Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 22:50, реферат

Краткое описание

Төменгі сатыдағы өсімдіктер- бұл құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Төменгі сатыдағы өсімдіктер.docx

— 38.81 Кб (Скачать документ)

Егер теңiз капустасын теңiздiң ашық жерлерiнде өсiрсе, онда ол жерде толқын болғандықтан тасқа өсiрiлген өскiндердi пайдаланады. Бұл жағдайда сүңгуiрлер жұмыс iстейдi. Олар теңiз түбiне тастарды орналастырады және жас капустаның қалай дамып келе жатқанын тексерiп, бақылайды. Бұл күрделi де қымбат жұмыс. Қолайлысы «бау-бақшаны» суы толқымайтын, қорғалған шығанақтарда, тыныш жерлерде өсiрген. Осындай жерлерде теңiз капустасы өскiндерi бар тастар емес жiптер мен бамбук таяқтарын пайдаланады. Таяқтарды саты тәрiздi етiп байлап якорьларға бекiтедi, сонда олар шығанақта теңiз бетiнде қалқып жүредi. Осы әдiс бойынша теңiз капустасын күту, баптау және жинау оңай.

Қала мағындағы шығанақтар мен тыныш жерлерде, ағын сулар  келiп қосылып тұратын маңайларда капуста жақсы өсетiнi байқалған. Осыдан ғалымдар жас теңiз капустасын тыңайтқыштармен үстеп қоректендiру мүмкiндiктерiн қарастырды. Теңiздi қалай тыңайтуға болады? Теңiз «бау-бақшаларына» қанша тыңайтқыш себу керек?

Шынымен теңiз суын тыңайтуға болатыны анықталды. Онда азоттық, фосфорлық қосылыстар аз. Бiрақ тыңайтқыштар толқындармен, ағынмен ағып, шайылып кетiп теңiз капустасы оны пайдалана алмауы мүмкiн. Фаянстан жасалған ұзынша келген цилиндр ыдысқа суда ерiген минералды тұздар бар ерiтiндiнi құяды. Ыдысты мықты тығынмен жауып ерекше корзиналарға салып жүзiп жүрген бамбук таяқтарына 1 м тереңдiкте iлiп қояды. Тұздар ерiтiндiлерi ұзақ уақыт бойы ыдыс қабырғасындағы ұсақ тесiктер (поралар) арқылы бiрте-бiрте суға сiңiп (өтiп) теңiз капустасы оны сiңiрiп отырады.

Теңiз капустасының түсiмiн  балдырларды кептiрiп олардың  құрғақ массасы бойынша анықтайды. Теңiз «бау-бақшаның» әрбiр гектарынан 10 т дейiн кептiрiлген капуста алынады. Ал егер өсiру техникасын жетiлдiрiп, қолдан жасалған тыңайтқыштарды көбiрек пайдаланса, онда 30 т дейiн мол түсiм алуға болады.

Су түбiнде өсетiн iрi балдырлардын басқа теңiздер мен мұхиттардағы су қабатында микроскоптық балдырлар өте көп. Олар суда жүзiп, қалқып жүредi, оны фитопланктон (грек сөзi «фитон» — өсiмдiк және планктос – кезген) деп атайды. Тiптi арктикалық теңiздердiң жоғарғы қабатындағы суда осындай балдырлардың 20-30 млн.дараларын бақылауға болады. Осыдан, олардың ұсақ теңiз жануарларының қоректенуiне, ал ол жануарлардың кәсiптiк балықтар қорегi болуына қандай маңызды екенiн бiлуге болады. Көпшiлiк көк-жасыл балдырлар фитопланктон құрамына кiредi, олардың өте көп мөлшерде дамуы «судың гүлдеуi» деген атпен белгiлi, себебi су жасыл түске боялғандай болады.

Бентос (грек сөзi «benthos»-терең) – су түбiнде шөккен, судың астынғы қабатында мекендейтiн жануарлар, өсiмдiктер және бактериялар жиынтығы. Көбiнесе бентосты фитобентос және зообентос деп екiге бөледi. Фитобентостың теңiздердегi көпшiлiк бөлiгiн жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар құрайды. Тұщы су фитобентосының құрамына жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсiмдiктер кiредi.

Қыналар, олардың құрылыстары, қоректенуi, көбеюi

Қыналар тiрi ағзалардың ерекше тобын құрайды. Қарағайлы орманның құмдақ топырағының бетi көбiнесе аяқпен басқанда күтiрлеп үгiлетiн кепкен сұрғылт өсiмдiктермен жобылған. Бұл өсiмдiктер қыналар. Олар тамырсыз, жапырақсыз, және гүлсiз тармақталған бұта тәрiздi болады. Тундраның шексiз-шетсiз жерлерiн осы өсiмдiктер басып жатыр. Олардың 26 000 түрлерi бар деп есептеледi Қиыр Шығыста осылармен бұғылар қоректенедi, сондықтан оларды «бұғы мүгi» деп атап кеткен. Шындығында ол ешқандай да мүк емес , қына. Ағаштардың дiңдерi осы қынамен жабылғанда олар қоңыр, сары және басқа түстi болып құбылып тұрады. Ескi қоршаулардың (ағаш шарбақтар), ағаш дiңдерiнiң күн түсетiн беттерiнен қынаның сары алтын тәрiздi түрлерiн кездестiруге болады, олар қабырғалық қыналар.

Сендердiң көпшiлiктерiң  мүмкiн қараңғы шыршалы ормандарда төмен салбыраған ақшыл боз түстi «сақалдарды» көрген шығарсыңдар. Бұл сақалды қына немесе iлiнгiш қына. Бұлар әсiресе таулы ормандарда немесе өндiрiстi орталықтардан қашық таза ауалы жерлерде өседi. «Бұғы мүгi», сақалды қына, бұталы қыналарға жатады, себебi олар сырттай бұталарға ұқсас. Қабырғалық қыналар қабыршақты қыналарға жатады.

Қыналардың келесi тобы –  қаспақты қыналар (қоңыр- сұр қаспаққа ұқсас). Олар жалаңаш тасы көп жартасты тауларда жиi кездеседi, тастар мен жартастар бетiн тұтас жауын жатады. Бұлар сұр, қара және ақшыл түстi болады. Бұндай қыналарды қолмен жинау өте қиын, себебi олар тастарға қатты жабысып өседi. Оларды тек пышақпен тастан қырып алуға болады.

Қыналардың маңызы.

Қыналардың өте көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.

Қыналар қалың тұманды  ұнатады. Бiрақ ыстықта да, суықта да, олар таза ауасыз тiршiлiк ете алмайды. Тек атмосфера ластанса болды, қыналар өле бастайды. Осы аса төзiмдi өсiмдiктер ауа тазалығының көрсеткiшi (индикатор) болып табылады. Қына бөлшектерi, қабаттамалары шаң тұтады (ұстайды).

Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.

Эстония жағалауларында бiр  кiшкене арал бар, ол картада бiр  қара нүктедей ғана, аты-Ворман – көк толқындарда орналасқан. Онда 1982 жылы қыналарды қорғайтын заказник орналасқан.

Көне аңыз бойынша бiр топ адам шөл далада сырғымалы құмды кешiп келе жатады. Барлық азық қоры таусылған. Адамдар аштықтан қалжырап, қажып жүруге шамалары келмей ыстық құмға құлай бастайды.

Таңертең күн құмды  ендi қыздыра бастағанда, аяқ астынан  жел тұрады. Осы сәтте алыстан құм бетiмен желден домалап келе жатқан сұр түстi кесектердi көрiп, саяхатшылар таң қалады. Жел оларды биiкке көтерiп тап бiр аспаннан жауғандай еттi.

Ұнтақ, ұнтақ. Аспаннан ұнтақ  жауды, жарма жауды. Барлығы жүгiрiп осы «жарманы» жинай бастады. Осы кесектердi құрғақтай жедi, ботқа етiп пiсiрдi, таба нан етiп пiсiрдi.

Аңызда аспаннан «жарма», ұнтақ жауды деп айтады. Көпшiлiк  бұл «жарманы», ұнтақты – ұнтақ жарма деп ойлайды. Ол ұсақталған қатты бидайдан алынады. Ал, бұл «жарма» 1772 жылы орыс ботанигi Паллас дәлелдегендей –қына, Африка мен Кiшi Азия шөлдерiнде желмен домалап ұшып жүрген. Бұл қына-лихэн эскулентус –жеуге жарамды қына. Осы қыналар қазiрде Қырғыз, түркмен далаларында кездеседi.

Жеуге жарамды қына шөл  далада С – қа дейiн қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп қалады, ауадан ылғал сорып, қайта тiрiледi.

Төменгi сатыдағы өсiмдiктердiң  экожүйелердегi рөлi, олардың биотехнологиядағы, медицинадағы қолданылуы

Төменгi сатыдағы өсiмдiктерге бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және қыналар жатады. Барлық тән белгiлерiне қарап бактериялар мен саңырауқұлақтарды тiрi ағзалардың ерекше тобына жатқызады. Бактериялар аса ұсақ тiршiлiк өкiлдерi. Бактериялар жасушаларының құрылысы көк-жасыл балдырлар жасушасы құрылысына ұқсас.

Бактериялар тiршiлiгi, коректенуi, көбеюi ерекше белсендiлiкпен жүредi. Бактерияның бiр жасушасы сөткесiне өз салмағынан 30 есе көп тамақ сiңiредi. Бұл деген 35-40 кг салмақты мектеп оқушысы күнiне 1 тоннадан аса тамақ iшкенмен бiрдей!

Шын мәнiнде бактериялар  Жерде аса көп мөлшерде кезесiп, барлық жерде (ауада, суда, топырақта, ағзалар денесiнде т.б) таралғандықтан табиғаттағы жүретiн барлық үрдiстерге қатысып, соған ықпал етедi. Күзде ағаштар мен бұталар, шөптесiн өсiмдiктердiң жер бетiндегi бөлiктерi, жапырақтары қурап түседi, ескi бұталар құлайды, ағаштар қартайып құлайды. Осылардың барлығы бiрте-бiрте қарашiрiкке айналады. Бұл саңырауқұлақтар , көптеген топырақ жануарлары және топырақ бактериялары қатысатын күрделi де ұзақ үрдiс. Бактериялардың рөлi осы үрдiстiң соңғы сатыларында аса үлкен. Сапрофиттiк шiрiту бактерияларының әрекетiнiң арқасында қарашiрiк түзiледi. Осыдан соң сапротрофты топырақ бактериялары өз әрекеттерiн бастайды. Осылардың әрекеттерi жасыл өсiмдiктер тамырларымен жақсы сiңiрiлетiн минералдық тұздардың түзiлуiне әкелiп соқтырады. Сонымен, бактериялар табиғаттағы зат айналымға белсендi қатысады.

Атмосфералық азотты сiңiретiн бактериялардың әрекеттерi аса маңызды. Мысалы, беде, жоңышқа, бөрi бұршақ т.б. өсiмдiктердiң жанама тамырлары ерекше болып өзгерген. Олардың жас жанама тамырларында бактериялар мекендейдi. Ол бактериялар топырақ ауасындағы газ тәрiздi азоттың сiңiрiнуiне әсерiн тигiзедi. Осындай бактериялар орналасқан тамырлар түйнектер тәрiздi болып буылтықтанады, сондықтан бактериялар да түйнек бактериялары деп аталады. Осы бактериялардың арқасында бұл өсiмдiктер азоты аз топырақтарда тiршiлiк етiп (өсiп), сол жердi құнарлы етедi. Атмосфералық азотты сiңiре алатын еркiн тiршiлiк ететiн бактериялар да бар. Топырақта 1 га жерде 10 т азот болады, ал ауада 1 га жер бетiнде 80 000 т азот бар, ал оларды жасыл өсiмдiктерге сiңiрiп пайдалану бактерияларсыз мүмкiн емес.

Өсiмдiктер тамырларында көбiрек белсендi түйнек бактериялары орналасу үшiн не iстеу керек? Мүмкiн, оларды топыраққа қосып тыңайту керек шығар. Ол үшiн бактериялы тыңайтқыш нитригин қолданылады. Оны дайындау үшiн зауыттарда белсендi түйнек бактерияларын арнайы дайындалған топырақпен көбейтiп жабық ыдыстарға сақтайды. Нитрагиндi тұқыммен бiрге себедi. Осындай әдiс топырақта азоттың жиналуына себеп болып өсiмдiктердiң жақсы өсiп дамуына жеткiзедi.

Бұршақ тұқымдас емес өсiмдiктер үшiн бактериялық басқа тыңайтқыш  –азотобактерин бар. Оны азотобактерлер деген бактериялардан алады. Азотбактерлер де ауадан азотты сiңiредi, бiрақ олар тамырларда емес, тамыр маңайындағы топырақтарда тiршiлiк етедi.

Әдетте топырақта фосфор әжептәуiр көп. Бiрақ өсiмдiктер оларды пайдалана алмайды, себебi олар органикалық заттармен қосылыстағы күйiнде, немесе фосфор қышқылының ерiмейтiн тұздары түрiнде болады. Өсiмдiктерге қалай фосфорды алу мүмкiндiгiн тудыра керек? Оған тағы бiр бактериялық тыңайтқыш –фосфоробактерин көмектеседi.

Қыста солтүстiк топырақтағы  бактериялардың бiраз бөлiгi өледi, ал қалғаны көктемгi салқан ауа-райында баяу көбейедi. Осындай жағдайда бiрнеше бактериялар тобынан тұратын, топырақты құнарландыратын (комплекстi) кешендi, топты бактериялық тыңайтқыш пайдаланылады.

Ғалымдар бактериялардың пайдалы қасиеттерiн зерттеудi жалғастыруда. Олар осы бiр кiшкене тiршiлiк иелерiн топырақта көбiрек көректiк заттар жинақтауға келетiн жаңа бактериялық тыңайтқыштар шығару үшiн жұмыс iстеуде.

Саңырауқұлақтар әлемi қызықты да сан алуан. Осы ағзаларда өсiмдiктердiң де, жануарлардың да белгiлерi шоғырланған. Өсiмдiктер белгiлерi – бiр орыннан қозғалмауы, үнемi өсу, ерiген заттармен коректену, жасуша қабырғасының болуы.

Пеницилл саңырауқұлағы (пенициллиум) топырақта мол кездесуi, олар топырақтың микробиологиялық үрдiстерiне қатысады. Пенициллиум ылғалды жерлерде көкшiл-жасыл зең түзiп, тамақтардың бүлiнуiне әкеп соқтырады. Пеницилл жасыл зең түзедi. Мукордан айырмашылығы пеницилдiң мицелиi көлденең талшықтармен жасушаларға бөлiнген. Микроскоппен қарағанда жекеленген жiпшелерi жоғары көтерiлiп ұштары шөтке тәрiздi тарамдалып тұрады. Осы тарамдарда споралар тiзбектерi дамып желмен таралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалыболады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антиридилері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеелеп, кең таралған.

      Төменгі  сатыдағы өсімдіктер органикалық  және минералды заттармен қоректенеді.  Органикалық заттармен гетеротрофты  организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен  автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.

      Систематика  ғылымы біздің планетамызда кездесетін  өсімдіктер түрлерін сипаттап  жазып, оларды туыстық топтарға  біріктірумен және осы топтардың  жүздеген миллион жылдарға созылған  эволюциясына жауап беретіндей  жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кездерде өмір сүретін  өсімдіктердің жалпы саны шамамен  500 мыңдай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

                            Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім

   1Төменгі категориялық өсімдіктер

   2Төменгі категориялық  өсімдіктердің медициналық-биологиялық  мәні

ІІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдалынылған әдебиеттер:

1 Ф. Вент. Өсімдіктер әлемінде 1972.

2 Культиасов И.М.Өсімдік экологиясы. М.: МГУ, 1982.

3 Горышина Т.К.Өсімдік экологиясы. М., 1979.

4Поплавская Г.И.Өсімдік экологиясы.


Информация о работе Төменгі сатыдағы өсімдіктер