Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 12:52, курсовая работа
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет.
1.Еліміздің экологиялық проблемалары
2 .Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы
3. Экология және қоршаған ортаны қорғау
4. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
5. Әлемдегі ең ашық полигон – Семей полигоны
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
3. Экология және қоршаған ортаны қорғау
Елбасының Қазақстан
халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан
бүгін Еуропа мен Азия арасындағы
коммуникациялар легінің түйіскен жерінде
тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды
өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың
мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану
деген еді. Еліміздің алдына Президент
қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның
жағдайына тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам
мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде
біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы
қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді,
барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің
нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары
жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық
прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа
әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су
тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи
құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті,
тіпті олардан асып түсті десе де болады.
Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл
күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы
энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның
табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға
айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша
экологиялық сипат алды.
Көптеген
ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын,
салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология
ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады.
Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология
жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе
де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест
Геккель биологиялық экологияға берген
анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында
XXI ғасырдың экологиялық проблемалары
қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ.
Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың
ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар
барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі
ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің
бұзуылуына жауапты бола отырып, оның
шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық
проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын,
оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы
мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің
көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің
өзінде табиғатты пайдаланумен қатар,
оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері
қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ
бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп
отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық
прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы
тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың
алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды
тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге
жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары
оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық,
экологиялық, биологиялық қарулардың
сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың
есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын
арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық
апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық
ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді.
Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру
үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның
экологиялық ахуалына қысқаша талдау
жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік
Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің
25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс
орнының зиялды экологиясы айтпаса да
түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ
өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5
млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы
З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны
жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген
зардабы жайлы маңызды шешім табылған
жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары
қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті
ластануда.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы
су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен
ластануы одан ары етек алуда. Күрделі
экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды
да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік
космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына
әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік,
өндірісте ластану, радиоактивтілік және
ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала)
ластану топырақтың құнарсыздануына,
жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде
әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық
жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен
Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге,
жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға
айналған жерлер мен Арал табанындағы
тұздар ғаламдық экология проблемаларын
тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде.
Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары
құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл,
Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз
емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су
қоймаларының салынуы, суды көп қажет
ететін күріш, техникалық дақылдардың
егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп
соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының
алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда.
Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық
проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия,
вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері
елді мекендер мен қала тұрғындарына апат
әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы
дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың
қатарына жатады.
1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде
503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық
апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге
айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын
елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын
халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары
қандай зардап шегіп отыр? Оған жауап жоқ.
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты
радиоактивті қалдықтар жинақталған.
Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда
тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына
шалдыққан. Егер де соңғы кезде жиі сөз
болып жүрген шетелдердің радиоактивті
қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға
рұқсат етсек не боламыз. Бұған ешбір жол
беруге болмайды.
Қазақстандағы мұндай экологиялық жағдайлар
туралы ақпараттық шын мәнінде көпшілікке
жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған
аймақтардың тұрғындардың өздері ауруының
неден болатыны туралы хабарсыз. Мұны
адам құқын бұзғандық және еліміздегі
жариялылық демократиялық мемлекетті
құрудағы ағаттықтар деп білу керек.
Табиғаттағы өзгерістергі байланысты
болжамдар жасап отыру-ғылымның міндетті.
Кез-келген архитектуралық шаруашылық
объектілерін, ірі өндіріс орындарын салуды
жобалау кезінде олардың келетін экологиялық
шығының бағасын есептеу, табиғат кешендеріне
тигізетін әсерін ескеру аса қажет шара
ретіндегі қаралуы керек. Олардың жергілікті
тұрғын халықтың денсаулығына тигізетін
зардабын анықтау қажет.
Елбасының
қолдауымен 1999 жылы біздің республикада
«экологиялық білім бағдарламасы», «экологиялық
білім тұжырымдамасы», т.б. құжаттар қабылданған.
Мектептер үшін экологиялық білім беру
бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары
жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030
бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып
жатқан игі істеп болса керек. 2003 жылы
Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды.
Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық
ақуалды жақсартудың шараларын белгілеген
аса маңызды қажет.
Республикамыздың көптеген жоғары оқу
орындарында экологиялық факульттер ашылып,
мамандар дайындала бастады. Республикамызда
алғашқы эколог-педагогтарды дайындау
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті қабырғасында жүргізілді.
Экология факульттері ашылып, мамандар
дайындалу үстінде.
Кейінгі
кезде, экология мамандарын дайындау үшін
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінін «табиғатты қорғау және
ландшафтар экологиясы» лабороториясы
негізінде эксперимент есебінде 1994 жылдан
бастап, бірақ мектептер экологиялық білім
мен тәрбие беруді жүзеге асырып, оқу кестесіне
кіргізе бастады.
Қазақстанда 1987 жылдан бастап көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім берудің тұжырымдамалары
мен бағдармаларының алғашқы жобалары
ұсынылған. Соның негізінде көптеген оқу
орындары экологиялық факультеттер ашылып,
мамандар дайындала бастады. Көптеген
көрнекті ғалым педагогтар өздерінің
ғылыми зерттеу жұмыстарын экологиялық
білім берудің ғылыми-зерттеу теориялық
негіздеріне, экологияны оқыту процестерін
жетілдіруге жэне оқушылар мен студенттерге
экологиялық білім беру жолдарын жақсартуға
бағыттады. Жасалған тәжірибелік жұмыс
негізінде ғылым тұжырымдамалар беріліп,
диссертациялар қорғалды.
Жыл сайын кіші Ғылым академиясы мен Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университінің экология ғылыми-методологиялық
орталығы біріге отырып, Қазақстанның
барлық аймақтарынан келген мектеп оқушыларының
экологиялық мәселелер жайында жасаған
ғылыми зерттеу жобалары мен шығармаларын,
экологиялық көрмелерін сараптап Қазақстанның
қазіргі уақыт талабына сай болашақ эколог
мамандарын дайындауда үлесін қосуда.
Жасыратаны жоқ ірі өнеркәсіп кешеуіндегі
экологиялық сараптау мен мониторингтік
бақылау жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілмейді.
Сондықтан да жергілікті жерлерде болып
жатқан экологиялық апаттар, ауа, су мен
топырақтың шектен тыс ластану жағдайлары
толастаудың орнына көбейе түсуде.
Жоғарыда аталған
Қазақстанның экологиялық ахуалы еліміздегі
білім беру сапасын түбегейлі өзгертудің
қажеттігін аңғартады. Ол елбасының «экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасын» жүзеге асыру
үшін үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастыруды жақсартумен бірге, қазіргі
өркендеген ғылыми-техникалық дамуды
экологиялық тұрғыдан қайта қарауды талап
етеді. Ол үшін көпшіліктің экологиялық
сауатты болу қажет. Экологияны пән ретінде
мектептерге енгізу бүгінгі күннің талабы.
Барлық облыста дерлік қоршаған ортаны
қорғауға және экологиялық білім жетілдіруге
қажы ысырапсыз пайдаланылады. Аралға,
Семейге бөлінген қаржылар қайда кетті?
Табиғатты көркейтуге нендей үлес қосты
деген сұрақ халықтың көкейінде.
Қоршаған ортаны
қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар
болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру
жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді
мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің
өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет.
Ірі өнеркәсіпті қалаларда, көбірек игерілген
егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол
жерлердің топырағының құнарлығын арттыру,
суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің
сапасын анықтау экологиялық тұрғыда
негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының
өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы,
асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің
енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі,
улы газдардың таралауы қаланың ауасын
ластаумен бірге, халықтың денсаулығына
үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес.
Мұндай көріністер Қазақстанның барлық
қалаларын, елді мекен, ауыл маңдарын қамтып,
соңғы ондаған жылдар бойы Үкімет тарапынан
бақылаусыз қалғаны шындық. Өтпелі экономиканың
дағдарыс кезінде оңтүстіктің өңірлердің
ірі қалалары мен елді мекендерінде орын
жетіспей, өсіп тұрған ағаштарды кесу
орын алды. Бұл жағдай көп ауылдарда әлі
де бар. Соның орны бүгін немен толады?
Осыларды айта келіп, мен ендігі жерде
еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту
үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек
деп білемін.
Елді мекендерді
көгаландыру бағдарламасы бойынша: қала,
елді мекендердің көгаландыру аймағының
экологиялық кртасын жасау, көгаландыру
аймағының агро-экологиялық ландшафтық
ерешеліктерін алдын-ала анықтау; елді
мекен, қала іші-сыртындағы кішігірім
орман-тоғайды қалпына келтіруді жоспарлау
және оның мерзімін белгілеу, ірі қала
елді мекендердегі ғимараттарды, құрылыстар
салуды экологияландыру және жергілікті
жердің табиғи-тарихи ерекшіліктерін
есеру, елді мекендерді көгаландыруды
«экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге
асыру керек. Туризм индустриясын дамытуда
экологиялық соқпақ басты міндет атқаратыны
ескерілуге тиіс.
«Экологиялық соқпақ» дегеніміз-табиғат
қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбие
беруге, оны көпшілік арасында насихаттауға
бағытталған, әрі экологиялық ақпаратқа
толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут
немесе демалыс орын.
Экологиялық соқпақта оқу экологиялық
білім мен тәрбие беру процесін үйрету
ғана емес, жасөспірімдердің еркін түрде
ақпаратты қабылдау, табиғи ортада жүріс-тұрыс
ережесін сақтау мақсатын көздейді. Табиғат
соқпағында экологиялық білім беру және
тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар,
олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты
қорғау шараларына жәрдемдесуі.
Жарамсыз жерлердің
(опустывание) проблемаласы - Қазақстан
үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті
мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман
қоры 10% - ға кеміді. Әсіресе Қызылқүм, Мойынқүм,
Сарыесік- Атырау, т.б табиғи жайылымдар
қоры экологиялық апатты жағдайда тұр.
Алтай ормандары 13 % - ға, ал Алатаудың алма
бақтары 24 % - ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың
жайы тіпті нашар, яғни 26,6 млн. га деградацияға
ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің
жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Сол
сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің
ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте
нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз
аймаққа айналуда.
Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға
жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр.
Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен
фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде
республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер
мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы
бүлінген немесе жарамсыз.
Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін
ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге
өркениетті елдердегі экологиялық білім
беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа
технологиялық бағдарламалардың тиімді
жақтарын пайдалану қажет.
Балтық жағалауындағы елдер,
Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері
жер жағдайының аздығына қарамастан, көп
халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде
қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған
қарай экологиялық ахуалының көрінісі
жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді
ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып,
экологиялық апатты жағдайға жеткіздік.
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау,
қорғау, экологиялық орта қалыптастыру
біздің еліміз, адам баласының келешегі
үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес
- өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
4. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны,
шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір
су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға
дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60
метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы
кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде
жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілгеы.
Арал өңірінін тұргындары 1970 жылдарга
дсйін әлеуметтік-эконо-микалық түрғыда
жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті.
Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық
колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген.
1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру
қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін
жер көлсмі бұрынгыдан Өзбскстан мсн Тәжікстанда
1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есегс
өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы
халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында
2,2 есеге артты. Халық санының өсуіыс орай
суға деген кажеггілік те артгы. Осыған
орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылаіын
су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері
- антропогендік факторлар еді. Екі өзен
бойындағы суды мол кажет стетін күріш
пен мақта есіру ісі каркындап дамыды
(Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа
да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары
игсріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзсгс
асты. Мәселсн, Аралға 1960-1965 жылдар арасында
44 мың м3 су күйылса, бүл көрсеткіш 1974-1978
жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары скі сссгс
қысқарды. Нәтижесіндс, Арал тецізінің
дсңгсйі 23 мстргс дейін төмсндеп, оныц
су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың
тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның
үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда
тыңайтқыштар мен химиялык прспарагтарды
қолдану бүрын-соцды болмаған керсеткішке
жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге
ескен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Қүргап қалған теңіз түбінен жыл сайыы
айналаға зияндылығы ете жогары 2 млн.
т түзды шаңдар көтсріліп, желмен тарай
бастады. Сонымсн, Арал апатына себеп болған
факторларға:
- жсргілікті жсрдің тарихи-табиғи ерскшсліктерін
ссксрмсу;
- ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау,
судың қорын есеп-кс алмау;
- суды өте көп қажет стетін күріш, мақта
дақылдарып барынша көбейтіп жібсру; -
жерді игерудің агротехникалық шараларын
сақтамау және судьт үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жібсрілген
қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми
түрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілср Арал теңізі экожүйесіндегі
тіршілік атаулыны экологиялык дагдарысқа
әкелді. Бүл жағдайлар адам баласының
қолдан істеген қателігі ретінде дүние
жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған казіргі
экологиялык апаттар ныша-ны жьіл өтксн
сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фауыасы
мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың
тұздануы өте жылдам жүрудс. Арал тецізінде
балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы
1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
түрғындардьщ әлеумсттік жағдайы төмендсп
кетті. Теңіз түбінсн кетсрілгсн улы түздың
мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі.
Тіптсн, түзды шандар әсері сонау Орта
Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл
шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың
тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда
-60-70 %-ға артып отыр. Мұньщ өзі жалпы шаруашылықа
зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың
өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш
біртс-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік
экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал оңіріндегі антропогендік факторлар
ондағы түрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік
жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз
қалған балықшылар әлсуметгік жағынан
қорғаусыз қалып, басқа аймақтарга сріксіз
қоныс аударуда.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Қазіргі Арал өңіріндс адамдардың
дснсаулығы күрт төмсндеп кетті. Бүл
еңірдс соңғы мәліметтер бойынша
туберкулез, буйреккс тас байлану, сарысу, өкпс-тыныс
жолдарының қабьшуы, жүқпалы аурулар рсспубликанын
басқа өңірімсн салыстырғанда жоғары
кәрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халыктарын
толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі
Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн
ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер
әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгсруі,
шелге айналу, атмосфсрадағы ауытқу-шылықтар,
антропогендік экожүйслсрдің түрақсыздығын
тудырады. Арал мәселссі соңғы 10 шақты
жылда гсограф және эколог ғалымдар арасында
жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал
мәсслссі туралы халықаралық конференциялар
ұйымдастырылды. Өркснистті слдср қаржылай
көмск көрсстудс. Олар нсгізінсн Орта
Азия рсспубликалары, Рсссй, АҚШ, Жапония,
т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше
ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын
реттеу аркылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал
арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізіиің өздігінен табиги рсттеулін
немесс толысуын күту. Әрине, бұл жобшіар
болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы
оны
күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі
мүмкін. Ал оныц іскс асуы адамзат кауымьшың
білімі мен біліктілігіыс байланысты
сксні анық.
Қазіргі кезде Аралды қүтқару бағытывда
батыл да жоспарлы тұрдс ғылыми негіздс
жүмыстар жасалуда. "Арал тагыдыры -
адам такдыры" болғандықтан оны сақтап
қалу аға ұррпақтын болашақ алдьшдағы
борышы.
5.Әлемдегі ең ашық полигон – Семей полигоны
Қазақ даласында алғашқы
ядролық жарылыс жасалғанына
биыл 56 жыл толады.1991 жылғы тамыздың
29- ында халықтың жаппай талап етуімен
әлемдегі аса ірі полигондардың
бірі жабылды.Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының
бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар
тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты
жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін
болды. Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі
саналған әскерилерде жөніне кетті. Полигон
жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына
Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған
дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып
отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген.
Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең
ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр.
40 жыл юойы жарылыстан көз ашпаған қазақ
даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер
ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек,
Семей өңірінде полигон жұмыс істеген
жылдары жасалған ядролық жарылыстардың
жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың
Жапонияның Хиросима қаласына тастаған
бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.
Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар»
деп айдар тағылған қасіреттің зардаптарына
қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы
әлдеқайда көп хабардар. Ауызға да соны
бірінші алады. Енді осы қайран қазақ даласының
сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны
Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің
жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым
жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс
Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар
облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының
7 пайызына өз залалдарын бүгінгі күнге
дейін тигізіп келеді. Ал, Семей ядролық
сынақ полигонының әкімшілік шекарасының
ұзына бойы-600 шақырымдай. Қарап отырсаңыз,
мұның өзі шаруашылық мақсаттарға пайдалануға
болатын орасан үлкен аумақ емес пе? Сонымен
бірге зардап шеккен жерлердің көлеиі
полигонның өзінен 16 есе үлкен- шамамемн
304 мың шаршы шақырым. Алғашқы ядролық
жарылыс 1949 жылғы тамыздың 29-ыында жасалды.
Ал, 1953 жылы тұңғыш рет термоядролық қондырғы
сынақтан өтсе,1955 жылы әлемдегі алғашқы
сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды.
Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары
аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық
жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық
(26-сы жерүсті, 91-і ауада,8-і биіктіктегі
) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең
қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет
бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның
барлық ядролық сынақтарының үштен екі
бөлігі қазақ даласында жасалды. Ал, жарылған
ядролық оқ дәрілердің саны әлі күнге
дейін саналатын көрінеді әрі бір сынақтың
өзінде екі-үш оқ-дәріні бірден жарған
кездер аз болмаған. Маусымның 24-інде Парламент
Мәжілісінде «Бұрынғы Семей ядролық сынақ
полигоны әсер ететін аймақта тұратын
халықтың денссаулығын сақтау және оларды
әлеуметтік қорғау туралы» Парламеттік
тыңдау өтті. Осы шара барысында полигонның
проблемаларына байланысты осы аймақтардағы
тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті
мәселелер айтылды. Ең алдымен халықты
әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталсақ.
Жиын барысын.да келтірілген деректерге
қарағанда, ядролық сынақтардың зардап
шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған.
Алайда зардап шегуші адам құқығын растайтын
куәліктерді тек 1млн.57 мың адам ғана алған
болып отыр. Зұлмат жарылыстың мыңдаған
куәгерлері әуре- сарсаңның көптігінен
аталмыш куәлікке қол жеткізе алмай жүрген
тәрізді. Бұл-бір. Екіншіден ҚР еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігіеің
бойынша, мемлекетіміздің осы аймақтардағы
азаматтарға берешек қарызы 12,8 млрд. Теңгені
құраған. Көрсетілген бейнероликте егер
осындай қарқынмен жүрсе, бұл қарызды
мемлекет еш уақытта өтеп бола алмайды
деген күмән да айтылды. Басқосуда баяндама
жасағант Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданының әкімі Н. Омарханов экологиялық
төлемдер мен біржолғы өтемақыны төлейтін
уақыт келгенін, оған мемлекетіміздің
барлық мүмкіншіліктері бар екеніне тоқтады.
Әкімнің көтерген екінші мәселесі-Семей
ядролық сынақ полигонының аумағына байланысты
қаншалықты жерге шектеу қойылғаны әлі
күнге дейін белгісіз болуда. Шынымен
де, Семей ядролық сынақ полигонының құқықтық
статусы экологиялық апатты аймақ ретінле
түсінікті. Бірақ нақты аумағы көрсетілмеген
ғой. « Сондықтан Үкіметтен радиоактивті
ластануға ұшыраған немесе тұрғын халқының
өмірі мен денсаулығына қатер төнетін
жер телімдерінің арнайы картасын жасап
беруді, аса қауіпті аймақтарды қоршап,
күзет немесе режимдік тәртіпті бақылайтын
бекеттер ұйымдастыруды сұраймыз», деді
ол. Яғни, шекара белгісіз әрі көрінбейді.
Нақты дәлелді шаралар әлі қарастырылмаған.
Парламенттік таңдауда көтерілген бір
мәселе полигон аймағында проблемалардан
туындайтын және қоршаған орта мен экологияға
байланысты ақпараттың жабықтығына байланысты.
Дүниедегі ең қорқынышты мәселе – ол белгісіздік
және осыдан туындайтын түсінбеушілік.
Қорытынды
Қазақстандағы тәуелсіздік
жылдары экологиялық
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар