін бүтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.

Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, еелбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырау - құлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар  тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта  өз бетінше тіршілік ететіндері де бар.

Қынаның құрамында бір жасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және саңырауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қоректенеді.

Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды қоректік ортала жеке-жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері болған. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақ - тар паразитті қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыла келген.

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар  мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері  қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен  бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыла денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегіне бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Бұғы кынасы солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның катпариіағы (таллом) - тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың топырақта  қоректену! нашар жүреді. Тастардың  бетіне, суыған жанартау қалдықтарының (лава) бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қыналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте  бастайды. Біртіндеп сол жерде  топырақ пайда болады. Оған басқа  өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Қыналардың емдік қасиеті  де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны  қайнатыл, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге  пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер  жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Қыналар - ерекше құрылымды  тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырады. Қыналарды зерттеушілер лихенологтар деп аталады.

Қыналар - екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішініне қарай қабық тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып үш топқа бөлінеді. Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы зор. Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіші).

 
Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі антарктикалық қына, оның жасы кем  дегенде 10 000 жыл деп есептеледі. Қыналар 80-100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жылға дейін тіршілік етеді.[2][3][4]

Қыналардың iшкi құрылысы.

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен  тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн  балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас  бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше  арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар  тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста  қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы  құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен  балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен  құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп  тiршiлiк ету немесе симбиоз  деп аталады.

Қыналардың осындай  құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк  ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда  тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.

Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық  заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал  мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.

Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде  таралған, мұзды мұхит жағалауынан  Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада  олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада  тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында  жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан  балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.

Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.

Қыналардың көбеюi.

Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар  мен саңырауқұлақтар табиғатта  өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда  өздерiнiң көбею жолдары пайда  болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен  шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан  тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай  бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп  өсуiнен қына деңесi жарылып бұл  бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.

Бұдан басқа, саңырауқұлақтар  мен балдырлар әрқайсысы өзiнiң  көбею әдiстерiн де сақтаған. Саңырауқұлақтар  өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк  жолмен көбейедi.

Қыналардың маңызы.

Қыналардың өте  көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион  жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген  жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.

Қыналар қалың тұманды  ұнатады. Бiрақ ыстықта да, суықта да, олар таза ауасыз тiршiлiк ете  алмайды. Тек атмосфера ластанса болды, қыналар өле бастайды. Осы  аса төзiмдi өсiмдiктер ауа тазалығының  көрсеткiшi (индикатор) болып табылады. Қына бөлшектерi, қабаттамалары шаң  тұтады (ұстайды).

Қыналар 44% крахмал  және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн  бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу  үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк  облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде  адамдар да тағамға пайдаланады.

Эстония жағалауларында бiр кiшкене арал бар, ол картада  бiр қара нүктедей ғана, аты-Ворман –  көк толқындарда орналасқан. Онда 1982 жылы қыналарды қорғайтын заказник орналасқан.

Көне аңыз бойынша  бiр топ адам шөл далада сырғымалы  құмды кешiп келе жатады. Барлық азық қоры таусылған. Адамдар аштықтан қалжырап, қажып жүруге шамалары келмей ыстық  құмға құлай бастайды.

Таңертең күн  құмды ендi қыздыра бастағанда, аяқ  астынан жел тұрады. Осы сәтте  алыстан құм бетiмен желден домалап  келе жатқан сұр түстi кесектердi көрiп, саяхатшылар таң қалады. Жел оларды биiкке көтерiп тап бiр аспаннан жауғандай еттi.

-         Ұнтақ, ұнтақ. Аспаннан ұнтақ жауды, жарма жауды. Барлығы жүгiрiп осы «жарманы» жинай бастады. Осы кесектердi құрғақтай жедi, ботқа етiп пiсiрдi, таба нан етiп пiсiрдi.

Аңызда аспаннан «жарма», ұнтақ жауды деп айтады. Көпшiлiк бұл «жарманы», ұнтақты  – ұнтақ жарма деп ойлайды. Ол ұсақталған қатты бидайдан алынады. Ал, бұл «жарма» 1772 жылы орыс ботанигi Паллас дәлелдегендей –қына, Африка мен Кiшi Азия шөлдерiнде желмен домалап  ұшып жүрген. Бұл қына-лихэн эскулентус –жеуге жарамды қына. Осы қыналар  қазiрде Қырғыз, түркмен далаларында  кездеседi.

Жеуге жарамды қына шөл далада 700 С – қа дейiн қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп қалады, ауадан ылғал сорып, қайта тiрiледi.


Информация о работе Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы