Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 05:58, практическая работа
Ғылыми жобада өсімдіктердегі микоризалық байланыстардың артықшылықтарын ескере отырып,оның модификациялық өзгергіштікке әсер етуіне көз жеткізу үшін ,микоризалы және микоризасыз ағаштардан жапырақтар алынып, математикалық әдісті қолдану арқылы салыстырмалы түрде модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары есептелді.Зерттеу барысында ағаштарда микоризалық байланыстар болса да болмасада , жапырақтардың кездесу жиілігінде статистикалық заңдылықтың сақталғандығы дәлелденді.
Микоризалы (А) және микоризасыз (Б) теректің жапырағының өзгергіштігінің көрсеткіші.
(В кесте)
№ |
Өсімдік мүшесі |
А lim |
Б lim |
1 |
Жапырақтың ұзындығы, см |
3-7 |
2-6 |
2 |
Жапырақтың ені, мм |
25-60 |
20-47 |
3 |
Жапырақ сағағының ұзындығы, мм |
8-19 |
10-22 |
4 |
1 және 2 жүйкелер аралығындағы арақашықтық, мм |
4-12 |
3-10 |
5 |
Жапырақтың бір жағындағы жүйке саны |
4-7 |
3-5 |
6 |
Жеміс беруші сырғаларының ұзындығы, мм |
15-33 |
13-22 |
Алынған мәліметтерді салыстыру барысында, микоризалы ағаштың жапырақтарының микоризасы жоқ ағаштың жапырақтарына қарағанда жапырақтың ұзындығы, ені, сағағының ұзындығы, жүйкелер арасындағы ұзындық, жүйкелер саны, жеміс беруші сырғаларының ұзындығы бойынша айырмашылықтары бар екендігіне, яғни микоризалы ағаштың жапырақтарының өлшемдерінің анағұрлым жоғары екендігіне көз жеткіздім. Бұдан шығатын қорытынды: микориза, сыртқы фактор ретінде өсімдік өнімділігіне (фенотипіне)оң әсер етеді. Бірақ, микоризаның әсеріне қарамастан микоризалы және микоризасыз ағаштағы кішкентай жапырақтар мен үлкен жапырақтар саны әрқашан аз және орташа өлшемдегі жапырақтардың саны көп болатынын қисық сызықтанайқын көруге болады. Яғни, модификациялық өзгергіштік заңдылықтары қатаң сақталады.
Зерттеу жұмысының барысында микоризаны қоршаған ортаның факторы ретінде қарастыра отырып, оның өсімдіктің фенотипіне тікелей әсер ететініне айқын көз жеткізуге болады. Ол үшін микоризалы және микоризасыз ағаштың жапырақтарын алып, олардың ұзындықтарын өлшеп, алынған мәліметтер бойынша математикалық әдістерді қолдану арқылы вариациялық қатары құрылып, қисық сызық сызылды. Зерттеу барысында байқалған морфологиялық сандық өзгергіштіктерге сүйене отыра келесі қорытындыға келдік. Жапырақтың фенотипінде микоризаның болуы және болмауына қарамастан, модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары сақталғандығы салыстырмалы түрде көрсетіліп дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Микоризаның модификациялық өзгергіштікке әсері