Мүк тірізділер бөлімі. Плаун тәрізділер бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 12:57, реферат

Краткое описание

Бұл бөлімде өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз обылыстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқа түрлерін, Riccia – ның көптеген түрлерін алуға болады. Бұл мүктер жылды құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.
Мүк тәрізділердің қарапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Мүк тәрізділер бөлімі
Плаун тәрізділер бөлімі
Табиғатта, медицинада, фармацияда қолданылуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ботаника сөж.doc

— 60.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

 

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік 

Фармацевтика Академиясы

 

 

 

ФГЗ және химия  кафедрасы

 

 

 

CӨЖ 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мүк тірізділер бөлімі.

                       Плаун тәрізділер бөлімі.

 

 

                                                                            Орындаған: Қалдыбек Т.А.

                                                                          Тобы: 105 фк

                                                                                      Қабылдаған: Орынбасарова К.К.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2011 ж.


 

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Мүк тәрізділер бөлімі
  2. Плаун тәрізділер бөлімі
  3. Табиғатта, медицинада, фармацияда қолданылуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер 

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер өте ылғалды  ортада тіршілік ететін, көбінесе орманның төменгі ярусын құрайды және батпақты жерлерде таралған. Жоғары сатыдағы споралы  өсімдіктер спора арқылы жыныссыз және ғамета арқылы жынысты жолмен көбееді. Олар жапырақты, сабақты өсімдіктер. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерге мүктер, плаундар, қырықбуындар және шаңжапырақтар жатады.

 

 

 Мүк тәрізділер бөлімі Bryophyta          

Бұл бөлімде  өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп  жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз обылыстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқа түрлерін, Riccia – ның көптеген түрлерін алуға болады. Бұл мүктер жылды құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.

Мүк тәрізділердің  қарапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді. Олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищиден  тұрады. Жақсы жетілген мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық мүк тәрізділердің тамырлары болмайды. өсімдіктердің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды қабылдау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсімдіктер. Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабақты мүктерді ішінде Роіуігісһасеае түқымдасында) трахеидтер мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар баска жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.

Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден  ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты.

Спорофит  мүк тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың (тірсектін) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп атайды.

Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне  қажетті қоректік заттарды алады.

Мүк тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше) дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік. Протонеманың сырт қарағанда толық жетіліп қалыптасқан өсімдіктен айқын айырмасы болады. Кейде ол аса үлкен болып жетіледі. Протонема тікелей мүк өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер түзеді. Осы бүршіктерден келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады. риниофиггердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын және олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. Мүк тәрізділер мен риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек. Одан әрі дамудың барысында Bryophyta -ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті профессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Bryophyta эволюцияның дараданған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.

Классификациясы. Bryophyta бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктері класы (Hepatiopsida), антоцероттар класы (Anthoctrotopsida) және жапырақты сабақты мүктер класы (Bryopsida). Айта кеткен жөн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады.

Мүк тәрізділерді инвентаризациялау  әлі күнге дейін аяқталмаған, әсіресе бриологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүк тәрізділердің түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге дейін (кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000-дейін) жапырақты-сабақты мүктер (700-ден аса туыс) және 300-дей түрін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүк тәрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады.

Мүктер ылғалы мол жерлерде өседі. Олар нағыз сабақты, жапырақты көп жылдық, сирек бір  жылдық өсімдіктер. Тамыр болмайды, тамыр қызметін ризоидтар атқарады. Топырақтан су мен минералды заттарды, ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез үрдісінде органикалық заттар синтезделеді. Сондықтан мүктер автотрофты ағзалар болып табылады. Мүктердің жасыл және шымтезек мүгі деген екі түрі бар. 

Жасыл мүк( көкек зығыры) топырақтың бетін тұтастай жауып жатады. Бойына көп мөлшерде су жинайтындықтан, орманның батпаққа айналуына себепші болады. Екі үйлі өсімдік. Аналық өсімдік бір жылдық, ал аталық өсімдік көп жылдық. Сабағы бұтақтанбаған, механикалық ұлпа болғанымен, сабақтың ішкі құрылысы қарапайым. Сабақтың ортасында шоқ орналасқан. Сабақты, жапырақты аналық өркеннің ұшында колба тәрізді архегонии, аталық өсімдіктің өркенінің ұшында қызыл – қоңыр жапырақтармен қоршалып антеридии жасалады. Антеридии ішінде талшықтары бар сперматозоид жетіліп, архегониидегі аналық жасушаны ұрықтандырғаннан кейін қауашақ жетіледі. Онда спора түзіледі. Пісіп – жетілген спора қауашақтан шашылып, қолайлы жағдайда өніп, балдырға ұқсас өскінше пайда болады. өскіншедегі бүршіктен жас мүк дамиды.

Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде кездеседі. Ақшыл – жасыл түсті болғандықтан ақ мүк деп те аталады. Оның ұсақ жапырақтар жиі орналасқан сабағы бұтақтанып кеткен. Ризоид болмайды, суды бүкіл денесімен сіңіреді. Сабағындағы ірі өлі бос жасушалар ауаға толы болғандықтан қураған мүк те ақ түсті. Шымтезек мүгі ұшынан өсетіндіктен, төменгі бөлігі өліп, ауа аздығынан шымтезекке айналады. Ол бір үйлі қос жынысты өсімдік. Жасыл мүк тәрізді жынысты және жыныссыз жолмен көбееді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ПЛАУНОВИДНЫЕ)- LYCOPODIOPHYTA 

Жалпы сипаттамасы. Қазіргі кезде біздің планетамызды мекендейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, плаун тәрізділер (Lycopodiophyta) өте ертеде пайда болған өсімдіктерге жатады.

Плаун тәрізділер өзінің даму билігіне палеозой эрасының соңында көтерілген. Қазіргі кезде плаун тәрізділердің аздаған ғана туысы мен түрлері кездеседі, олардың өсімдіктер дүниесінің құрамының қалыптасуына қатысы шамалы. Бөлімнің қазіргі кездесетін өкілдерінің барлығы мәңгі жасыл, сырт қарағанда кейбір жасыл мүктерге ұқсас болып келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кезде жойылып кеткен плаун тәрізділердің ішінде шөптесін өсімдіктермен бірге, үлкен ағаш тәрізді формалары да болған.

Плаун тәрізділердің  көпшілігіне спиральдың бойымен  орналасқан жапырақтары бар бұтақтардың  болуы тән. Кейде жапырақтары қарама- қарсы немесе топталып орналасады. Кейбір плаун тәрізділердің жапырағының түбіне жақын жерде, оның ішкі өске қараған жағында кішірек шұңқырға батып тұратын өскіні болады. Оны тілше немесе лигула деп атайды.

Сабағының жер  асты бөлігі, бір плаун тәрізділерде түрі өзгерген жапырақтары және қосалқы тамырлары бар нағыз тамырсабаққа ұқсас болып келеді.  Ал екінші біреулерінде ерекше «ризофор» деп аталынатын орган түзіледі, онда спиральдың бойымен орналасқан тамырлары болады. Плаун тәрізділердің тамырлары қосалқы тамырларға жатады.

Плаун тәрізділердің  жер беті және жер асты өстері төбелік  меристемалары арқылы өседі. Олардың  белсенді (инициальды) клеткалары келешегінде  бөліну мүмкіндігінен айырылады, сондықтанда  плаун тәрізділердің аздап қана өседі.Олардың белсенді (детерминирован) және олар бірдей уақытта өледі, ал тең болмаған жағдайда бұтақтардың біреуі өзінің өсіп дамуын екіншісінен бұрын аяқтайды.

Плаун тәрізділердің  сабағының өткізгіш системасы стельдердің  әртүрлі типтеріне байланысты болып келеді. Өсімдіктің онтогенезінде стельдің бір типінің екіншісіне ауысып отыруы заңды түрде жүретін процесс, оны төбелік меристеманың көлемінің өзгеруінен айқын байқауға болады.

Осы бөлімнің қазіргі  кезде жойылып кеткен ағаш тәрізді  және кейбір шөптесін өкілдеріне, сабақтарының және ризофораларының екінші рет жуандауы тән, ол қалыпты жағдайдағы немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған камбийдің қызметіне байланысты.

Плаун тәрізділердің  ішінде тең споралы және әртүрлі  споралы өсімдіктер бар және гаметофиттері (өскіншелері) бір-бірінен айқын ажыратылады. Әртүрлі споралары өсімдіктердің жапырақтарының тілшесі болады. Плаун тәрізділердің спораларының әдетте үш жақтауы, тетрадалы тігісі болады.

Қазіргі кезде  өмір сүретін тең споралы плаун  тәрізділердің гаметофиттері жердің астында немесе жартылай жердің астында жатады және етженді келеді, ұзындығы 2-20 мм-дей болады. Олар қос жынысты сапрофит немесе жартылай сапрофит ретінде өмір сүреді және 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Әртүрлі споралары плаун тәрізділердің гаметофиттері дара жынысты болып келеді және жердің бетінде өседі. Олар спорада болатын қоректік заттарды пайдалана отырып бірнеше аптаның ішінде дамиды, пісіп жетілгеннен кейін де спораның қабығынан сыртқа шықпайды немесе аздап қана шығады.

Жыныс органдары  антеридийлер мен архегонийлерден тұрады. Антиридийлерінде екі немесе көп талшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткалары жетіледі. Ұрықтану процесі судың тамшысы болған жағдайда ғана жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ бірден жаңа өсімдікке, яғни спорофитке айналады.

Плаун тәрізділер бөлімі екі кластан тұрады: 1) плаундар немесе ликоподиопсидтер (Lycopodiopsida) және 2) полушниктер немесе шильниктер немесе изоэтопсидтер (Isoetopsida) кластары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Ә.Әметов. Ботаника. – Алматы, 2000. – Б. 280, 293
  2. Е. Агелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника. – А:Санат, 1998.-483 б.
  3. А. Мұхамедгалиев. З. Кабаева. Өсімдіктану.- Алматы, 1995-202 б.
  4. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.И. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым, 1998-288 б.
  5. М.Б. Бедебаев. Г.Б. Дөненбаева, К.М.Нұғманова. Өсімдіктер систематикасы.- Шымкент, 1997-182 б.

Информация о работе Мүк тірізділер бөлімі. Плаун тәрізділер бөлімі