Рудеральды өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Семей өңірі қарқынды шаруашылық қолданыстағы аудандардың біріне жатады. Табиғи экожүйелердің түгелгедерлігі антропогенді факторлардың теріс әсеріне әртүрлі деңгейлерде ұшыраған. Семей қаласының орталық бөлігі рудеральды өсімдік жамылғыларының және оларды құрайтын элемент-фитоценоздарының жағымсыз трансформациясына әкеледі. Ірі қала табиғи ортаның барлық кешендерін айтарлықтай өзгертеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ботаника курс.docx

— 97.76 Кб (Скачать документ)

 

1.3. Семей өңірінің физико - географиялық сипаттасы

Семей Шығыс Қазақстан облысының  батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі  қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан  батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында  Евразия супер -құрылығының Географиялық орталығы анықталған.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.

Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары  оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау  қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың  жоғары амплитудасы салдарынан болып  отыр. Қыста -450 – қа, жазда +450 –қа  дейін жетеді.

Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.

Климаты. Шығыс Қазақстан облысының климаты шұғыл континентті. Территориясының солтүстігінде қоңыржай суық, ал қалған бөлігі қоңыржай- жылы болып келеді. Климаттың континенттілігі температураның тез өзгеруімен, ауаның құрғақтығымен, жауын- шашын мөлшерімен анықталады. Климаттың осылайша ерекше болуы территорияның Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасып, теңіз, мұхит суларынан алыста болуынан, территориясының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты.

Облыс территориясы дала мен  шөлейт және биік таулы климат зоналарын қамтитындықтан, бір жылда күннен келетін сәуле 2500 сағат, жиынтық радиясы 120 ккал/ см болады. Жылдың орташа температурасы -3, -2,8̊ С дейн ауытқиды. Талтүстегі күннің көкжиек үстіндегі биіктігі ( Семей қаласы) 22 маусымда 65̊ С. Ең жылы ай- шілде, ең суық ай- қаңтар. Территориясының көп бөлігінде шілденің орташа температурасы +12, +20̊ С аралығында өзгеріп отырады. Суықта аязды қыс айы кей жылдары -50̊ С жетіп, тұрақты қар жамылғысы 5айға созылады(қараша- наурыз).

Көктемгі суықтар мамырдың аяғында болып, күзгі суық қыркүйектің  басында болса, бұл облыс үшін қалыпты жағдай. Одан кейін күзгі  жылы күндер басталады да, ашық, құрғақ, жылы ауа райы қарашаның басына дейін  созылады.

Атмосфералық жауын- шашынның жыл бойғы таралуы әркелкі: оның көпшілік бөлігі, 70% - ы сәуірден қазанға  дейінгі жылы мерзімге сәйкес келеді. Ол өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Жыл бойғы жауын- шашынның жартысынан көбі шілде мен тамызда түседі.

Ішкі сулары. Шығыс Қазақстанның облысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы аз кездеседі. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын Ертіс өзені облыстағы негізгі су магистралі. Ал қалған өзендердің суы аз болғандықтан Балқаш, Алакөл сияқты тұйықталған ішкі су ағынын құрайды. Жер бетіндегі сулар ағыс сипатына қарай тұрақты, суы тартылатын және маусымдық болып бөлінеді.

Ертіс. Облыстың өзен сулары ішіндегі ең көлемдісі Зайсан ойпатын бойлай ағып өтетін Ертіс өзені. Басын Моңғол Алтайынан алатын Ертіс Ақкезеңойпатының Бала Ертіс, Сібеті, Қу- Ертіс сияқты бұлақтарынан құрылып, Зайсан көліне дейін Қара Ертіс деп аталады. Өзен көлден ағып шыққанда Ақ Ертіс деген атау алады.

Ертіс өзенінің ұзындығы 4422 км, Қазақстан территориясында 1800км, облыс көлемінде 950км- ге созылады. Өскемен  мен Семей аймағында өзеннің  ені 120- 150м, қайрандардағы тереңдігі 9- 8м, иірімдеріндегі тереңдігі 5- 8м- ге дейін жетеді. Өзен суының тасуы  сәуірдің орта тұсынан басталады. Жаз  айларында су деңгейі төмендейді. Ертіс желтоқсанның ортасында қатып, мұз қалыңдығы 110- 115см- ге дейін жетеді де, наурызда ериді. Өзен тасыған кезде су- лайланып түрі өзгеріп кетеді. Ертіс суы гидрокарбонатты топқа жатады да, оның минералдылығы 150 - 200мг/л.

Топырақ және жер  ресурсы. Облыс жерінде еңдік зоналылық анық байқалғандықтан топырақ жамылғысы сан- алуан. Солтүстіктен оңтүстікке (құрғақ дала), ашық қоңыр(шөлейт) және қоңыр топырақ зоналары бірін- бірі алмастырады. Шығыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік бөктерінде ендік зоналық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарында өзгереді.

Қара қоңырақ  топырақ - Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың үлесіне облыс ауданының 9- 10% тиеді. Белағаш даласы мен Тарбағатай жотасындағы орман топырақтарының таралған аудандарында сортаңсыз қара қоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр. Қалбаның батыс бөлігімен Коростелев- Солонов далаларында сортаңды қара топырақ басым болады. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек боп келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді.

Ертістің оң жағалауындағы  қара қоңыр топырақ шығыстағы  Алтай бөктеріндегі қара топырақпен алмасады. Ал Бородулиха ауданының көпшілік бөлігін қара топырақ кешеніне жататын карбонатқа бай қара қоңыр топырақ алып жатыр. Алып жатқан жері небәрі 1% бола тұра, облыстың ең құнарлы топырағы осында. Сонымен бірге Белағаш даласының орталық бөлігімен Тарбағатай жоталарының оңтүстік беткейінде қара топырақ кең таралған. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды.

Ашық қоңыр  топырақ - облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне таралып, Ертістен Алакөл қазан шұңқыры мен Балқаш бойы үстіртіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 1/3 бөлігін алып жатыр.

Облыс топырағының өзіне  тән тағы бір ерекшелігі, оның құрамындағы  тұздың көп болуы.

Өсімдігі. Облыс территориясында солтүстіктен оңтүстікке қарай дала, шөлейт, шөл зоналары алмасып отырады. Таулы аудандарда зоналардың ауысуы жер бедеріне байланысты (биіктік белдеулікке байланысты). Облыстың өсімдік жамылғысына жер бедерінің әсері өте мол. Далалы жерлердің сан алуан болуына байланысты аңғарларда, сай салаларда, теріскей беткейлерде өсімдік жамылғысы сирек кездеседі.

Сортаңды жазық пен  сусымалы құмды жерлерге қарағанда, облыстың ұсақ шоқылы үстіртті аудандарында, таудың жартасты бөлігі мен оңтүстік беткейлерінде өсімдік жамылғысы  бітік өседі.

Дала. Облыс жерінің солтүстігі мен Ертістің оң жағалауын құрғақ дала зонасы алып жатыр. Даласы шөптесін өсімдіктерге бай. Шөптесін өсімдіктерден атқонақ, ұйқы шөп, бидайық, бетеге, жусанның әр түрлері және тобылғы өседі. Шабындық өсімдіктері: жалбыз, бидайық, қоға, қияқ, қамыс өзен аңғарларында және ылғалды аласа жерлерде көптеп кездеседі.

Қарағайлы бор. Ертісті қуалай жіңішке алап болып 300 км жерге дейін созылып жатыр. Оны өте сирек кездесетін реликтілер қатарына жатқызуға болады. Аңызақ желдің өтіне тұрған қарағайлар сусымалы құмды бекітіп, ылғалды ұстап, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады. Орман шеттерінде итмұрын, долана, қар жидек өседі.

Ертіс аңғары. Ылғалдың жеткілігіне орай аңғардың өсімдік жамылғысы өзінің сан алуандылығымен, молдығымен ерекшеленеді. Өзен жамылғыларында шалғын шөптер, ылғал сүйгіш жапырақты ормандармен алмасады.

Ағаш тұқымдастардан қара терек, ақ терек, тал, қайың, көк терек; бұталарадан: ырғай, тобылғы, итмұрын, долана, мойыл, қара жидек, жоңғар розасы өседі.

Семейтау, Делбегетей тауларының территориясында бұршақ тұқымдастары басқа шөптесін өсімдіктермен бірлестіктерді құрайды.

 

 

2.1. Семей аймағындағы рудеральды өсімдіктердің түрлері.

Адам әрекетінің нәтижесінде  қалыптасатын шөпті рудеральды өсімдіктер  жыртылған жерлер, кен орындары, бос қалған жерлердің өсімдіктерімен жақын, жанасып өседі. Бұл жерлердің  көптеген өсімдіктері емдік қасиетке ие, кейде олар армашөпті өсімдіктер түрінде де кездеседі. Бұрынғы құрылыс  орындары, мал шаруашылық фермаларындағы құнарлы топырақтарда қос үйлі қалақай  мен сасықшөп таралады. Мұндай дәрілік  өсімдіктердің шикізат қоры айтарлықтай  мол. Құрғақ сасықшөптер қара меңдуана және кәдімгі сасық меңдуанамен  қатар мекендейді. Сазды құрғақ топырақтарда өсетін сасықшөптермен бірге ащы  жусан мен кәдімгі түймешетендер  өседі. Бұл адамның шаруашылық қолданыстағы жерлеріндегі негізгі дәрілік өсімдіктер. Браун-Бланке әдісі өсімдіктің ерекшелігіне байланысты геоботаникалық мәліметтердің  жүйелілік тәсілдерін нақты түрде  өзгертеуге мүмкіндік береді.

Ι. Қалақайлар тұқымдасы - Urticaceae

Қалақай туысы - Urtica

Күйдіргіш қалақай - Urtica urens бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, ұзындығы 15—35 см. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, кішкене, ұзындығы 2-5см, жұмыртқа пішінді. Қосалқы жапырақтары бар. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Ұсақ және реңсіз гүлдері көбінесе дара жынысты. Аталықтарының саны 4, аналықтары екі жеміс жапырақшаларынан түзілген. Гүлшоғыры сырға, масақ түрінде. Жемісі өте ұсақ келген жаңғақ немесе сүйекті жемістер. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі, жиі кездесетін арамшөптер қатарына жатады. Қазақстанда кездесетін барлық түрінің құрамында белок көп болады. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.

 

ΙΙ. Крестгүлділер тұқымдасы - Brassicaeae.

Сарбасқурай туысы - Sisimbrium

Дәрілік сарбасқурай – S.officinale көп жылдық шөптесін өсімдік. Шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі. Оның биіктігі 20- 100см. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті. Сары түсті, ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым, шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршаққын. Сарбасқурайдың кейбір түрлері (мысалы, Лезелиев сарбасқурайы, өзгергіш сарбасқурай, биік сарбасқурай)- жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы. Ал шалатікенді сарбасқурай (S.subspinescens)- эндемик түр деп саналады. Сарбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%- ға дейін май болады.

Жұмыршақ туысы - Capsella

Кәдімгі жұмыршақ - Capsella bursa-pastoris бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде өседі. Оның биіктігі 50 см- дей. Сабағы жалаң немесе бұтақты болады. Ұзынша жапырақтары сабақ түбіне шоғырлана өседі. Ұсақ гүлдері ақ түсті шашақ гүлшоғырына топталған. Жұмыршақ айқас (мысалы, қоңыз, шыбын, т.б. ұсақ жәндіктер арқылы), өздігінен тозаңданады.сәуірден қара күзге дейін гүлдеп, жемістенеді. Жемісі- үш бұрышты бұршақ. Жылына 2- 3рет өнім береді (бір өсімдік 30мыңға дейін жеміс бере алады). Кәдімгі жұмыршақ арамшөптер сияқ, бір жылда екі рет тұқым шаша алады. Жұмыршақтың құрамында витаминдер, калий тұзы, гликозидтер, илік заттар, органикалық қышқылдар және эфир майы бар. Халық медицинасында жұмыршақты несеп ауруларын, жараны емдегенде және қан тазартатын дәрі ретінде, ал жазғытұрым оның көк шөбін тағамға пайдаланады.

 

ΙΙΙ. Бақажапырақтылар тұқымдасы - Plantaginaceae

Бақажапырақ туысы  - Plantago

Үлкен бақажапырақ - Plantago major Қазақстанның барлық аймақтарында таралған тамырсабақты екі жылдық шөптесін өсімдік. Өзендер мен көлдердің жағалауларында, ылғалды шалғындарда, батпақты жерлерде өседі. Сонымен қатар, сирек те болса да үй маңайында және жол жиектерінде кездесетін арамшөптер ретінде де белгілі. Бүтін жиекті, розеткалы жапырақтары 3-7 жүйкелі. Гүл жапырақтарының қойнауындағы гүлдері жапырақсыз сабақтарда масақ гүлшоғырына жинақталған. Күлтесі қабыршақ тәрізді. Жапырағы халық медицинасында асқазан- ішек ауруларына және әр түрлі жарақаттарды емдеуде қолданылады.

Кең таралған өкілдеріне орташа (P.media), қандауыр (P.lanceolata) және үлкен  бақажапырақты атауға болады. Бұл  тұқымдас өкілдері жәндіктер және жел  арқылы тозаңданады.

 

ΙV. Ерінгүлділер тұқымдасы - Labiatea

Сасықшөп туысы – Leonurus L

Қабықшалы сасықшөп - L.panzerioides екі не көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50- 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. 4қырлы сабағы түзу өседі және түкті боп келеді. Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғары еріні ақ түсті. Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым- шілде айларында гүлдеп, тамыз- қыркүйекте  айларында жеміс салады. Жемісі- көп жаңғақша. Сасықшөптің құрамында алкалоид 0,009- 1,97%, эфир майы 0,04-0,15%, илік заттар 2,3-8,2%, С витамині бар. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек аураларын емдеуге пайдаланады.

Шалфей туысы - Salvia

Дала  шалфейі - S.stepposa сабақтары 30- 40 см, жай, тік болып келеді,сабағының негізі жалаңаш. Жапырағы сопақша- жұмыртқалы, қысқа сағақты, отырмалы жасыл түсті. Гүлшоғыры қарапайым, көбінесе сыпыртқы гүлшоғырына жинақталған. Тостағаншасының ұзындығы 0,6- 0,8 см, түтік немесе түтікті қоңыраулы, жоғарғы еріні жартылай дөңгелек, кішкене тісшелерімен, иректелген, аздап ойысталған. төменгі еріні жұмыртқа пішінді. Күлтесі көк түсті, тостағаншадан 2-3 есе үлкен, ұзындығы 1,5-1,8 см. Аталығы 2еу, тұқымы қара қоңыр түсті. Далалы өңірде тастанды жерлерде, жол жиектерінде кездеседі.

Жебір туысы - Thymus

Кәдімгі жебір - Thymus vulgaris хош иісті шала бұта. Қазақстанның далалы, жол жиегінде, жазық жерлерінде, қиыршық тасты тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 1-25см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Гүлдері қос жынысты, аталығы – 4, аналығы – біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да – бесеу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі–жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Информация о работе Рудеральды өсімдіктер