Кактусты өсіру кунтизбеси

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 16:26, доклад

Краткое описание

Қаңтар айында бөлме өсімдіктерінің ерекшелігіне сәйкес негізгі топтарының тіршілік жағдайына жалпы сипаттама берілді.Және бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары, климаты жайлы мағлұматтар жинақталды,Бұл кезеңдегі жұмыс барысы мені бар ынта-жігеріммен жұмыс жасауға итермелеп, қызығушылық туғызды.Себебі көптеген гүлдердің жарқын түстері, олардың хош иістері қай адамды болмасын баурап алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кактусты өсіру күнтізбесі.doc

— 36.50 Кб (Скачать документ)

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе

                                                       облыстық дарынды балаларға 

                                                             арналған мамандандырылған

                                               мектеп- интернатының

                                      11-класс оқушысы

                                                       Мирасбекова Асылайымның

                                                         Бөлме өсімдіктерінің ерекшелігі»

                                                            атты ғылыми жоба жұмысының

 

Күнтізбесі

 

     Қаңтар 

Қаңтар айында бөлме өсімдіктерінің ерекшелігіне сәйкес негізгі топтарының тіршілік жағдайына жалпы сипаттама берілді.Және бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары, климаты жайлы мағлұматтар жинақталды,Бұл кезеңдегі жұмыс барысы мені бар ынта-жігеріммен жұмыс жасауға итермелеп, қызығушылық туғызды.Себебі көптеген гүлдердің жарқын түстері, олардың хош иістері қай адамды болмасын баурап алады.

 

    Ақпан

Қаңтар айында бөлме өсімдіктерінің ерекшелігіне сәйкес негізгі топтарының тіршілік жағдайына жалпы сипаттама беріліп, олардың негізгі топтары, климаты жайлы мағлұматтар жинақталған соң сол бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарын орналастыру жағдайы қарастырылды.

   

    Наурыз

Жалпы бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктерін жалпылама толық қарастырғаннан соң олардың негізгі топтарының фитосанитариялық сараптамасына шолу жүргізілді.   Бөлме өсімдіктеріне жасалатын фитосанитариялық сараптама түрлерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей жіктелу анықталды.Бұл зерттеу нәтижелері алдағы жұмыстар барысында оңтайлы септігін тигізер.

 

   Сәуір

Осы жұмысты дайындау үшін ғылыми материал жоба жұмысын орындау барысында  жинақталып, зерттеу тақырыбына қатысы нақты әдебиеттерге шолу жасалды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ)Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертханасы» мемлекеттік мекемесінің филиалы Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасында, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясында бөлме өсімдіктері туралы жиналған материалдарға, гербарий жинақтары мен бақылауларға талдау жасалды.

 

       Мамыр

Қазіргі таңда қолданылатын классификациялаудың нәтижесі бөлме  өсімдіктерін олардың өзіндік ерекшеліктермен  сипатталатын төмендегідей негізгі  төрт тобына бөліп қарастырылды және осы топқа жататын жалпы саны 50 болатын бөлме өсімдіктері зерттелді.

 

 

      Маусым

Осы зерттеу жұмысына таңдап алынған  бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің  ботаникалық сипаттама берілді.

 

       Шілде

Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің зиянкестері  мен ауруларына талдау жасалды.Зерттеу барысында олардың ауру түрлері мен зиянкестерінің түрлері анықталды және оларға сараптама жүргізілді.

     

      Тамыз

Бөлме өсімдіктерінің қарастырылып отырған топтарына  жататын түрлері  зиянкестерінің таралуында белгілі  бір «заңдылықты» байқалды.Яғни, бөлме  өсімдіктерінің ауруына шалдыққыш декоративті гүлді және декоративті гүлді құмырадағы топтағы түрлері екені анықталды.Сонымен, бөлме өсімдіктеріне ең көп зиян келтіретіндер – өрмекші кенелер, өсімдік бітелері, қалқаншалылар, ақ қанаттылар, аурулардан – ақұнтақ, боз шірік екені айқындалды.

 

 

         Қыркүйек

Бөлме өсімдіктерінің негізгі  топтарының жекелеген түрлеріне   фитосанитариялық сараптама яғни, энтомологиялық сараптама  жүргізілді.Сараптама жасау барысында зиянкестерді табудың  және оларды жинаудың түрлі әдістері мен техникалық тәсілдері қолданылды.

 

         Қазан

 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне энтомологиялық сараптама жасауда пайдаланылатын әдістер қолданылды.

1. Карантиндiк немес карантиндік емес объектiлердiң бар-жоғын тексеру.

2. Қағаз көмегімен тірі личинкаларды тауып, жинау.

3. Биологиялық  әдіс жүргізілді.

 

  Қараша

Карантиндік емес Ақ қанаттылар мен Сымырларға энтомологиялық

сараптама жүргізу әдістемесі қолданылып, бөлме өсімдіктерінің ақ қанаттылармен зақымдану белгілері анықталды. Ақ қанаттыларды жинау әдістемесі жүргізілді және күресу шаралары анықталды.Бөлме өсімдіктерінің сымырлармен (кокцидтермен)  зақымдану белгілері қарастырылды. Сымырларды жинау әдістемесі жүргізілді.

 

 

   Желтоқсан

Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің күтімі, қарапайым санитариялық - алдын-алу шаралары ғылыми тұрғыдан негізделіп, әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кактусты өсіру кунтизбеси