Тіл дамыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 18:48, реферат

Краткое описание

Адамзат баласының ең негізгі мақсаты - дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күнінен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналылыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышқа бөленеріңіз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дариды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

баланың тілін дамыту адамгер,тәрбиелеу.doc

— 31.50 Кб (Скачать документ)

Тіл дамыту  арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Адамзат баласының ең негізгі мақсаты - дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күнінен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналылыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышқа бөленеріңіз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан  дариды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі ана тілін үйренеді, сонан соң өзіне тән ар-ұят, ақыл-ой, адамгершілік  қасиеттерге баулынады. Сондықтан ата-ананың өзара сыйласымдылығы, өзін-өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында 5-7 жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің тіл дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әр баланың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынас тілі нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.

 Еліміздің болашағын сеніп  тапсыратын мәртебелі азаматты  қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

      Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени – гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор. Өйткені, тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл-ойын жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді, жақсы болуға, еңбекқор, адал болуға үйренеді. Мысалы,                         Ы. Алтынсаринның «Әке мен бала», «Асыл шөп», А.Құнанбаевтың  жыл мезгілдері туралы («Жаз», «Күз», «Қыс») өлеңдерінің, хайуанаттар жайындағы ертегі - әңгімелерінің бала көңілінен  шығары сөзсіз. Балалар бұл шығармалар арқылы  табиғатты, жан-жануарлардың адамға пайдалы екендігін түсінеді. Тәрбиешілер ертегі - әңгімелерді оқи отырып, балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулиды. Осындай жұмыстардың өзінен тәрбиенің алғшқы баспалдағын көруге болады. Біз қазақ деген намысшыл, Отаншыл халықтың ұрпағымыз. Біздің бойымызда бостандықты аңсап, елім деп өткен ата - бабаларымыздың қаны бар. Сол арқылы қуат алып, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсу – бүгінгі ұрпақ алдында тұрған міндет.Ол үшін Отанға, елге деген сүйіспеншілікпен  әр адам бойына адамгершілік құндылықтарын жия білуі  тиіс. Адамгершілік – ең жоғарғы құндылық.

Халқымыздың тұңғыш ағартушысы – Ы. Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - деп мағыналы айтқан.

Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, парасаттылық, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюмыз керек.

Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі – біздің ұжым қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатыр. Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы өте зор әсер етеді.     


Информация о работе Тіл дамыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу